Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2315 қаулысымен
бекітілген
Осы редакция 2011 жылғы 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігінің жай-күйін дұрыс және уақтылы талдау мақсатында Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын (бұдан әрі - шетелдік БАҚ-тар) есепке алу тәртібін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) анықтайды.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 4-4-бабы 2) тармақшасы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті тізбесі осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді, сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын шетелдік БАҚ-тарды есепке алу туралы анықтама беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
уәкілетті органға өтініш білдірген кезде:
1) құжаттарды ресімдеу мерзімі - уәкілетті органға түскен күнінен бастап 15 күнтізбелік күн;
2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды тапсырған кезде, сондай-ақ құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 10 минут;
Орталыққа өтініш білдірілген кезде:
1) құжаттарды ресімдеу мерзімі - уәкілетті органға құжаттарды жіберген сәттен бастап 15 күнтізбелік күн;
2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды тапсырған кезде, сондай-ақ құжаттарды алу кезіндегі кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат электрондық Үкімет порталында: www.е.gov.kz, уәкілетті органдардың интернет-ресурстарында, ресми ақпарат көздерінде, тізбесі осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген уәкілетті органдар мен Орталықтардың стендтерінде орналастырылады.
10. Мемлекеттік қызмет:
уәкілетті органға өтініш білдірген кезде:
сенбі мен жексенбіні қоспағанда, күн сайын белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Қабылдау кезекке тұру тәртібімен жүзеге асырылады, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;
Орталыққа өтініш білдірген кезде:
жексенбі және мереке күндерінен басқа, аптасына алты күн, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін үзіліссіз, филиалдар мен өкілдіктер үшін сағат 9-00-ден 19-00-ге дейін бір сағаттық түскі үзіліспен жұмыс кестесі белгіленеді. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік қызмет дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызмет көрсету шарттары көзделген, сондай-ақ қажетті құжаттардың тізбесі бар стендтермен жарақтандырылған үй-жайлары бар уәкілетті органның ғимаратында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет сондай-ақ тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталықтың ғимаратында көрсетіледі, онда дене мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету шарттары көзделген. Залда анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланкілердің үлгілері бар ақпараттық стендтер орналастырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) шетелдік БАҚ-ты есепке алу туралы өтініш, онда мыналар көрсетілуі тиіс:
өтініш берілетін уәкілетті органның атауы;
тұтынушының мәртебесі (жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға), оның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы (заңды тұлға үшін), аты, әкесінің аты, тегі (жеке тұлғалар үшін) орналасқан жері (тұрғылықты жері);
шетелдік БАҚ-тың таралу аумағы;
таратылатын шетелдік БАҚ-тың тілі (тілдері);
таратылатын шетелдік БАҚ-тың негізгі тақырыптық бағыты;
шетелдік БАҚ-тар мерзімді баспасөз басылымдарының таратылатын даналарының болжамды саны, хабарларын тарату көлемі;
2) тұтынушы жеке тұлға үшін - кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) тұтынушы заңды тұлға (филиал немесе өкілдік) үшін - заңды тұлғаны (филиалды немесе өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (есепке алу) туралы куәліктің көшірмесі;
4) мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды ұсынған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқасы мен көшірмесі.
Құжаттар пакетін қабылдау кезінде уәкілетті орган немесе Орталық қызметкері көшірменің түпнұсқамен сәйкестігін тексеріп, түпнұсқаны тұтынушыға қайтарып береді.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесін және өтініш бланкісін уәкілетті орган қызметкерлері береді.
Орталықта бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не Орталықтың консультанттарында болады.
14. Өтініштің толтырылған бланкілері, сондай-ақ осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттар уәкілетті органға тапсырылады.
Уәкілетті орган құжаттарды алған соң осы стандарттың 12-тармағына сәйкестігін тексереді, түскен құжаттарды есепке алу кітабына (журналына) тіркейді.
Орталықта құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, онда «терезелердің» мақсаттары, орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылады, сондай-ақ Орталық инспекторының аты, әкесінің аты, тегі және лауазымы көрсетіледі.
Орталық инспекторы осы стандарттың 12-тармағына сәйкестігіне құжаттардың толықтығын тексеруді, журналға тіркеуді және құжаттарды жинақтаушы бөлімнің инспекторына беруді жүзеге асырады.
Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды жинауды, тізілім жасауды және уәкілетті органға жіберуді жүзеге асырады.
Орталық өтініштерді қоса берілген құжаттармен бірге уәкілетті органға осы өтініштерді қабылдаған күні арнайы байланыс арқылы кемінде екі мәрте жеткізіп отырады.
Орындалған (дайын) құжаттар уәкілетті органнан Орталыққа тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатта көрсетілген беру мерзімінің аяғына дейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей келіп түседі.
15. Тұтынушының мемлекеттік қызметті алғанын уәкілетті органның осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттарды қабылдап алғанын көрсете отырып құжаттарды тіркеуі растайды.
Құжаттарды Орталық арқылы қабылдаған жағдайда тұтынушыға:
1) сұраудың нөмірі мен қабылдау күні;
2) сұратылған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
5) Орталықтың құжаттарды ресімдеуге арналған өтінішті қабылдаған инспекторының аты, әкесінің аты, тегі көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
16. Уәкілетті органда шетелдік БАҚ-ты есепке алу туралы анықтама тұтынушының өз қолына беріледі, не поштамен жіберіледі.
Орталықта тұтынушыға дайын құжаттарды беруді Орталық инспекторы қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде «терезелер» арқылы жүзеге асырады.
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұруға немесе қызметті көрсетуден бас тартуға мына жағдайлар негіз болады:
1) осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттардың ұсынылмауы;
2) осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттарда толық емес немесе дәйексіз ақпараттың берілуі;
3) шетелдік БАҚ-тар матариалдарында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, таптық, діни, нәсілдік, ұлттық және рулық басымдықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауды немесе үгіттеуді қамтыса;
4) тұтынушыға қатысты осы қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын сот шешімінің болуы;
5) шетелдік БАҚ өніміне қатысты оны Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салу туралы сот шешімінің болуы.
Тұтынушыға шетелдік БАҚ-ты есепке алудан бас тартылған ретте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
Уәкілетті орган құжаттарды ресімдеуде қателіктер тапқан кезде, осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған немесе құжаттар тиісінше ресімделмеген, сондай-ақ ұсынылған құжаттар түпнұсқаға сай келмеген кезде құжаттар пакетін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оларды қайтару себептерін жазбаша негіздемемен Орталыққа қайтарады.
Орталық құжаттар пакетін қабылдаған соң бір жұмыс күні ішінде тұтынушыға уәкілетті органның қайтару себептерін негіздеп хабарлайды.
Егер тұтынушы құжаттарды мерзімінде алуға келмеген жағдайда Орталық оларды 1 ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды Орталық мұрағатына береді.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Уәкілетті органның және Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік парызды орындау барысында заңдылықты сақтауға негізделеді және сыпайылық, жеткілікті және толық ақпаратты ұсыну, оны қорғау және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа мен қол жеткізу көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігінің мақсатты көрсеткіштерін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінің ішкі саясат басқармаларының басшы қызметкерлерінен арнайы құрылған жұмыс тобы жыл сайын бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Уәкілетті органның лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органның басшылығы түсіндіреді.
Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің телефоны бойынша алуға болады: 58-00-58.
22. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына наразылық болған жағдайда осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша уәкілетті орган басшысының атына шағым беріледі.
Шағымдар жазбаша түрде поштамен, не қолдан уәкілетті орган кеңсесі арқылы қабылданады.
Орталық арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағым Орталық директорының атына беріледі. Орталық мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
Даулы мәселелер азаматтық сот ісі тәртібімен шешіледі.
23. Қабылданған шағым уәкілетті органның және Орталықтың кіріс хат-хабарды есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде қаралады.
Шағымның екінші данасы не шағымның көшірмесіне шағымды қабылдайтын тұлға берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын және шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректерін көрсетуі шағымды қабылдағанын растайтын құжат болып табылады.
Шағымды қарау нәтижесі туралы тұтынушыға жазбаша түрде пошта арқылы, не электронды поштамен хабарланады.
6. Байланыс ақпараты
24. Уәкілетті орган мен Орталық басшыларының жұмыс істеу және қабылдау кестесі осы стандарттың 10-тармағында көзделген уәкілетті орган мен Орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес анықталады.
Уәкілетті орган мен Орталықтың мекенжайлары, байланыс телефондары осы стандартқа 1 және 2-қосымшасында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті орган мен Орталықтардың үй-жайларында орналастырылған стендтерде көрсетілген.
25. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсынан алуға болады: www.gov.mki.kz.
«Қазақстан Республикасында
таратылатын шетелдік бұқаралық
ақпарат құралдарын есепке алу»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Уәкілетті органдардың мекенжайы
Р/с № | Уәкілетті органның аты | Уәкілетті органның мекен-жайы | Телефон |
1 | Астана қаласы әкімішілігінің Ішкі саясат басқармасы | Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36 | (8 7172) 555915 ф.555990 |
2 | Алматы қаласы әкімшілігінің Ішкі саясат басқармасы | Алматы қаласы, Республика даңғылы, 4 | (8 3272) 716647 ф. 716647 |
3 | Алматы облысы әкімшілігінің Ішкі саясат басқармасы | Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38 | (8-3282) 247722 ф. 247722 |
4 | Ақмола облысы әкімшілігінің Ішкі саясат басқармасы | Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89 | (8-3162) ф. 25-20-80 |
5 | Ақтөбе облысы әкімшілігінің Ішкі саясат басқармасы | Ақтөбе қаласы, Әбілхайырхан даңғылы, 40 | (8-3132) 56-26-69 ф. 56-25-26 |
6 | Атырау облысы әкімшілігінің Ішкі саясат басқармасы | Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 | (8-3122) 27-08-96 ф. 27-11-57 |
7 | Шығыс-Қазақстан облысы әкімшілігінің Ішкі саясат басқармасы | Өскемен қаласы, Горький көшесі, 40 | (8-3232) 26-42-54 ф. 26-42-54 |
8 | Батыс Қазақстан облысы әкімшілігінің Ішкі саясат басқармасы | Орал қаласы, Достық даңғылы, 201 | (8-3112) 50-02-36 ф. 50-09-46 |
9 | Жамбыл облысы әкімшілігінің Ішкі саясат басқармасы | Тараз қаласы, Абай көшесі, 125 | (8-3262) 43-08-54 ф. 45-76-20 |
10 | Қарағанды облысы әкімшілігінің Ішкі саясат басқармасы | Қарағанды қаласы, Бейбітшілік гүлзары, 39 | (8-3212) 56-19-80 ф. 56-19-79 |
11 | Қызылорда облысы әкімінің Ішкі саясат басқармасы | Қызылорда қаласы, Жақаев көшесі, 76 | (8-3242) 26-24-79 ф. 27-73-62 |
12 | Қостанай облысы әкімшілігінің Ішкі саясат басқармасы | Қостанай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 66 | (8-3142) 57-51-90 ф. 57-53-53 |
13 | Маңғыстау облысы әкімшілігінің Ішкі саясат басқармасы | Ақтау қаласы, 14-шағын аудан, 1-үй | (8-3292) 42-66-10 ф. 42-13-00 |
14 | Павлодар облысы әкімшілігінің Ішкі саясат басқармасы | Павлодар қаласы, Жеңіс даңғылы, 15 | (8-3182) ф. 32-21-03 |
15 | Солтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің Ішкі саясат басқармасы | Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 53 | (8-3152) 46-31-33 ф. 46-31-33 |
16 | Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің Ішкі саясат басқармасы | Шымкент қаласы, Бейбітшілік көшесі, 3 | (8-3252) 56-37-97 ф. 50-08-69 |
«Қазақстан Республикасында
таратылатын шетелдік бұқаралық
ақпарат құралдарын есепке алу»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары
Р/с № | Орталықтардың атауы | Орталықтар орналасқан мекенжай | Телефон нөмірлері |
1 | Ақмола облысының ХҚО | Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 «а» - үй | 40-10-76 |
2 | Ақтөбе облысының ХҚО | Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй | 56-57-87 |
3 | Алматы облысының ХҚО | Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 «б» үй | 24-41-33 |
4 | Атырау облысының ХҚО | Атырау қаласы, Баймұқанов көшесі, 6-үй | 28-40-14 |
5 | Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО | Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37 «а» үй | 51-03-46 |
6 | Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО | Семей қаласы, 408-ші квартал, 21-үй | 33-55-93 |
7 | Жамбыл облысының ХҚО | Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 «а» үй | 43-84-18 |
8 | Батыс Қазақстан облысының ХҚО | Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81-үй | 23-68-81 |
9 | Қарағанды облысьшың ХҚО | Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7-үй | 41-63-03 |
10 | Қостанай облысының ХҚО | Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114-үй | 54-10-20 |
11 | Қызылорда облысының ХҚО | Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, нөмірсіз үй | 23-08-46 |
12 | Маңғыстау облысының ХҚО | Ақтау қаласы, 15-шағын аудан, 67 «б» үй | 31-85-16 |
13 | Павлодар облысының ХҚО | Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48-үй | 33-47-55 |
14 | Солтүстік Қазақстан облысының ХҚО | Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157-үй | 33-31-03 |
15 | Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚО | Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, нөмірсіз үй | 30-06-79 |
16 | Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221-үй | 263-82-51 |
17 | Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Ходжанов көшесі, 9-үй | 248-17-77 |
18 | Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй | 378-47-01 |
19 | Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Марков көшесі, 44-үй | 239-65-52 |
20 | Алматы қаласы Түрксіб ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Зорге көшесі, 9-үй | 234-09-35 |
21 | Астана қаласы Алматы ауданының № 1 ХҚО | Астана қаласы, Жұбанов көшесі, 2-үй | 37-02-06 |
22 | Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО | Астана қаласы, 70 «а» көше | 40-65-62 |
23 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО | Астана қаласы, Пушкин көшесі, 97-үй | 32-42-79 |
24 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО | Астана қаласы, 81-ші көше, 85-үй | 37-74-34 |
«Қазақстан Республикасында
таратылатын шетелдік бұқаралық
ақпарат құралдарын есепке алу»
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері | Көрсеткіштің нормативтік мәні | Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні | Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1. Уақтылылығы |
1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі) | | | |
1.2. Қызмет алуды кезекте 30 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
2. Сапасы |
2.1. Қызметті көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
2.2. Құжаттарды лауазымды адам дұрыс ресімдеген жағдайлардың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және тағы басқалар) %-ы (үлесі) | | | |
3. Қол жетімділік |
3.1. Қызметті көрсету тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бастапқыдан тапсырған жағдайлардың %-ы (үлесі) | | | |
3.3. Ақпаратқа Интернет арқылы қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі) | | | |
4. Шағымдану үдерісі |
4.1. Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың %-ы (үлесі) | | | |
4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың %-ы (үлесі) | | | |
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % -ы (үлесі) | | | |
4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
5. Сыпайылық |
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |