Темекi өнiмдерiн өндiру жөніндегі қызметтi лицензиялауға қойылатын
біліктiлiк талаптарын және лицензиялау ережесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 маусымдағы № 618 қаулысы
(2005.30.06. берілген өзгерістерімен )
ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 өзгерістер мен толықтырулар енгізілу туралы қаулысын қара (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізіледі)
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 25 шілдедегі № 628 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі және "Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңдарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Темекi өнiмдерiн өндiру жөніндегі қызметтi лицензиялауға қойылатын біліктiлiк талаптары;
2) Темекi өнiмдерiн өндiру жөніндегі қызметтi лицензиялау ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 3 маусымдағы
№ 618 қаулысымен
бекітілген
Темекi өнiмдерiн өндiру жөніндегі қызметтi лицензиялауға қойылатын
біліктiлiк талаптары
Темекi өнiмдерiн өндiру жөніндегі қызметтi лицензиялау кезiнде өтiнiш берушiге қойылатын біліктiлiк талаптары мыналарды қамтиды:
1) "Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңы 7-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды сақтай отырып әзiрленген және толтырылған өндiрiс паспортын;
2) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi орган немесе оның ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындарының мемлекеттік стандарттау жүйесiнiң тiзiлiмiнде тiркелген техникалық талаптарды;
3) стандарттау және өлшем құралдарының бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі белгiленген нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келетiн жабдықтарды;
4) темекi өнiмдерiн өндiрудi технологиялық бақылау жөніндегі зертхананы;
5) барлық тауар белгiлерiнiң дәл және толық атауларын көрсете отырып өнiмдер тiзбесiн;
6) темекi өнiмдерiн өндiру үшiн қажеттi меншiк құқығында немесе өзге де құқықтарда өтiнiш берушiге тиесiлi ғимараттар мен үй-жайларды;
7) санитарлық-гигиеналық нормалар мен техника қауiпсiздiгi ережелерiнiң талаптарына сәйкес жұмыс iстейтiндердiң еңбек жағдайларын қамтамасыз ететiн арнайы киiмдер және басқа да қорғаныш құралдары.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 3 маусымдағы
№ 618 қаулысымен
бекітілген
Темекi өнiмдерін өндiру жөнiндегі қызметті
лицензиялау ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегі қызметтi лицензиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) жеке және заңды тұлғалардың темекi өнiмдерiн өндiру жөніндегі қызметтi лицензиялау тәртібін белгiлейдi.
2. Темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегі қызметпен айналысу құқығына арналған лицензия басты болып табылады.
3. Темекi өнiмдерiн өндiру жөніндегі қызметтi лицензиялауды темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi мен айналымын бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган жүзеге асырады (бұдан әрi - лицензиар).
4. Темекi өнiмдерiн өндiру жөніндегі қызметпен айналысу құқығына арналған лицензия "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысымен бекітілген нысан бойынша берiледi.
2. Лицензияны алу тәртібі
5. Өтiнiш берушi темекi өнiмдерiн өндiру жөніндегі қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияны алу үшiн "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысымен бекітілген нысан бойынша өтiнiш бередi.
Өтiнiшке:
1) темекi өнiмдерiн өндiрудi жүзеге асыратын заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу, филиалдарды және өкiлдiктердi тiркеу есебi туралы куәлiктiң көшiрмелерi;
2) жеке кәсiпкердi мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi және жеке кәсiпкерлiкпен айналысатын жеке тұлғаның жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
3) салық төлеушi куәлiгiнiң (СТН) көшiрмесi;
4) темекi өнiмдерiн өндiру үшiн қажеттi ғимараттар мен үй-жайларға меншiк құқығын немесе өтiнiш берушiнiң өзге де құқығын растайтын құжаттардың көшiрмелерi;
5) темекi өнiмдерiн өндiру кезiнде өтiнiш берушiнiң тауар белгілерiн пайдалануға арналған құқығын растайтын құжаттардың көшiрмесi;
6) темекi өнiмдерiн өндiруге арналған лицензияны алу үшiн стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі органдардың қорытындысы;
7) темекi өнiмдерiн өндiруге арналған лицензияны алу үшiн санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы;
ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 қаулысымен 8 тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
8) темекi өнiмдерiн өндiруге арналған лицензияны алу үшiн Өртке қарсы қызмет органдарының қорытындысы;
9) темекi өнiмдерiн өндiруге арналған лицензияны алу үшiн экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы;
10) темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжат қоса берiледi.
Осы тармақта көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерi нотариалды түрде куәландырылуы тиiс.
Құжаттарды қабылдап алу күнi осы тармақтың 6), 8)-тармақшаларында санамаланған құжаттардың ескiру мерзiмi заңнамада белгiленгеннен аспауы тиiс.
6. Лицензияға лицензиар басшысы немесе осыған уәкiлеттi тұлға қол қояды және лицензиардың мөрiмен куәландырылады.
7. Өтiнiш берушi - заңды тұлғаның филиалдары мен өкiлдiктерi оның құрамында лицензияланады. Филиалдар немесе өкiлдiктер туралы ереже және тiркеу құжаттары лицензиарға беруге жатады.
8. Заңды тұлға темекі өнiмдерiн өндiрудi жүзеге асыратын филиалды немесе өкiлдiктi ашқан жағдайда лицензиарды отыз күнтiзбелiк күн ішiнде хабардар етедi.
9. Лицензияны беру өтiнiш берушiге немесе оның уәкiлеттi өкiлiне сенiмхат негізiнде жүргiзiледi.
10. Лицензия беруден бас тарту, лицензияны керi қайтарып алу, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және күшiн жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Лицензияларды есепке алу және лицензияланатын қызметке
бақылау жасау
11. Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ осы Ережелердің caқталуына бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
12. Бiлiктiлiк талаптарының және белгiленген ережелердiң сақталуын тексеру лицензияның қолданылу мерзiмi iшiнде заңнамада белгiленген тәртiппен жыл сайын жүргiзiледi.
Жоспарлы тексерулер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде өзгеше көзделмесе, жылына 1 реттен жиi жүргiзiлмейдi.
Жоспардан тыс тексерулер лицензиаттың жоспарлы тексерулер жүргiзу кезiнде анықталған біліктiлiк талаптары мен белгiленген ережелердi бұзушылықтарды жоюын растау үшiн, сондай-ақ шағымдарға, мәлiмдеулерге, өтiнiштерге дереу мән берудi талап ететiн жағдайларда жүргiзiледi.
Тексерулер нәтижелерi бойынша бұзушылықтардың болмауы туралы не нақты бұзушылықтар мен оларды жою мерзiмiн көрсете отырып, тексеру aктici жасалады.
Тексеру актiсiнiң негiзiнде бұзушылықтарды көрсетiлген мерзiмде жоймаған жағдайда, лицензиар лицензияны заңнамада белгiленген тәртiппен тоқтата тұру немесе керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды.
Лицензиат лицензияның қолданысын тоқтата тұру себептерiн жойғаны туралы жазбаша нысанда лицензиарды хабардар етедi.