12) ветеринариялық мамандарға өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына жәрдем көрсетуге;
13) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тамақ өнімін, жемшөп, жемшөп қоспаларын өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы уәкілетті органмен келісуге міндетті.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 26-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
26-бап. Ветеринариялық іс-шаралар
1. Ветеринариялық іс-шаралар:
1) жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларының пайда болуы мен азықтан улануының алдын алу, жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың ұсталуының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақта өткізілетін іс-шаралар; V085198
2) шектеу іс-шараларын немесе карантинді қоса алғанда, жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларын жою және олардың таралуының алдын алу мақсатымен бақылау аймағын, буферлік аймақты қоса алғанда, індет ошағында және қолайсыз пунктте жүргізілетін іс-шаралар болып бөлінеді.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітедi және жеке және заңды тұлғалардың оны орындауы міндетті болып табылады.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 26-1-баппен толықтырылды
26-1-бап. Ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану
1. Қатерді талдау және бағалау кезінде адамның өмірі мен денсаулығына зиянды әсердің ықтималдығы сәйкестендірілген, бірақ қолдағы ғылыми деректер оның дәрежесін айқындау үшін жеткіліксіз болған жағдайларда, уәкілетті орган қатерді басқару жөнінде қажетті ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдануға құқылы.
2. Ветеринариялық-санитариялық шаралар ғылыми деректерге, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттар мен ұсынымдарды ескере отырып анықталатын жануарлар мен адамның өмірі мен денсаулығы үшін қатерді объективті бағалауға негізделуге тиіс.
3. Қолданылатын ветеринариялық-санитариялық шаралардың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттар мен ұсынымдарға баламалылығын бағалау кезінде ғылыми деректер, зерттеулердің (оның ішінде зертханалық зерттеулердің), нақты аурулардың таралу мониторингінің нәтижелері және аймақтардың болуы ескерілуге тиіс.
4. Басқа мемлекеттердің ветеринариялық-санитариялық шаралары мынадай шарттар болған:
1) қолданылатын ветеринариялық-санитариялық шаралар ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттар мен ұсынымдарға сәйкес келген;
2) жануарлардың жұқпалы ауруларының әкелінуі мен таралуынан Қазақстан Республикасы аумағының ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігінің тиісті деңгейі қамтамасыз етілген кезде, баламалы деп танылады.»;
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 26-2-баппен толықтырылды
26-2-бап. Аумақты аймақтарға бөлу
1. Аумақты аймақтарға бөлу:
1) жануарлардың жұқпалы ауруларының әкелінуі мен таралуының алдын алу;
2) ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау;
3) халықаралық сауданы жүзеге асыру үшін жүргізіледі.
2. Жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуына және өткізілетін ветеринариялық іс-шараларға қарай аймақтардың мынадай түрлері анықталады:
1) қолайлы аймақ;
2) бақылау аймағы;
3) буферлік аймақ;
4 ) қолайсыз аймақ.
3. Аумақты аймақтарға және олардың шекараларына бөлу уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
27-бап. Шектеу iс-шаралары және карантин
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Жануарлардың шектеу іс-шаралары немесе карантин белгіленетін жұқпалы ауруларының тізбесін уәкілетті орган бекітеді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Тиісті аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларының ұсынуы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының шешімімен карантин тоқтатылғаннан кейін Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында көзделген жағдайларда, ветеринария саласындағы уәкілетті орган шектеу іс-шараларын белгілейді.
28-бап. Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры
1. Індет ошақтарын жою және жануарлардың Қазақстан Республикасының Yкіметі бекітетін тізбеге енгізілген аса қауіпті ауруларының таралу қаупінің алдын алу кезінде пайдаланылатын, үнемі жаңартылып отыратын ветеринариялық препараттардың белгілі бір көлемі ветеринариялық препараттардың республикалық қоры болып табылады.
2. Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры бюджеттік бағдарламалар шеңберінде сатып алынған ветеринариялық препараттар көлемінен жасалады. Ветеринариялық препараттардың түрлері бойынша қордың нормативін уәкілетті орган белгілейді.
3. Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру мен пайдалану тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 29-бап өзгертілді
29-бап. Ветеринариялық нормативтер
1. Ветеринариялық нормативтер (ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық немесе зоогигиеналық нормалар) ветеринариялық немесе ветеринариялық-санитариялық факторды жануарлардың және адамның денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпсіздігі тұрғысынан сипаттайтын көрсеткіштердің жол беруге болатын сандық немесе сапалық мәнін белгілейді.
2. Ветеринариялық нормативтер Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарына сәйкес жүргізілетін зерттеулер негізінде белгіленеді.
3. Ветеринариялық нормативтер індеттердің объективті және негізделген мониторингін жүргізу, ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге арналған ветеринариялық іс-шаралардың көлемі мен сипатын жоспарлау, сондай-ақ жануарлар ауруларының пайда болу, таралу және оларды жою мүмкіндіктерін болжау үшін негіз болып табылады.
4. Ветеринариялық нормативтерді уәкілетті орган бекітеді және ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 30-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
30-бап. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді алып қою, жою, залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу
1. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, олардың қауіптілік дәрежесіне қарай, уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметі бекіткен тәртіппен міндетті түрде алып қоюға және жойылуға не алып қойылмай, міндетті түрде залалсыздандырылуға (зарарсыздандырылуға) және өңделуге тиіс.
2. Жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесін уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды алып қоймай-ақ, міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргізілетін жануарлар ауруларының тізбесін уәкілетті орган бекітеді.
4. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және жағдайларда өтеттіруге құқығы бар.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
31-бап. Азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауды, өсіруді, пайдалануды, өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді, тасымалдау (орнын ауыстыру) мен өткізуді жүзеге асыратын азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып, уәкілетті орган белгілейдi.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
32-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және есептік нөмірлер беру
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Ауыл шаруашылығы жануарлары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жануарлар ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі ветеринариялық дауалаудың жүзеге асырылуын бақылау мақсатында әрбір жануарға қадағалау жүргізуге мүмкіндік беретін міндетті бірдейлендіруге жатады.
2. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті бақылау мақсатында есептік нөмірлер беруге жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдар жатады.
5-тарау. Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер және ветеринария мамандарын даярлау мен олардың
біліктілігін арттыру жөніндегі қызмет
33-бап. Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер
1. Жануарларды пайдалану рәсімдерін, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер жүргізілетін үй-жайлар мен аумақтарды қоса алғанда, ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сай болуға тиіс.
2. Ғылыми зерттеулер нәтижесінде әзірленген немесе жетілдірілген ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін анықтау мақсатымен олар байқаудан өткізілуге тиіс.
3. Микроорганизмдердің Қазақстан Республикасында бар, сондай-ақ ғылыми зерттеулер нәтижесінде, жануарлар ауруларының диагностикасы кезінде алынған штаммдары ветеринарияда пайдаланылатын сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекциясында сақталуға тиіс.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34-бап. Ветеринария саласындағы мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру
Ветеринария саласындағы мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарламалар міндетті түрде уәкілетті органмен келісілуге тиіс.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-тарау. Ветеринарияны қаржыландыру және қазақстан республикасының ветеринария саласындағы
заңнамасын бұзғаны yшін жауаптылық
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
35-бап. Ветеринарияны қаржыландыру көздері
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Мыналарды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады:
1) уәкілетті органды ұстауға арналған шығыстар;
2) мемлекеттік ветеринариялық мекемелерді ұстауға арналған шығыстар;
3) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерін ұстауға арналған шығыстар;
4) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерінде көлік құралдарын дезинфекциялауды және ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы;
5) жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін алып қойылған жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты жою;
6) алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың иелеріне олардың құнын өтеу;
7) ветеринарияда пайдаланылатын сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекцияларын сақтауға арналған шығыстар.
8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9) жануарларды бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы атрибуттар мен бұйымдарды, ветеринариялық паспортты сатып алуға арналған шығыстар.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілері иелерінің есебінен мыналар орындалады:
1) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды байқаудан өткізу, серияларын бақылау және оларға тіркеу сынағын жүргізу;
2) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру;
3) ішкі сауда объектілеріндегі ветеринариялық-санитариялық сараптама;
4) дегельминтизация, дезинсекция, деразитация, дезинфекция (ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттеріндегі дезинфекцияны қоспағанда);
5) жануарлардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген аса қауіпті ауруларын және жануарлардың энзоотиялық ауруларын қоспағанда, инвазиялық ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларын емдеу, олардың профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) түсетін қаражатты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет кірісіне аудара отырып, ветеринариялық-санитариялық қорытындының, ветеринариялық сертификат пен анықтамалардың бланкілерін, жануарға арналған ветеринариялық паспортты, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін жапсырмаларды (чиптерді) беру.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
36-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
37-бап. Осы заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мал дәрiгерлiгi туралы" 1995 жылғы 25 шiлдедегi № 2376 заң күшi бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 14, 94-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 24, 443-құжат; № 23, 931-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының