42. Осы Ережені бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 260 Қаулысымен 43-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2011.30.06. № 736 Қаулысымен 43-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
43. Осы Ереженің сақталуына бақылау жасауды ішкі істер органдары жүзеге асырады.
5. Халықаралық шарттардың қолданылуы
44. Егер, Қазақстан Республикасы оған қатысушы болып табылатын халықаралық шартта осы Ережеде көрсетілгендерден өзге ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 12 шілдедегі
№ 1063 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасындағы паспорт жүйесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 5 сәуірдегі № 256 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 10, 124-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 5 сәуірдегі № 256 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 наурыздағы № 277 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 11, 79-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 5 сәуірдегі № 256 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 наурыздағы № 314 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 12, 82-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке басының куәліктерін айырбастау мен берудің мерзімін ұзарту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 желтоқсандағы № 1235 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 45, 406-құжат).
5. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заңының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 маусымдағы № 552 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету туралы ереженің» 13-тармағының екінші сөйлемі (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 25, 306-құжат).