Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған әрекетсіз жеке тұлғаның, заңды тұлғаның;»;
екінші бөліктегі «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 624-баптың 3-тармағының бірінші абзацындағы «қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы» деген сөздер «лицензия» деген сөзбен ауыстырылсын.
7. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат):
138-баптың 5-тармағындағы «қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат):
1) 4-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы заңдарының негiзiнде және оларды орындау мақсатында өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша барлық қаржы ұйымдарының, қаржы қызметін тұтынушылардың, басқа да жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орындауы үшін мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады.»;
2) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - заңды тұлға
Қазақстан Ұлттық Банкi республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен, ведомстволарымен және ұйымдарымен бiрге бiртұтас құрылымды құрайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының атынан акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтайшысы болады, ұйымдардың қызметіне, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкiнің өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына ықпал ететін және (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын ұйымдардың қызметіне қатысады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты Алматы қаласында орналасқан. Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өз филиалдары мен өкiлдiктерiн аша алады.»;
3) 7-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5), 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ өзге де тұлғаларды реттеу, бақылау және қадағалау;
6) қаржы қызметін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету;
7) ақша-кредит статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де міндеттер.»;
4) 8 және 10-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің функциялары мен өкiлеттiктерi
Қазақстан Ұлттық Банкі:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын әзірлейді және жүргiзедi;
2) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды эмиссиялайды;
3) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының жалғыз эмитентi болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша айналымын ұйымдастырады;
4) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды тасымалдауды, сақтауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың резервтiк мемлекеттік қорларын құрады;
5) қаржы ұйымдары мен олардың филиалдарының үй-жайларды орналастыруға қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
6) банкаралық ақша аударымдары жүйесін, банкаралық клиринг жүйесін және пайдаланушылар арасында Қазақстан теңгесімен ақша аударымдарын жүргізуді қамтамасыз ететін басқа да төлем жүйелерін реттейді және қадағалауды (оверсайт) жүзеге асырады;
7) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақша төлемдерi мен аударымдарын реттеу мақсатында, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және кәсіпкерлік қызмет субъектілері банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердің кезектiлiгiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң келiсімі бойынша белгiлейді;
8) Қазақстан Республикасында валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асырады;
9) екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізетін экспорттық операцияларын бақылауды жүзеге асырады;
10) шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқаруды қамтамасыз етеді;
11) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бағалы металдардың және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларына (үлгілеріне) бақылау сынақтарын жүзеге асырады;
13) дербес және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен бірлесіп олардың құзыреті шеңберінде жүйелік тәуекелдерді реттеуді жүзеге асырады;
14) соңғы сатыдағы қарыз беруші болып табылады, Қазақстан Ұлттық Банкінде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға қарыздар беруге құқылы, оларды қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырады;
15) қаржы ұйымдарының сыртқы борышын реттеуге қатысады;
16) статистикалық әдістемені әзірлейді және қолма-қол ақша айналысы, ақша-кредит және банк статистикасы, төлем балансы, сыртқы борыш, халықаралық инвестициялық позиция, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі бастапқы статистикалық деректердің тізбесін, нысандарын, мерзімдері мен оларды ұсыну тәртібін айқындайды;
17) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық бақылау жүргізеді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында бақылауды жүзеге асырады;
18) қаржы нарығына шолу жасау, ақша-кредит және банк статистикасы, төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш жөніндегі статистикалық ақпаратты қалыптастырады және таратады, төлем балансын болжамдық бағалауды әзірлеуге қатысады;
19) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ өзге тұлғаларды реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
20) қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті лицензиялайды;
21) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда банк операцияларын жүргізу қағидаларын бекітеді;
22) Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
23) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын ескере отырып, Қазақстан Ұлттық Банкіне арналған бухгалтерлік есеп саясаты мен әдістерін айқындайды;
24) қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың, Қазақстанның Даму Банкінің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарын, сондай-ақ бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
25) Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша оның мемлекеттік борышына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік борышына қызмет көрсетедi;
26) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге және тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілейді және жариялайды;
27) мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингін жүзеге асырады;
28) сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асырады;
29) банк қызметiн, бағалы қағаздар нарығындағы кәсiптік қызметті және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де қызметті тиiстi лицензиялар алмай-ақ жүзеге асырады;
30) Қазақстан Ұлттық Банкiнің клиенттеріне банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
31) Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын және ресми баспа басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарт негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;
32) Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Үкiметімен немесе заңды тұлғалармен жасасатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар негiзiнде активтердi сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар ресми баспа басылымдарында жарияланады;
33) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер ұсынады;
34) мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары үшiн кадрлар даярлауға және қайта даярлауға қатысады;
35) қаржы ұйымдары мен өзге де ұйымдар өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзған жағдайда, оларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын, санкцияларды және өзге де шараларды қолданады;
36) Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;
37) банктік сәйкестендіру кодтарын береді, жояды және оларды пайдалануды айқындайды, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын береді және жояды, олардың құрылымын белгілейді, сондай-ақ Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастырады және жүргізеді;
38) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші органдарын құрады;
39) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкiлеттiктерді жүзеге асырады.»;
«10-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің резервтік капиталы, қайта бағалау шоттары және арнайы провизиялары (резервтерi)
Қазақстан Ұлттық Банкінің резервтік капиталы кемінде жарғылық капитал мөлшерінде қалыптастырылады, бөлiнбеген таза табыс есебiнен толықтырылады және тек қана Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгiлеген тәртiппен жүргiзiлетін операциялар бойынша ысырапқа өтемақы төлеуге және залалдарды өтеуге арналады. Алтын-валюта резервтерiн және шетел валютасындағы өзге де активтерді қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан түскен iске асырылмаған табысты есепке алуға арналған. Негiзгi қаражаттарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкінің негiзгi қаражатын индекстеу нәтижелерiн есепке алуға арналған.
Кредиттерді, депозиттерді, бағалы қағаздарды, есеп айырысу кезіндегі залалдарды, шоттардағы қалдықтарды және аяқталмаған құрылыс көлемін, Қазақстан Ұлттық Банкінің монетарлық емес қызметі жөніндегі өзге де талаптарды және әлеуметтік сипаттағы төлемдерді қамтитын басқа да активтерді қоса алғанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің шығыстары есебінен күмәнді және үмітсіз талаптар бойынша арнайы провизиялар (резервтер) қалыптастырылады.»;
5) 11-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Алтын-валюта резервтерін және шетел валютасындағы өзге де активтерді қайта бағалау шоттарына жатқызылатын бағамдық қайта бағалау сомасын қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтерді қайта бағалау сомасына түзетілген таза кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің бөлінбеген таза кірісі болып табылады. Бөлінбеген таза кіріс Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген мөлшерде жарғылық және (немесе) резервтік капиталдарды ұлғайтуға жұмсалады.»;
6) 12-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымына департаменттерден және басқа да бөлiмшелерден тұратын орталық аппарат, филиалдар, өкiлдiктер, ведомстволар мен ұйымдар кiредi.»;
7) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы және оның өкiлеттiктерi
Қазақстан Ұлттық Банкінің жоғары органы Басқарма болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы:
1) ең төменгі резервтік талаптар туралы қағидаларды;
2) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын;
3) Қазақстан Ұлттық Банкінің бағалы қағаздармен операциялар жүргізу қағидаларын;
4) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидаларын;
5) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын;
6) Қазақстан Ұлттық Банкiнде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргiзу қағидаларын;
7) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларын;
8) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау қағидаларын;
9) ұлттық валютаның айналыстағы ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру қағидаларын;
10) қолма-қол ақша белгілерін ақша айналысынан алу қағидаларын;
11) банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын;
12) тиiстi уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын;
13) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөнiндегi операцияны жүргiзуге арналған Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердiң тапсырмасы бойынша олардың клиенттерiне беру жөнiндегi қызметке қойылатын талаптарды;
14) банктер болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша қызметін лицензиялаудың тәртібі мен шарттарын;
15) Қазақстан Республикасында автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты;
16) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеу мәселелері жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтарды, оның ішінде банкаралық ақша аудару жүйесіндегі ақша аудару қағидаларын, клиринг жүйесінде операциялар жүргізу қағидаларын, операторы Қазақстан Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы болып табылатын төлем жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын;
17) төлем жүйелеріне банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қолжетімділігін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды;
18) Қазақстан Республикасында банкаралық клирингті жүзеге асыру қағидаларын;
19) төлем тапсырмаларын, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассолық өкімдерді, чектерді ресімдеу, пайдалану және орындау, банк шотын тікелей дебетке алу, аккредитивтермен операциялар жүргізу, вексельдерді есепке алу және қайта есепке алу, жай және аударым вексельдерімен операциялар жүргізу, төлем карточкаларын шығару және пайдалану және қолма-қол жасалмайтын ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де тәсілдерін пайдалану, қолма-қол ақшаны пайдалана отырып жасалатын төлемдерді, сондай-ақ банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді;
20) банк операцияларын жүзеге асыру кезінде электрондық банк қызметтерiн көрсету қағидаларын;
21) Қазақстан Республикасында ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру кезінде электрондық құжаттар алмасу қағидаларын;
22) электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы электрондық ақшаның эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды;
23) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелiнетiн вексель қағазының қорғалу дәрежесiне қойылатын талаптарды белгілейтін қағидаларды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды;
24) банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін белгілейтін қағидаларды;
25) электрондық терминалдар және қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдалана отырып жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары жөнінде мәліметтер ұсыну қағидаларын;
26) экономика секторларының кодтарын қолдану және төлемдер тағайындау және соларға сәйкес төлемдер жөнінде мәліметтер ұсыну қағидаларын;
27) Қазақстан Ұлттық Банкінің банктерге, оның ішінде соңғы сатыдағы қарыз беруші ретінде, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға банк қарыздарын беру қағидаларын;
28) Қазақстан Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларын;
29) банктер арасындағы, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларын;
30) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша ақша төлемдері мен аударымдары лимитінің мөлшерін;
31) клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірменің мазмұнына қойылатын талаптарды;
32) қаржы ұйымдарын жүйе құрушылар қатарына жатқызу тәртібін айқындайтын қағидаларды;
33) екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен жүргізілетін экспорттық операциялар жөніндегі есептілікті беру нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы нұсқаулықты;
34) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге де тұлғалардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді;
35) Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді;
36) айырбастау пункттерi арқылы жүргiзiлетiн операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегiн белгiлеу қағидаларын;
37) Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын;
38) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын;
39) Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алуы қағидаларын;
40) Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын резидент еместердiң валюталық операцияларының мониторингiн жүзеге асыру қағидаларын;
41) бухгалтерлiк есеп мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi, оның ішінде барлық қаржы ұйымдары, арнайы қаржы компаниялары, исламдық арнайы қаржы компаниялары, Қазақстанның Даму Банкі және инвестициялық қорлар орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгі жоспарларын, бухгалтерлiк есеп жүргiзу жөніндегі нұсқаулықты, бухгалтерлiк есеп жүргiзудi ұйымдастыру қағидаларын және бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыру қағидаларын;
42) бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсім бойынша халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсынымдарды;
43) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына сәйкес келетiн нысандар не нысандарға қойылатын талаптар, қаржылық есептiлiктiң тiзбесi, оны қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, Қазақстанның Даму Банкінің және инвестициялық қорлардың беру мерзiмдерi мен тәртiбi жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді;
44) қаржылық есептiлiктiң тiзбесi, оны акционерлік қоғамдар мен қаржы ұйымдарының жариялау тәртібі мен мерзімдері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді;
45) есеп саясатын, бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарын және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін;
46) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютерлік жүйелердің бақылау чегінің нысанын және мазмұнын;
47) валюталық реттеу, қаржы ұйымдарынан қаржы секторына шолуды қалыптастыру, қолма-қол ақша айналысы, ақша төлемдері мен аударымдары, қаржылық тұрақтылық, қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді беру жөніндегі нұсқаулықты және сұраныс пен ұсыныс көздерінің мониторингін жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарын;
48) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқару нәтижелері туралы есепті;
49) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн айырбастау және қайта айырбастау қағидаларын;
50) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сыртқы басқарушыларды таңдау қағидаларын;
51) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтын сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидаларын;