«6. Стратегиялық объектіге өндіріп алу қолданылған немесе банкроттық, оңалту немесе жеделдетілген оңалту рәсімі туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалған жағдайларда, стратегиялық объектілердің меншік иелері (құқық иеленушілері) стратегиялық объектіге өндіріп алуды жүргізу туралы хабарлама алған кезден бастап немесе соттың банкроттық, оңалту туралы немесе жеделдетілген оңалту рәсімі бойынша іс қозғау туралы ұйғарымының көшірмесін алған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органды стратегиялық объектіге өндіріп алудың жүргізілуі немесе банкроттық, оңалту немесе жеделдетілген оңалту рәсімі туралы іс бойынша іс жүргізудің қозғалуы туралы жазбаша хабардар етуге міндетті. Хабарлау жөніндегі міндеттерді сақтамау осы Заңның 195-бабында көзделген салдарларға әкеліп соғады.».
10. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 12, 111-құжат):
12-тармақтың 1) тармақшасында:
үшінші, төртінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
1. Оңалту рәсiмiн және конкурстық iс жүргiзудi жүзеге асыру мақсатына қол жеткiзу үшiн оларды жүргiзу кезеңiнде төлемге қабілетсіз және дәрменсiз борышкердiң барлық органдары оны басқарудан шеттетiледi және борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктер оңалтушы не конкурстық басқарушыға (таратушыға) берiледi.
Оңалтушы және конкурстық басқарушылар (таратушы) борышкердi басқарудың бiрден-бiр органы ретiнде әрекет етедi және өз өкiлеттiктерiн борышкердiң тұрған жерi бойынша жүзеге асыруға мiндеттi.
Осы тармақтың ережелерi осы Заңның 9-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.»;
алтыншы абзац алып тасталсын;
тоғызыншы және қырық бесінші абзацтардағы «осы бабының 2-тармағында» деген сөздер «9-1-бабының 1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
қырық тоғызыншы абзацтағы «осы баптың 2-тармағында» деген сөздер «осы Заңның 9-1-бабының 1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы ақпанның 17-і.
№ 564-IV