10. Сот осы Заңда белгіленген талаптардың бұзылғандығы анықталған жағдайларда, оңалту жоспарын бекітуден бас тартуға құқылы.
11. Соттың оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарымы:
1) оңалту жоспарын бекіту туралы;
2) оңалту рәсімін аяқтау және қорытынды есеп беру мерзімдері туралы;
3) уәкілетті органның оңалтушы басқарушыны тағайындауы туралы немесе басқару құқығының борышкер мүлкінің меншік иесінде, қатысушыларда (акционерлерде) сақталғандығы туралы нұсқауларды қамтуға тиіс.»;
28) 45-бап алып тасталсын;
29) мынадай мазмұндағы 45-1-баппен толықтырылсын:
«45-1-бап. Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру.
1. Борышкер оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешім заңды күшiне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде борышкерге оңалту рәсiмiнің қолданылуы туралы және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы жарияланымды Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде орналастырады.
Борышкердің интернет-ресурсы бар болған жағдайда, борышкерге оңалту рәсiмiнің қолданылуы және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарламаны аталған интернет-ресурста жариялау міндетті болып табылады.
2. Кредиторлардың борышкерге қоятын талаптарын мәлімдеу және қарау осы Заңның 71 - 72-баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Борышкер оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешім заңды күшiне енген күннен бастап үш айдан кешіктірмей кредиторлар талаптарының тізілімін және оларды қарау нәтижелерін бекіту үшін уәкілетті органға беруге міндетті.
4. Борышкер ұсынған кредиторлар талаптарының тізілімін уәкілетті орган кредиторлар талаптарының тізілімі ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бекітеді.
5. Уәкілетті орган осы Заңның 71 - 72-баптарының талаптарын бұза отыра жасалған кредиторлар талаптарының тізілімін бес жұмыс күні ішінде жойылуға жататын қайтару себептерін көрсете отырып, ол ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей пысықтауға қайтарады.»;
30) 46-бап алып тасталсын;
31) мынадай мазмұндағы 46-1-баппен толықтырылсын:
«46-1-бап. Кредиторлар жиналысы
1. Барлық кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар жиналысы шақырылады.
2. Кредиторлар жиналысына қатысу құқығы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторларға (олардың өкілдеріне), борышкер мүлкінің меншік иесіне (ол уәкілеттілік берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға), уәкілетті органға тиесілі.
3. Кредиторлар жиналысын ұйымдастыру, өткізу және оның шешімдер қабылдауы осы Заңның 14-3-бабының 6 - 11-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
4. Кредиторлар жиналысының хаттамасы екі данада жасалады, оның бірі оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған сотқа, екіншісі кредиторлар комитетіне беріледі.
Кредиторлар жиналысының хаттамасына:
1) кредиторлар жиналысын өткізу күніндегі кредиторлар талаптары тізілімінің;
2) жиналысқа қатысушылар өкілдерінің өкілеттіктерін растайтын құжаттардың;
3) жиналысқа қатысушыларға танысу және (немесе) бекіту үшін ұсынылған материалдардың;
4) кредиторлар жиналысын өткізу күні мен орны туралы кредиторларды тиісті түрде хабардар еткені туралы айғақтайтын дәлелдемелер болып табылатын құжаттардың;
5) борышкердің қалауы бойынша өзге де құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.
5. Кредиторлар жиналысының айрықша құзыретіне:
1) борышкер мүлкінің меншік иесінде (ол уәкілеттік берген органда), құрылтайшыларда (қатысушыларда) оңалту жоспарын бекіткен сәттен бастап борышкер мүлкін және істерін басқару құқығын сақтау немесе оның күшін жою туралы шешім қабылдау;
2) кредиторлар комитеті құрамының санын айқындау, құрамын қалыптастыру және бекіту;
3) кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер енгізу;
4) оңалту жоспарын келісу;
5) оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды келісу;
6) оңалту рәсімін ұзартуды келісу;
7) кредиторлар комитеті мүшелерінің оңалту рәсімін жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты кредиторлар назарына жеткізуінің тәртібі мен мерзімін айқындау;
8) өзге мәмілелерді кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс жасалатындардың санатына жатқызу;
9) оңалту жоспарында көзделмеген, кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді келісу;
10) борышкердің өндiрiп алынуы мүмкiн емес дебиторлық берешегiнiң сомасын бекiту;
11) оңалтушы басқарушының кандидатурасын таңдау;
12) оңалтушы басқарушының негізгі сыйақы сомасын және оны төлеу тәртібін айқындау;
13) борышкер мүлкін және істерін басқару құқығы борышкер мүлкінің меншік иесінде (ол уәкілеттік берген органда), құрылтайшыларда (қатысушыларда) сақталған жағдайда, борышкерді басқару органдары мүшелерінің ақшалай сыйақысының сомасын анықтау;
14) оңалтушы басқарушының (борышкердің) қорытынды есебін келісу;
15) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктер жатады.
6. Кредиторлар жиналысының құзыретіне кіретін, осы баптың 5-тармағының 1), 4), 5), 6) және 11) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде сырттай дауыс беруге жол берілмейді.»;
32) 47, 48, 49 және 50-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«47-бап. Кредиторлармен есеп айырысу
1. Оңалту рәсімін қолданған кезден бастап:
1) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды қоспағанда, жалақыдан және (немесе) өзге де кiрiстен ұсталған алименттердi төлеу жөнiндегi талаптар, сондай-ақ өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн борышкер жауапты болатын азаматтардың талаптары қанағаттандырылады;
2) төлеу мерзiмi оңалту рәсiмi қолданылғаннан кейiн басталған, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеп жатқан адамдармен өтемақылар және еңбекақы төлеу бойынша, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар төлеу бойынша және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу бойынша есеп айырысу жүргізіледі;
3) кредиторлардың мiндеттемелерден, оның iшiнде оңалтушы басқарушы (борышкер) жасасқан мәмiлелерден туындаған, орындалу мерзiмi оңалту рәсiмiн жүзеге асыру кезеңiнде басталатын талаптары қанағаттандырылады.
2. Борышкердiң кредиторлар алдындағы берешектерi бойынша басқа да барлық есеп айырысулар, оның iшiнде өндіріп алынуы атқару парақтары бойынша немесе даусыз (акцептісіз) тәртiппен жүргiзiлетiн берешектер осы Заңның 75 және 76-баптарында белгiленген кезектiлiк пен есеп айырысу қағидалары сақтала отырып, оңалту жоспарына сәйкес кредиторлар талаптарының тiзiлiмi бекiтiлгеннен кейiн жүзеге асырылады.
Өткен салық кезеңдері және оңалту рәсімі қолданылған салық кезеңі үшін салық есептілігіне сәйкес салық төлеуші есептеген, салықтық тексерулер нәтижелері бойынша салық қызметі органы есепке жазған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелер туындаған кезде кредиторлар талаптарының тізіліміне, сондай-ақ оңалту жоспарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
3. Кредиторлардың борышкерге қоятын талаптарын мәлімдеуі мен оларды қарау осы Заңның 71-72-баптарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту осы Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Кредиторлардың оңалту рәсiмi қолданылғанға дейiн туындаған талаптарын қанағаттандыру, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиторлар талаптарының тiзiлiмi бекiтiлгеннен кейiн жүргiзiледi.
5. Кепілді кредитор:
1) өзінің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін, осы Заңды бұзушылық анықталған;
2) өзінің алдындағы берешекті өтеу кестесі бұзылған;
3) кепіл нысанасы болып табылатын мүлік құнының өз мүдделеріне қысым жасауға әкеп соқтыратындай төмендеуі;
4) егер өзінің алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын мүлік борышкер-кәсіпорынның қызметін жалғастыру үшін немесе оңалту жоспарын іске асыру үшін талап етілмесе, өзінің алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын борышкер мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы сотқа жүгінуге құқылы.
48-бап. Оңалтушы басқарушы
Осы Заңда белгіленген жағдайларда оңалтушы басқарушыны оңалту жоспарын бекіту туралы сот ұйғарымы күшіне енгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган тағайындайды.
49-бап. Оңалтушы басқарушыға сыйақы төлеу
1. Оңалтушы басқарушыға сыйақы борышкердiң мүлкiнен төленедi және әкiмшiлiк шығыстарына жатқызылады. Негізгі сыйақының мөлшері мен сомасын және оны төлеу тәртiбiн кредиторлар жиналысы осы баптың талаптарына сәйкес айқындайды.
2. Оңалтушы басқарушыға төленетiн сыйақы:
1) оның өз мiндеттерiн атқарған барлық кезеңi үшiн төленетiн, ай сайынғы сомасы елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс ағымдағы төлемдердi;
2) оңалту рәсiмiнiң мақсаттарына қол жеткізу мiндеттi жағдайда, оңалтушы басқарушыға кредиторлар төлеуі мүмкін қосымша төлемдердi қамтиды.
Қосымша сыйақының мөлшері:
бірінші, екінші кезектегі кредитор талаптарын өтеуге бағытталған қаражаттың екі пайызына дейін;
үшінші және бесінші кезектегі кредитор талаптарын өтеуге бағытталған қаражаттың бес пайызына дейін құрауы мүмкін.
Кредитор қосымша сыйақыны төлеу туралы кредитордың келісімін оның мөлшерін көрсете отырып, жазбаша түрде кемінде екі данада шығарады, оның біреуін оңалтушы басқарушы мұндай шешімді кредитор қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жібереді.
3. Борышкердің мүлкін және істерін басқару құқығы борышкер мүлкінің меншік иесінде (ол уәкілеттік берген органда), құрылтайшыларда (қатысушыларда) сақталған, оңалтушы басқарушының өкілеттіктері борышкердің басшысына жүктелген жағдайларда, осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген ағымдағы төлемдердің ең көп сомасын шектеу борышкердің басшысына қолданылмайды, осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген қосымша төлемдер жүргізілмейді.
50-бап. Оңалту рәсімінің мерзімі
Сот оңалту рәсімін жүргізу мерзімін оңалту жоспарына сәйкес белгілейді. Сот оңалтушы басқарушының қолдаухаты бойынша кредиторлар жиналысының келiсiмiмен осы мерзiмдi ұзартуға құқылы, бiрақ ол алты айдан аспауға тиiс.
Табиғи монополия субъектiлерi немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерi болып табылатын не республика экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға әсер етуге қабілетті ұйымдар үшiн сот оңалту рәсiмiнiң мерзiмiн екi жылға дейiн ұзартуға құқылы.
Ұйым мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы мәртебесін алған жағдайда, сот оңалтушы басқарушының өтiнiшi бойынша, кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен оңалту рәсімін жүргізуді тоқтата тұруға құқылы.»;
33) мынадай мазмұндағы 50-1-баппен толықтырылсын:
«50-1-бап. Мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы үшін оңалту рәсімін тоқтата тұру және қайта бастау
1. Оңалту рәсімін тоқтата тұру туралы өтінішті сот ол түскен күннен бастап он жұмыс күнінен кеш емес мерзімде қарауға тиіс.
Оңалту рәсімін тоқтата тұру үшін борышкердің мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы мәртебесін алуы және кредиторлар комитетінің шешімі негіз болып табылады.
2. Сот оңалту рәсімін тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарған сәттен бастап, мынадай салдарлар басталады:
1) оңалтушы басқарушы борышкердің мүлкі мен істерін басқарудан шеттетіледі және басқару борышкер мүлкінің меншік иесіне (ол уәкілеттік берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға) өтеді;
2) осы Заңның 43-2-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының қолданысы тоқтатыла тұрады;
3) ұйымды оңалту жоспарының орындалуы тоқтатыла тұрады;
4) кредиторлардың талаптарын өтеу мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде қабылданған оңалту жоспарына сәйкес жүргізіледі.
3. Кредиторлар комитеті оңалту рәсімін қайта бастау туралы өтінішпен сотқа жүгіну туралы шешім қабылдауға құқылы. Осындай өтінішпен кредиторлар комитеті уәкілеттік берген тұлға жүгінеді.
Оңалту рәсімін қайта бастау туралы сот ұйғарымы күшіне енген күннен бастап, осы баптың 2-тармағының қолданысы тоқтатылады.»;
34) 51, 53 және 54-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«51-бап. Оңалтушы басқарушының өкiлеттiктерi
1. Оңалтушы басқарушы:
1) борышкердiң мүлкiн басқаруға қабылдайды және оған осы Заңда белгiленген шекте билiк етедi;
2) борышкердiң мүлкiне қатысты тиiстi құқықтарға ие болады және оның барлық органдары үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мiндеттердi атқарады;
3) өзін уәкiлеттi орган тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында борышкерге оңалту рәсiмiн қолдану туралы және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртiбi туралы жарияланымды қазақ және орыс тiлдерiнде орналастырады;
4) оңалту жоспарын орындауды ұйымдастырады;
5) оңалту рәсіміне кредиторлар жиналысымен келісілген өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сотқа қолдаухат жібереді;
6) кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізеді;
7) кредиторлар комитетінің барлық мүшелеріне осы Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерде өткізілетін комитеттің бірінші отырысының өтетін күні мен орны туралы хабарлайды;
8) осы Заңның 14-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде кредиторлар комитетінің мүшелеріне хабарлама жібереді;
9) осы Заңның 14-3-бабының 7-тармағында белгіленген іс-әрекеттерді жасайды, сондай-ақ кредиторлар жиналысының сырттай дауыс беруді таңдаған қатысушыларына осы Заңның 14-3-бабының 8-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде материалдарды жібереді;
10) ұйымдардан, мемлекеттік органдардан және олардың лауазымды адамдарынан борышкер туралы ақпаратты сұратады және алады;
11) банкроттық туралы заңнамамен реттелетін қатынастарға ақпараттық жүйені қолдана отырып қатысуға құқылы;
12) оңалту рәсімін тоқтата тұру туралы сотқа жүгінеді;
13) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
2. Кредиторлар жиналысының шешіміне сәйкес оңалтушы басқарушы:
1) кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелер жасасады;
2) борышкердiң тұтынуға, оның iшiнде борышкер қызметкерлерiне еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды ұлғайтуға әкеп соғатын шешiмдер қабылдайды;
3) оңалту рәсімін тоқтату туралы сотқа жүгінеді;
4) осы Заңда белгіленген жағдайларда, оңалту рәсімін тоқтату және борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа жүгінеді.
Осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында белгіленген қағидалар оңалту жоспарында көзделген, борышкердің мүлкіне билік ету жөніндегі мәмілелерге қолданылмайды.
3. Оңалтушы басқарушы өткен айдағы қаржылық жағдайы, кәдімгі коммерциялық операциялар барысында жасалған мәмілелер туралы ақпаратты әр айдың 15-інен кешіктірмей кредиторлар комитеті мүшелерінің назарына жеткізуге, кредиторлар комитетінің талабы бойынша кез келген ақпаратты ұсынуға міндетті.
Оңалтушы басқарушы өзінің қызметін жүзеге асыру барысы туралы толық ақпаратты борышкердің кез келген кредиторына оның жазбаша сұрауы негізінде беруге міндетті.
4. Егер борышкердiң оңалту рәсiмi қолданылғаннан кейiн туындаған ақшалай мiндеттемелерінiң жалпы сомасы оңалту рәсiмi қолданылған кездегi кредиттік берешектiң жалпы сомасының жиырма пайызынан асып кетсе, оңалтушы басқарушы борышкердiң жаңа ақшалай мiндеттемелерiн туғызатын мәмiлелердi кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен ғана жасаса алады.
5. Оңалтушы басқарушы осы Заңның 6-бабында көрсетiлген мән-жайлар кезiнде борышкер жасасқан мәмiлелердi анықтайды және оларды сот тәртібімен жарамсыз деп тану не мүлiктi қайтару туралы талаптар қояды.»;
«53-бап. Оңалту рәсімін тоқтату
1. Оңалтушы басқарушы:
1) егер борышкерге қатысты оңалту рәсiмiнiң мақсатына қол жеткізілсе;
2) егер ол бұл мақсатқа қол жеткізу мүмкін еместігіне көз жеткізсе, кредиторлар жиналысының шешімі бойынша борышкерге қатысты оңалту рәсiмiн тоқтату туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнедi.
Оңалтушы басқарушының өтiнiшiне оңалтушы басқарушының қорытынды есебi қоса беріледi.
Мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде бекітілген оңалту жоспары орындалған жағдайда, мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен жүгінеді.
2. Борышкердi оңалту жоспарын iске асыру не оңалтушы басқарушының iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өз мүдделерiне залал келтiредi деп есептейтiн борышкер мүлкiнiң меншік иесi (ол уәкiлеттік берген орган) оңалту рәсiмiн тоқтату туралы сотқа жүгіне алады.
3. Кредиторлар жиналысының өткізілуі туралы тиісті түрде хабардар етілмеген жағдайда, талап сомасы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптардың жалпы сомасының кемінде он пайызын құрайтын кредитордың оңалту рәсімін тоқтату туралы сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Кредитор (кредиторлар):
1) борышкердің кредиторлар талаптарының тізілімін, оңалту жоспарын құру жөніндегі iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өзінің мүліктік мүдделеріне залал келтіретінін растайтын негіздер болған кезде;
2) кредиторлық берешекті өтеу кестесі үш айдан астам орындалмаған кезде;
3) оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішке қоса берілген құжаттарда қамтылған дәйексіз мәліметтерді ұсыну фактілері анықталған кезде;
4) борышкердi оңалту жоспарын iске асыру не оңалтушы басқарушының iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өзінің мүліктік мүдделерiне залал келтiретінін растайтын негіздер болған кезде оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінуі мүмкін.
5. Сотқа осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында, 2, 3, 4-тармақтарында көзделген негіздер бойынша оңалту рәсімін тоқтату туралы өтініш берілген кезде өтініш беруші тұлға борышкерді банкрот деп тану туралы талапты өтініште көрсетуге міндетті.
Осы тармақтың талаптары орындалмаған жағдайда сот оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішті қараусыз қалдырады.
6. Кредиторлар жиналысы оңалту рәсімін келісуден бас тартқан не борышкер осы Заңның 37-1-бабының 2-тармағының 4) тармақшасында белгіленген мерзімде оңалту жоспарын ұсынбаған жағдайларда, сот оңалту рәсімін тоқтатады.
54-бап. Оңалту рәсімін тоқтату салдарлары
Осы Заңның 53-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 2, 3, 4-тармақтарында көзделген негіздер бойынша оңалту рәсімі тоқтатылған және банкроттық туралы іс қозғалған (қайта басталған) жағдайда:
1) осы Заңның 43-2-бабында көзделген салдарлар сақталады;
2) борышкерді банкрот деп тану туралы шешім шығарылғанға және конкурстық басқарушы тағайындалғанға дейін борышкер мүлкін және істерін басқару құқығы оңалту рәсімінде басқаруды жүзеге асырған тұлғада сақталады.»;
35) 70-бапта:
1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) осы Заңның 14-бабының 2-тармағында көзделген хабарламаны жібереді.
Комитеттің бірінші отырысы осы Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерде өткізіледі;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) іс-шараларын жоспарын қоса алғанда, кредиторлар комитетімен жасасқан келісімнің талаптарын орындайды;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) кредиторлардың талаптарын өтеу мақсатында банкроттың мүліктерін (активтерін) сату жоспарын кредиторлар комитетінің бекітуіне ұсынады және оны өткізуді жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 6-2), 6-3) және 9-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-2) алдыңғы айдағы конкурстық іс жүргізу рәсімін жүзеге асыру барысы туралы толық ақпаратты әр айдың 15-інен кешіктірмей кредиторлар комитетіне табыс етеді;
6-3) борышкердің кез келген кредиторына оның жазбаша сұратуы негізінде өз қызметін жүзеге асыру барысы туралы толық ақпаратты ұсынады;»;
«9-3) борышкерді банкрот деп тану туралы шешімнің күші жойылған кезде, өзі шеттетілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде борышкердің құрылтай, қаржылық және оның мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарын қоса алғанда, барлық құжаттарын, борышкердің барлық мүлкін (активтерін), сондай-ақ борышкердің мөрін жаңадан тағайындалған конкурстық басқарушыға немесе борышкердің басшысына беруге міндетті;»;
36) 73-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Конкурстық басқарушы ұсынған, банкроттық туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін кредиторлар талаптарының тізілімін уәкілетті орган кредиторлар талаптарының тізілімі ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бекітеді.
Кредиторлар талаптарының ұсынылған тізілімі банкроттық туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде жойылуға жататын қайтару себептерін көрсете отырып, ол ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей пысықтауға қайтарады.»;
37) 84-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Борышкердің талап ету құқықтарын қоса алғанда, мүлкін сатуды конкурстық басқарушы кредиторлар комитеті бекіткен мүлікті сату жоспарына сәйкес сауда-саттық жүргізу жолымен жүзеге асырады.».
5. «Аралық соттар туралы» 2004 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 24, 151-құжат; 2009 ж., № 9-10, 47-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат):
7-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың, кәмелетке толмаған адамдардың, заңда белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдардың, аралық келiсiмге қатысушылар болып табылмайтын адамдардың мүдделерiн қозғайтын даулар, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер нарығында үстем жағдайға ие субъектiлердiң көрсетiлетiн қызметтердi ұсынуы, жұмыстарды орындауы, тауарларды өндiруі туралы шарттардан туындаған, сондай-ақ банкроттық немесе оңалту туралы iстер жөнiндегi даулар аралық соттардың ведомстволық қарауына жатпайды.».
6. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат, №7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат):
8-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың 2) тармақшасының талаптары өздеріне қатысты оңалту рәсімі өткізіліп жатқан әлеуетті өнім берушілерге, сондай-ақ жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану міндетті болатын, мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.».
7. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат):
48-2-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте салық берешегін өтеуді кейінге қалдыру мүлікті кепілге қоймай және (немесе) банктің кепілдігінсіз Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім қабылдаған күннен бастап үш жылдан аспайтын мерзімге бір рет, осы тармақта көзделген шешім шығарылған күні:
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағытының;
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бағдарламасының қатысушылары болып табылатын салық төлеушілерге беріледі.».
8. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат):
42-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) борышкер болып табылатын заңды тұлға қайта құрылған немесе заңда белгіленген тәртіппен жеделдетілген оңалту рәсімі, оңалту рәсімі, банкроттық туралы іс жүргізуді қозғау жөнінде шешім қабылданған;».
9. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат):
192-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: