3) конституциялық заңдардың, кодекстердің жобалары, сондай-ақ қолданыстағы конституциялық заңдар мен кодекстерді өзгертуге және толықтыруға бағытталған заң жобалары;
4) жергілікті мемлекеттік басқаруды және жергілікті өзін-өзі басқаруды, елдің саяси және сайлау жүйелерін жетілдіруге бағытталған заң жобалары;
5) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы, құқық қорғау қызметі және сот төрелігін жүзеге асыру саласындағы құқықтық қатынастарды регламенттейтін заңдардың жобалары.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, сондай-ақ тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңдардың жобалары
Президент Әкімшілігінің онымен келісілетін заң жобалары бойынша ескертулері толық ескерілмейтін жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган бұл туралы Президенттің Әкімшілігін хабардар етеді.
100. Заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар оларды Үкіметке енгізу кезінде нақты заң жобасын басымды деп қарауды айқындау немесе оны қарауды шұғыл деп жариялау туралы бір уақытта ұсыныс енгізуге құқылы. Бұл ретте заң жобасына түсіндірме жазба, оның ішінде оны басымды деп айқындау немесе шұғыл деп жариялау қажеттілігінің негіздемесін қамтуға тиіс.
Үкімет өзі әзірлейтін заң жобаларына қатысты Президентке нақты заң жобасын басымды деп қарауды айқындау немесе оны шұғыл деп жариялау туралы ұсыныс енгізеді.
Бұл ретте Үкіметтің ұсынысына тиісті заң жобасы және заң жобасын Парламенттің басымды деп қарауды айқындауы немесе оны қарауды шұғыл деп жариялауы қажеттілігінің негіздемесін қамтитын және заң жобасының нақты мақсаттарын ашатын түсіндірме мен ол шешетін міндеттер қоса берілуге тиіс.
6.5. Парламент Мәжілісіне заң жобаларын енгізу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 101-тармақ өзгертілді
101. Үкіметтің бастамасы бойынша Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілетін заң жобаларының түпнұсқаларына міндетті түрде: заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның және Әділет министрлігінің, Қаржы министрлігінің басшылары, Кеңсе Басшысы және Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы тұлға) бұрыштама соғуға тиіс. Үкімет бланкісіне шығарылған заң жобасына түсіндірме жазбаға Кеңсе Басшысы бұрыштама соғады және Премьер-Министр (не оның міндетін атқарушы тұлға) қол қояды. Заң жобаларының төлнұсқалары Парламент Мәжілісіне қағаз және электрондық жеткізгіштерде (электрондық құжаттар форматында) енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 101-1-тармақпен толықтырылды
101-1. Заң жобаларымен бірге Парламент Мәжілісіне осы Регламенттің 95-тармағының 2)-5), 7)-9), 12), 14) тармақшаларында көрсетілген материалдар енгізіледі.
102. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен келісілгеннен кейін Үкімет Парламент Мәжілісінің қарауына басымдығын айқындау жоспарланған заң жобаларын 10 күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде енгізеді.
103. Президент Әкімшілігімен келісілгеннен кейін Үкімет жоспарлануы шұғыл деп жарияланған заң жобасын Парламент Мәжілісінің қарауына 7 күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде енгізеді.
Президент шұғыл деп жариялаған заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына Президенттің арнайы жолдауы Парламентте жария етілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей немесе осы жолдауды Парламентке жолдағаннан кейін енгізеді.
104. Парламентке Үкіметтің бастамасы бойынша енгізілген заң жобалары Кеңсеге Парламент Мәжілісінің қаулысы бойынша ғана қайтарылуы мүмкін.
6.6. Парламент депутаттары бастамашылық жасаған
заң жобаларын қарау тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 105-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
105. Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, оның ішінде мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заң жобалары бойынша Үкімет Парламентке мемлекеттік және орыс тілдерінде қорытынды ұсынады.
Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Үкіметке келіп түскен заңнамалық актілердің жобалары Ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралуға тиіс.
Қорытынды дайындауға жауапты ретінде айқындалған мемлекеттік орган Қаржы министрлігімен бірлесіп, заң жобалау қызметінің мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссияның қарауына мемлекеттік кірістерді ықтимал қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды ықтимал ұлғайту бөлігінде алдын ала қаржы-экономикалық есептерді енгізеді.
Ведомствоаралық комиссия заң жобасы Кеңседе тіркелген күнінен бастап 15 күн мерзімде не Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының тапсырмасында белгіленген неғұрлым қысқа мерзімде депутаттар бастамашылық жасаған заң жобасын оң не өзгеше бағалау жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
Үкімет қорытындысының жобасын Ведомствоаралық комиссияның ұсыныстарын ескере отырып, заң жобасында реттелетін қатынастар құзыретіне енетін мемлекеттік орган әзірлейді. Қорытындының жобасы мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады және міндетті түрде Әділет, Қаржы министрліктерімен келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келісіледі (олардың басшылары бұрыштама соғады). Қажет болған кезде қорытындының жобасына әзірлеуші мемлекеттік кірістерді қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді қоса тіркейді.
Премьер-Министр Кеңсесіне Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Үкіметтің Регламентіне сәйкес дайындалған заң жобаларына Үкіметтің қорытындыларының жобаларын енгізген кезде әзірлеуші мемлекеттік орган оларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамалық шешімінің көшірмесін, Әділет және Қаржы министрліктері хаттарының көшірмелерін бірге береді, сондай-ақ қажет болған кезде әзірлеуші қорытындының жобасына мемлекеттік кірістердің ықтимал қысқаруы немесе мемлекеттік шығыстардың ықтимал ұлғаюы бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді бірге береді.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 106-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
106. Үкімет қорытындысының жобасы, егер Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының тапсырмасында өзге неғұрлым қысқа мерзім белгіленбесе, Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы Кеңседе тіркелген күнінен бастап 20 күн мерзімнен кешіктірмей мемлекеттік және орыс тілдерінде (оның ішінде электрондық құжаттар форматында) Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізіледі.
Егер Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының тапсырмасында бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар көрсетілген жағдайда, осы органдар Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобасы Кеңседе тіркелген күнінен бастап 10 күн мерзімнен кешіктірмей қорытындының дайындалуына жауапты мемлекеттік органға өздерінің ұсыныстарын беруге міндетті.
107. Мемлекеттік орган ұсынған Үкімет қорытындысының нұсқасы кейіннен дауыс беру үшін Үкіметтің мәжілісіне шығарылады. Үкімет қорытындысының жобасы қаралғаннан кейін оның түпкілікті нұсқасын Үкімет бланкісіне Премьер-Министрдің (оның міндетін атқарушы тұлғаның) қолымен шығарып ресімдейді.
Үкімет қорытындысының жобасы бойынша ерекше жағдайларда Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс берулері жүргізілуі мүмкін.
6.7. Заң жобаларының Парламентте өту тәртібі
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 108-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
108. Үкімет енгізген заң жобаларын Парламентте ұсынушы өкілетті тұлғаларға оларды Парламент қараған кезде заңның тұжырымдамасына немесе оның құқықтық мазмұнын өзгертуге байланысты, сондай-ақ мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге Үкімет басшылығының рұқсатынсыз келісім білдіруге тыйым салынады.
Бұл ретте Парламентте тиісті заң жобаларын ұсынушы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Кеңсеге көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар туралы дереу жазбаша хабарлауға міндетті.
Парламентте тиісті заң жобаларын ұсынушы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Үкімет басшылығының келісуінсіз көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келіскені үшін жауапты болады.
Көрсетілген тәртіптің бұзылуына білдірілген келісімнің заңдық күші жоқ және Үкіметтің ұстанымы болып табылмайды.
Парламент депутаттары Үкімет басшылығымен келісілмеген көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды дауысқа салуға шығарған жағдайда заң жобаларын ұсынатын тұлғалар мәжілістің стенограммасында өздерінің қарсылықтарын тіркеуді талап етуге және Кеңсеге осы өзгерістер немесе толықтырулар туралы дереу хабарлауға міндетті.
Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі Регламенттің осы тармағы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады және белгіленген талаптар бұзылған жағдайда Премьер-Министрді және Кеңсе Басшысын хабардар етеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 109-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
109. Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына Парламент енгізген тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды немесе мемлекеттік кірістерді болжайтын заң жобасын Парламент Мәжілісінің не Сенатының жалпы отырысында қарағанға дейін 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей әзірлеуші салыстырма кесте түрінде әзірлеушінің алдын ала ұстанымын қамтитын қысқаша түйінмен Кеңсеге жібереді, оларды Кеңсе басшысы осы өзгерістер мен толықтырулар бойынша Үкіметтің бірыңғай ұстанымын анықтау үшін Әділет, Қаржы министрліктеріне, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.
Заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына Парламент депутаттары енгізген барлық өзгерістер мен толықтырулар бойынша 10 күнтізбелік күн ішінде кейіннен Үкімет мәжілісінде қаралуға жататын тиісті қорытындыны дайындайды.
Бірлесіп атқарушы ретінде айқындалған мемлекеттік органдар өздерінің Парламент депутаттары енгізген түзетулерге ұсыныстарын немесе қарсылықтарын 7 күнтізбелік күн ішінде әзірлеуші мемлекеттік органға жібереді.
Қажет болған жағдайда заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган Парламент депутаттарының ұсыныстарын Үкімет жанындағы тиісті консультативтік-кеңесші органдарға қарауға дербес жібереді.
110. Үкімет енгізген заң жобаларын Парламентте ұсынушы өкілетті тұлғаны (заң жобасы бойынша баяндамашыны) ауыстыру қажет болған кезде Парламентке Премьер-Министрдің не оның орынбасарының қолымен тиісті хат жіберіледі. Бұл ретте осындай хаттардың жобаларын заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган дайындайды және заң жобасы Парламенттің тиісті Палатасының жалпы отырысында қаралғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей Кеңсеге енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 111-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
111. Үкімет шешімінің Парламентте өтуін бақылауды Үкіметтің Парламенттегі өкілдігі (бұдан әрі - Өкілдік) жүзеге асырады
Өкілдік Премьер-Министрді, оның орынбасарларын және Кеңсе Басшысын, Мемлекет басшысы Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларының және Үкімет енгізген заң жобаларының өтуі туралы және Парламент қарайтын әрі Үкіметтің қызметіне қатысы бар басқа да мәселелер туралы үнемі хабардар етіп отырады.
112. Үкіметтің Парламенттен заң жобасын қайтарып алуы Үкіметтің қаулысымен жүзеге асырылады, оның жобасын осы Регламентте белгіленген тәртіппен заң жобасын әзірлеуші енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 113-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
113. Парламент қабылдаған және Премьер-Министрге қолын қойып бекітуге жіберілетін барлық заңдар бойынша заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай) Әділет, Қаржы министрліктерімен келісім бойынша заң қабылданған күнінен бастап бес күн мерзімде қорытынды дайындайды және Кеңсеге жібереді, онда міндетті түрде мыналар:
1) заң жобасының тұжырымдамасы;
2) Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасын Парламентте қарау кезінде депутаттар енгізген өзгерістер мен толықтырулар туралы мәлімет;
3) қабылданған заңда Қазақстан Республикасының Конституциясына, қолданыстағы заңнамалық актілерге қарама-қайшылықтардың бар екендігі туралы және оған байланысты қосымша қаржы шығыстары, экономикалық және құқықтық салдарлар туралы ақпарат;
4) заңның Премьер-Министрдің қолы қойылып бекітілу мүмкіндігі туралы қорытынды жазылады.
Қорытындыдан басқа Кеңсеге Әділет және Қаржы министрліктерінің, сондай-ақ мәселелері Парламент қабылдаған заң қозғайтын өзге де мемлекеттік органдардың хаттарының көшірмелері міндетті түрде енгізіледі.
Үкіметке енгізілген қорытындының мазмұны және оны енгізу мерзімі үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жауапты болады.
Осы тармақта көзделген рәсімдердің орындалуын бақылауды Кеңсе жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.04.06. № 822 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 114-тармақ өзгертілді
114. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай) заңнамалық актіге қол қойылған күнінен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Кеңсеге белгіленген тәртіппен келісілген және мыналарды:
1) мемлекеттік органды (мемлекеттік органдарды) қабылдануы осы заңнамалық актіге негізделген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөніндегі жауапты орындаушы (жауапты орындаушылар) етіп белгілеуді;
2) заңнамалық актіде қолданысқа енгізудің өте кеш мерзімдері (оларды қолданысқа енгізгенге дейін кемінде бір ай бұрын) көзделген нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, заңнамалық акт күшіне енген күнінен бастап бір айдан аспауы тиіс нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен енгізудің нақты мерзімдерін, сондай-ақ өкімнің жобасында қамтылатын өзге де тапсырмалардың орындалуын;
3) заңға тәуелді актілерді қабылдау және/немесе қабылданған заңнамалық актіге сәйкес келтіру туралы тапсырманы көздейтін Премьер-Министр өкімінің жобасын енгізеді;
4) Президент қол қойған Заңды іске асыру мақсатында әзірленетін Премьер-Министр өкімінің жобасы енгізілген жағдайда қабылданған Заңның мәтінін, сондай-ақ Заңның бұрынғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесін қоса беруі қажет.
Мемлекеттік органдар Премьер-Министрдің өкімі қабылданғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде қабылдануы осы өкімге негізделген йормативтік құқықтық актілердің жобаларын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге енгізеді.
Премьер-Министр өкімінің жобасын әзірлеу қажеттілігі болмаған жағдайда мемлекеттік органдар заңнамалық актіге қол қойылған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде Премьер-Министр Кеңсесін хабардар етуі қажет.
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің уақтылы әзірленуін және қабылдануын бақылауды өз құзыретіне сәйкес Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.12.11. № 1198 Қаулысымен 114-1-тармақпен толықтырылды
114-1. Оған қатысты бұрын Үкіметке Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізілген халықаралық шартты ратификациялау туралы заңнамалық акт қабылданған жағдайда, ратификациялау туралы заңның жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган заңнамалық актіге қол қойылған күнінен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде белгіленген тәртіппен келісілген және осы Қағиданың 114-тармағында көрсетілген талаптарды көздейтін Премьер-Министр өкімінің жобасын Кеңсеге енгізеді. Премьер-Министр өкімін қабылдау қажет болмаған жағдайда, ратификациялау туралы заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде осы орган басшысының қолымен тиісті негіздемені Кеңсеге енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен 114-2-тармақпен толықтырылды
114-2. Әзірлеуші мемлекеттік орган заңнамалық актіге қол қойылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында өзі әзірлеуші болған заңның нақты мақсаттары, әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдары, сондай-ақ болжанатын тиімділігі туралы ақпаратты қамтитын мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал қажет болған жағдайда өзге де тілдерде баспасөз релизін орналастырады.
Бұл ретте әзірлеуші мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде осы баспасөз релизінің көшірмесін құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесінде орналастыру үшін Әділет министрлігіне жібереді.
115. Заңнамалық актімен реттеліп қойылған қатынастар бойынша заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстар кейіннен Үкіметтің мәжілісінде қаралатын болып Ведомствоаралық комиссияның отырысында алдын ала қаралады.
7. Прокурорлық қадағалау актілерін қарау кезінде орталық атқарушы органдардың
өзара іс-қимыл жасау тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 116-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
116. Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша Үкімет басшылығының атына жіберілген прокурорлық қадағалау актілерін қарауды прокурорлық қадағалау актісінің мәні болған мәселелер құзыретіне енетін мемлекеттік орган жүзеге асырады. Әділет министрлігі тиісті мемлекеттік органға құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді.
117. Прокурордың наразылығын қоспағанда, прокурорлық қадағалау актісін қарау тапсырылған мемлекеттік орган 15 күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына (бұдан әрі - Бас прокуратура) Үкіметтің келісілген жауабының жобасын және қажет болған жағдайда Үкімет шешімдерінің жобаларын дайындайды және Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізеді, прокурорлық қадағалау актісінен туындайтын өзге де шараларды қабылдайды.
Прокурордың наразылығын қарау тапсырылған мемлекеттік орган 7 күнтізбелік күн ішінде Бас прокуратураға Үкіметтің келісілген жауабының жобасын және қажет болған жағдайда Үкімет шешімдерінің жобаларын дайындайды және Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізеді, прокурорлық қадағалау актісінен туындайтын өзге де шараларды қабылдайды.
Жауаптың жобасы прокурорлық қадағалау актісінде белгіленген мәселелерге Үкімет ұстанымын қисынды және толық көлемде білдіруге тиіс.
Үкіметтің Бас прокуратураға жауабының жобасын жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган міндетті түрде Әділет министрлігімен, сондай-ақ прокурорлық қадағалау актісін қарау туралы тапсырмада көрсетілген өзге де мемлекеттік органдармен келіседі.
Үкімет жауабының жобасын келісу оған тиісті мемлекеттік орган басшысының бұрыштама соғуы не ескертулер мен ұсыныстардың жоқтығы туралы хат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
8. Үкіметтің актілерін жариялау тәртібі
118. Үкіметтің азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілері міндетті түрде ресми жариялануға тиіс.
119. Мемлекеттік құпияларды және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтері бар Үкіметтің актілері жариялануға жатпайды.
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен 120-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
120. Үкіметтің қаулылары Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің жинағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын және заңнамада белгіленген тәртіппен Үкіметтің қаулыларын ресми жариялауды жүзеге асыру құқығын алған мерзімді баспа басылымдарында жарияланады және теледидар мен радио арқылы халыққа жеткізілуі мүмкін.
Үкіметтің интернет-ресурсын ақпараттық қамтамасыз ету және Үкімет қабылдайтын шешімдер туралы ақпаратты тарату мақсатында Internet (Интернет) жаһандық желісін пайдалану жекелеген ережелермен регламенттеледі.
ҚР Үкіметінің 2011.30.07 № 885 Қаулысымен 120-1 тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен 120-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
120-1. Мемлекеттік орган Кеңсе тарату барысында өзіне жіберген, кадрлық және ұйымдастырушылық сипаттағыларды қоспағанда, Үкімет қаулыларының куәландырылған көшірмелерін алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде өзінің интернет—ресурсында мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын Үкімет қаулыларын қоспағанда, өзі әзірлеуші болып табылатын Үкімет қаулысының нақты мақсаттары, әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдары, сондай-ақ болжанатын тиімділігі туралы ақпаратты қамтитын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі, ал қажет болған жағдайда өзге де тілдерде баспасөз релизін орналастырады.
Бұл ретте әзірлеуші мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде осы баспасөз релизінің көшірмесін құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесінде орналастыру үшін Әділет министрлігіне жібереді.
121. Нормативтік құқықтық актілер мерзімді басылымдарда бір мезгілде мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 122-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
122. Нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануын бақылауды жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін қоспағанда, Байланыс және ақпарат министрлігі жүзеге асырады.
9. Орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары
Іссапарларының тәртібі
123. Өз бастамасы бойынша немесе Президенттің не Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге, сол сияқты Қазақстанның басқа қалаларына да іссапарға (оның ішінде демалыс және мейрам күндері) шығуы қажет болған жағдайда орталық атқарушы органның бірінші басшысы алдын ала, іссапар басталғанға дейін кемінде 3 күн бұрын Премьер-Министрдің атына өзінің іссапарға шығуына рұқсат беруі туралы қолдаухатпен жазбаша өтініш жасауға тиіс.
Орталық атқарушы органның бірінші басшысының хатында (қолдаухатында) іссапарға шығу қажеттілігінің негіздемесі мен оның мерзімі келтірілуі тиіс.
Бір тәуліктен аспайтын мерзімге іссапарға шыққан кезде жазбаша қолдаухат талап етілмейді - Премьер-Министрмен ауызша келісу жеткілікті.
124. Премьер-Министрдің қажет болған жағдайда орталық атқарушы органның бірінші басшысын қызметтік іссапарға оның жазбаша қолдаухатынсыз жіберуге құқығы бар.
125. Орталық атқарушы органның бірінші басшысы іссапардан оралысымен 3 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде іссапарда болған кезеңде атқарылған жұмыс туралы жазбаша есеп беруге міндетті.
Есепті Премьер-Министр немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 10-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Орындалуын бақылау тәртібі
126. Президент, Үкімет, Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы актілерінің, сондай-ақ Президенттің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Президент Әкімшілігі мен Кеңсе басшыларының тапсырмалары бар құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
127. Бақылау:
1) қажетті ақпаратты талап ету;
2) орындалуы туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау;
3) тексеру және құжаттамалық тексерудің өзге де нысандары;
4) жергілікті жерге шығып, сондай-ақ Президент Әкімшілігімен бірлесіп тексеру;
5) заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдер жолымен жүзеге асырылады.
128. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда актілер мен тапсырмалардың орындалуын бақылауға жауапты лауазымды адамдар:
1) мемлекеттік органның және ұйымның бірінші басшысы жалпы басшылық пен актілер мен тапсырмалардың уақтылы әрі сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
2) жауапты хатшы, мемлекеттік орган аппаратының басшысы актілер мен тапсырмалардың орындалуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік орган бөлімшелерінің тіиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
3) мемлекеттік органның және ұйымның бірінші басшысының орынбасарлары жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша актілер мен тапсырмалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
Көрсетілген лауазымды адамдар актілер мен тапсырмалардың уақтылы әрі сапалы орындалуы үшін дербес жауапты болады.
129. Мынадай, оның ішінде құпия құжаттар бақылауға алынады (бұдан әрі - бақылаудағы құжаттар):
1) Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырмалар берілетін Қазақстан Республикасы Президентінің актілері не актілердің тармақтары;
2) Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырмалар бар халықаралық іс-шаралар мен өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша берілген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары;