5) 6-1-баптың 1-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;»;
9) тармақшаның екінші абзацындағы «лицензиядан кейінгі» деген сөздер алып тасталсын;
10) тармақшадағы «астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту» деген сөздер «астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 12-2-бап алып тасталсын;
7) 13-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөліктегі «Астық сақтау» деген сөздер «Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «астықты қабылдау, өлшеу, кептiру, тазалау, сақтау және тиеп жiберу» деген сөздер «астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу» деген сөздер «астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
1) тармақшадағы «астық сақтау» деген сөздер «астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу» деген сөздер «астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 17-баптың бірінші абзацындағы «Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу» деген сөздер «Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету» деген сөздермен, 2) тармақшасындағы «астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу» деген сөздер «астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 19-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «астықты қабылдауға, өлшеуге, кептіруге, тазалауға, сақтауға және тиеп жіберуге» деген сөздер «астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Астық қабылдау кәсiпорындары астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызмет пен астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметіне байланысты емес қызмет операцияларының бөлек есебін жүргiзуді қамтамасыз етуге мiндеттi.»;
10) 25-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «заң актілерінде» деген сөздер «заңдарында» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу» деген сөздер «Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 26-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «Астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу» деген сөздер «Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету» деген сөздермен, 33-2-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жіберу» деген сөздер «астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын.
25. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат):
1) 4-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын;
2) 10-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн әкетуге байланысты қызметті жеке меншік жұмыспен қамту агенттiктерi жүзеге асырады.»;
3) 11-баптың 5-тармағы алып тасталсын.
26. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 1-бапта:
6) тармақшадағы «осы қызмет түріне лицензиясы,» деген сөздер алып тасталсын;
9) тармақшада:
«қызметтің осы түріне лицензиясы бар» деген сөздер алып тасталсын;
«туристік өнімді» деген сөздердің алдынан «туроператор қалыптастырған» деген сөздермен толықтырылсын;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың туристiк өнiмдi қалыптастыру, оны туристiк агенттер мен туристерге ұсыну және өткізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденті емес қалыптастырған туристік өнімді ұсыну мен өткізу жөніндегі кәсiпкерлiк қызметi (бұдан әрі - туроператор);»;
2) 10-баптың 4) тармақшасындағы «туристiк қызметтi лицензиялау ережелерiн және» деген сөздер алып тасталсын;
3) 11-бапта:
5) тармақшадағы «турагенттік және» деген сөздер алып тасталсын;
9) тармақша алып тасталсын;
4) 12-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;
5) 15 және 19-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Туристік қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары
1. Туроператорда және турагентте туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың жарамды шарты болған кезде туроператорлық және турагенттік қызметті жүзеге асыруға жол беріледі.
Туроператор және турагент туралы мәліметтер олардың өтініштері негізінде туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
2. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес туроператорлық қызмет лицензияланатын қызмет түрі болып табылады.
Туроператор туристерге дербес немесе туристер алдындағы оның міндеттемелерінің бір бөлігін немесе барлығын орындау жүктелетін үшінші тұлғаларды тарту арқылы туристік өнімге кіретін барлық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Туроператорлық қызметке берілетін лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, бұрын жасалған шарттардан туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, туроператорлық қызмет көрсетуге тыйым салуға әкеп соғады.
Туроператорлық қызметке берілетін лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, туроператорлық қызметке берілетін лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Турагент турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаған (қайта жасаған) сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы өтінішті уәкілетті органға жолдауға міндетті.
Турагент Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, туроператор қалыптастырған туристік өнімді ғана туристерге ұсынады және өткізеді.
Турагенттің туристік өнімді ұсынуы мен өткізуі туроператормен жазбаша нысанда жасалған, туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шарт негізінде жүзеге асырылады.
Туроператор мен турагент арасындағы туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шартта міндетті түрде туристік өнімді қалыптастырған туроператор туралы, туроператор мен турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары туралы мәліметтер, туристік бағдардың сипаттамасы, туристік өнім туралы дәйекті ақпарат болуға тиіс.
4. Туристік өнімнің құрамында жоқ экскурсиялық қызметті немесе туризм нұсқаушысының қызметін көрсеткен кезде экскурсоводтың, гидтің (гид-аудармашының), туризм нұсқаушысының қызметін көрсететін тұлғалар туристерге саяхаттың ерекшеліктері, олар саяхат жасаған кезде кездесетін қауіп-қатерлер туралы мәлімет беруге, сондай-ақ туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын қабылдауға, оның ішінде саяхат кезінде туристермен болатын төтенше жағдайлар туралы мүдделі мемлекеттік органдарға және туристің отбасына ақпарат беруге міндетті.»;
«19-бап. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар
1. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар өз филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға құқылы.
2. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар әдiлет органдарында тiркелген, туристік қызметті жүзеге асыратын басқа тұлғалардың атауларын пайдалана алмайды.».
27. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат):
1) 1-бапта:
50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«50) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы инжинирингтiк қызметтер көрсету - оңтайлы жобалық көрсеткiштерге қол жеткізу мақсатында құрылыстың дайындығын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенi (техникалық және авторлық қадағалау);»;
мынадай мазмұндағы 51-1) тармақшамен толықтырылсын:
«51-1) сараптамалық жұмыстар - ғимараттар мен құрылыстардың жобаларына сараптама жасау және олардың сенімділігі мен тұрақтылығына техникалық тексеру жүргізу жөніндегі жұмыстар;»;
2) 17-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктегі «заң актiлерiнде» деген сөздер «заңдарында» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерiн лицензиясыз жүзеге асыру;»;
3) 19-бап мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау тәртібін бекітеді;»;
4) 20-бапта:
11) тармақшадағы «, сондай-ақ мемлекеттік емес сараптама орталықтарын тiркеудi және сарапшыларды аттестациялауды» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау тәртібін әзірлеу;»;
12-1) тармақшадағы «лицензиялау ережелерінің» деген сөздер «лицензиялау тәртібінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;»;
5) 24-баптың 1-тармағының 17) тармақшасындағы «жүргізу;» деген сөз «жүргізу кіреді.» деген сөздермен ауыстырылып, 18), 19) тармақшалары алып тасталсын және 25-баптың 1-тармағының 18) тармақшасындағы «жүргізу;» деген сөз «жүргізу жатады.» деген сөздермен ауыстырылып, 19), 20) тармақшалары алып тасталсын;
6) 30-баптың 6-тармағының бірінші бөлігіндегі «(құрылысты бастауға)» деген сөздер алып тасталсын;
7) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«32-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы лицензиялау
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау қызметін және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай санаттарға бөлінеді:
I санат - осы тармақта аталған, қолда бар лицензиясы шеңберінде барлық жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті жүзеге асырады;
II санат - осы тармақта аталған, екінші және үшінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттары бойынша қолда бар лицензиясы шеңберінде бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде жұмыстарды жүзеге асырады;
III санат - осы тармақта аталған, техникалық қиын емес екінші және үшінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттары бойынша қолда бар лицензиясы шеңберінде бірінші және екінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде жұмыстарды жүзеге асырады.
Жеке және заңды тұлғаларды белгілі бір санаттарға жатқызуды лицензиар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау қызметіне және құрылыс-монтаж жұмыстарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес лицензияны берген кезде жүзеге асырады және лицензияның қолданылуының ерекше жағдайларында көрсетіледі.
3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жұмыстарды лицензиялауды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.»;
8) 33-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензияның болуына;»;
3-тармақтың 1) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер учаскесінің (аумақтың, трассаның) (сейсмикалық қауіптілігі жоғары немесе өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) немесе геотехникалық жағдайдағы аудандардан басқа) қазіргі шекарасында жүзеге асырылатын, қолданыстағы тұрғын ғимараттардағы үй-жайларды объектінің конструкциялары мен функционалдық мақсатын өзгертпей реконструкциялауға, қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға рұқсат талап етілмейді;»;
5-тармақтағы «беруге құқылы» деген сөздер «шығарады» деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 34-баптың 2-1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында инжинирингтік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған аттестаты бар сарапшыға;»;
2) тармақшадағы «тиісті лицензиясы» деген сөздер «тиісті аттестаты» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 34-1-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Техникалық қадағалауды тапсырысшы объектiлер құрылысына жобалық-сметалық құжаттамада көзделген қаражат есебiнен дербес және (немесе) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшыларды тарта отырып, қолданыстағы нормативтерге сәйкес жүзеге асырады.»;
3-тармақта:
«инжиниригтік» деген сөздің алдынан «, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
«ұйымдарды» деген сөз «тиісті аттестаты бар сарапшыларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 36-баптың 1-тармағындағы «бере алады» деген сөздер «береді» деген сөзбен ауыстырылсын;
12) 64-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жобаларға сараптаманы тиiстi аттестаты бар сарапшылар жүзеге асырады.»;
екінші бөлік «заңды тұлға» деген сөздердің алдынан «, өз құрамында аттестатталған сарапшылары бар» деген сөздермен толықтырылсын;
4-1-тармақтағы «сараптамалық жұмыстар нарығы субъектісінің лицензиясы бар кез келген жеке немесе заңды» деген сөздер «тиісті аттестаты бар кез келген жеке» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы және екінші бөлігіндегі «(құрылыстың басталуына)» деген сөздер алып тасталсын;
13) 68-бапта:
2-тармақтағы «осы объектiнi салуға жер учаскесiн беру туралы шешiм не тапсырысшыға меншiк немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі учаскені құрылыс салуға пайдалануға рұқсат» деген сөздер «жерге тиісті құқық беру туралы шешімді» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының жерге тиісті құқық беру туралы шешімінің шешiм қабылданған күннен бастап құрылыс басталғанға дейiнгi қолданылу мерзiмi жобалаудың және белгiленген тәртiппен жобаны бекітудің нормативтiк ұзақтығы ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес белгiленедi және рұқсат құжатында көрсетiледi.»;
4-тармақтағы «Құрылыс салуға жер учаскесiн беру не тапсырысшыға меншiк немесе жер пайдалану құқығымен тиесiлi учаскенi пайдалануға рұқсат» деген сөздер «Жерге тиісті құқық» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші бөлігіндегі «құрылысқа жер учаскесiн беру (учаскенi пайдалануға рұқсат ету)» деген сөздер «жерге тиісті құқық беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Құрылыс салынбақшы болып отырған ауданда инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету жөнiнде қызмет көрсетушiлер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сұрауы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен объектiнiң құрылысы және кейiннен пайдалануға берiлген оның тұрақты жұмыс iстеуi үшiн талап етiлетiн, сұратылып отырған (есептемелік) параметрлері де инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосуға техникалық шарттарды ұсынады.»;
8-тармақтағы «құрылысқа жер учаскесiн беру (учаскенi пайдалануға рұқсат ету)» деген сөздер «жерге тиісті құқық беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзу үшiн:»;
14) 73-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «немесе қабылдау комиссиясы» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Салынған объектіні қабылдау комиссиясының пайдалануға қабылдауы кезінде жұмыс комиссиясы талап етілмейді.»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік қабылдау комиссиясы қол қойған, салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi бекітуге жатпайды.
6. Объектiнiң пайдалануға берілгендігі туралы актiге қол қойылған күн мемлекеттік қабылдау комиссиясы немесе қабылдау комиссиясы қабылдаған объектiнiң пайдалануға берілген күні деп есептеледi.»;
7-тармақта:
«кезiнен» деген сөз «күнінен» деген сөзбен ауыстырылсын;
«объектiлердi пайдалануға қабылдау туралы акт бекiтiлген кезден бастап» деген сөздер «мемлекеттік қабылдау комиссиясының немесе қабылдау комиссиясының объектiлердi пайдалануға қабылдау туралы актіге қол қойған күнінен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-1-тармақтың екінші бөлігіндегі «акті» деген сөз «қорытынды» деген сөзбен ауыстырылсын;
15) 74-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің тиісті шешімі болған кезде меншік иесі (тапсырысшы, инвестор, құрылыс салушы) құрылысы аяқталған, техникалық жағынан күрделі емес объектілерді, атап айтқанда:»;
1) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, сондай-ақ үй-жайлардың функционалдық мақсатын өзгертпей қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды);»;
«6) жеке тұрғын үйлерді, сондай-ақ азаматтардың жеке пайдалануына арналған басқа да құрылыстарды салуды;»;
3-тармақтың 2) тармақшасы «сейсмикалық қауіптілігі» деген сөздердің алдынан «осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 76-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;
17) 78-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiне мемлекеттік қабылдау комиссиясының барлық мүшелерi қол қояды.
Мемлекеттік қабылдау комиссиясы мүшесiнiң объектiнi пайдалануға қабылдау жөнінде ерекше пiкiрi болған жағдайда ол актіге қол қоймайды және ерекше пікірін комиссия төрағасына жазбаша түрде ұсынады.
Ерекше пікірді мемлекеттік қабылдау комиссиясы пікір ұсынушы комиссия мүшесінің және комиссияны тағайындаған мемлекеттік басқару органы өкілінің қатысуымен қабылдау актісіне қол қойылғанға дейін қарауға тиіс.»;
7-тармақтың 3) тармақшасындағы «iшкi жобалаушылардың (жоба бөлiмдерiн әзiрлеушiлердiң),» деген сөздер алып тасталсын;
8-тармақ алып тасталсын;
9-тармақта:
бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органының, халықты әлеуметтiк қорғау мемлекеттік органының,» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
10-тармақ алып тасталсын.
28. «Темір жол көлiгi туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат):
43-баптың 1-тармағындағы «ветеринариялық куәлiктi» деген сөздер «ветеринариялық сертификатты» деген сөздермен ауыстырылсын.
29. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат):
1) 4-баптың 3-тармағында:
13), 13-1) және 21) тармақшалар алып тасталсын;
31) тармақша «шағын» деген сөздің алдынан «өздiгiнен жүзетін» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 77-баптың бірінші бөлігіндегі «ветеринариялық куәлік» деген сөздер «ветеринариялық сертификат» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 212-баптың 5-тармағындағы «жазбаларға сәйкес, кеменiң немесе жасалып жатқан» деген сөздер «жазбаларға сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын.
30. «Бал ара шаруашылығы туралы» 2002 жылғы 12 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 5, 55-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) аналық бал ара - бал ара ұясының молықтырылуын қамтамасыз ететiн ұрғашы бал ара;
2) асыл тұқымды шаруашылық - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы аттестаттаған, белгiлi бір асыл тұқымды бал ара ұяларын және асыл тұқымды бал араларының ұрықтанған аналықтарын өсiру мен өткізуді жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъект;
3) асыл тұқымды бал ара ұясы - өзiнiң тұқымдық белгiлерiн ұрпағына тұрақты түрде беретiн таза тұқымды, жоғары сыныпты бал араларының өнiмдiлiгi жоғары ұясы;
4) бал араның бал ұясы - бал араның бал ұясын ұстауға арналған құрылыс;
5) бал арасын қорғау құралдары - бал ара шаруашылығында пайдаланылатын иммундық-биологиялық, биологиялық, өсiмдiктен алынатын, химиялық, химиялық-фармацевтикалық және басқа да ветеринариялық препараттар;
6) балауыз тетiк - бал ара ұяларының негiздерi бедерленген тиiстi өлшемдегi жасанды түрде дайындалған жұқа балауыз жапырақтары;
7) бал ара тұқымдары - адамның белгiлi бір шаруашылық және табиғи жағдайлардағы шығармашылық қызметiнiң ықпалымен қалыптасқан, «өзінде» өсiру үшiн саны жағынан жеткiлiктi және шаруашылық әрі асыл тұқымды құндылығы бар жалпы тектес бал ара ұяларының тұтас тобы;
8) бал ара ұяларының зиянкестерi - бал араларын жеу мақсаты үшiн өлтiретiн немесе балды ұрлау және (немесе) бүлдiру арқылы бал ара ұясына зиян келтiретiн жануарлардың, құстар мен жәндiктердiң жекелеген түрлерi;
9) бал ара ұяларын тасымалдау (көшiру) - бал ара ұяларын бал жинауға және энтомофильдi өсiмдiктердi тозаңдандыруға шығару;
10) бал ара ұясы - бал ара ұясында немесе үйшiгiнде тұратын жұмыскер бал аралардан, еркек бал аралардан және аналық бал арадан тұратын тұтас биологиялық бірлiк;
11) бал ара шаруашылығы - жұмыс iстеу негiзi энтомофильдi өсiмдiктердi тозаңдандыру мен олардың өнiмдiлiгiн арттыру үшiн бал араны өсiру, ұстау және пайдалану, бал ара шаруашылығы өнiмдерiн алу болып табылатын ауылшаруашылығы өндiрiсiнiң саласы;