Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 шілдедегі № 628 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
2) темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 3-тармақтағы «15,» деген сандар алынып тасталсын;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда 15-тармақ алынып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарын және лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 маусымдағы № 618 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 24, 301-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 662 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулардың 16-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 341-құжат).
4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 25 шілдедегі
№ 628 қаулысымен
бекітілген
Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.
2. Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялауды (бұдан әрі - лицензиялау) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.
3. Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия бас лицензия болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалары лицензиялау субъектілері (бұдан әрі - лицензиат) болып табылады.
2. Лицензияны беру, қайта ресімдеу және оны беруден бас тарту тәртібі
5. Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) өтініш;
2) заңды тұлға үшін - жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
6. Лицензияны беру үшін лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі лицензиар құжаттарды қабылдаған күн туралы белгі соғылып, өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі).
7. Лицензиар лицензияны алуға өтініш берушінің құжаттары тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркелген жері бойынша қоршаған ортаны қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі саласындағы органдарға өтініш берушінің тиісті талаптарға сәйкестігі туралы белгіленген қорытынды туралы сауал жібереді.
Көрсетілген органдар жиырма бес жұмыс күні ішінде өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілейді және лицензиарға өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы белгіленген қорытынды жібереді.
8. Лицензиар лицензияны осы Ереженің 5-тармағында белгіленген тиісті құжаттармен өтінішті берген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
9. Егер лицензиар белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны бермеген немесе өтініш берушіні лицензияны беруден бас тарту себебі туралы жазбаша хабардар етпеген жағдайда, лицензияны беру үшін белгіленген мерзімдер өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші лицензиарды темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия береді.
10. Егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салынған;
2) осы Ереженің 5-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген жағдайда. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздерде қаралады;
3) темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;
5) өтініш берушіге қатысты оған темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.
11. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар өтініш берушіге лицензия беру үшін белгіленген мерзімдерде себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады.
12. Егер лицензия белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензияны беруден бас тарту өтініш берушіге негізсіз болып көрінсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тіртіппен бұл іс-әрекеттерге шағымдануға құқылы.
13. Лицензиясы жоғалған, бүлінген кезде лицензиат лицензияның телнұсқасын алуға құқылы.
Лицензияның жоғалған, бүлінген бланкісі лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп саналады.
Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғары оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын береді.
14. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құрылу нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, атауы өзгерген жағдайда ол отыз күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны қайта ресімдейді.
3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату, одан айыру
15. Лицензияның қолданылуына тоқтат тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тіртіппен жүзеге асырылады.
16. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда:
1) лицензия алып қойылғанда;
2) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну, немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;
3) лицензия ерікті түрде қайтарылғанда;
4) лицензияланатындардың тізбесінен темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызмет алып тасталса тоқтатылады.
Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті.
4. Есепке алу және бақылау
17. Лицензиар лицензиаттың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.
Лицензиар өз құзыреті шеңберінде лицензиаттан тиісті құжаттарды ұсынуын талап етуге және бақылау функцияларын орындау үшін қажетті ақпарат алуға құқылы.
Лицензиар берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, қалпына келтірілген және қолданылуын тоқтатқан лицензиялар туралы мәліметтерді қамтитын лицензиялардың тізілімін жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 25 шілдедегі
№ 628 қаулысымен
бекітілген
Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын
біліктілік талаптары
Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мыналдардың болуын көздейді:
1) «Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңының 7-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды сақтай отырып, темекі өнімдерін өндіруші әзірлеген және толтырған өнідіріс паспортының;
2) техникалық регламенттердің және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың;
3) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету санасындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жабдықтардың және өлшем құралдарының;
4) темекі өнімдерін өндіруді технологиялық бақылау жөніндегі зертхананың;
5) темекі өнімдерін, өндірістің қосалқы өнімдерін, шикізатты, қосымша материалдарды және ыдыстарды сақтау шарттары нормативтік құқықтық актілерді талаптарына сәйкес келетін қойма үй-жайлардың;
6) барлық тауар белгілерінің дәл және толық атауларын көрсете отырып, өндірілетін өнімдер тізбесінің;
7) темекі өнімдерін өндіру үшін қажетті меншік құқығында немесе өзге де құқықтарды өтініш берушіге тиесілі өндіруге және сақтауға арналған ғимараттар мен үй-жайлардың;
8) санитарлық-гигеналық нормалар мен техника қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес жұмыс істейтіндердің еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін арнайы киімдердің және басқа да қорғаныш құралдардың