6) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оларды алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды)немесе өңдеуді ұйымдастыру ісіне қатысуға, сондай-ақ аталған фактілер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға;
7) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда сотқа талап қоюға құқығы бар.
2. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) жеке және заңды тұлғалар жоғары тұрған мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына және (немесе) сотқа шағым жасай алады.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілері
1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша ықпал етудің құқықтық шараларын қолдану мақсатында, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарын бұзушылықтың анықталуына байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар мынадай актілер:
1) нұсқамалар:
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқама;
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама мен диагностика жүргізу туралы нұсқама;
жануарлар ауруларының пайда болуын, таралуын болғызбау және оларды жою үшін жануарларға профилактикалық немесе мәжбүрлі түрде вакцина егу, індет ошақтарындағы мал шаруашылығы қора-жайларында және олардың аумақтарында, қолайсыз пункттерде, көлікте дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу туралы нұсқама;
жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының пайда болу немесе таралу қатері төнген жағдайларда жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметіне үш күннен аспайтын мерзімге, аталған мерзімде сотқа міндетті түрде талап-арыз бере отырып, сот шешімінсіз тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы нұсқама шығарады. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шыққанға дейін қолданылады;
ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасының ветеринариялық нормативтерді бірнеше рет бұзған мамандарын қайта аттестаттау туралы нұсқама;
жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу туралы нұсқама;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы нұсқама;
жануарға арналған ветеринариялық паспорт беру ережелерін бұзушылық туралы нұсқама;
жануарларды санитариялық тазалау, санитариялық сою туралы нұсқама;
2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жаза қолдану туралы немесе әкімшілік жауапқа тарту туралы қаулы;
3) жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою туралы қаулы шығарады.
2. Нұсқамалардың нысандарын, оларды жасау мен беру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
3. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілері жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тәуелсіздігі
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар өз қызметінде тәуелсіз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады.
20-бап. Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер міндетті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер сақтала отырып, Қазақстан Республикасының аумағына індет тарамаған басқа мемлекеттерден орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің әкелінуіне, сондай-ақ транзитіне жол беріледі.
3. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің әкелінуі, әкетілуі және транзиті тиісті аумақтардың індеттілік жағдайын бағалауға сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 2009.24.07. № 190-IV Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган шекара және кеден пункттерінде (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерін ұйымдастырады.
5. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының шығуы тіркелген шектес мемлекеттердің шекаралық аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына келетін көлік құралдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген кезең мен тәртіп бойынша міндетті түрде дезинфекциялануға тиіс.
ҚР 2009.24.07. № 190-IV Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар қызметтік міндеттерін атқару кезінде нысанды киім (погонсыз) киіп жүреді.
Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Нысанды киім (погонсыз) үлгiлерiн, оны киiп жүру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
7. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне шарттар жасасудың алдында жеке немесе заңды тұлғаның уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінен экспорт, импорт және транзит еліндегі індеттілік жағдайы туралы, жануарлар ауруларының қоздырушыларын әкелу мен әкетуді болдырмайтын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер туралы ақпарат алуға құқығы бар. Жасырын сипаттағы ақпарат о рны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті иесінің жазбаша келісімінсіз жария етілмеуге тиіс.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтуі кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
21-бап. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдау (орнын ауыстыру) кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
1. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер Қазақстан Республикасының аумағында тасымалданған (орны ауыстырылған) кезде міндетті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде оларға мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тиеу, түсіру жүргізілетін аумақтардың, сондай-ақ тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруты өтетін аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары жүзеге асырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Ауыл шаруашылық жануарларын тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттарын (мал айдау жолдарын) тиісті аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен келісе отырып ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органдары белгілейді.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) үшін пайдаланылатын және пайдаланылған көлік құралдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкес міндетті түрде дезинфекциялануға тиіс.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдануын (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
22-бап. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
1. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау міндетті болып табылады.
2. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға:
1) о рны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қоса жіберілетін ветеринариялық құжаттарға сәйкестігін тексеру;
2) жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветеринариялық тексеріп қарау;
3) жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтауын тексеру;
4) жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алып қою және жою;
5) ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарына сәйкес келмейтін, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды), өңдеуді ұйымдастыру кіреді.
4. Ішкі сауда объектілерінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындауды ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханалары жүзеге асырады.
5. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды ветеринариялық-санитариялық сараптамасыз сатуға тыйым салынады.
6. Ішкі сауда объектілерінде ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
7. Ішкі сауда объектілерінің әкімшіліктері Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды және ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыру үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шарт негізінде ветеринариялық нормативтерге сәйкес келетін қызметтік үй-жайлар береді.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23-бап. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
1. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді, жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізілуі міндетті.
2. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды, сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткен жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтайды және өткізеді.
3. Жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің әкімшіліктері жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерін құруға, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шарт негізінде қызметтік үй-жай беруге міндетті.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, олардың аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларының пайда болуы және (немесе) оны қолайсыз аймаққа жатқызу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жылына кемінде екі рет жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезеңі тексеру басталған кезден бастап бес күннен аспауға тиіс.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 24-бап өзгертілді
24-бап. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптік қоспалар айналысын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
1. Қазақстан Республикасында ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарын жүргізу үшін қажетті көлемде өндіру, әкелу (импорттау) жағдайларын қоспағанда, оларды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін ғана өндіруге, әкелуге (импорттауға), өткізу мен қолдануға (пайдалануға) рұқсат етіледі.
2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды өндіруді, әкелуді (импорттауды), тасымалдауды (орнын ауыстыруды), өткізуді, қолдануды (пайдалануды) қоса алғанда, олардың айналысы міндетті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.
3. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізілімдеріне енгізілген ветеринариялық препараттар жемшөп пен жемшөп қоспалары серияларын (топтарын) Қазақстан Республикасында қолдануға (пайдалануға) олардың уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ветеринариялық нормативтерге сәйкестігі анықталғаннан кейін (ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының сериялары (топтары) бақыланғаннан кейін) жол беріледі.
4. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптік қоспалар өндіру жөніндегі ұйымдар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін анықтау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерін құруға міндетті.
5. Антибиотиктері, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың ветеринариялық нормативтер талаптарына сәйкестігін анықтау тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3-1-тараумен толықтырылды
3-1-тарау. Адамдар үшін тағам ретінде қолданылмайтын жануарларға
арналған ветеринариялық препараттарға, жемшөптерге және жемшөп
қоспаларына қойылатын қауіпсіздіктің жалпы талаптары
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 24-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-1-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру және өлшеп орау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру және өлшеп орау кезінде техникалық регламенттердің талаптары сақталуға тиіс.
2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өлшеп орау сақтау, тасымалдау (орнын ауыстыру) және өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс.
3. Орау материалы ветеринарлық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздігі мен сапасына әсер етпеуге тиіс.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 24-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24-2-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдау (орнын ауыстыру) кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Қазақстан Республикасының аумағында ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдау (орнын ауыстыру) олардың қауіпсіздігін және олардың сапалық көрсеткіштерінің сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.
2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдау (орнын ауыстыру) құрғақ, таза, жемдік қорлардың зиянкестерімен залалданбаған көлік құралдарымен жүзеге асырылуға тиіс.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 24-3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-3-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары олардың қауіпсіздігін барлық сақтау мерзімі ішінде қамтамасыз ететін жағдайларда арнайы қойма үй-жайларында сақталуға тиіс.
2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау шарттары ветеринария саласындағы техникалық регламенттерде көзделген талаптарды ескере отырып, дайындаушы белгілейді.
3. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сақтау мерзімдері және (немесе) жарамдылығы, сақтау шарттары туралы ақпарат берілуге тиіс.
24-4-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын қолдану кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын пайдалану кезінде оларды қолдану технологиясының талаптары ескерілуге тиіс.
2. Жануарлардан алынған, оларға қатысты қолданылған өнімдегі заттардың қалдықтары және ветеринариялық препараттардың құрамдас бөліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормативтерден аспауға тиіс.
3. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын қолдануға рұқсат етілмейді.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 24-5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-5-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын ішкі сауда объектісіне орналастыру кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын ішкі сауда объектісіне орналастыру кезінде өндірушілер мен сатушылар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздік және сапа көрсеткіштері туралы толық және дұрыс ақпарат беруге тиіс.
2. Мынадай:
1) осы Заңның және ветеринария саласындағы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін;
2) бүлінудің анық белгілері бар;
3) олардың шығарылу тегін растайтын өндірушінің құжаттары жоқ және оларға қатысты мемлекеттік тіркелуі туралы ақпараты жоқ;
4) берілген ақпаратқа сәйкес келмейтін және оларға қатысты олардың шығарылу тегін растайын құжаттардың жалғандығы туралы негізделген күмәні бар;
5) белгіленген жарамдылық мерзімі жоқ немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен;
6) ветеринария саласындағы техникалық регламенттерде көздемеген мәліметтермен таңбаланбаған не оларға қатысты осындай ақпараттары жоқ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын ішкі сауда объектісіне шығаруға болмайды.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 24-6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-6-бап. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын кәдеге жарату және жою кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз деп танылған ветеринарлық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен олардың бұдан әрі пайдаланылуына немесе кәдеге жаратылуына, жойылуына сараптама жасалуға тиіс.
2. Сараптама жасауға және оны бұдан әрі пайдалану немесе кәдеге жарату, жою ықтималдығы туралы шешім қабылдауға қажетті кезеңде ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары партиясының көлемі көрсетіліп және ветеринариялық препараттарға, жемшөпке және жемшөп қоспаларына қол жеткізуге мүмкіндік бермейтін жағдайларды сақтай отырып жеке үй-жайларда сақталуға тиіс.
3. Ветеринарлық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары иісі күшті шығатын заттармен (керосин, мұнай, фенол, хлорлы әк) немесе осы өнімге тән емес рең беретін бояғышпен жарамсыздандырылуға тиіс.
4-тарау. Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 25-бап өзгертілді
25-бап. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөніндегі міндеттері Жеке және заңды тұлғалар:
1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарымен белгіленген жануарлар ауруларының алдын алуды және о рны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерді сақтай отырып, ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шараларды жүзеге асыруға;
2) зоопарктердегі, цирктердегі, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарлардың ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұсталуын, өсірілуін және пайдаланылуын жүзеге асыруға;
3) аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөпті, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;
4) о рны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауға;
5) ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді және оларға ветеринариялық паспорттарды ресімдеудi қамтамасыз етуге;
6) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлауға;
7) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларына уақтылы вакцина егуге және олардың диагностикасын қамтамасыз етуге;
8) бірнеше жануар кенеттен өлген, бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы ветеринариялық мамандарға хабарлауға және ветеринариялық мамандар келгенге дейін ауру деп күдік келтірілген жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға;
9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға о рны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық тексеру үшін кедергісіз беруге;
10) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін о рны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу жөніндегі талаптарын орындауға;
11) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргізбей жануарларды өткізу үшін союға және сойғаннан кейін ұшалары мен мүшелеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткізуге жол бермеуге;
11-1) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет өңдейтін кәсіпорындарда, сою пункттерінде немесе ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында союды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асыруға;