Алдын ала тексерудің нәтижелері бойынша Кеңсе Басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға мүдделі орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының (Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың) және Заң бөлімі, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушілерінің қатысуымен кеңес өткізеді, онда қаулының жобасын одан әрі қарау мен дайындау тәртібі белгіленеді:
1) Үкімет мәжілісіне шығару;
2) Кеңсенің бөлімдерінде пысықтау (Заң бөлімінің оңай жойылатын ескертулері жағдайында) және Үкімет мәжілісіне шығару;
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 3) тармақшаның мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылады, орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі
3) қаулының жобасын пысықтау және кейіннен Үкімет мәжілісіне шығару үшін оны Кеңсенің салалық бөліміне беру;
4) жобаны мемлекеттік органдарға пысықтауға қайтару.
Қолданыстағы заңнаманың нормаларын бұзушылықтары бар, алдын ала тексеру нәтижелері бойынша ауытқыған жобалар қажет болған кезде Әділет министрлігіне және/немесе әзірлеуші мемлекеттік органға жіберіледі және 10 (он) жұмыс күні ішінде олар пысықтайды.
53-3. Белгіленген тәртіппен тіркелген, нөмірге келіп түскен (Үкімет пен Кеңсе басшылығы бұрын берген тапсырмаларды орындау үшін) Үкімет қаулыларының жобалары, егер оларды осы құрылымдық бөлімше алдын ала қараған болса, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне (олардың құзыретіне сәйкес) тікелей жіберіледі.
53-4. Алдын ала тексеру нәтижелері бойынша ауытқыған қаулылардың жобалары туралы ақпарат олардың құзыретіне сәйкес Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі.
4.6. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын қабылдамау және пысықтауға қайтару
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 54-тармақ өзгертілді
54. Жоба пысықтауға:
1) жобаны дауыс беруге шығарғанға дейін кез келген негіздерде Премьер-Министрдің шешімі бойынша;
2) жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінде дәлме-дәлдіктің болмауы, осы Регламенттің, Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының және Премьер-Министрі өкімдерінің жобаларын ресімдеу жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын бұзушылықтар, жобаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкессіздігі анықталған жағдайда Кеңсе Басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімі бойынша;
3) Үкімет мәжілісінің хаттамасы негізінде;
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын таныстыру хаттамасы негізінде;
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 3-2) тармақшамен толықтырылды
3-2) Премьер-Министрдің орынбасарлары мен Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің Премьер-Министрмен келісілген хаттамасы негізінде;
4) жобаны әзірлеуші орган басшысының (жауапты хатшының) не оның өкілінің (ол өкілеттік берген тұлғаның) жазбаша келісімі болған кезде Кеңсе Басшысының рұқсатымен әзірлеушінің өкілі (өкілетті тұлғасы) жобаның келісу парағына қол қойып жұмыс тәртібімен қайтарылуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның жұмыс тәртібімен пысықтау мерзімі 20 жұмыс күнінен аспауға тиіс.
55. Жобаларды пысықтау мақсатында әзірлеуші мемлекеттік органның мүдделі органдар өкілдерінің қатысуымен жедел кеңестер шақыруға құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 56-тармақ өзгертілді
56. Егер қайтарылатын жобаларға тапсырмаларда өзгеше мерзім көрсетілмесе, жобаларды пысықтауды және енгізуді әзірлеуші мемлекеттік орган қайтарылған күнінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде (жұмыс тәртібімен пысықталатын жағдайларды қоспағанда) жүзеге асырады. Пысықтау мерзімі аяқталғаннан кейін әзірлеуші мемлекеттік орган Кеңсеге пысықталған жобаны (Кеңсеге бұрын енгізілген қаулы жобасын бірге беруге рұқсат етіледі) не жобаны қараудан алу туралы жазбаша өтінішті ұсынуы тиіс. Қаулылардың жобаларын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді пысықтауды Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Кеңсе жүзеге асыруы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 57-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
57. Қажет болған кезде Үкіметтің басшылығы және Кеңсе Басшысы
әзірлеуші мемлекеттік органдардың жобаларды пысықтау және оларды Кеңседе келісуді қысқартуы мүмкін.
58. Премьер-Министр қаулының (өкімнің) жобасын қосымша (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізу үшін кез келген тиісті ұйымға жібере алады.
59. Жоба:
1) жобаны дауыс беруге шығарғанға дейін кез келген негіздерде Премьер-Министрдің шешімі бойынша;
2) Үкімет мәжілісінің хаттамасы негізінде қабылданбауы мүмкін.
4.7. Үкімет қаулыларының жобаларын Үкіметтің дауыс беруіне шығару
60. Премьер-Министр не Премьер-Министрдің нұсқауы бойынша Кеңсе Басшысы қаулының жобасын дауыс беру үшін Үкіметтің мәжілісіне шығарады немесе сырттай дауыс беру тәртібімен Үкімет мүшелеріне жібереді. Үкімет қаулыларының жобалары Премьер-Министр айқындайтын мерзімдерде түсу тәртібімен қаралады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 61-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
61. Қаулылардың жобаларын қарауды Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысы мәжілістің күн тәртібіне енгізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістеріне қарауға шығарылатын қаулылар жобаларының тізімі орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларына (Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға) жіберіледі.
Жариялау көзделетін барлық қаулылар жобаларының көшірмелері Үкімет мәжілісінің алдында Премьер-Министрдің Баспасөз қызметіне жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 62-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
62. Үкіметтің мәжілістерінде қаулының жобасы бойынша әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы баяндайды. Жоба бойынша «осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі дайындаған анықтамаға сәйкес қолда бар ескертулер мен ұсыныстар жөнінде Кеңсе Басшысы баяндайды.
63. Әрбір Үкімет қаулысының жобасы бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелері көрсетіліп, хаттамалық шешім қабылданады.
64. Үкімет қаулылары Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 65-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
65. Сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша өткізіледі.
66. Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі жоба бойынша материалдарды дауыс беру үшін жіберген күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр және Кеңсе Басшысы Премьер-Министрмен келісім бойынша сырттай дауыс беру мерзімдері қысқартылуы мүмкін.
67. Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Үкімет мүшелері Премьер-Министрдің Кеңсесіне жазбаша жауаптар жібереді, онда өздерінің пікірін білдіреді. Жазбаша жауап көрсетілген мерзімде берілмеген жағдайда Үкімет мүшесі жобаны қабылдауға дауыс берді деп саналады. Дауыс беруді Үкімет мүшелері алмастыру құқығынсыз өткізеді.
68. Егер жоба бойынша Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілігі жобаны қабылдауға дауыс берсе сырттай дауыс беру өткізілді деп саналады.
69. Қаулының жобасы бойынша сырттай дауыс беру нәтижелері осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 70-тармақ өзгертілді
70. Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдеріне Премьер-Министр қол қояды. Премьер-Министр болмаған кезде Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдеріне Премьер-Министр белгілеген тәртіппен оны алмастыратын тұлға немесе Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлға қол қоя алады.
Үкімет қаулыларының жобалары оларды Үкімет мәжілісінде қарағаннан кейін екі күннің ішінде Премьер-Министрдің қол қоюына ұсынылуы тиіс. Үкімет қаулылары жобаларының Кеңседе өтуінің жалпы мерзімі 20 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Үкімет Басшылығының тапсырмасы бойынша әзірленген шұғыл жобалар бойынша олардың Кеңседе өтуінің өзге қысқартылған мерзімі белгіленеді.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 70-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен 70-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
70-1. Үкімет мәжілісінде қабылданған (сырттай дауыс беру тәртібімен) қаулылардың жобаларына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары (тиесіліге қарай), Кеңсе Басшысы бұрыштама қояды және Премьер-Министрге қол қоюға беріледі.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 70-2-тармақпен толықтырылды
70-2. 70-1-тармақта көрсетілген жобалар бойынша Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама жасайды.
71. Қаулының (өкімнің) түпнұсқасына оған қол қойылғаннан кейін түзетулер енгізуге тыйым салынады.
4.8. Үкіметтің қаулыларын (Премьер-Министрдің өкімдерін) тіркеу және есепке алу
72. Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдерін тіркеуді және есепке алуды Кеңсе жүзеге асырады.
Қол қойылған Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министрдің өкімдеріне Кеңсенің құжаттамалық қамтамасыз ету үшін жауапты бөлімшесі:
1) құпия емес қаулылар үшін - күнтізбелік жылдың басынан бастап реттік есепке алу нөмірінен, өкімдер үшін - дефис арқылы «ө» әрпін қойып, күнтізбелік жылдың басынан бастап реттік есепке алу нөмірінен;
2) «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар таралуы шектеулі қаулылар мен өкімдер үшін - құпия емес қаулылар (өкімдер) үшін кезекті реттік нөмірден және»«қпү» кіші әріптерінен;
3) аса маңызды, өте құпия және құпия қаулылар мен өкімдер үшін - құпия қаулының (өкімнің) кезекті есепке алу нөмірін дефис арқылы берілген құпиялық белгісіне сәйкес»«аса м» -» «аса маңызды», «өқ» -» «өте құпия», «қ» - «құпия» кіші әріптерімен бірге қойып, құпия емес қаулыларға (өкімдерге) арналған кезекті реттік нөмірден;
4) ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша қаулылармен (өкімдермен) құпия емес қаулыларға (өкімдерге) арналған кезекті реттік нөмірден кейін дефис арқылы қойылатын цифрлы литері бар тіркеу нөмірі жоғарыда көрсетілген тәртіппен беріледі.
ҚР Үкіметінің 2011.30.07 № 885 Қаулысымен 72-1-тармақпен толықтырылды
72-1. Үкіметтің қол қойылған қаулыларының түпнұсқаларына тіркеу нөмірі берілгеннен кейін Үкіметтің елтаңбалық мөрі қойылады.
73. Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің түпнұсқалары Кеңседе тұрақты сақталатын құжаттарға жатқызылады және Кеңседе кемінде 15 жыл сақталады, осы мерзім өткеннен кейін олар Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатына мемлекеттік сақтауға беріледі.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 74-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен 74-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
74. Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің куәландырылған көшірмелерін уақтылы шығаруды және таратуды Кеңсе жүзеге асырады. Қажет болған кезде қаулылардың (өкімдердің) қосымша даналары Кеңсе Басшысының рұқсатымен беріледі. Құпия сипаттағы қаулылар мен өкімдердің куәландырылған көшірмелері немесе олардың үзінді көшірмелері белгіленген тәртіппен адресаттардың шектеулі санына жіберіледі.
Оларда техникалық қателер анықталған кезде Үкіметтің құпия емес қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің бұрын жіберілген даналарын ауыстыру Кеңсе Басшысының рұқсатымен жүргізіледі. Бұл ретте, бастапқы жіберілген даналарды алғандарға «Бұрынғы жіберілгеннің орнына» мөртаңбасы басылып, қаулылардың (өкімдердің) түзетілген нұсқалары жіберіледі. Адресаттар көрсетілген мөртаңбасы бар түзетілген нұсқасын алғаннан кейін олар қаулылардың (өкімдердің) бұрын жіберілген даналарын Кеңсеге дереу қайтаруға тиіс.
Аса маңызды, өте құпия және құпия қаулылар (өкімдер) Кеңсе Басшысының хатымен ресми түрде қайтарып алынады.
Жариялануға тиіс барлық қаулылар Премьер-Министрдің Кеңсесімен келісіледі.
Кеңсе Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің куәландырылған көшірмелерін Әділет министрлігіне жіберген кезде құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесінде орналастыру үшін оларды әзірлеуші мемлекеттік органды ілеспе хатта көрсетеді.
75. Үкіметтің нормативтік қаулылары қабылданғаннан кейін министрліктер мен олардың ведомстволары, агенттіктер, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бір ай мерзімде өздерінің актілерін Үкімет қабылдаған қаулыға сәйкес келтіруге және қажет болған кезде оны іске асыру мақсатында тиісті актілер шығаруға міндетті.
76. Мемлекеттік органдар республиканың заңнамасына қайшы келетін және құқықтың ескірген нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде уақтылы шаралар қабылдау үшін өздері әзірлеуші болып табылған, қабылданған қаулылардың (өкімдердің) тұрақты мониторингін жүзеге асыруға міндетті.
77. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдаған орган таратылған, қайта ұйымдастырылған немесе қайта құрылған жағдайда, оның актілерінің күші жойылды деп тану туралы, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін оның құқықтық мирасқоры немесе жоғары тұрған орган шешеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 5-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Үкімет енгізетін Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын дайындау және келісу тәртібі
78. Үкімет енгізетін Президент актілерінің жобаларын дайындауды қолданыстағы заңнамаға және осы Регламентке сәйкес тиісті орган жүзеге асырады.
Президент актілерінің жобалары Кеңсеге осы Регламентте Үкіметтің қаулылары үшін көзделген тәртіппен енгізіледі.
Президент актілерінің жобалары Президент Әкімшілігіне Үкімет қаулыларымен не Премьер-Министрдің (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның) хаттарымен енгізіледі, сондай-ақ бір мезгілде Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы электрондық құжаттар форматында (нысанында) беріледі. Бұл ретте, әдетте, хаттармен Президент Әкімшілігі бұрын пысықтау үшін қайтарған жобалар қайта енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын дайындауды тиісті мемлекеттік органдар өздерінің құзыретіне сәйкес өз бастамалары бойынша не жоғары тұрған мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тапсырмасы бойынша жүзеге асырады.
Тиісті бланкілерде әзірлеуші мемлекеттік орган мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындаған Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобалары Премьер-Министрдің Кеңсесіне бірінші басшының не жауапты хатшының ілеспе хатымен енгізіледі.
Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізілетін Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына әзірлеуші мемлекеттік органның, Әділет, Қаржы министрліктерінің бірінші басшылары міндетті түрде бұрыштама соғады.
Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасьі мен оның қосымшасының әр парағына, егер актінің жобасы екі және одан көп парақтан тұратын болса, акті жобасының бірінші парағын қоспағанда, әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы қол қояды.
Егер тапсырмаларда өзгеше мерзім көрсетілмесе, Президент актілерінің жобаларын пысықтауды және енгізуді әзірлеуші мемлекеттік орган қайтарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Кейіннен қосымша нормативтік құқықтық актілер қабылдауды талап ететін Президент актілерінің жобаларына құзыреттері Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасында белгіленетін әзірлеуші мемлекеттік органдардың бірінші басшылары алдына ала қол қойған тиісті қосымша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын бірге береді.
Президенттің халықаралық шарттар мен келісімдер туралы актілерінің жобалары Президент Әкімшілігіне халықаралық құжаттарға қол қою белгіленген күнге дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын беріледі.
ҚР Үкіметінің 2010.12.11. № 1198 Қаулысымен 79-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
79. Үкімет Президент Әкімшілігіне енгізетін Президент актілерінің мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған жобалары мыналарды қамтуға тиіс:
1) Президент актісінің жобасын енгізу туралы Үкімет қаулысының белгіленген тәртіппен Үкіметтің мөрімен куәландырылған көшірмесі немесе Премьер-Министрдің (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғаның) Президентке арналған хатының түпнұсқасы не Премьер-Министрдің немесе оны алмастырушы тұлғаның ілеспе хаты;
2) Премьер-Министр (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлға), Кеңсе Басшысы, жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның әрі Әділет және Қаржы министрліктерінің басшылары бұрыштама соққан Президент актісінің тиісті бланкідегі жобасы. Президент актісінің жобасы мен оған қосымшаның әр парағына жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы алдын ала қол қоюы тиіс. Кеңседе пысықталған енгізілетін Президент актісінің жобасына әзірлеуші орган, Әділет және Қаржы министрліктері бірінші басшыларының бұрыштамалары бар Үкіметке енгізілген Президент актісінің жобасын қоса тіркеуге рұқсат етіледі;
3) егер Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасы дара кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын болса, дара кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындыларының көшірмелері;
4) көлемі үш парақтан аспайтын, ал күрделі мәселелер бойынша бес парақтан аспайтын түсіндірме жазба, мұнда мәселенің мәні, әлеуметтік-экономикалық және қажет болғанда саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де негіздемелер, жобаны қабылдаудың күтіліп отырған салдарының болжамы, сондай-ақ ратификациялауға жататын халықаралық шарт жасасу мәселелері бойынша Президент актісінің жобасын әзірлеген кезде акт жобасына түсіндірме жазбада жүргізілген ғылыми сараптама туралы мәліметтер, сондай-ақ негіздемелерімен бірге Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар көрсетіледі, осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің бұрын қабылданған актілерінің тізбесі және олардың орындалуы туралы ақпарат баяндалады;
4-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми сараптама жүргізу міндетті болған жағдайда - халықаралық шарттың жобасы бойынша не Қазақстан Республикасы қатысуға ниеттенетін халықаралық шарт бойынша жүргізілген ғылыми сараптама нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды;
5) егер акті жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қолданыстағы актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін болса, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысы әр парағына алдын ала қол қойған және қол қойған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесі бар Қазақстан Республикасы Президентінің актісі жобасының қолданыстағы және ұсынылып отырған редакциясының салыстырма кестесі;
6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес нысанда жасалған келісу парағы;
7) Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасымен белгіленетін тікелей құзыреті болған кезде әзірлеуші мемлекеттік органдардың бірінші басшылары дәйектеген, қабылдануы Қазақстан Республикасының Президенті актісінің енгізілетін жобасын іске асыруға қажетті нормативтік құқықтық актілердің тиісті жобалары;
8) акт жобасында мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушы адамның бұрыштамасы болған жағдайда, оған осы міндеттердің жүктелгені туралы бұйрықтың немесе өкімнің көшірмесі;
9) өзге де қажетті материалдар.»;
6. Үкіметтің заң шығару қызметі
6.1. Заң шығару қызметін жоспарлау
80. Үкіметтің заң шығару қызметі Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарына (бұдан әрі - Жоспар) сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 81-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен 81-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
81. Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалы жоспарларын қалыптастыру Президенттің тапсырмалары мен жыл сайынғы жолдаулары, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдаулары, Үкімет бекітетін мемлекеттік бағдарламалар мен бағдарламалар, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары, Үкіметтің шешімдері, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелері, сондай-ақ Премьер-Министрдің шешімдері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Жоспар заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар, нақты заң жобаларын Әділет министрлігіне, Үкіметке және Қазақстан Республикасының Парламентіне (бұдан әрі - Парламент) енгізу мерзімдері, сондай-ақ заң жобаларын әзірлеуге және Үкімет пен Парламентке енгізуге, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының Парламентінде қаралуына жауапты лауазымды адамдар көрсетілген заң жобаларының, оның ішінде қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобаларының тізбесін білдіреді.
ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2206 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 82-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен 82-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен 82-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
82. Алдағы жылға арналған Жоспардың жобасын Әділет министрлігі, Әділет министрлігіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияға (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) жыл сайын заң жобаларының тұжырымдамалары түрінде 1 шілдеге дейін мемлекеттік органдар ұсынатын ұсыныстардың негізінде жасайды және жыл сайын 1 қазанға дейін Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіппен Үкіметке ұсынады. Бұл ретте Әділет министрлігі Жоспардың жобасына енгізілген әрбір заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесін қамтитын анықтаманы жоспардың жобасына қоса береді.
Жоспар жобасы Мемлекет басшысына жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 15 қарашасына дейін ұсынылады және 31 желтоқсанынан кешіктірмей бекітіледі.
Ведомствоаралық комиссияның оң қорытындысы Жоспарға қандай да бір заң жобасын енгізу үшін міндетті шарт болып табылады.
Перспективалық жоспарда көзделген мемлекеттік кірістердің қысқаруына немесе мемлекеттік шығыстардың ұлғаюына әкеп соқтыратын нормаларды қамтитын заң жобалары бойынша Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда ғана олар алдағы жылға арналған Жоспар жобасына енгізіледі.
Перспективалық жоспарда көзделген заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар тиісті заң жобаларын әзірлеу және келісу іс-шараларын жүргізуді олар Үкімет қарауына енгізілгенге дейін кемінде бір жыл бұрын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін Заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасына ұсыныстарын уақтылы бермеген жағдайда, Әділет министрлігі тиісті мемлекеттік органның басшысына немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға заң қызметі басшысын жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді.
Заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасына ұсыныстар болмаған жағдайда тиісті мемлекеттік орган Әділет министрлігіне ұсыныстардың жоқтығы туралы хат жібереді.
83. Жоспарды Президентпен келісу «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2206 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 84-тармақ өзгертілді
84. Жоспарда көзделген заң жобаларын ұсыну мерзімін ауыстыру туралы, сондай-ақ заң жобаларын ағымдағы жылдьщ Жоспарынан алып тастау немесе оған қосымша заң жобаларын енгізу туралы мәселелер алдын ала Президент Әкімшілігімен келісілген Үкіметтің тиісті қаулыларын қабылдау жолымен шешіледі.