«8. Бірыңғай технологиялық процеске кіретін және (немесе) қызмет түрін жүзеге асырудың қажетті элементі болып табылатын қызмет түрлері лицензиялануға жатпайды.
Қызмет түрінің бірыңғай технологиялық процеске кіретіні және (немесе) оны қызмет түрін жүзеге асырудың қажетті элементіне жатқызу туралы қорытындыны өтініш берушінің өтініші негізінде лицензиардың сұрауы бойынша құзыретті (салалық) орган береді.»;
3) 6-бапта:
4) және 7) тармақшалар алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту;»;
9) тармақшадағы «тәртібін белгілеу» деген сөздер «қағидасын бекіту» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
2) лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізіліміне қол жеткізу құқықтарын дамыту, белгілеу процесін, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудi басқару;
3) лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидасын әзірлеу;
4) қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын қоспағанда, лицензиялардың және лицензиялардың қосымшаларының нысандарын әзірлеу;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актiлерiнде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.».
5) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Мемлекеттік органдардың құзыретi
Лицензиарлардың құзыретіне:
1) жекелеген қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын біліктілік талаптарының жобаларын әзірлеу және оларды уәкілетті органмен келісу.
Жекелеген қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын біліктілік талаптарының жобаларын әзірлеуді, егер жергiлiктi атқарушы орган лицензиар болып табылған жағдайда, орталық мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады;
2) өтiнiш берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн белгiлеу;
3) лицензиялау;
4) лицензиялық бақылауды жүзеге асыру;
5) азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға арналған лицензияларды қоспағанда, лицензиялар тізілімін жүргізу және оны ай сайын өзінің интернет-ресурсында орналастыру жатады.
Лицензиардың электрондық тiзiлiмiнде және лицензиялардың мемлекеттік электрондық тiзiлiмiнде мынадай мәлiметтер:
лицензиардың атауы;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның берiлген күнi және нөмiрi;
дара кәсiпкер үшiн - жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), сондай-ақ жеке тұлға дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттік тiркелген жағдайда куәлiктiң нөмiрi және оның берiлген күнi;
заңды тұлға үшiн - заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi, оны мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нөмiрi және берiлген күнi;
қызмет түрi және (немесе) қызметтiң кiшi түрлерi;
лицензияның қолданылу мерзiмi;
салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
төлем тапсырмасының нөмiрi және лицензиялық алым төленген күн;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу негiздерi және күнi;
лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, жаңарту негiздерi және күнi;
лицензияның қолданылуын тоқтату негiздерi және күнi;
лицензиаттың лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын филиалдары, өкілдіктері, объектілері, пункттері, учаскелері (болған жағдайда) туралы деректер көрсетiлуге тиiс;
6) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының біліктілік талаптарына сәйкестігі бөлігінде лицензия беруді келісу туралы мемлекеттік органдарға сауал жіберу;
7) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып электрондық қызмет көрсету;
8) берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы ақпаратты өз интернет-ресурсында орналастыру жатады.
Лицензиат филиалын (өкілдігін, объектісін, пунктін, учаскесін) құрған, оның орналасқан жерін өзгерткен жағдайда он жұмыс күні ішінде -лицензиардың мекен-жайына, егер жергілікті атқарушы орган лицензиар болған жағдайда - филиалдың (өкілдіктің, объектінің, пункттің, учаскесінің) орналасқан жері бойынша оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса хат жолдауға міндетті. Лицензиар лицензиаттың хатын (хабарламасын) алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушінің тиісті қызмет түріне (кіші түріне) қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін белгілейді. Ол біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда тиісті деректерді лицензиялар тізіліміне енгізеді.
Қаржы саласында және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметте лицензиялар тізіліміне филиал (өкілеттік, пункт) құру, оның орналасқан жерін өзгерту туралы деректерді енгізуді лицензиар лицензиаттан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.»;
6) 9-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «белгілі бір шаруашылық операциясымен» деген сөздер «жекелеген қызмет түрімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
«9-1-бап. Лицензиялардың қолданылуының ерекше шарттары
Лицензиялардың қолданылуының ерекше шарттары лицензияға:
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау кезінде лицензиаттың санатын;
өнеркәсіп саласындағы қызметті лицензиялау кезінде лицензияланатын қызмет түрі жүзеге асырылатын саланы көрсету үшін енгізіледі.»;
8) 11-бапта:
4) тармақша алып тасталсын;
14) тармақшадағы «жерге орналастыру,» деген сөздер алып тасталсын;
9) 12, 13 және 14-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Өнеркәсіп саласындағы қызметті лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) электр және (немесе) жылу энергиясын беру және (немесе) тарату;
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
электр энергиясын тұтынушыға дейін беру және (немесе) тарату;
елді мекендерді, өндірістік үй-жайлар мен объектілерді жылумен жабдықтау үшін жылу энергиясын беру және (немесе) тарату;
2) тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану.
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
тау-кен өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану:
қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау;
қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларын және технологиялық регламенттерiн жасау;
қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндiру;
ашық және жер асты тәсiлдерiмен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзiрлеу;
мұнай-газ кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргізу;
пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жарылыс жұмыстарын жүргiзу;
кенiштер мен шахталарды жабу жөніндегі тарату жұмыстары;
мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстары;
мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;
мұнай, газ ұңғымаларын, оның iшiнде теңiзде және iшкi су айдындарында бұрғылау;
ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергiшiн орнату;
ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау;
ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру;
мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту;
құрлықта және теңiзде мұнай төгiлуiнің, ұңғымалардың өздiгiнен атқылауының, мұнай және газ шығарындыларының (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) алдын алу және оларды жою жөніндегі жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау;
мұнай-химия, химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану;
мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау;
магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану;
3) минералдық шикiзатты қайта өңдеу (кең таралған пайдалы қазбаларды қайта өңдеудi қоспағанда).
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
пайдалы қазбаларды бөлудiң физикалық тәсiлi;
пайдалы қазбаларды бөлудiң физикалық-химиялық тәсiлi;
пайдалы қазбаларды бөлудiң химиялық тәсiлi;
пайдалы қазбаларды бөлудiң металлургиялық (пирометаллургия, күйдiру, гидрометаллургия, балқыту) тәсiлi;
құрамында пайдалы қазба бар тау-кен, байыту, металлургиялық және басқа да өнеркәсiптiк өндiрiстердiң қалдықтарын өңдеу;
4) химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, таукен-шахта, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электр-техникалық жабдықтарды, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс істеу қысымы 0,7 кг/см2 -ден жоғары және жылу жеткізу температурасы 1150С-ден жоғары қазандықтарды, 0,7 кг/см2-ден жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбырларды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу (бірыңғай технологиялық процесте пайдаланылатын жабдықтарды жобалауды, дайындауды, монтаждауды, жөндеуді қоспағанда);
5) энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу;
6) заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, өңдеуі және өткізуі.
13-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
ядролық қондырғылар, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймалары құрылысы;
ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтар сақтау қоймаларын пайдалану;
ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдаланудан шығару;
ядролық қондырғыларды орналастыру, салу, пайдаланудан шығару кезінде жұмыстарды және жобаларды басқару;
2) ядролық материалдармен жұмыс істеу.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
ядролық материалдарды өткізу;
ядролық материалдарды пайдалану;
ядролық материалдарды сақтау;
3) радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды дайындау;
радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды пайдалану;
радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды сақтау;
радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткізу;
табиғи уранды өндіру және қайта өңдеу;
4) иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды дайындау;
иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды пайдалану;
5) атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
құрамында иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздері бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын, медициналықты қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу;
иондаушы сәулелену көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау;
аумақтарды, үй-жайларды, жұмыс орындарын, тауарларды, материалдарды, металл сынықтарын, көлік құралдарын радиациялық бақылау;
өнімдердегі, материалдардағы, қоршаған орта объектілеріндегі радионуклидтердің барын анықтау, радон және басқа да радиоактивті газдардың шоғырлануын өлшеу;
персоналды дозиметрлік жеке бақылау;
6) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
радиоактивті қалдықтарды жинау және сұрыптау;
үй-жайларды, жабдық пен материалдарды залалсыздандыру (радиоактивті ластанудан тазарту);
радиоактивті қалдықтарды өңдеу;
радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму;
аумақтар мен объектілерді радиациялық оңалту, өңдеп қалпына келтіру;
7) ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау;
8) ядролық сынақтар жүргізу салдарынан ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және басқа да аумақтардағы қызмет;
9) ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
физикалық қорғау жүйелерін жобалау, монтаждау, жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету;
ядролық материалдарды және радиоактивті заттарды тасымалдау кезінде оларды физикалық қорғауды қамтамасыз ету;
10) ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау.
14-бап. Улы заттар айналымы саласындағы қызметті лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою;
уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану;
уларды сатып алу, сақтау, өткізу.
Нормативтік құжаттарға сәйкес сынақтар, зерттеулер және дезинфекция жүргізу үшін қажетті көлемде улы заттарды пайдаланатын аккредиттелген зертханалардың қызметі улар айналымы саласындағы лицензиарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен, удың жылдық қажеттілігі туралы ақпарат және оларды пайдалану туралы жыл сайынғы есеп бере отырып, лицензиялаусыз жүзеге асырылады;
2) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау);
пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу;
пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану.»;
10) 15-бап алып тасталсын;
11) 16-баптың 1) тармақшасы екінші бөлігінің төртінші және бесінші абзацтары және 2) тармақшасы екінші бөлігінің екінші абзацы алып тасталсын;
12) 18 және 19-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметті лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) мемлекеттік құпияларды техникалық қорғау бойынша.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
мемлекеттік құпияларды қорғаудың техникалық құралдарын әзірлеу, өндіру, жөндеу және оларға сервистік қызмет көрсету;
мемлекеттік құпияларды қорғаудың техникалық құралдарын монтаждау, орнату, оларға қызмет көрсету;
2) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру).
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу;
ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізу (оның ішінде өзге де беру);
3) ақпараттың таралып кетуіне жол беретін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөнінде қызметтер көрсету.
19-бап. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы қызметті лицензиялау
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру;
жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды жөндеу және өткізу.»;
13) 20-бапта:
1) тармақшаның бірінші бөлігі, екінші бөлігінің екінші, үшінші, төртінші абзацтары «реттеуді,» деген сөзден кейін «жаңартуды, орнатуды,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшаның екінші бөлігі мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өздерінің өндірістік қажеттіліктері үшін сатып алу;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын өндіру;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын жөндеу;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сату;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын коллекцияға жинау;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын экспонаттау;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сату;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдалану;»;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу.»;
14) 22-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
1) тармақша алып тасталсын;
2) тармақшаның екінші бөлігінде:
бесінші абзац алып тасталсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Интернет жүйесіне қол жетімділік қызметін көрсету;»;
жетінші, он бірінші және он екінші абзацтар алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
2-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «саласындағы қызметпен» деген сөздер «қызметтерін көрсетумен» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 23 және 25-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«23-бап. Білім беру саласындағы қызметті лицензиялау
Білім беру қызметімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.
Қызметтің бұл түрі қызметтің мынадай кіші түрлерін қамтиды:
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламалары;
техникалық және кәсіптік білім берудің, оның ішінде кәсіптер мен мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламалары;
орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің, оның ішінде мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламалары;
діни білім беру бағдарламалары.»;
«25-бап. Ауыл және орман шаруашылығы, геодезия және картография саласындағы қызметті лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау;
2) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету;
3) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету;
4) геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргiзу.
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
геодезиялық жұмыстар жүргiзу;
картографиялық жұмыстар жүргiзу.»;
16) 26-баптың 1) тармақшасы екінші бөлігінің алтыншы абзацындағы «препараттарының санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы, оларды» деген сөздер «препараттарын» деген сөзбен ауыстырылсын;
17) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«27-бап. Жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету саласындағы қызметті лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) адвокаттық қызмет;
2) нотариаттық қызмет;
3) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда);
4) зияткерлік меншікті, материалдық емес активтер құнын бағалау;
5) аудиторлық қызмет;
6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызмет көрсетумен айналысу.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
шаруашылық және өзге де қызметтің І санаты үшін табиғат қорғауға қатысты жобалау, нормалау;
шаруашылық және өзге де қызметтің І санаты үшін экологиялық сараптама саласындағы жұмыстар;
шаруашылық және өзге де қызметтің І санаты үшін экологиялық аудит;
7) лотерея ұйымдастыру және өткізу;
8) заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыру;
9) туроператорлық қызмет;
10) жеке сот орындаушыларының қызметі.»;
18) 29-баптың екінші бөлігінде:
екінші абзацтағы «және өткізу» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші және бесінші абзацтар алып тасталсын;
19) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«33-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау
Лицензияның болуы мынадай қызмет түрлерiмен айналысу үшiн талап етiледi:
1) iздестiру қызметi.
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
инженерлiк-геодезиялық жұмыстар, оның iшiнде:
геодезиялық орталықтарды салу және қалау;
жоспарлы-биiктiк түсiру желiлерiн құру;
жобалау мен салуға арналған топографиялық жұмыстар (1:10000-нан 1:200-ге дейінгі масштабтағы түсiрулер, сондай-ақ жерасты коммуникациялары мен құрылыстарын түсiру, жердегi желiлiк құрылыстар мен олардың элементтерiн трассалау және түсiру);
инженерлiк-геологиялық әзiрлемелердi, геофизикалық және басқа да iздестiру нүктелерiн бекіту арқылы нақты іске асырумен байланысты геодезиялық жұмыстар;
инженерлiк-геологиялық және инженерлiк-гидрогеологиялық жұмыстар, оның iшiнде:
геофизикалық зерттеулер, шолып байқау және түсiру;
жер қабаттарын далалық зерттеулер, гидрогеологиялық зерттеулер;
2) жобалау қызметі.
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
қала құрылысын (тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды қоспағанда, тарихи құрылыс аудандарының қала құрылысын қалпына келтiру үшiн жобалау құқығымен) жобалау және жоспарлау, оның iшiнде:
жоспарлау құжаттамасын (аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын - аудандық жоспарлау жобаларын, елдi мекендердiң бас жоспарларын, аудандарды, шағын аудандарды, орамдарды, жекелеген учаскелердi егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары мен салу жобаларын);
елдi-мекендердiң (елдi-мекендер шекараларының шегiнде орналасқан көше-жол желiлерi мен қалаiшiлiк және сыртқы көлiк объектiлерiнiң) және қонысаралық аумақтардың (елдi-мекендердiң көше-жол желiсiнен тысқары орналасқан сыртқы көлiк объектiлерi мен коммуникацияларының) көлiк инфрақұрылымын дамыту схемаларын;
құрылыс салу жүйесiнде жылу энергиясын өндiру және тасымалдау жөніндегі объектiлердi орналастыра отырып, елдi мекендердi жылумен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi жылумен жабдықтау схемаларын;
ауыз су және (немесе) техникалық су көздерiн орналастыра отырып және су ағызуды трассалай отырып, елдi-мекендердi сумен жабдықтау схемаларын, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi сумен жабдықтау схемаларын;
тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның қалдық суларын жинау мен ағызудың орталықтандырылған жүйесiн, бас тазартқыш құрылыстарды, қалдық суларды буландыру және қайта генерациялау жөніндегі объектiлердi орналастыруды қоса алғанда, елдi-мекендер мен өндiрiстiк кешендердiң кәрiз схемаларын;
қонысаралық аумақтарда орналасқан елдi мекендер мен өндiрiстiк кешендердi газбен жабдықтау схемаларын;
құрылыс салу жүйесiнде электр энергиясын өндiру және тасымалдау жөніндегі объектiлердi орналастыра отырып, елдi мекендердi электрмен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi электрмен жабдықтау схемаларын;
инфрақұрылым объектiлерi мен ақпарат көздерiн орналастыра отырып, елдi мекендер үшiн телекоммуникация және байланыс схемаларын әзiрлеу;
күрделiлiгi бірiншi немесе екiншi және үшiншi деңгейлердегi ғимараттар мен құрылыстарды сәулеттiк жобалау (тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын қоспағанда, сәулеттiк-реставрациялау жұмыстары үшiн жобалау құқығымен), оның iшiнде:
объектiлердiң бас жоспарларын, аумақтың инженерлiк дайындығын, жер бедерiн көркейтуді және ұйымдастыруды;