Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары
мен жеке басының куәліктерін айырбастау мен берудің мерзімін
ұзарту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 4 желтоқсандағы № 1235 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 12.07.00 ж. № 1063 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының халқын жаңа үлгідегі паспорттармен және жеке басының куәліктерімен құжаттаумен толық қамту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасындағы паспорт жүйесі туралы ережені бекіту туралы" 1993 жылғы 5 сәуірдегі № 256 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 10, 124-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Паспорттардың ескі үлгісін Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа үлгідегі паспорттары мен жеке басының куәліктеріне айырбастау 1999 жылдың 1 наурызына дейін аяқталсын".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі