Ветеринария туралы
2002 ж. 10 шілдедегі № 339-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2011.15.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 12 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы Заң ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша:
«ветеринариялық қадағалау», «ветеринариялық қадағалауды», «ветеринариялық қадағалаудың», «ветеринариялық қадағалауға» деген сөздер тиісінше «ветеринариялық-санитариялық бақылау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды», «ветеринариялық-санитариялық бақылаудың», «ветеринариялық-санитариялық бақылауға» деген сөздермен ауыстырылды
«ветеринариялық инспекторлар», «ветеринариялық инспекторлары», «ветеринариялық инспекторларының», «ветеринариялық инспекторларымен», «ветеринариялық инспекторларын», «ветеринария инспекторларын», «ветеринариялық инспекторларды», «Ветеринариялық инспекторлардың», «ветеринариялық инспекторлардың», «ветеринариялық инспектор», «ветеринариялық инспектордың», «ветеринариялық инспекторының», «ветеринариялық инспекторда», «ветеринариялық инспекторы», «ветеринариялық инспекторын», «ветеринариялық инспекторларға» деген сөздер тиісінше «ветеринариялық-санитариялық инспекторлар», «ветеринариялық-санитариялық инспекторлары», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларының», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларын», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларды», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларды», «Ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың», «ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың», «ветеринариялық-санитариялық инспектор», «ветеринариялық-санитариялық инспектордың», «ветеринариялық-санитариялық инспекторының», «ветеринариялық-санитариялық инспекторда», «ветеринариялық-санитариялық инспекторы», «ветеринариялық-санитариялық инспекторын», «ветеринариялық-санитариялық инспекторларға» деген сөздермен ауыстырылды
«базарларда», «базарлардағы», «Базарларда», «Базарлардағы», «базардағы», «нарықтардағы», «нарыққа» деген сөздер тиісінше «ішкі сауда объектілерінде», «ішкі сауда объектілеріндегі», «Ішкі сауда объектілерінде», «Ішкі сауда объектілеріндегі», «ішкі сауда объектілеріндегі», «ішкі сауда объектісіне», деген сөздермен ауыстырылды
«өнімдерге» деген сөз «өнімдер мен шикізатқа» сөздермен ауыстырылды
«мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің», «мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді», «мемлекеттік ветеринариялық қадағалау орындары бақылайтын жүктерді», «мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жататын жүктерді», «мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жүктер», «басқа мемлекеттерден ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің», «Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің», «Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді», «базарларды, ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді», «мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер», «Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер», «мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүк» деген сөздер тиісінше «орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің», «орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді», «орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді», «ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер», «басқа мемлекеттерден орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің», «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің», «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді», «ішкі сауда объектілерін, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді», «орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер», «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер», «орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті» деген сөздермен ауыстырылды
«ветеринариялық бақылау», «ветеринариялық бақылауды», «ветеринариялық бақылауға» деген сөздер тиісінше «ветеринариялық-санитариялық бақылау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды», «ветеринариялық-санитариялық бақылауға» деген сөздермен ауыстырылды
«ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган», «ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның», «Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган», «ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен», «Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның» деген сөздер тиісінше «уәкілетті орган», «уәкілетті органның», «Уәкілетті орган», «уәкілетті органмен», «Уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара);
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ветеринариялық-санитариялық бақылау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды», «ветеринариялық-санитариялық бақыланатын», «ветеринариялық-санитариялық бақылаудың», «ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу», «ветеринариялық-санитариялық бақылауға», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды» деген сөздер тиісінше «ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды», «ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын», «ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың», «ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу мен қадағалау», «ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара);
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы» деген сөздердің алдынан тиісінше «кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін», «Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін» деген сөздермен толықтырылды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аймақ - жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотия жағдайымен сипатталатын, әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарамастан шартты түрде шектелген аумақ;
2) ауру бойынша қолайсыз пункт (қолайсыз пункт) - эпизоотия ошағы белгіленген аумақ;
3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасы - ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін ветеринариялық есептің бөлігі;
4) бақылау аймағы - буферлік аймақ пен қолайлы аймақ арасында белгіленген аймақ;
5) буферлік аймақ - инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында жануарларға жүйелі түрде егу жасалатын және басқа да ветеринариялық іс-шаралар жүргізілетін қолайсыз аймақ пен бақылау аймағының арасында белгіленген аумақ;
6) ветеринария (ветеринария саласы) - жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық қызмет саласы;
7) ветеринариялық бақылау бекеті - шекара және кеден пункттері аумағында (кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізетін пункттер) орналасқан, уәкілетті орган ведомствосының өткізілетін (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған бөлімшесі;
8) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптарды белгілейтін, сондай-ақ ветеринариялық нормативтердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын нормативтік құқықтық акт;
9) ветеринариялық құжаттар - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат; жануарға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама;
10) ветеринариялық паспорт - жануарларды және ветеринариялық іс-шараларды есепке алу мақсатында малдың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы, жүргізілген ветеринариялық дауалаудың мерзімдері мен сипаты көрсетілетін уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат;
11) ветеринариялық препараттар - жануарлар ауруларының профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу, олардың өнімділігін арттыру, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау үшін жануарлардан, өсімдіктерден алынатын немесе синтетикалық текті заттар, сондай-ақ жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын заттар;
12) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының айналысы - ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау, тасымалдау, байқаудан өткізу, тіркеу сынақтары, сәйкестігін растау, қауіпсіздігі мен сапасын бақылау, жарнамалау, өткізу немесе қолдану;
13) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеу - уәкілетті органның ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары сараптамасының, оларды байқаудан өткізудің және тіркеу сынақтарының нәтижелері бойынша оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізіліміне енгізуі және оларға белгіленген нысандағы тіркеу куәліктерін беруі;
14) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізілімі - уәкілетті орган шығаратын мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасында өндіруге, импорттауға және қолдануға рұқсат етілген ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары туралы мәліметтері бар тізбе;
15) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтары - ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін айқындау үшін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қолданылатын әдістер, әдістемелер кешені;
16) ветеринариялық препаратты, жемшөп пен жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу - ветеринариялық препаратты, жемшөп пен жемшөп қоспаларын ветеринария практикасында пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін, оның иммундық-биологиялық қасиеттері мен эпизоотологиялық тиімділігін, олардың жануар организміне тигізетін әсерінің зардаптары жоқтығын, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздігін айқындау мақсатында, шектеулі зертханалық және (немесе) өндірістік жағдайларда уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сынақтан өткізу;
17) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік - жануарлардың саулығы, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың тағамдық қауіпсіздігі, аумақтың ветеринариялық-санитариялық салауаттылығы, халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілетін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің жай-күйі;
18) ветеринариялық-санитариялық сараптама - жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкес келуін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешені арқылы тексеру;
19) ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы - ішкі сауда объектілерінде және (немесе) басқа орындарда өткізілетін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа, жемшөп пен жемшөп қоспаларына ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлімшесі;
20) ветеринариялық іс-шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бірдейлендіру рәсімін қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;
21) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ветеринария саласында басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
22) есептік нөмір - өндіріс объектісінің қызмет түрі мен нөмірін қамтитын код;
23) ет өңдейтін кәсіпорын - жануарларды сою және сойылған өнімдерді өңдеу жүзеге асырылатын, мал базасы, өндірістік цехы, өндірістік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бөлімі және ветеринариялық-санитариялық нормалар мен талаптарға сай келетін басқа да қосалқы объектілері бар өндірістік кешен;
24) жануарды ветеринариялық тексеріп қарау - жануар саулығының жалпы жай-күйін айқындау мақсатында ветеринариялық дәрігердің, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың оны клиникалық тексеріп қарауы;
25) жануарлар ауруларын қоздырушылар - вирустар, бактериялар, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар, приондар, қарапайым жәндіктер, саңырауқұлақтар, гельминттер, кенелер, жәндіктер;
26) жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функция - жануарлардың аса қауіпті, баяу және экзотикалық ауруларының қоздырушыларын типтендіруді жүзеге асыру (белгілі бір түр ішіндегі типтік айырмашылықтарды айқындау), сондай-ақ күмәнді немесе даулы жағдайларда түпкілікті диагноз қою;
27) жануарлардан алынатын өнімдер - ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ балара шаруашылығының өнімдері;
28) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветеринариялық тексеріп қарау - қауіпсіздікті алдын ала айқындау мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, ветеринариялық дәрігер жүзеге асыратын жануарлардың ұшасы мен ағзаларының, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың көзге көрінетін өзгерістерін, оларда аурулардың пайда болуының патологиялық белгілерін анықтау үшін тексеру жүргізу;
29) жануарлардан алынатын шикізат - жануарлардан алынатын, жануарларды азықтандыруға арналған және (немесе) өнеркәсіпте пайдаланылатын тері, жүн, түк, қыл, бағалы аң терісі, мамық, қауырсын, эндокриндік бездер, ішек-қарын, қан, сүйек, мүйіз, тұяқ, басқа да өнім;
30) жануарлардың аса қауіпті аурулары - уәкілетті орган айқындайтын, жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, тез немесе кең таралатын, жануарлардың ауруға шалдыққыштығына немесе өлуіне, үлкен әлеуметтік-экономикалық залалға әкеп соғатын жануарлар аурулары;
31) жануарлардың жұқпалы аурулары - жануардың организміне инфекцияның өзіндік ерекшелігі бар қоздырғышын (инвазия) енгізу салдарынан пайда болатын және жануардан жануарға және адамға жұғатын жануарлар аурулары;
32) жануарлардың жұқпалы емес аурулары - жануарларды азықтандыру, ұстау, күтім жасау және шаруашылық мақсатқа пайдалану ережелерін бұзу салдарынан пайда болатын және жануардан жануарға және адамға жұқпайтын жануарлар аурулары;
33) жануарлардың энзоотиялық аурулары - уәкілетті орган айқындайтын, белгілі бір жерде тұрақты немесе жиі қайталанатын көрінісімен, әлеуметтік-экономикалық залалмен сипатталатын жануарлардың аурулары;
34) жемшөп - жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын, құрамында сіңірілетін түрдегі қоректендіргіш заттар бар және жануарлардың саулығына зиянды әсерін тигізбейтін өсімдіктен, жануардан алынатын, минералдық, микробиологиялық, химиялық текті өнім;
35) жемшөп қоспалары - жануарлардың рационында жетіспейтін қоректендіргіш және минералдық заттар мен дәрумендердің көздері ретінде пайдаланылатын органикалық, минералдық және (немесе) синтетикалық текті заттар;
36) карантин - эпизоотия ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында эпизоотия ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды шектеуге немесе тоқтатуға және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
37) қолайлы аймақ - жануарлардың жұқпалы ауруларынан ада аймақ;
38) қолайсыз аймақ - жануарлардың жұқпалы аурулары анықталған аймақ;
39) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер (бұдан әрі - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер) - жануарлар, жануарлардың жыныстық және соматикалық жасушалары, жануарлар аурулары қоздырушыларының штаммдары, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары, патологиялық материал немесе олардан алынатын сынамалар, судың, ауаның, топырақ қабатының, өсімдіктердің сынамалары, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар, сондай-ақ оларды буып-түю және тасымалдау үшін пайдаланылатын ыдыстың барлық түрлері және осындай орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдайтын көлік құралдары;
40) сараптама актісі - орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер диагностикасының немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасының нәтижелері бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ветеринариялық зертханалар беретін құжат;
41) сою алаңы (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңы) - ет өңдейтін кәсіпорын немесе сою пункттері жоқ кезеңде, ветеринариялық-санитариялық ережелер сақталып және жануар мен оның сойылған өнімдеріне ветеринариялық тексеру жүргізе отырып, мал сою үшін белгіленетін бейімделген үй-жай (орын);
42) сою пункті - ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізіле отырып, жануарларды соятын және жануарлардың сойылған өнімдерін бастапқы өңдейтін жабдықтармен жарақтандырылған, ветеринариялық-санитариялық нормалар мен талаптарға сай келетін мамандандырылған үй-жай;
43) ішкі сауда объектілері - жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жем қоспаларын өткізуді жүзеге асыратын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілері;
44) шектеу іс-шаралары - жануарлар ауруларының таралуына жол бермеу және ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу мақсатында эпизоотия ошағы мен қолайсыз пунктте шаруашылық байланыстарды ішінара шектеуге және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық, әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
45) эпизоотия - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының жаппай таралуы;
46) эпизоотия мониторингі - эпизоотологиялық зерттеуді және жануарлардың нақты ауруларының өршу заңдылықтары, олар мекендеген (ұсталған, өсірілген) аумақтардың табиғи-географиялық және экономикалық (шаруашылық) жағдайлары, жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, жануарлар ауруларының таралуы туралы сандық деректерді жинау жүйесі және оларды кейіннен ветеринариялық іс-шаралардың тиімділігін талдау және эпизоотиялардың немесе панзоотиялардың пайда болуын, өршуін және жойылуын болжау үшін статистикалық өңдеу;
47) эпизоотия ошағы - инфекцияны қоздырушы көздер, тарататын факторлар және ауруға бейім жануарлар тұрған шектеулі аумақ немесе қора-жай.
2-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары
1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.
3-бап. Ветеринария саласындағы негізгі міндеттер
Ветеринария саласындағы негізгі міндеттер мыналар:
1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздігі мен сапасын бақылау;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;
7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруы кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру.
2-тарау. Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат
Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат:
1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өндіру, сақтау және өткізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;
2) ветеринария саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін жүргізуге мемлекеттік монополияны сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауға;
4) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге;
5) індет жағдайын объективті түрде бағалауды және ветеринария саласындағы халықаралық нормаларды ескере отырып, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерді, нормаларды және ветеринариялық нормативтерді ғылыми негізде әзірлеуге;
6) ғылыми негіздемесі болған жағдайда, ветеринариялық іс-шаралар өткізудің халықаралық ұсыныстарда көзделгеннен анағұрлым жоғары деңгейіне жетуге;