Мыналар:
Мемлекет басшысының немесе Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің тапсырмалары;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары қабылданған Жоспарға заң жобаларын қосу негіздері болып табылады.
Мыналар:
Мемлекет басшысының немесе Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің тапсырмалары;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары;
алып тастауға ұсынылатын заң жобасы бойынша Республикалық бюджет комиссиясының теріс қорытындысы;
бірнеше заң жобаларын бір реттеу нысаны бойынша біріктіру қабылданған Жоспардан заң жобаларын алып тастау негіздері болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығында көзделген Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне жатқызылған құжаттар, Үкіметтің іс-шаралары жобаларының нормалары (ережелері) заң жобалауды қамтамасыз ету бөлігінде Ведомствоаралық комиссиямен келісіледі.
Мемлекеттік және өзге де бағдарламаларға қоғамдық қатынастарды заңнамалық реттеудің жаңа тетіктерін енгізу перспективалы Жоспарға өзгерістер және толықтырулар енгізумен бірге жүргізілуге тиіс.
Қабылданып қойған заң жобалау жұмыстарының жоспарларына енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының не оны алмастыратын адамның қолы қойылып, Президент Әкімшілігіне келісуге ұсынылады. Актінің жобасына заң жобалау жұмыстарының жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар негізделген тиісті түсіндірме жазба міндетті түрде қоса беріледі.
ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен 84-1-тармақпен толықтырылды
84-1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің немесе Премьер-Министр Кеңсесінің атына Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарында көзделмеген заң жобасын әзірлеу туралы ұсыныспен жүгінген жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган алдын ала тиісті заң жобасының тұжырымдамасын әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қарау үшін Әділет министрлігіне ұсынады.
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның оң шешімі болмаған жағдайда Премьер-Министрдің Кеңсесі жоспардан тыс бастама жасалған заң жобасын әзірлеу туралы ұсынысты қараусыз қайтаруы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен 85-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
85. Перспективалық және ағымдағы жоспарлардың орындалуын жалпы бақылауды Әділет министрлігі жүзеге асырады.
Әділет министрлігі ай сайын Үкіметтің заң жобалау қызметінің барысын қорытады және есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне ағымдағы Жоспардың орындалу барысы туралы есепті, басым заң жобалары және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленетін заң жобалары жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ жоспарланған заң жобаларының мемлекеттік органдар мен Парламентте өтуі туралы мәліметті ұсынады.
Жоспарланған заң жобаларын әзірлеу мерзімі бұзылған кезде Кеңсе Әділет министрлігі ақпаратының негізінде Премьер-Министрге заң жобаларын әзірлеу мерзімінің бұзылуына кінәлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізе алады.
Жоспарда көзделген заң жобаларын Үкіметке және (немесе) Парламентке ұсыну мерзімдерін ауыстырудың объективті себептері туындаған жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган Үкіметке және (немесе) Парламентке заң жобасын енгізу мерзімінен бір ай бұрын Премьер-Министр Кеңсесіне заң жобаларын Үкіметке және (немесе) Парламентке Жоспарда көзделген ұсыну мерзімдерін ауыстыру себептерін көрсете отырып, негіздеме-хат жолдайды.
Заң жобаларын Үкіметке және (немесе) Парламентке ұсынудың заң жобалау жұмыстары жоспарында көзделген мерзімдерін қайталап ауыстыру туралы мәселе бастамасын Премьер-Министрдің Кеңсесі уәкілетті мемлекеттік органдағы заң жобасын әзірлеуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың көшірмесі және Жоспарда көрсетілген заң жобаларын әзірлеуге және енгізуге жауапты лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс болғанда ғана қарайды.
86. ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2206 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен 87-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
87. Заң жобаларын әзірлеудің және ұсынудың сапасы, уақтылығы үшін Жоспарда көрсетілген лауазымды адамдар дербес жауапты болады.
Заң жобаларының сапасын, уақтылы әзірленуі мен ұсынылуын жалпы үйлестіруді және бақылауды заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдарының бірінші басшылары жүзеге асырады.
6.2. Заң жобаларын дайындау, ресімдеу, келісу, оларға дауыс беру тәртібі
88. Заң жобаларын дайындау, ресімдеу, келісу, оларға дауыс беру, сондай-ақ олар бойынша келіспеушіліктерді қарау тәртібі «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының регламенттерінде және осы Регламентте көзделген ерекшеліктермен бірге Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіпке ұқсас.
ҚР Үкіметінің 2011.05.04. № 359 Қаулысымен 88-1-тармақпен толықтырылды
88-1. Заң жобалары Конституцияға, заңнамалық актілерге сәйкестігі мәніне заңдық сараптама жүргізуге жауапты Әділет министрлігімен, сондай-ақ заң жобасын республикалық бюджет қаражатымен қамтамасыз етуге жауапты Қаржы министрлігімен және мемлекеттік жоспарлау жүйесіне, халықаралық экономикалық интеграция, сауда қызметі, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту бағыттарына, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі басымдықтарына сәйкестігі мәніне сараптама жүргізуге жауапты Экономикалық даму және сауда министрлігімен міндетті түрде келісілуге тиіс. Әділет және/немесе Қаржы және/немесе Экономикалық даму және сауда министрліктері теріс қорытынды берген жағдайда, егер Премьер-Министр өзгеше айқындамаса, заң жобасы Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізілмейді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.12.11. № 1198 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.27.05. № 590 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 89-тармақ өзгертілді
89. Халықаралық шарттарды ратификациялау мен олардың күшін жою туралы және оған қосылу туралы заң жобаларын әзірлеу және енгізу «Халықаралық шарттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Парламент қарауына Үкімет енгізетін заң жобалары бойынша «Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген Ғылыми сараптама жүргізу ережесіне сәйкес заң жобасымен реттелетін құқықытық қатынастарға қарай тиісті ғылыми (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізу міндетті. Бұл ретте оларды қабылдау экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіруі мүмкін салдарды болжайтын заңнамалық актілердің жобаларына міндетті экологиялық сараптама жүргізілуі тиіс.
Парламенттің қарауына Үкімет енгізетін халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заң жобаларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 938 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы қатысуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу қағидасына сәйкес жүргізілген халықаралық шарттарға ғылыми сараптама нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды қоса беріледі.
ҚР Үкіметінің 2009.04.06. № 822 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.27.05. № 590 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 90-тармақ өзгертілді
90. Заң жобасын әзірлеуші жобаға тиісті ғылыми сараптама (оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндетті ғылыми, ғылыми лингвистикалық және қажет болған жағдайда - криминологиялық ғылыми сараптама) жүргізуді қамтамасыз етеді, оның нәтижелері бойынша қорытынды ұсынымдық сипатта болады (барлық заңды және жеке тұлғалардын орындауы үшін міндетті мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын қоспағанда).
Әзірлеуші көрсетілген қорытындыларды заң жобасына басқа материалдармен бірге мемлекеттік және орыс тілдерінде Кеңсеге міндетті түрде енгізеді. Ғылыми сараптаманың теріс қорытындысы кезінде (мемлекеттік экологиялық сараптаманы, оның нәтижелері бойынша заң жобасында міндетті түрде жойылуға тиіс ескертулерді қоспағанда) заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган сараптамалық қорытындының ұсыныстарына сәйкес заң жобасын пысықтау, сондай-ақ қайтадан немесе қосымша сараптама жүргізу туралы өз бетімен шешім қабылдайды.
Заң жобасы бойынша сараптамалық қорытындыдағы ұсынымдар қабылданбаған жағдайда, әзірлеуші заң жобасына анықтама парақта қабылдамау себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.04.06. № 822 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 91-тармақ өзгертілді
91. Дара кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заңдардың жобалары ұсынымдық сипатта болатын сараптамалық қорытындылар алу үшін заң жобасы салалық мүдделерін тікелей қозғайтын дара кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелген бірлестіктеріне жіберіледі және заң жобалары қабылданғанға дейін оларға міндетті қосымшалар болып табылады.
Жобаны әзірлеуші сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда заң жобасына анықтама парақта сараптамалық қорытындымен келіспеу себептеріне дәлелді негіз келтіруге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2009.04.06. № 822 Қаулысымен 91-1-тармақпен толықтырылды
91-1. Егер Қазақстан Республикасы заңының қолданылуын қамтамасыз ету үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажет болса, заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасын жан-жақты пысықтау мақсатында мемлекеттік органдардың қарауына заң жобасын іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын бір мезгілде енгізеді.
Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, онда ол заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның сауалы бойынша заңға тәуелді актінің тиісті жобасын ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен 91-2-тармақпен толықтырылды
91-2. Әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында заң жобасын, түсіндірме жазбаны және оған басқа да қажетті құжаттарды осы Регламенттің 95-тармағының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады.
Әзірлеуші мемлекеттік орган жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылар түскен күннен бастап оны жеті жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында орналастырады, ал онымен келіспеген жағдайда келіспеудің дәлелденген себептерін орналастырады.
6.3. Заң жобаларын Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 92-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
92. Жоспар негізінде заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар Кеңсеге заң жобаларын Үкімет қаулыларының Парламент Мәжілісіне осы заң жобаларын енгізу туралы жобаларымен бірге белгіленген тәртіппен енгізеді.
Заң жобасын Үкіметке енгізу мерзімі бұзылған жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасымен бір мезгілде заң жобасын әзірлеуге және Парламентке енгізуге жауапты тиісті саяси мемлекеттік қызметшіні жазалау туралы ұсыныс енгізеді.
93. Заң жобаларын Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізу тәртібі Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіпке «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының регламенттерінде және осы Регламентте көзделген ерекшеліктерге ұқсас.
94. Кеңсеге енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары заңға бағынысты актілерді кейіннен қабылдауды көздейтін жіберілетін нормалардың ең аз санын қамтуы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.05.04. № 359 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.27.05. № 590 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 95-тармақ өзгертілді
95. Кеңсеге заң жобасы бойынша енгізілетін материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған:
1) заң жобасын, ал қажет болғанда қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы не негізгі жобаның қабылдануына байланысты заңнамалық актілердің күші жойылды деп тану туралы заң жобаларын да (оның ішінде электрондық жеткізгіштерде) және заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы әр парағына алдын ала қол қойған, Үкімет қаулылары үшін осы Регламенттің 4.2-бөлімде белгіленген тәртіппен келісілген (бұрыштама соғылған) осы заң жобасын (заң жобаларын) Парламент Мәжілісіне енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын;
2) осы Регламенттің 4.5-бөлімінің талаптарына сәйкес дайындалған Үкімет қаулысының жобасына түсіндірме жазбаны;
3) заң жобасы мақсаттарының, міндеттері мен негізгі ережелерінің жан-жақты сипаттамасымен бірге жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі бар заң жобасына (заң жобаларына) түсіндірме жазбаның (жазбалардың), оның ішінде электрондық құжаттар форматындағы жобасын;
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) қабылданатын Заңның қолданылуының ықтимал экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, экологиялық салдарының болжамдарын.
Қабылданатын Заңның қолданылуының әлеуметтік және экономикалық салдарын бағалау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қабылданатын заң жобаларының қолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес ресімделеді;
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 3-2) тармақшамен толықтырылды
3-2) егер заң жобасын іске асыру мемлекеттік кірістердің қысқаруына немесе мемлекеттік шығыстардың ұлғаюына әкеп соқтыратын болса, қаржы-экономикалық есептемені;
4) заң жобасын (заң жобаларын) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу парағын (парақтарын);
5) заң жобасының (заң жобаларының) ғылыми (оның ішіңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және ғылыми лингвистикалық) сараптамасының нәтижелері бойынша қорытындыны (қорытындыларды). Заң жобасын әзірлеуші ғылыми (оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және ғылыми лингвистикалық) сараптаманың қорытындысымен (қорытындыларымен) келіспеген жағдайда тиісті қорытындымен келіспеу себептеріне жазбаша дәлелді негіз келтіруі тиіс;
6) заң жобасын (заң жобаларын) әзірлеуші мемлекеттік органның
басшысы қол қойған ілеспе хатты, бұл ретте Үкіметтің тиісті заң жобасы туралы қаулысының әрбір жобасы жеке ілеспе хатпен енгізіледі;
7) қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасына заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы әр парағына алдын ала қол қойған және қол қойған, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесі бар, бұрынғы және жаңа редакциядағы баптардың салыстырмалы кестесі қоса тіркеледі;
8) Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарды Парламентке енгізу туралы заң жобасына Сыртқы істер министрлігі куәландырған, мемлекеттік, орыс және әр түрлі оқылған кезде басымдығы бар оларға қол қойылған өзге тілдердегі ратификациялауға енгізілетін құжаттардың көшірмелері қоса тіркеледі;
9) егер заң жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, заң жобасына салалық мүдделері заң жобасында тікелей қозғалатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары қоса беріледі. Әзірлеуші сараптамалық қорытындымен (қорытындылармен) келіспеген жағдайда сараптамалық қорытындымен келіспеу себептеріне жазбаша дәлелді негіз келтіруге тиіс;
9-1) заң жобасын (заң жобаларын) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Интернет желісінде талқылау және оларды пысықтау кезінде қоғамдық пікірді ескеру нәтижелері туралы заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы әр парағына қол қойған анықтаманы;
10) ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) осы Регламенттің 4.2-бөліміне сәйкес өзге мемлекеттік органдардың қорытындыларын (келіспеушіліктер хаттамасын);
ҚР Үкіметінің 2009.04.06. № 822 Қаулысымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) осы Регламентке 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтамалық парақты қамтиды.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 13) тармақшамен толықтырылды
13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заңдарының жобаларына қатысты республикалық бюджет комиссиясының оң шешімінің көшірмесін;
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 14) тармақшамен толықтырылды
14) жобаны іске асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу туралы жобаның және ұсыныстардың қабылдануына байланысты өзгертілуі немесе күші жойылды деп танылуы тиіс заңнамалық актілердің тізбесін.
96. Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы жолдауымен
белгіленген басымды деп айқындалған заң жобаларын (бұдан әрі - басымды заң жобалары) әзірлеуші мемлекеттік органдар осы Регламентке сәйкес келісілген заң жобаларын Кеңсеге заң жобасы басымды деп айқындалған күнінен бастап 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізуге тиіс. Бұл ретте басымды заң жобаларын мемлекеттік органдардың келісу мерзімі олар түскен күнінен бастап 5 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
97. Хабарлануы шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар осы Регламентке сәйкес келісілген заң жобаларын Кеңсеге Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 1074 Жарлығымен бекітілген заң жобаларын қараудың басымдығын белгілеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесінің 1-тармағына сәйкес Үкіметке немесе тиісті мемлекеттік органға хабарлама келіп түскеннен кейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізуге тиіс. Бұл ретте шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобаларын мемлекеттік органдармен келісу мерзімі олар келіп түскен күнінен бастап 3 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
98. Осы Регламентте көзделген негіздемелер бойынша заң жобаларын Кеңсе әзірлеуші мемлекеттік органға заң жобасын пысықтауға, оның ішінде қажет болған кезде қосымша ғылыми сараптама жүргізу үшін қайтаруы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 6.3-1 бөліммен толықтырылды
6.3-1. Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын таныстыруды жүргізу тәртібі
98-1. Заң жобаларын таныстыру заң жобасының негізгі ережелерін таныстыру, қарау және талқылау, олардың заң жобасымен реттелетін салаларда жүргізілетін мемлекеттік саясатқа сәйкестігін айқындау мақсатында, сондай-ақ заң жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысына одан әрі енгізу үшін жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарын, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ Мемлекет басшысының және Үкімет басшылығының тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген заң жобалары таныстырылуы тиіс.
Әдетте, халықаралық шарттарды ратификациялау мен күшін жою туралы және оларға қосылу туралы заң жобалары бойынша таныстыру өткізілмейді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 98-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
98-2. Таныстыруға заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы және лауазымды тұлғалары, тиісті заң жобасын келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның басшылары, заң жобасын әзірлеуге қатысқан коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ғылыми сараптаманы жүзеге асырған сарапшылар шақырылады. Әділет және Қаржы министрліктерінің басшылары заң жобаларын таныстыруға міндетті түрде қатысады.
98-3. Заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар осы Регламенттің 95-тармағында келтірілген құжаттардан басқа, Кеңсеге заң жобасын таныстыруға мынадай құжаттарды енгізеді:
1) қаралатын құқықтық қатынастарды реттеу және заң қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар бойынша шет елдердің тәжірибелерін қоса алғанда, заң жобасының негізгі ережелері бойынша қысқаша ақпаратты;
2) заң жобасы бойынша слайдтарды;
3) заң жобасы бойынша мемлекеттік органдар арасында бар келіспеушіліктерді;
4) қаржы-экономикалық есептерді;
5) заң жобасын таныстыруға шақырылатын адамдардың тізімін.
98-4. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары негізінде алдын ала қарауға таныстырылуы тиіс заң жобаларының тізбесін, сондай-ақ Премьер-Министрмен, не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы тұлғамен таныстыру өткізу күні мен уақытын келісетін Кеңсенің Басшысына (не оның міндетін атқарушы тұлғаға) оларды дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады.
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша таныстыруға өзге де нормативтік құқықтық және құқықтық актілер де енгізілуі мүмкін.
98-5. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері таныстыруға тиісті материалдарды дайындауды, сондай-ақ шақырылған адамдардың қатысуын қамтамасыз етеді.
Күн тәртібі бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің көп саны бекітіліп берілген Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі материалдарды таныстыруға дайындауды, сондай-ақ Хаттаманың жобасын ресімдеуді жүзеге асырады.
98-6. Таныстыруға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі не оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасарлары, не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлға төрағалық етеді, ол:
1) тиісті заң жобаларының әзірлеушілері болып табылатын орталық атқарушы органдардың басшыларын тыңдайды;
2) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың таныстырылатын заң жобасына байланысты ұстанымын тыңдайды;
3) мемлекеттік органдардың басшыларына тиісті тапсырмалар береді;
4) таныстырылатын заң жобалары бойынша тиісті шешімдер қабылдайды.
98-7. Заң жобасын таныстыруды әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады:
1) заң жобасының негізгі ережелері, заң қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар жөніндегі баяндама;
2) заң жобасы нормаларының тиісті бюджет қаражатымен қаржылық қамтамасыз етілуі жөніндегі ақпарат;
3) мемлекеттік органдар арасында бар келіспеушіліктер туралы мәліметтер.
98-8. Кеңсенің Басшысы таныстыруда Премьер-Министрге заң жобасы бойынша қолда бар ескертулер мен ұсыныстар туралы баяндайды.
98-9. Таныстыру қорытындылары бойынша қабылданған шешімдер Премьер-Министр немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 98-10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
98-10. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша өзге де нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобалары (Президент Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының жобалары, бағдарламалық және Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне жатқызылған өзге де құжаттар тұжырымдамаларының жобалары) таныстырылуы тиіс.
Материалдар дайындау, сондай-ақ нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын таныстыруды өткізу тәртібі заң жобаларына қатысты осы Регламентте белгіленген тәртіпке ұқсас.
6.4. Заң жобаларын Президент Әкімшілігімен келісу,
сондай-ақ заң жобаларын қарау басымдығын айқындау және заң
жобасын шұғыл қарауды жариялау тәртібі
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 99-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
99. Парламент Мәжілісіне Үкімет енгізетін заңдардың жобаларын Президент Әкімшілігімен келісу»«Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
Мыналар Президент Әкімшілігімен міндетті түрде алдын ала келісілуге тиіс:
1) Парламентте қаралуы Президент атынан шұғыл немесе басымды деп жариялау жоспарланатын заң жобалары. Президенттің заң жобаларын шұғыл немесе басымды деп, оның ішінде Үкіметтің бастамасы бойынша жариялануы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 1074 Жарлығымен бекітілген заң жобаларын қараудың басымдығын белгілеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесіне сәйкес жүзеге асырылады;
2) Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет әзірлеген және Парламент Мәжілісіне енгізуге жататын заң жобалары;