Осы тармақпен белгіленген ережелер оңалту жоспарында көзделген борышкердің мүлкіне билік ету жөніндегі мәмілелерге қолданылмайды.
3. Оңалтуды басқарушы уәкілетті органның не кредиторлар комитеті өкілінің талап етуі бойынша борышкердің мүлкіне билік ету жөнінде өздері жасаған мәмілелер туралы оны хабардар етуге, ал ол жоқ болған кезде уәкілетті органға, кредиторлар комитетіне осындай мәмілелер туралы ай сайынғы есепті табыс етуге міндетті.
4. Егер борышкердiң оңалту рәсiмiн енгiзгеннен кейiн туындаған ақшалай мiндеттемелерiнiң жалпы сомасы оңалту рәсiмiн енгiзген кездегi несиелiк берешектiң жалпы сомасының жиырма процентiнен асса, борышкердiң ақшалай жаңа мiндеттемелерiн туғызатын мәмiлелердi, оңалтуды басқарушы кредиторлар комитетiнiң келісімiмен ғана жасай алады.
5. Оңалтуды басқарушы осы Заңның 6-бабында көрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер жасаған мәмілелерді айқындайды және оларды заңсыз деп тану не мүлікті сот тәртібімен қайтару туралы талаптар қояды.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 52-бап өзгертілді
52-бап. Оңалтуды басқарушының жауапкершiлiгi
Оңалтуды басқарушы оңалту рәсiмiн дұрыс жүргiзбегендiгi үшiн қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап бередi.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 53-бап өзгертілді
53-бап. Оңалту рәсiмiн тоқтату
1. Оңалтуды басқарушы борышкер жөніндегі оңалту рәсiмiн аяқтау туралы өтiнiшпен:
1) егер борышкер жөніндегі оңалту рәсiмiнiң мақсаты орындалса;
2) егер ол бұл мақсатқа жету мүмкiн болмайтынына көзi жетсе, сотқа жүгiне алады.
Оңалтушы басқарушының өтінішіне уәкілетті органның қорытындысы мен оңалтушы басқарушының қорытынды есебі қоса беріледі. Қорытынды есептің нысаны мен оны келісу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
2. Борышкердi оңалту жоспарын iске асыру не оңалтуды басқарушының iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өз мүдделерiне нұқсан келтiредi деп есептейтiн борышкер мүлкiнiң иесi (ол уәкiлдiк берген орган) немесе кредиторлардың кез келгенi осы жоспарды қайта қарау немесе оңалту рәсiмiн тоқтату туралы сотқа өтiнiш бере алады. Өтiнiштi сот он күн мерзiмде қарайды және қарау нәтижесi бойынша ұйғарым шығарады.
3. Оңалту рәсімін одан әрі жүргізу орынсыз болған жағдайда уәкілетті орган оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 54-бап өзгертілді
54-бап. Оңалту рәсiмiн тоқтатудың салдары
Оңалту рәсiмiнiң мерзiмi аяқталған соң, ал осы Заңның 53-бабында көзделген жағдайларда осы мерзiм аяқталғанға дейiн сот:
1) егер оңалту рәсiмiнiң мақсатына қол жетсе, борышкер жөнiнде оңалту рәсiмiн тоқтату және iстi қысқарту туралы ұйғарым шығара алады;
2) егер оңалту рәсiмiнiң мақсатына қол жеткізу мүмкiн болмаса, борышкер жөнiнде оңалту рәсiмiн тоқтату, борышкердi банкрот деп тану туралы және конкурстық iс ашу туралы шешiм қабылдай алады.
Сот борышкерді банкрот деп таныған және конкурстық іс жүргізу тағайындалған жағдайда оңалту кезеңінде пайда болған берешек сомасы осы Заңның 75-бабында белгіленген тәртіппен қанағаттандырылады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 55-бап өзгертілді
55-бап. Санация
1. Егер дәрменсiз борышкердi оңалту шаралары ретiнде оңалту жоспарына санация енгiзiлсе, санацияға қатысушының борышкерге және/немесе кредиторларға оңалту жоспарына сәйкес сомасы мен мерзiмiн көрсете отырып, ақша аудару туралы жазбаша мiндеттемесi жоспарға қоса берiлуге тиiс.
2. Санацияға қатысушы барлық кредиторлардың талаптарын олармен келiсiлген мерзiмде қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесiн өз мойнына алуы мүмкiн. Мұндай жағдайда санацияға қатысушы немесе осы Заңның 9-бабының 4, 5 және 6-тармақтарында белгiленген талаптар қолданылмайтын, ол ұсынған адам оңалтуды басқарушы болып тағайындалады.
Бұл ретте санацияға қатысушыға немесе ол ұсынған адамға осы Заңда белгіленген оңалтуды басқарушының құқықтары мен міндеттері қолданылады.
3. Сот, сондай-ақ уәкілетті орган санацияға қатысушыдан осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген мiндеттемелердi оның орындау мүмкiндiгiн растайтын құжаттарды сұратып алуға құқылы.
56-бап. Санацияға қатысушылардың келісімi
Егер санацияға кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесiн өз мойнына алған екi және одан да көп тұлғалар қатысса, олар кредиторлардың алдындағы жауапкершiлiктi өздерiнiң арасында бөлудi, санацияға қатысудан ол басталғаннан кейiн санацияға қатысушылардың бiреуi немесе бiрнешеуi бас тартқан жағдайдағы жауапкершiлiктi, борышкер мүлкiн басқаруға қатысу тәртібін көздейтiн келісім жасасуға тиiс.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 57- бап өзгертілді
57-бап. Санацияға қатысушыларды жауапкершiлiгi
1. Осы Заңның 55-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттеменi өз мойнына алған санацияға қатысушы борышкер таратылғаннан кейiн, егер ықтиярсыз күштiң салдарынан немесе кредиторлардың, не борышкердiң (борышкер мүлкi иесiнiң) iс-әрекеттерi салдарынан санация мақсатына қол жеткiзiлмегенiн дәлелдей алмаса, оның өтелмеген мiндеттемелерi бойынша субсидиялық жағынан жауап бередi.
Егер келісімде басқаша көзделмесе, санацияға екi немесе одан да көп тұлға қатысқан жағдайда, мұндай жауапкершiлiктi олар бiрiгiп көтередi.
2. Дәрменсiз борышкердiң кредиторлар талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндетiн өз мойнына алмаған санацияға қатысушының жауапкершiлiгi қатысушының оңалтуды басқарушымен уәкілетті орган және кредиторлар комитетi бекiткен келісімiмен белгiленедi.
11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 58-бап өзгертілді
58-бап. Санацияға қатысушының құқықтары
1. Санацияның мақсатына жетуге байланысты банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған кезде өзіне осы Заңның 55-бабының 2-тармағында көзделген міндеттеме алған және борышкер мүлкінің меншік иесі болып табылмайтын қатысушы өзі инвестициялаған қаражат сомасында санация басталғанға дейін шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың, акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданған шешімнің негізінде шаруашылық серіктестігі қатысушысының, акционерлік қоғам акционерінің құқығына ие болады, ал егер борышкер мемлекеттік кәсіпорын болып табылса, мемлекеттік орган мүлкінің уәкілетті меншік иесі шешімінің негізінде борышкер алдын ала шаруашылық серіктестігі, акционерлік қоғам болып қайта ұйымдастырылғаннан кейін шаруашылық серіктестігінің, акционерлік қоғам акционерінің қатысушы құқығына ие болады. Егер өндірістік кооператив борышкер болып табылса, санацияға қатысушы кооператив мүшелері жалпы жиналысының шешімі негізінде шаруашылық серіктестігі борышкер болып, алдын ала қайта ұйымдастырылғаннан кейін шаруашылық серіктестігінің қатысушысы құқығына ие болады.
Аталған шешiм сотқа оңалту жоспарымен бiрге ұсынылуға тиiс.
Бұл жағдайда құрылған шаруашылық серiктестiгi жарғылық капиталының мөлшерi, жарғылық капитал екi жыл бойы белгiленген мөлшерге дейiн толықтырылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ең төменгi мөлшерден аз болуы мүмкiн.
2. Санацияға екi немесе одан да көп тұлғалар қатысқан жағдайда борышкердiң мүлкіндегі үлес мөлшерi олардың әрқайсысы санация мақсаты үшiн пайдаланған қаражаттың сомасына қарай белгiленедi.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 59-бап өзгертілді
59-бап. Борышкердiң талаптар қою құқықтарына жеңiлдiк жасау
1. Оңалту жоспарында бұл талаптарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткiзiлетiн ашық сауда-саттықта сату жолымен борышкердiң талаптар қою құқықтарына жеңiлдiк берiлуiнiң көзделуi мүмкiн.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 5-тарау алынып тасталды
6-тарау. Дәрменсіз борышкерді тарату (конкурс жүргізу)
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 65-бап өзгертілді; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 65-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
65-бап. Жалпы ережелер
1. Конкурстық іс жүргізудің, тарату рәсімінің өткізілу мерзімі сот шешімімен айқындалады және ол тоғыз айдан аспауға тиіс. Конкурстық басқарушының өтініші бойынша кредиторлар комитетінің келісімімен бұл мерзімді уәкілетті орган әрі кеткенде 3 айға ұзартуы мүмкін.
Конкурстық іс жүргізу мерзімі борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.
Бұл ретте, конкурстық басқарушының конкурстық іс жүргізу мерзімін ұзарту туралы өтініші уәкілетті органға конкурстық іс жүргізудің белгіленген мерзімі өткенге дейін кем дегенде күнтізбелік он бес күн бұрын жіберіледі.
2. Көлемі үлкен мүлкі бар борышкерді тарату, дебиторлық берешекті өндіріп алудың нақты мүмкіндігінің, сот талқылауларының болуы, конкурстық басқарушының осы Заңның 5 және 6-баптарының талаптарын орындауы кезінде немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі конкурстық массаны сатудың ерекше шарттары мен тәртібін белгілеген жағдайларда, табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не республика экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, сондай-ақ мемлекеттің бастамасымен банкрот деп танылған ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық басқарушының өтініші бойынша конкурстық іс жүргізу мерзімін уәкілетті орган кредиторлар комитетінің келісімімен көрсетілген мән-жайларды ескере отырып, бір жылға дейін ұзартуы мүмкін.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 6-бап өзгертілді
66-бап. Конкурс жүргiзуге қатысушылар
Сот, кредиторлар комитетi, банкрот, конкурстық басқарушы уәкiлеттi орган және басқа да мүдделi адамдар конкурс жүргiзуге қатысушылар болып табылады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 01.07.98 ж. № 256-1; 18.12.00 ж. № 128-II; 02.03.01 ж. № 162-II; 11.07.01 ж. № 239-II; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 67-бап өзгертілді
67-бап. Конкурс жүргiзудегi соттың өкiлеттiгi
Соттың конкурс жүргiзуде мынадай өкiлеттiгi бар:
1) конкурс жүргiзудi қозғайды және оны тоқтатады;
2) заңды тұлғалардың тiркелуiн жүзеге асыратын әдiлет органына, уәкілетті органға, жеке сот орындаушыларының алқасына және борышкердің тұрғылықты жері бойынша аумақтық атқарушы іс жүргізу органына заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешiм шығарылғанын хабарлайды;
3) борышкер мүлiктiк сипаттағы жауапкер ретiнде болатын даулар бойынша iстердi өзiнiң жүргiзуiне қабылдайды;
4) уәкілетті органға конкурстық басқарушыны тағайындауды тапсырады;
5) конкурс жүргiзуге қатысушылардың арасындағы дауларды шешедi;
11.07.97 ж. № 154-1 ҚР Заңымен; 01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 68-бап өзгертiлдi
68-бап. Банкрот үшiн конкурс жүргiзудi қозғаудың салдары
1. Борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы сот шешiмi қабылданған кезден бастап мынадай салдары болады:
1) банкроттың мүлiктi иелiктен айыруына және уақытша беруiне тыйым салынады;
2) банкроттың барлық қарыз мiндеттемелерiнiң мерзiмдерi өткен деп есептеледi;
3) банкрот берешектерiнiң барлық түрлерi бойынша айып ақылар мен сыйақылар (мүдделер) есептеу тоқтатылады;
4) егер банкроттың қатысумен сотта қаралатын мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша қабылданған шешiмдер заңды күшiне енбесе, олар қысқартылады;
5) банкротқа мүлiктiк талаптар тек конкурс жүргiзу шеңберiнде ғана қойылуы мүмкiн.
6) дәрменсіз борышкердің мүлкінен өндіріп алуға қойылған барлық заңнамалық шектеулер алып тасталады.
3. Егер конкурстық масса құрамында жылжымайтын мүлiк болса, банкроттың жылжымайтын мүлкiн иелiктен айыру және оны өзге тұлғаларға пайдалануға беру жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу органдарында тiркелуге тиiс.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 69-бап өзгертілді
69-бап. Конкурстық басқарушы-таратушы
1. Конкурстық іс жүргізуді жүзеге асыру үшін уәкілетті орган борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап бес күн мерзімде конкурстық басқарушыны тағайындайды.
Конкурстық басқарушыны тағайындау, есепке алу және тіркеу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
2. Конкурстық басқарушыға (таратушыға) төленетiн сыйақыға:
1) өз мiндеттемелерiн орындайтын бүкiл кезең үшiн ай сайынғы мөлшерi елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс, кредиторлармен есеп айырысқанға дейін конкурстық массадан төленетін ағымдағы төлемақылар;
2) оның қызметінің нәтижелері бойынша жүзеге асырылатын және әкімшілік шығыстар шегеріліп кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жұмсалған қаражаттың жеті процентінен аспайтын мөлшерінде кредиторлар комитеті айқындайтын қосымша төлемдер жатады.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 13.03.03 ж. № 395-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 70-бап өзгертілді
70-бап. Конкурсты басқарушы-таратушының өкiлеттiгi
Конкурсты басқарушы:
1) осы Заңның талаптарына сәйкес ол тағайындалған күннен бастап он күннен аспайтын мерзiмде кредиторлар комитетiнiң құрамын қалыптастырады, оны уәкілетті органға бекітуге табыс етеді.
1-1) кредиторлар комитетiнiң барлық мүшелерiне осы Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде өтетін комитеттiң бiрiншi отырысы өткiзiлетiн орын мен күн туралы хабарлайды;
1-2) уәкілетті орган оны тағайындаған күннен бастап он күн мерзімде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және борышкердің тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында борышкерді банкрот деп тану туралы және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды;
1-3) уәкілетті орган оны тағайындаған күннен бастап бір апта мерзімде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін табыс етеді;
2) борышкердiң мүлкiн қорғауға және бақылауға алады;
3) борышкер алдында берешегi бар тұлғаларға осы берешектi заңда белгiленген тәртiппен өндiрiп алу туралы талаптар қояды;
4) осы Заңның 6-бабында аталған мән-жайлар кезiнде борышкер жасаған мәмiлелердi анықтайды және оларды жарамсыз деп тану туралы не сот тәртібімен мүлiктi қайтару туралы талаптар қояды;
5) банкроттың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес алдағы уақытта еңбек шартының тоқтатылатыны туралы хабарлайды;
6) уәкілетті органмен келіскеннен кейін кредиторлардың талаптарын өтеу мақсатында кредиторлар комитетіне банкроттың мүлкін (активтерін) сату жоспарын бекітуге ұсынады және оның сатылуын жүзеге асырады;
6-1) уәкілетті органның сұратуы бойынша оған конкурстық іс жүргізу жөнінде қажетті ақпаратты табыс етеді;
7) кредиторлармен есеп айырысады;
8) борышкердi банкроттыққа жеткiзгенi үшiн жауапты адамдарды (борышкердің лауазымды адамдарын, қатысушыларын (құрылтайшыларын) анықтап, сотқа жүгiнедi;
9) кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
9-1) түгендеуді жүргізеді;
9-2) сот қорытынды есепті бекіткеннен кейін банкрот деп танылған кәсіпорынның банктік шоттарын жабуға, салық органына салық төлеуші куәлігінің және қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің (олар бар болса) бланкілерін тапсыруға міндетті;
10) осы Заңға сәйкес өзге де өкiлеттiгi болады.
11.07.97 ж. № 154-1 ҚР Заңымен; 01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 03.06.03 ж. № 427-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 127-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен (2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 71-бап өзгертілді
71-бап. Кредиторлардың талаптары
1. Кредиторлардың борышкерге талаптары борышкердi банкрот деп тану туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей мәлiмделуге тиiс.
Кредиторлардың талаптарында талаптар сомасы туралы мәлiметтер болуға тиiс (негiзгi қарыздардың, сыйақылардың (мүдденiң), айыптың және өзге де айыппұлдар санкцияларының, залалдардың мөлшерi туралы жеке-жеке, талаптардың негiздемесi мен сомасын растайтын құжаттар (соттың күшiне енген шешiмдерi, шарттардың көшiрмелерi, борышкердiң қарызын тануы қоса берiледi).
Кредиторлардың шетелдік валютамен көрсетілген талаптары борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы сот шешім қабылдаған кездегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен есепке алынады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мерзiмде кредиторлардың мәлiмдеген талаптарын конкурсты басқарушы оларды алған кезден бастап бiр ай мерзiм iшiнде қарауға тиiс және ол мойындаған талаптар тiзiлiмге енгiзiледi.
Кредиторлардың бұрын сотқа мәлiмдеген талаптары, егер олар осы баптың 1-тармағының екiншi абзацында аталған талаптарға сәйкес келсе, тiзiлiмге енгiзiлуi мүмкiн.
Кредиторлар талаптарының тізіліміне бөлінген активтермен қамтамасыз етілген, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасында айқындалған кредиторлардың талаптары және ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың мынадай мүлiктi: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқықтарын (ипотекалық куәлiктер кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ көрсетілген облигацияларды ұстаушыларда меншiк құқығы мәмiлелер бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша туындаған немесе ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарын кепiлге қоюмен қамтамасыз етiлген талаптары енгiзiлмейдi.
Кредиторлар талаптарының тізіліміне кредиторлардың мемлекет кепілгерлігімен қамтамасыз етілген инфрақұрылымдық облигациялар бойынша талаптары енгізілмейді.
3. Кредиторлардың өзiне берешек сомасын және осы сомаға есептелетiн сыйақыны (мүдденi), борышкер тарапынан мiндеттемелердiң орындалмауынан немесе тиiсiнше орындалмауынан келтiрiлген зиянды, айыптарды (айыппұл, өсiмдер) және өзге де айыппұл санкцияларын қамтитын талаптарды борышкерге қоюға құқығы бар.
4. Проценттердiң сомасы борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiмi қабылданған кезде айқындалады.
5. Залалдардың, айыптардың (айыппұлдар, өсiмдер) және өзге де айыппұл санкцияларының сомасы борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiм қабылданған кезде, ал оңалту рәсiмi қолданылған жағдайларда - оңалту рәсiмi енгiзiлген кезде айқындалады.
Кредиторлардың банкроттық рәсiмдерге қатысуына байланысты шығындары өтелмеуге тиiс.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 71-1-баппен толықтырылды; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңымен 71-1-бап жаңа редакцияда
71-1-бап. Конкурстық басқарушы-таратушының жауапкершілігi
Өз өкілеттіктерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда конкурстық басқарушы-таратушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 72-бап өзгертілді
72-бап. Кредиторлардың талаптарын қарау
1. Конкурстық басқарушы кредиторлардың талаптарын қараудың нәтижелерi туралы (талаптарды толық көлемiнде немесе iшiнара тану немесе танымау туралы) әрбiр кредиторға шешiм қабылданған күннен кейiнгi келесi күнi жазбаша түрде (танымаудың себептерiн көрсете отырып) хабарлауға мiндеттi.
2. 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Конкурстық басқарушының шешімімен келіспеген жағдайда кредитор, құрылтайшы (қатысушы) оны бір ай мерзімде дау тудырған талап бойынша шешімі күшіне енген банкроттық туралы істі қараған сотқа шағымдануға құқылы.
4. Борышкердiң кредиторы кредиторлар тiзiлiмiнiң мазмұнымен танысуға құқылы.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 73-бап жаңа редакцияда; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 73-бап өзгертілді
73-бап. Кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту
1. Конкурстық басқарушы кредиторлар талаптарының тізілімін және оларды қараудың нәтижелерін борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап төрт айдан кешіктірілмей уәкілетті органға бекіту үшін беруге міндетті.
2. Кредиторлар талаптарының конкурстық басқарушысы табыс еткен тізілімін және оларды қарау нәтижелерін кредиторлардың, құрылтайшылардың (қатысушылардың) қарсылығы болмаған жағдайда уәкілетті орган бір апта мерзімде бекітеді. Кредитордың (кредиторлардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) қарсылығы болған жағдайда туындаған дау осы Заңның 72-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен қаралады.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 03.06.03 ж. № 427-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 127-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен (2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 74-бап өзгертілді
74-бап. Конкурстық масса
1. Конкурстық массаның құрамына:
1) борышкердің мүлкі, соның ішінде оның қаржылық құжаттарында көрсетілмеген, бірақ осы Заңның 83-бабының 2-тармағында көрсетілген мүлікті қоспағанда, талап құқығын (дебиторлық берешекті) қоса алғанда, борышкердің меншік құқығын растайтын құжаттары бар мүлкі;
2) Қазақстан Республикасының жер заңнамасымен көзделген жағдайда, борышкердің тұрақты және уақытша жер пайдалану құқығы кіреді.
2. Конкурстық массаға толық серiктестердiң жеке мүлкi, толық және коммандиттiк серiктестердiң бұрынғы қатысушыларының, қосымша жауапкершiлiктi серiктестер қатысушыларының, сондай-ақ банкроттың мүлкi жетпеген кезде Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес өндiрiп алу қолданылуы мүмкiн болатын өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң өз мүлкi кiредi және жеке есептеледi.
3. Өзге тұлғалардың борышкердi банкроттыққа дейiн жеткiзгенi үшiн субсидиялық жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бұл жауапкершiлiк мөлшерi кредиторлар талаптарының жалпы сомасы мен борышкер мүлкiнiң конкурстық массасының арасындағы айырма ретiнде айқындалады. Конкурстық басқарушы мұндай тұлғаларға борышкердiң барлық кредиторлардың мүдделерiнде талаптар қоюға мiндеттi. Жекелеген кредиторлардың өз мүдделерiн көздеп мұндай талаптар қоюына жол берiлмейдi.
4. Конкурстық массаға:
1) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары;
2) арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру кезiндегi міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендiру кезiндегi облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер және ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепiл мүлкi: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқығы (ипотекалық куәлiктердi қоса алғанда), сондай-ақ көрсетiлген облигацияларды ұстаушыларда меншiк құқығы мәмiлелер бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша туындаған немесе ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары енгiзiлмейдi. Тарату комиссиясы көрсетілген мүлік пен бөлінген активтерді кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес айқындалған ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне, кредиторлардың және (немесе) облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді;
3) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарына сәйкес құрылған тарату қорларының қаражаты;
4) концессия объектісінің құрамына кіретін мүлік;
5) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде көзделген шығарындыларды азайту, шығарындылардың сертификатталған азайтулары, шығарындыларды ішкі азайту, парниктік газдарды сіңіру квоталарының бірліктері енгізілмейді.