3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, сондай-ақ іс бойынша iс жүргiзудiң басқа да қатысушыларына олардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлiп, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған адам және осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам (адамның өкілі) қол қояды. Жәбiрленушiлер мен куәлар болған кезде, сондай-ақ куәгерлер қатысқан жағдайларда хаттамаға осы адамдар да қол қояды.
5. Тиiстi түрде хабарланған әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам болмаған немесе келмеген жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамның болмауы немесе келмеуi туралы белгi қоя отырып, оны толтырған адам қол қояды.
6. Өзiне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі хаттамаға қол қойып қабылдаудан бас тартқан жағдайда, хаттамаға оны толтырған адам тиісті жазба жасайды.
7. Өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысуға мүмкiндiк берiлуге тиiс. Аталған адамдар хаттаманың мазмұны бойынша түсiнiктеме беруге және ескертпелер жасауға, сондай-ақ оған қол қоюдан өзiнiң бас тарту уәждерiн баяндауға құқылы, олар осы хаттамаға қоса тiркеледi. Бұл адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
8. Осы бөлiкте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғаннан кейiн, оның көшiрмесi қолхат алынып, өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, сондай-ақ жәбiрленушiге дереу тапсырылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама осы Кодекстің 634-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген, сондай-ақ осы баптың бесінші және алтыншы бөліктерінде көзделген негіздер бойынша өзіне қатысты іс қозғалған адам болмаған кезде жасалған жағдайда, ол өзіне қатысты іс қозғалған адамға хабарлана отырып, тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.
Ескерту. Жол жүрісінің қауіпсіздігі саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты хаттама жасау кезінде сәйкестендіру нөмiрi ол бар болса, көрсетіледі.»;
50) 636-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақшада:
отыз бірінші абзацта:
«168-4, 168-5» деген цифрлар «168-5, 168-8» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«179» деген цифрлардан кейін «(бірінші және екінші бөліктері)» деген сөздермен толықтырылсын;
отыз үшінші абзацтағы «184-1 (үшінші бөлігі)» деген сөздер «184-1 (үшінші және жетінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
отыз бесінші абзац «179» деген цифрлардан кейін «(бірінші және екінші бөліктері)» деген сөздермен толықтырылсын;
елу төртінші абзацтағы «168-4, 168-5» деген цифрлар «168-5, 168-8» деген цифрлармен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң уәкiлеттi қызметкерлерi (158, 168-3, 179 (бірінші және екінші бөліктері), 179-1, 183, 187, 188 (екiншi бөлiгi), 356, 357-1, 357-5-баптар);»;
51) 638-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлға жеке басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлғаның өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлген жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама көрсетілген деректер анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, ал осы Кодекстiң 168, 168-6, 168-7, 169-баптарында, 172-2-бабының (бірінші және екінші бөліктерінде), 179-бабының (үшінші және төртінші бөліктерінде), 180, 182, 187 және 188-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі материалдарды аумақтық филиалдарға беру кезінде құқық бұзушылық немесе оны жасаған адам табылған кезден бастап он жұмыс күні ішінде жасалады.»;
52) 639-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ескерту немесе айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде, егер айыппұл бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспаса және адам (жеке тұлға, орган немесе заңды тұлғаны басқару функциясын жүзеге асыратын адам) құқық бұзушылық жасау фактiсiн мойындаса және осы баптың 1-1 және екінші бөлiктерінде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды. Қаржы және сауда саласындағы құқық бұзушылықты қоспағанда, ескерту түрiндегi жазаны соған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде ресiмдейдi. Айыппұл түрiнде жаза қолданылған кезде қатаң қаржылық есептiлiк құжаты болып табылатын, белгiленген үлгiдегi түбiртек берудi соған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырады.»;
53) 642-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс оның жасалған жерi бойынша, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қарау ведомстволық бағыныстылығына жататын лауазымды адамның (уәкілетті мемлекеттік органның) орналасқан жері бойынша қаралады.»;
54) 644-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жауаптылыққа тартылып отырған адамның немесе жәбiрленушiнiң, олардың өкiлдерiнiң, қорғаушының туысы болса;»;
55) 645-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекстiң 644-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде, өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адам, жәбiрленушi, жеке тұлғаның заңды өкілдері мен заңды тұлғаның өкілдері, қорғаушы, прокурор судьядан, алқалы органның мүшесiнен, лауазымды адамнан бас тартатындығын мәлiмдеуге құқылы.»;
56) 646-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Кодекстiң 584-бабының төртiншi бөлiгiнде, 586-бабының алтыншы бөлiгiнде және 594-бабының бесiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда жауаптылыққа тартылып отырған адамның, оның өкiлiнiң, куәнiң дәлелсiз себептермен келмей қалуына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қайта қарауға әзiрлеу кезiнде iстi қарайтын судья, орган (лауазымды адам) аталған адамдарды алып келу туралы ұйғарым шығаруға құқылы.»;
57) 648-бапта:
бірінші бөліктің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылып отырған жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ iстi қарауға қатысатын өзге де адамдардың келгенiне көз жеткiзедi;
3) iс жүргiзуге қатысушылардың жеке басын анықтайды және жеке тұлғаның заңды өкілдерінің немесе заңды тұлға өкiлдерiнiң, қорғаушының өкiлеттiктерiн тексереді;»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Алқалы органның отырысында төрағалық етушi судья немесе лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға кiрiсiп, iс бойынша өздерiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлға немесе заңды тұлға өкiлiнiң түсiнiктемелерiн, iс жүргiзуге қатысатын басқа адамдардың айғақтарын, маманның түсiндiрмесiн және сарапшының қорытындысын тыңдайды, өзге де дәлелдемелерді зерттейді, ал iстi қарауға прокурор қатысқан жағдайда оның қорытындысын тыңдайды.»;
58) 652-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өздеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне, сондай-ақ жәбірленушіге, жеке тұлғаның заңды өкіліне, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаған уәкілетті органға (лауазымды адамға) қаулының көшірмесі ол хабарланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тапсырылады және (немесе) жіберіледі. Әкімшілік қамаққа алу туралы қаулы шығарылған жағдайда қаулының көшірмесі дереу прокурорға жіберіледі.»;
59) 658-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шағымға немесе наразылыққа оны берушi қол қояды. Заңды тұлға атынан берiлетін шағымға оның өкiлi немесе осыған уәкiлеттiк берілген басқа адам қол қояды.»;
60) 663-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) iс бойынша өзiне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ шағымды, наразылықты қарауға қатысу үшiн шақырылған адамдардың келгенiне көз жеткiзедi;»;
61) 671-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық жөнiндегi ұйғарымның көшiрмесi ол шығарылғаннан кейiн үш тәулiкке дейiнгi мерзiмде iс бойынша өзіне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, өзi шағым берген жағдайда немесе оның өтiнiшi бойынша жәбiрленушiге, наразылық келтiрген прокурорға тапсырылады немесе жiберiледi.»;
62) 700-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне өздерiне қатысты шығарылған қаулының көшiрмесi дереу, сондай-ақ өзінің өтiнiшi бойынша жәбiрленушiге оның қолхатымен тапсырылады. Аталған адамдар болмаған жағдайда қаулының көшiрмесi ол шығарылған күннен бастап үш күн iшiнде жiберiледi, бұл туралы iсте тиiстi жазба жасалады.»;
63) 701-бап мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Екінші деңгейдегі банкке және (немесе) бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын ұйымға қайта құрылымдау жүргізу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі бар болған кезде, олардың өтініштері бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны судья, қаулыны шығарған орган (лауазымды адам) екінші деңгейдегі банкке және (немесе) бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын ұйымға қайта құрылымдауды тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кейінге қалдыруы мүмкін.»;
64) 705-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ұйғарымның көшiрмесi әкiмшiлiк жауапқа тартылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне дереу тапсырылады, ал аталған адамдар болмаған жағдайларда оларға ұйғарым шығарылған күннен бастап үш күн мерзiмде жiберiледi.»;
65) 708-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Айыппұл салу туралы қаулыны сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) жауаптылыққа тартылған адамның жалақысынан немесе өзге де табыстарынан айыппұл сомасын мәжбүрлеу тәртiбiмен ұстап қалу үшiн ол жұмыс iстейтiн не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымның әкiмшiлiгiне жiбередi. Айыппұл алты айдан аспайтын мерзiмде ұсталады. Айыппұлды өндiрiп алу кезектілігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi.»;
66) 709-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«709-бап. Заңды тұлғаға айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату
1. Айыппұл салу туралы қаулыны сот, уәкiлеттi орган (лауазымды адам) заңды тұлғаның банк шотынан оның келiсiмiнсiз, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында, Қазақстан Республикасының ақша төлемдері мен аударымдары туралы және атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен ақшаны алып қою үшiн мемлекеттік сот орындаушысына жiбередi.
Салық қызметiнiң органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен салық қызметiнiң органдары орындайды.
2. Банк немесе банк операцияларының өзге де түрлерін жүзеге асыратын ұйым айыппұл сомасын белгіленген тәртіппен бюджетке аударуға міндетті.
3. Заңды тұлғаның шоттарында ақша болмаған жағдайда сот орындаушысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес борышкерге тиесілі басқа мүліктен өндіріп алады.»;
67) 709-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік сот орындаушысына айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттiгi туралы нұсқаманы мәжбүрлеп орындатуға жiберген кезде оларға әкімшілік жазаны қолдану туралы қаулының көшірмесі және әкімшілік жазаны қолданған органның айыппұл сомасының мемлекет кiрiсiне түспегенi туралы анықтамасы мiндеттi түрде қоса берiледi.».
4. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат):
1) мазмұнында:
28-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«28-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ, ПАРЛАМЕНТІ ЖӘНЕ МӘСЛИХАТТАРЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ, СУДЬЯЛАРЫНЫҢ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТЕГІ АДАМДАРДЫҢ, АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ВЕДОМСТВОЛАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»;
мынадай тақырыптағы 257-1-баппен толықтырылсын:
«257-1-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің еңбегін реттеу»;
2) 28-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«28-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ, ПАРЛАМЕНТІ ЖӘНЕ МӘСЛИХАТТАРЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ, СУДЬЯЛАРЫНЫҢ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТЕГІ АДАМДАРДЫҢ, АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ВЕДОМСТВОЛАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»;
3) 28-тарау мынадай мазмұндағы 257-1-баппен толықтырылсын:
«257-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің еңбегін реттеу
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің еңбегі лауазымға тағайындаудың, еңбек шартын тоқтатудың ерекше талаптарын, ерекше еңбек жағдайын және еңбекақы төлеу шарттарын, сондай-ақ артықшылықтар мен шектеулерді белгілейтін «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктерімен бірге осы Кодекспен реттеледі.».
5. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; №15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат):
1) мазмұнындағы 5-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және оның ведомстволарын қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебінің және қаржылық есептілігінің жүйесі»;
2) 53-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының он тоғызыншы абзацы алып тасталсын;
3) 62-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік органның стратегиялық жоспары жоспарлы кезеңге арналған қаржыландыру көлемі бар бюджеттік бағдарламаларды қамтиды.»;
4) 5-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және оның ведомстволарын қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебінің және қаржылық есептілігінің жүйесі»;
5) 216-баптың 3) тармақшасының бірінші бөлігіндегі және 229-баптың 2) тармақшасындағы «қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат, № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11,15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистральдық құбыр және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 106-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Активтерді және шартты міндеттемелерді күмәнді және үмітсіздер санатына жатқызу тәртібін уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру резервтерiн құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар. Сақтандыру резервтерiн құру тәртiбiн уәкiлеттi органның келiсiмі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.»;
2) 143-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы және 156-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясы», «қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясы» деген сөздер «лицензия» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 250-баптың 2-тармағында:
1) тармақшаның бірінші абзацындағы «қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы» деген сөздер «лицензия» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-1) тармақшаның бірінші абзацындағы «қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясы» деген сөздер «лицензия» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 541-бапта:
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның филиалдары, өкілдіктері мен ведомстволары - өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талап арыздар берілген кезде;»;
21) тармақша алып тасталсын;
5) 542-баптың 6) және 7) тармақшалары алып тасталсын;
6) 581-бапта:
1), 5), 8), 9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банк шоттарынан, резидент емес заңды тұлғалардың, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттарынан және (немесе) шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарынан басқа резидент еместі қоса алғанда, салық төлеуші заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға банк шоттарын ашу кезінде, уәкілетті органды сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы хабарлардың кепілдікпен жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы олардың ашылған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
Салық төлеушілер туралы, оның ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпарат банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға олардың осы тармақшада және осы баптың 4), 6), 9) және 12) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындауы мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ұсынылады.
Техникалық проблемалар салдарынан мұндай электрондық байланыс арналары арқылы көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы хабардар ету мүмкін болмаған кезде, хабарлама қағаз жеткізгіште салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі;»;
«5) берiлген кредит (қарыз) бойынша сыйақы есептеуді тоқтата тұру арқылы дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға осындай сыйақы түріндегі кiрiстердi тану тоқтатылған кезде, бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нысанда мұндай тану тоқтатылған, осы Кодекстiң 148-бабына сәйкес айқындалатын есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей уәкiлеттi органды хабардар етуге;»;
«8) нұсқамасы болған кезде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған тексерілетін жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ақшасының бар-жоғын және банк шоттары бойынша жасалатын операцияларын тексеруге салық қызметі органдарының лауазымды адамын жіберуге;
9) осы Кодексте көзделген жағдайларда салық органының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу жөніндегі операциялардан басқа, банк шоттарындағы (корреспонденттік шоттарын қоспағанда) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға;
10) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға немесе заңды тұлға болып табылатын қарыз алушының берiлген кредиттер (қарыздар) бойынша мiндеттемелерiн есептен шығарған кезде қарыз алушыда - салық төлеушіде міндеттемелерін есептен шығарудан кіріс пайда болғаны туралы оның орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органын күнтізбелік отыз күн ішінде хабардар етуге;»;
12) тармақшада:
бірінші бөлікте:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«салық салуға байланысты мәселелер бойынша - дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған тексерілетін жеке тұлғаның;»;
төртінші, бесінші және алтыншы абзацтар алып тасталсын;
сегізінші және тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«орналасқан жері бойынша шын мәнінде жоқ екендігі осы Кодекстің 558-бабында белгіленген тәртіппен расталған және салық есептілігін ұсынудың осы Кодексте белгіленген мерзімінен кейін алты ай өткенге дейін, осы Кодексте көзделген жағдайларда осындай мерзімді ұзарту кезеңін қоспағанда, осы есептілікті ұсынбаған дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің;