2. Борышкердiң кредиторлардың талаптарына қарсылықтарын соттың дәлелдi деп тануына байланысты борышкердi банкрот деп танудан бас тартылған жағдайда осы баптың 1-тармағында көзделген шығындар сотқа өтiнiш берген кредиторларға жатқызылады және олардың арасында талаптарына қарай бөлiнедi.
2006.10.01 № 115-III Заңымен 41 - бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
41-бап. Сот шешiмiнiң (ұйғарымының) заңды күшiне енуi. Шешiмдi (ұйғарымды) қайта қарау
Сот шешiмiнiң (ұйғарымының) заңды күшiне енуi мен оларды апелляциялық және қадағалау тәртібімен қайта қарау азаматтық сот iсiн жүргiзу ережелерi бойынша жүзеге асырылады.
2006.10.01 № 115-III Заңымен 3-1- тараумен толықтырылды
3-1-тарау. Сырттай байқау
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.11.01. № 385-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 41-2-бап өзгертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 41-1-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
41-1-бап. Сырттай байқау
1. Кредитордың не уәкiлеттi органның өтiнiшi бойынша сот сырттай байқау рәсiмiн енгізу туралы iс қозғау жөнiнде ұйғарым шығарады.
Борышкерге қатысты сырттай байқау рәсiмi:
1) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша кредитор немесе сырттай байқау рәсiмiн қолдануға келiсiм бiлдiрген кемiнде үш кредитор, оның iшiнде өтiнiш берушi болған кезде;
2) борышкердiң төлем қабiлетi болмаған кезде үш айдан бір жылға дейiнгi мерзiмге енгiзiлуi мүмкiн.
Бұл ретте, өтiнiш берушiнiң ұсынысы бойынша кредиторлардың болуын борышкерден кредиторлары және олардың мүлiктiк талаптарының мөлшерi туралы мәлiметтi талап ету арқылы сот белгiлейдi.
Соттың сырттай байқауды енгізу туралы ұйғарымында уәкiлеттi органға бес күн мерзiмде сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау тапсырылатыны туралы көрсетiледi.
Сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. Сырттай байқау әкiмшiсi қызметін жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi органда тіркелген дара кәсiпкер сырттай байқау әкімшісі болып тағайындалады.
Сырттай байқау әкімшісі өз өкілеттігін борышкердің орналасқан жері бойынша жүзеге асыруға міндетті.
Сырттай байқау әкімшісі етіп осы Заңның 9-бабының 11-тармағында көрсетiлген тұлғаларды тағайындауға болмайды.
Осы Заңда сырттай байқау әкімшісіне жүктелген өкілеттіктерді өзге тұлғаларға беруге болмайды.
3. Сырттай байқау әкімшісін уәкілетті орган:
1) кредитордың немесе борышкердің мүдделеріне залал келтірген олардың осы Заңда белгіленген талаптарды бұзушылықтары тексеру нәтижелері бойынша анықталған;
2) өз өкілеттіктерін орындау: қайтыс болуы; бір айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздығы; сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі, хабарсыз кеткен деп танылуы не қаза болған деп жариялануы; оларға қатысты соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі салдарынан мүмкін болмаған;
3) тіркелу кезінде олардың дәйексіз мәліметтерді ұсыну фактісі анықталған;
4) өзі тағайындалғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде кредиторлар комитетімен келісім жасамаған не кредиторлар комитетімен жасаған келісім бұзылған жағдайларда шеттетуге тиiс.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша сырттай байқау әкімшісін сырттай байқау рәсімін жүргізуден бір жыл ішінде бірнеше рет шеттету және (немесе) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздердің бірі бойынша шеттету оны барлық борышкерлерге қатысты осы Заңда көзделген өкілеттіктерді орындаудан бір мезгілде шеттетуге әкеп соғады.
4. Сырттай байқау әкімшісі сырттай байқау рәсімін жүргізуден өз еркі бойынша босату туралы өтініш ұсынған кезде кредиторлар комитетінің келісімімен босатылады.
Өтінішке кредиторлар комитетімен келісілген оның қызметі туралы есеп және кредиторлар комитетінің келісімі қоса беріледі.
Сырттай байқау әкімшісі жүктелген өкілеттіктерді орындаудан шеттетілген немесе босатылған жағдайда жаңадан тағайындалған сырттай байқау әкімшісі алдыңғылардың құқық мирасқоры болып табылады.
5. Сырттай байқау енгiзiлген кезде мынадай салдар туындайды:
1) кредиторлардың борышкерге қатысты кез келген талаптары осы Заңда көзделген сырттай байқау рәсiмi шегiнде ғана қойылуы мүмкiн;
2) борышкердiң лауазымды тұлғаларына өздерiне тиесiлi акцияларды, борышкер мүлкiндегi үлестерiн иелiктен шығаруға тыйым салынады;
3) борышкердiң кепілге қойылған мүлкінен, оның ішінде соттан тыс тәртіппен өндіріп алуға тыйым салынады.
6. Сотқа сырттай байқауды енгізу туралы өтiнiш берген кезде кредитор салық қызметiнiң тиiстi органына хабарлама жiбередi.
41-2-бап. Кредиторлар комитетін құру
1. Сырттай байқау кезінде кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар комитеті құрылады, оның құрамын осы баптың талаптарына сәйкес сырттай байқау әкімшісі құрады және оны уәкілетті орган бекітеді.
2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Кредиторлар комитетінің құрамына борышкерге ең көп талабы бар азаматтық-құқықтық міндеттемелер бойынша кредиторлар, сондай-ақ еңбекақы төлеу бойынша және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредиторлардың өкілдері кіруі мүмкін.
3. Өтініштері бойынша сырттай байқау рәсімі енгізілген кредиторлар, талаптардың мөлшеріне қарамастан, кредиторлар комитетінің құрамына енгізіледі.
4. Кредиторлар комитеті мүшелері жеті адамнан аспайтын тақ саннан тұрады.
41-3-бап. Кредиторлар комитетінің өкілеттіктерi
Кредиторлар комитетінің өкілеттіктеріне:
1) сырттай байқау әкімшісінің іс-әрекеттерін үйлестіру мен бақылау;
2) борышкердің негізгі құралдарды иеліктен айыру, мүлікті кепілге немесе жалға беру бойынша мәмілелер, сондай-ақ олардың орындалуы борышкерге залал келтіруі мүмкін, нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткіліксіз негіздер бойынша өзге мәмілелер жасауына қатысты сырттай байқау әкімшісінің іс-әрекеттерін келісу, қайта ұйымдастыруды жүргізу;
3) сырттай байқау әкімшісімен борышкердің мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету, нәтижесінде борышкердің төлемге қабілетсіздігі туындаған, сырттай байқау рәсімін енгізгенге дейін жасалған оның мәмілелерін және іс-әрекеттерін анықтау мен талдау, мүлікті түгендеу актілері бойынша салыстыру жүргізу жөніндегі іс-шаралар және осы Заңда белгіленген өзге де іс-шаралар туралы уәкілетті органмен келісілген келісім жасау;
4) уәкілетті органға сырттай байқау әкімшісінің іс-әрекеттері жөнінде шағымдану;
5) сырттай байқау рәсімін ұзарту немесе тоқтату туралы сотқа өтініш жасау жатады.
2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 41-4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
41-4-бап. Сырттай байқау әкімшісінің өкілеттіктерi
1. Сырттай байқау әкімшісі:
1) сотқа борышкер мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөнінде қосымша шаралар қолдану, сондай-ақ мұндай шаралардың күшін жою туралы өтініш жасауға;
2) түгендеу актілері бойынша борышкердің мүлкіне салыстыру жүргізуге;
3) борышкерден берешек сомасы көрсетілген оның кредиторлары мен дебиторларының толық тізбесін, активтері мен пассивтері толық көрсетілген балансын, борышкердің қаржылық жағдайы туралы есепті және басқа да қажетті ақпаратты талап етуге;
4) сот алдында үшінші тұлғалардан қажетті құжаттарды, қорытындыларды табыс ету және (немесе) оларды талап ету, олардың борышкердің алдыңғы үш жылдағы қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты өзге мәліметтерді табыс етуі туралы өтініш жасауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы мәліметтермен олардың тұрған жерінде танысуға;
5) сырттай байқау рәсімі енгізілгенге дейінгі алдыңғы үш жыл ішінде жасалып, борышкердің қаржылық жағдайын нашарлатқан мәмілелерді анықтауға, борышкерден оларды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен бұзуды талап етуге;
6) борышкерден осы Заңның 41-7-бабында көзделген өзінің міндеттерін орындауын талап етуге;
7) осы Заңда көзделген тәртіппен және мөлшерде сыйақы алуға құқылы.
2. Сырттай байқау әкімшісі:
1) борышкерге қатысты өз іс-әрекеттерін кредиторлар комитетімен келісуге;
2) борышкер мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және оны қорғау жөнінде шаралар қолдануға;
3) әдейі және жалған банкроттық белгілерінің бар екенін анықтауға және анықталған белгілер туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға не борышкерден оның қаржылық жағдайын нашарлатқан мүлікті иеліктен айыру жөніндегі мәмілелерді жарамсыз деп тануын талап етуге;
4) борышкердің кредиторлары мен дебиторларын анықтауға, борышкерден дебиторлық берешекті өндіріп алу жөнінде шаралар қолдануын талап етуге;
4-1) уәкілетті органның сұратуы бойынша оған сырттай байқау рәсімі бойынша қажетті ақпарат беруге;
5) сырттай байқау кезеңі аяқталғаннан кейін кредиторлар комитетімен және уәкілетті органмен келісілген, борышкердің төлем қабілетін қалпына келтіру мүмкіндігі және оған қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы не борышкерді банкрот деп тану туралы қорытындысы бар өз қызметі туралы есепті сотқа табыс етуге міндетті.
41-5-бап. Сырттай байқау әкімшісінің жауапкершілігi
Сырттай байқау әкімшісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 41-6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41-6-бап. Сырттай байқау шығыстары
Сырттай байқау әкімшісіне әкімшілік шығыстар мен ағымдағы төлемдер мөлшері кредиторлар мен сырттай байқау әкімшісі арасында жасалатын келісіммен айқындалады.
Сырттай байқау әкімшісіне әкімшілік шығыстар мен ағымдағы төлемдер сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген елу айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айына бір рет борышкердің мүлкі есебінен төленеді.
41-7-бап. Борышкердің міндеттерi
Борышкер:
2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) сырттай байқауды енгізу туралы ұйғарым заңды күшіне енген күннен бастап он күн мерзімде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және борышкердің тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында сырттай байқауды енгізу туралы жарияланымды мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыруға;
2) сырттай байқау әкімшісінің талабы бойынша:
сырттай байқау енгізілгенге дейін жасалған, негізгі құралдарды иеліктен айыру, мүлікті кепілге немесе жалға беру жөніндегі мәмілелерге, сондай-ақ құны борышкер активтері құнының жалпы мөлшерінің он және одан да көп проценті болатын басқа да мәмілелерге қатысты қаржылық-шаруашылық және ұйымдастыру қызметі туралы ақпарат ұсынуға;
борышкердің қаржылық жай-күйін нашарлатқан мүлікті иеліктен айыру жөніндегі мәмілелерді бұзу жөнінде шаралар қабылдауға;
3) сырттай байқау әкімшісімен шығыстардың ұлғаюын, бухгалтерлік есеп стандарттарына сай өз капиталындағы өзгерісті, қайта ұйымдастыру жүргізуді, негізгі құралдарды иеліктен айыру, мүлікті кепілге немесе жалға беру жөніндегі мәмілелердің, сондай-ақ борышкер активтері құнының жалпы мөлшерінің он және одан да көп проценті болатын мүлікті сатып алу немесе иеліктен айыру жөніндегі мәмілелердің жасалуын келісуге міндетті.
41-8-бап. Сырттай байқауды тоқтату
Сырттай байқау:
1) сырттай байқау мерзімі біткен;
2) сырттай байқау мақсаттарына қол жеткізілген жағдайларда сот сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есебін бекіткен кезде тоқтатылады.
4-тарау. Оңалту рәсімі
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 42-бап өзгертілді
42-бап. Оңалту рәсiмiн қолдану
Оңалту рәсiмi борышкер өтiнiш жасаған кредиторлар комитетінің және уәкілетті органның келісімi болған жағдайда сот тәртібімен тек коммерциялық ұйымдарға қатысты қолданылады.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 43-бап өзгертілді
43-бап. Оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiш жасау
1. Дәрменсiз борышкер өзiнiң төлем қабiлетiн қалпына келтiру мүмкiндiгi болған жағдайда, өзiн банкрот деп тану туралы сотқа арыз бергенге дейiн уәкiлетттi органға өзiне қатысты оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшiн мәлiмдей алады. Мұндай өтiнiштi банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiн кредиторлар де немесе үшiншi тұлға да жасай алады.
2. Өтiнiште осы Заңның 11-бабының талаптары ескерiле отырып, борышкерге қатысты аталған рәсiмнiң қолданылуы орындылығының негiздемесi мен кредиторлар комитетi құрамы жөніндегі ұсыныс болуға тиiс.
3. Өтiнiшке:
1) соңғы үш жылдағы қаржы есептілігі және борышкердің оңалту жоспарын жасау сәтіндегі қаржылық жағдайы туралы мәліметтер;
2) дәрменсiз борышкердi оңалту жоспары;
2-1) 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген талаптардың жалпы сомасының 50 проценттен астамын иеленетiн кепiлдiк кредиторлардың, сондай-ақ осы кредиторлар талаптарының жалпы сомасының 50 проценттен астам үлесi тиесiлi конкурстық кредиторлардың оңалту рәсiмдерiн өткізуге жазбаша келісімi;
3-1) борышкерге қатысты сырттай байқау рәсімі енгізілген жағдайда сырттай байқау әкімшісінің төлем қабілетін қалпына келтіру мүмкіндігі туралы қорытындысы қоса тіркеледі;
4. Уәкiлеттi орган осы Заңның талаптарына сәйкес кредиторлар комитетiн құрады әрі бекітеді және Заңда белгiленген мерзiмде кредиторлар комитетiнiң бiрiншi отырысын шақырады, онда оңалту жоспары қаралуға тиiс.
4-1. Табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, Республика экономикасы үшін зор стратегиялық маңызы бар ұйымдарды оңалту жоспары тиісті орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті аумақтық органымен, ал қала негізін қалаушы кәсіпорындар бойынша - тиісті облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімімен келісілуге тиіс.
5. Егер борышкердi оңалтудың ұсынылып отырған жоспарын кредиторлар комитетi мен уәкiлеттi орган осы Заңмен белгiленген кредиторлар комитетi мен уәкiлеттi органның шешiмдер қабылдау тәртібін сақтай отырып, мақұлдаса, борышкердiң оңалту рәсiмiн өткізу туралы арызына кредиторлар комитетiнiң және уәкiлеттi органның берген келісімi сотқа жiберiледi.
6. Егер борышкерді оңалтудың ұсынылып отырған жоспарын кредиторлар комитеті мен уәкілетті орган мақұлдаса (келіссе), ал борышкерді оңалту жоспарымен келіспеген кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келмейтін болса, сот оңалту рәсімін өткізуге кредиторлар комитетінің және уәкілетті органның келісімін алған кезден бастап бес күн мерзімнен кешіктірмей оңалту жоспарын бекіту және борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым шығарады.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 44-бап өзгертілді
44-бап. Дәрменсiз борышкердi оңалту жоспары
1. Дәрменсіз борышкерді оңалту жоспарында борышкердің төлем қабілетін қалпына келтіру жөніндегі нақты іс-шаралар (оңалту шаралары) және осы Заңның 47-бабының 2-тармағында аталған кредиторлар алдындағы берешекті өтеу мерзімі қамтылуға тиіс.
Табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не республиканың экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдардың оңалту жоспарына өзгерістер тиісті орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті аумақтық органымен, ал қала негізін қалаушы кәсіпорындар бойынша - тиісті облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімімен келісілуге тиіс.
Оңалту жоспарын өзгертуге уәкілетті органның, кредиторлар комитетінің келісімімен жол беріледі және оны сот бекітеді.
2. Оңалту шараларына кез келген ұйымдық-шаруашылық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн, дәрменсiз борышкердi таратуға жол бермеуі бағытталған өзге де шаралар, сондай-ақ осындай шаралар кешенi, атап айтқанда, санация, мүлікті (активтерді) сауда-саттық жүргізу арқылы сату, борышкердiң талап ету құқықтарына кеңшiлiк жасау, борышты акцияға айырбастау, бiтiмгершiлiк келісім жасау кiруi мүмкiн.
11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 45-бап өзгертілді
45-бап. Оңалту шараларын қолданудың негiзi
Борышкер жөнiнде оңалту рәсiмiн қолдануға оның таратылуына жол бермеу мақсатында төлем қабiлетiн қалпына келтiрудiң нақты мүмкiндiгiнiң болуы негiз болып табылады. Борышкердiң төлем қабiлетiн қалпына келтiрудiң нақты мүмкiндiгi тиiстi шарттармен, есептермен, экономикалық негіздемелермен және басқа да құжаттармен, егер борышкерге қатысты сырттай байқау рәсімі енгізілсе, сырттай байқау әкімшісінің төлем қабілетін қалпына келтіру мүмкіндігі туралы қорытындысымен расталады.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 46-бап өзгертілді; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 46-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
46-бап. Оңалту рәсiмiн енгiзудiң салдары
1. Борышкерге қатысты оңалту рәсiмiн жүзеге асыру кезеңiнде оңалтуды басқарушы тағайындалалып, оған заңды тұлғаның барлық органдарының оның мүлкі мен iстерін басқару жөніндегі өкiлеттiгi ауысады. Оңалтуды басқарушының борышкердi оңалту мақсатына жетуге бағытталған оңалту жоспарына сәйкес iс-әрекеттер жасауға (қызметкерлердi жұмыстан босату, iшкi қайта ұйымдастыруды жүзеге асыру: iшкi бөлiмшелердi тарату және өзге де шараларды қолдану) құқығы бар.
Оңалту жоспарында көзделген мүлiктi (активтердi) сату сауда-саттық жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.
Оңалтуды басқарушы стратегиялық объектіні иеліктен шығару кезінде Қазақстан Республикасы осындай мүлікті сатып алудың басым құқығына ие болады.
Оңалтуды басқарушы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға немесе оларды иеліктен шығаруға рұқсат беру туралы шешімін алғаннан кейін стратегиялық объектіге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуды немесе оларды иеліктен шығаруды жүзеге асырады.
2. Оңалту рәсiмiн жүзеге асыру мерзiмiнде дәрменсiз борышкердiң кредиторлардың талаптары осы Заңның 47-бабында белгiленген тәртiппен қанағаттандырылады.
3. Оңалту рәсімі енгізілген кезден бастап борышкер берешегінің барлық түрі бойынша тұрақсыздық төлемін (өсімпұлдарды, айыппұлдарды), сондай-ақ алынған кредиттер бойынша сыйақыларды есептеу тоқтатылады.
11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 08.04.04 ж. № 542-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 47-бап өзгертілді
47-бап. Кредиторлармен есеп айырысу
1. Оңалту рәсiмiн енгiзген кезден бастап:
1) борышкер моральдық зиянның орнын толтыру туралы талаптарды қоспағанда, жалақыдан және (немесе) өзге де кірістен ұсталған алименттерді төлеу жөніндегі талаптар, сондай-ақ өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн жауап беретiн азаматтардың талаптары қанағаттандырылады;
2) төлеу мерзiмi оңалту рәсiмi енгiзiлгеннен кейiн жеткен, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеп жатқан адамдармен өтемдер және еңбекке ақы төлеу жөнiнде, Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар төлеу жөнiнде және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiнде есеп айырысу жасалады;
3) төлеу мерзiмi оңалту рәсiмi енгiзiлгеннен кейiн жеткен салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер төленедi;
4) мiндеттемелерден, оның iшiнде оңалтуды басқарушы жасасқан мәмiлелерден туындаған, орындалу мерзiмi оңалту рәсiмiн жүзеге асыру кезеңiнде жеткен кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады.
2. Борышкердiң кредиторлар алдындағы берешектерi бойынша басқа да барлық есеп айырысуы, соның iшiнде өтелу; атқару қағаздары бойынша немесе даусыз тәртiппен жүргiзiлетiн берешектер осы Заңның 75 және 76-баптарында белгіленген кезектілік пен есеп айырысу ережелері сақтала отырып, оңалдыртылу жоспарына сәйкес кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілгеннен кейін жүзеге асырылады.
3. Кредиторлардың өтініштері және олардың борышкерге қоятын талаптарын қарау, сондай-ақ кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту осы Заңның 71-73-баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Оңалту рәсімі енгізілгенге дейін туындаған кредиторлар талаптарын қанағаттандыру кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілгеннен кейін жүргізіледі.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 48-бап өзгертілді
48-бап. Оңалтуды басқарушы
Борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы сот ұйғарымы күшіне енгеннен кейін уәкілетті орган бес күн мерзімде оңалтуды басқарушыны тағайындайды.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 49-бап өзгертілді
49-бап. Оңалтуды басқарушыға сыйақы төлеу
1. Оңалтуды басқарушыға сыйақы борышкердiң мүлкiнен төленедi және әкiмшiлiк шығыстарына жатқызылады. Сыйақының сомасын және оны төлеу тәртібін кредиторлар комитетi осы баптың талаптарына сәйкес белгiлейдi.
2. Оңалтуды басқарушыға төленетiн сыйақы:
1) оның өз мiндеттерiн атқарған барлық кезеңi үшiн төленетiн, ай сайынғы сомасы елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс, ағымдағы төлемдердi;
2) оңалту рәсімінің мақсаттарына міндетті түрде қол жеткізілген жағдайда оңалтуды басқарушыға төленетін кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға бағытталған қаражаттан оның қызметінің нәтижелері бойынша қосымша төлемдерді қамтиды.
3. Оңалтуды басқарушының өкілеттіктері борышкер басшысына, санацияға қатысушыға немесе ол ұсынған адамға жүктелген жағдайда осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген қосымша төлемдер төленбейді.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 50-бап өзгертілді
50-бап. Оңалту рәсiмiнiң мерзiмi
Оңалту рәсiмiн жүзеге асырудың ұзақтығы үш жылдан аспауға тиiс. Оңалтуды басқарушының өтiнiшi бойынша кредиторлар комитетiнiң келісімiмен, уәкілетті органның қорытындысы болған жағдайда, сот оны жүзеге асыру мерзiмiн ұзартуға құқылы, бiрақ ол 6 айдан аспауға тиiс.
Табиғи монополия субъектілерінің немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не республика экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдар үшін сот оңалту рәсімінің мерзімін екі жылға дейін ұзартуға құқылы.
01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 51-бап өзгертілді
51-бап. Оңалтуды басқарушының өкiлеттiгi
1. Оңалтуды басқарушы:
1) борышкердiң мүлкiн басқаруға қабылдайды және оған осы Заңда белгiленген шекте билiк етедi;
2) борышкердiң мүлкi жөнiнде тиiстi құқықтары болады және оның барлық органдары үшiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген мiндеттердi атқарады;
2-1) уәкілетті орган оны тағайындаған күннен бастап он күн мерзімде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және борышкердің тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында борышкерге оңалту рәсімін қолдану және кредиторлар талаптарын білдіру тәртібі туралы жарияланымды мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды;
3) оңалту жоспарын орындауды ұйымдастырады;
3-1) кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілгеннен кейін кредиторлар алдындағы берешекті өтеу бөлігінде оңалту жоспарына өзгерістер енгізу туралы сотқа өтініш жібереді;
3-2) кредиторлар талаптарының тізілімін түзеді және жүргізеді;
4) осы Заңда көзделген басқа да өкілеттіктері орындайды.
2. Кредиторлар комитетiнiң келісімiмен оңалтуды басқарушы:
1) борышкердің мүлкіне билік ету жөніндегі кез келген мәмілелерді жасайды;
3) борышкердiң тұтынуға, оның iшiнде борышкер қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды ұлғайтуға әкеп соғатын шешiмдер қабылдайды.