Жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс бойынша іс жүргiзудi тоқтату туралы қаулы оған жоғары тұрған сотқа шағымдану құқығын мүдделi адамдарға түсiндiре отырып, олардың назарына жеткiзiледi.
3. Жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс жүргiзу бойынша сот қабылдаған қаулылар, оларға жоғары тұрған сотқа шағымдану құқығы бар екенін не ондай құқығы жоқ екенін мүдделi адамдарға түсiндiре отырып, олардың назарына жеткiзiледi.
476-бап. Соттың іс бойынша іс жүргізуді қайта жалғастыру туралы мәселені шешуі
Сот шешімдерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауды үкім, қаулы шығарған бірінші сатыдағы сот жүзеге асырады. Егер іс бойынша апелляциялық немесе кассациялық сатылардың қаулысы шығарылған болса, сот шешімдерін қайта қарауды тиісінше көрсетілген сатылар жүзеге асырады. Егер іс қадағалау тәртібімен қаралған болса, сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау Жоғарғы Сотта қаралады. Тиісінше көрсетілген сот сатылары соттың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қайта жалғастыруға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына берілген шағымдарды қарайды.»;
72) 477-бап алып тасталсын;
73) 490-баптағы «прокурор санкция берген тергеушiнiң қаулысы бойынша немесе» деген сөздер алып тасталсын;
74) 512-бапта:
бірінші бөліктегі «туысқаны» деген сөз «туысқаны немесе өзге тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Өзiне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iс жүргiзiлетiн адамның заңды өкілінің сотқа қатысуы міндетті болып табылады.»;
75) 525-баптың бесiншi бөлiгiндегi «тиiсiнше Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы немесе Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi арқылы» деген сөздер «белгiленген тәртiппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
76) 543-баптың тақырыбындағы «Облыстық және оған теңестірілген сотта алқабилердің» деген сөздер «Алқабилердің» деген сөзбен ауыстырылсын;
77) 551-бапта:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Алқабилерге кандидатты істі қарауға қатысудан босату туралы мәселені объективті шешу мақсатында төрағалық етуші алқабилерді іріктеу кезінде кандидаттарға жәбірленуші, айыпталушы және оның қорғаушысы жазбаша нысанда ұсынған сұрақтарды, сондай-ақ өзінің қалауы бойынша, алқабилер алқасын құру үшін маңызы бар басқа да сұрақтарды қоюы мүмкін. Прокурор кандидаттарға сұрақтарды өз бетінше және ауызша нысанда қояды.»;
сегізінші бөліктегі «он алтыдан» деген сөздер «он жетіден» деген сөздермен ауыстырылсын;
78) 557-бапта:
үшінші бөліктегі «судьялар» деген сөз «судья» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі «судьялар» деген сөз «судья» деген сөзбен ауыстырылсын;
79) 560-баптың үшінші бөлігіндегі «Судьялар» деген сөз «Судья» деген сөзбен ауыстырылсын;
80) 562-баптың бесінші бөлігіндегі «судьялар» деген сөз «судья» деген сөзбен ауыстырылсын;
81) 565-баптың бірінші бөлігіндегі «Екінші судьяның қатысуымен төрағалық етуші» деген сөздер «Төрағалық етуші» деген сөздермен ауыстырылсын;
82) 567-бапта:
бірінші бөліктегі «Судьялар» деген сөз «Судья» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «судьялар» деген сөз «судья» деген сөзбен ауыстырылсын;
83) 571-баптың бірінші бөлігінің 1) тармағындағы «екінші судьяның және» деген сөздер алып тасталсын;
84) 575-баптың үшiншi бөлiгiнің мемлекеттік тілдегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Прокурордың, жәбірленушінің немесе оның өкілінің дәлелдемелерді ұсыну құқығын шектеген қылмыстық іс жүргізу заңын бұзушылық, оның ішінде жол берілетін дәлелдемелерді негізсіз алып тастау жағдайларын, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінің 5) тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, алқабилер қатысқан соттың ақтау үкімі кассациялық сатыда күшін жоймауға тиіс.».
3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 19-құжат):
1) мынадай мазмұндағы мазмұнмен толықтырылсын:
«Мазмұны
Жалпы бөлім
1-бөлім. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасының мақсаттары мен мiндеттерi
3-бап. Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңнамасының сотталған әскери қызметшiлерге қатысты қолданылуы
4-бап. Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңнамасының кеңiстiк пен уақыт тұрғысында қолданылуы
5-бап. Жазаны атқару негiздемесi
6-бап. Қылмыстық-атқару заңнамасының принциптерi
7-бап. Сотталғандарды түзеудiң негiзгi құралдары
2-тарау. Сотталғандардың құқықтық жағдайы
8-бап. Сотталғандардың құқықтық жағдайының негiздерi
9-бап. Сотталғандардың негiзгi мiндеттерi
10-бап. Сотталғандардың негiзгi құқықтары
11-бап. Сотталғандардың жеке басының қауiпсiздiгiне құқығы
12-бап. Сотталғандардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ету
13-бап. Сотталғандардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi
3-тарау. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар және олардың қызметіне бақылау жасау
14-бап. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар
15-бап. Жазаны өтеу орны туралы хабарлау
16-бап. Сотталғандарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану
17-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың бақылауы
18-бап. Сот бақылауы
19-бап. Ведомстволық бақылау
19-1-бап. Қоғамдық бақылау
19-2-бап. Қоғамдық байқау комиссиясының өкiлеттiгi
20-бап. Қылмыстық-атқару iсiн жүргiзудегi қадағалау
21-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде болу
Ерекше бөлім
2-бөлім. Сотталушыны қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындау
4-тарау. Айыппұл түріндегі жазаны атқару
22-бап. Айыппұл түрiндегi жазаны атқару тәртiбi
23-бап. Айыппұл төлеуден қасақана жалтару
5-тарау. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны атқару
24-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегi жазаның атқарылуын ұйымдастыру
25-бап. Ұйымдар әкiмшiлiгiнiң сот үкiмiн атқару жөнiндегi мiндеттерi
26-бап. Белгiлi бiр қызметпен айналысуға берiлген рұқсатты қайтып алуға құқылы органдардың мiндеттерi
27-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегi жазаны атқару мерзiмдерiнiң есептелуi
28-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегi жазаға сотталғанның мiндеттерi
29-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкiмiн орындамаудың салдары
6-тарау. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны атқару
30-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны атқару тәртiбi
31-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны атқару жағдайлары
32-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жаза мерзiмiнiң есептелуi
33-бап. Сотталғандардың қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеу орны бойынша ұйымдар әкiмшiлiгiнiң мiндеттерi
34-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеуден қасақана жалтару
35-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеушi адамдардың жауаптылығы
7-тарау. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны атқару
36-бап. Түзеу жұмыстары түрiндегi жазаны атқару тәртiбi
37-бап. Түзеу жұмыстары түрiндегi жазаны өтеу жағдайлары
38-бап. Түзеу жұмыстары түрiндегi жаза мерзiмiнiң есептелуi
39-бап. Сотталғандардың түзеу жұмыстарын өтеу орны бойынша ұйымдар әкiмшiлiгiнiң мiндеттерi
40-бап. Түзеу жұмыстарына сотталғандардың жалақысынан ұстап қалуды жүргiзу тәртiбi
41-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеушi адамдарға қолданылатын көтермелеу шаралары
42-бап. Түзеу жұмыстары түрiндегi жазаны өтеудiң тәртiбi мен шарттарын бұзғаны үшiн және жазаны өтеуден қасақана жалтарғаны үшiн жауаптылық
8-тарау. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны атқарудың тәртібі мен шарттары
43-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу орны
44-бап. Бас бостандығын шектеуге сотталғандарды жазасын өтеу орнына жіберу
45-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның мерзімін есептеу
46-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі
47-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдардың еңбек жағдайлары
48-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдармен тәрбие жұмысы
49-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдарға қолданылатын көтермелеу шаралары
50-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдарға қолданылатын жазалау шаралары
51-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдарға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану тәртібі
52-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтару және бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеудің тәртібі мен шарттарын бұзу
53-бап. Сотталғандарды қадағалау және бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібін бұзушылықтың алдын алу шаралары
9-тарау. Қосымша жазаларды атқару
56-бап. Арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру туралы сот үкiмiн орындау
57-бап. Мүлiктi тәркiлеу туралы сот үкiмiн орындау тәртiбi
58-бап. Тәркiлеуге жататын мүлiк
59-бап. Мемлекеттік сот орындаушысының мүлiктi тәркiлеу туралы сот үкiмiн атқару жөнiндегi iс-әрекетi
60-бап. Тәркiленген мүлiктi уәкiлеттi мемлекеттік органға беру
61-бап. Тәркiленуге жататын мүлiкке байланысты үшiншi тұлғалардың мiндеттерi
62-бап. Үкiмдi атқарудан кейiн анықталған мүлiктi тәркiлеу
3-бөлім. 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
4-бөлім. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқару
11-тарау. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқарудың жалпы ережелері
68-бап. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны атқару орындары
69-бап. Түзеу мекемелерiнiң түрлерi
70-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды жазасын өтеуге жiберу
71-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру
72-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды тергеушiлiк оқшаулау орнында немесе түрмеде қалдыру
73-бап. Түзеу мекемесiнiң түрiн өзгерту
74-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды түзеу мекемелерiне қабылдау
75-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды түзеу мекемелерiнде бөлек ұстау
76-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бүкiл жаза мерзiмiн бiр түзеу мекемесiнде өтеуi
12-тарау. Түзеу мекемелеріндегі режим және оны қамтамасыз ету құралдары
77-бап. Түзеу мекемелерiндегi режимнiң негiзгi талаптары
78-бап. Қадағалау мен бақылаудың техникалық құралдары
79-бап. Түзеу мекемелерiндегi жедел-iздестiру қызметi
80-бап. Түзеу мекемелерiндегi айрықша жағдайлар режимi
81-бап. Қауiпсiздiк шаралары және оларды қолдану негiздерi
13-тарау. Түзеу мекемелерінде жазаны өтеу жағдайлары
82-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазасын өтеу жағдайлары
83-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажет заттарды сатып алуы
84-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың кездесулерi
85-бап. Сотталғандардың посылкалар, сәлемдемелер мен бандерольдер алуы
86-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың хат алысуы, ақша аударымдарын жiберуi мен алуы
87-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың телефон арқылы сөйлесуi
88-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың әдебиеттер және жазу керек-жарағын сатып алуы мен сақтауы
89-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың сейiлдеуi
90-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың кинофильмдер мен телехабарлар көруi, радиохабарлар тыңдауы
91-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың айдауылсыз немесе қосып ертпей жүруi
92-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға айдауылсыз немесе қосып ертпей жүру құқығын беру тәртiбi
93-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың түзеу мекемелерiнiң шегiнен тысқары жол жүруi
94-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру, әлеуметтiк қамсыздандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету
95-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды материалдық-тұрмыстық жағынан қамтамасыз ету
96-бап. Сотталған жүктi әйелдердi, емізулі баласы бар сотталған аналарды және балалары бар сотталған әйелдердi материалдық-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етудiң ерекшелiктерi
97-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды медициналық-санитариялық жағынан қамтамасыз ету
98-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың материалдық жауаптылығы
14-тарау. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегі, кәсіптік білімі және кәсіптік даярлығы
99-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегi
100-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар еңбегiнiң жағдайлары
101-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегiне ақы төлеу
102-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды еңбегiне ақы төленбейтiн жұмыстарға тарту
103-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың табысынан ұстап қалу
104-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға кәсiптiк бiлiм беру және оларды кәсiптiк даярлау
15-тарау. Бас бостандығына айыруға сотталғандарға тәрбиелік ықпал ету
105-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысы
106-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысының негiзгi бағыттары, нысандары мен әдiстерi
107-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың өздiгiнен қызмет ету ұйымдары
108-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта бiлiм алуын ұйымдастыру
109-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға қолданылатын көтермелеу шаралары
110-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға көтермелеу шараларын қолдану тәртiбi
111-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға қолданылатын жазалау шаралары
112-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзуы
113-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға жазалау шараларын қолдану тәртiбi
114-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды айыптық оқшаулау орындарында, камералық үлгiдегi үй-жайларда және жалғыз адамдық камераларда ұстау ережелерi
115-бап. Түзеу мекемелерiнiң бас бостандығынан айыруға сотталғандарға көтермелеу және жазалау шараларын қолданатын лауазымды адамдары
16-тарау. Алуан түрлі түзеу мекемелеріндегі жазаларды атқарудың ерекшеліктері
116-бап. Жалпы режимдегi түзеу колониялары
117-бап. Жалпы режимдегi түзеу колонияларында жазаны өтеудiң жағдайлары
118-бап. Қатаң режимдегi түзеу колониялары
119-бап. Қатаң режимдегi түзеу колонияларындағы жазаны өтеудiң жағдайлары
120-бап. Айрықша режимдегi түзеу колониялары
121-бап. Айрықша режимдегi түзеу колонияларында жазаны өтеудiң жағдайлары
122-бап. Өмiр бойы бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан сотталғандарға арналған айрықша режимдегi түзеу колониялары
123-бап. Өмiр бойы бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан сотталғандарға арналған айрықша режимдегi түзеу колонияларында бас бостандығынан айыруды өтеудiң жағдайлары
124-бап. Колония-қоныстар
125-бап. Колония-қоныстарда бас бостандығынан айыруды өтеудiң жағдайлары
126-бап. Түрмелер
127-бап. Түрмелерде бас бостандығынан айыруды өтеудiң жағдайлары
17-тарау. Кәмелетке толмаған сотталғандардың бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу ерекшеліктері
128-бап. Тәрбиелеу колонияларында жазаны өтеу тәртiбi
129-бап. Тәрбиелеу колонияларында жазаны өтеудiң жағдайлары
130-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға тәрбиелеу колонияларында қолданылатын көтермелеу шаралары
131-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға тәрбиелеу колонияларында көтермелеу шараларын қолданудың ерекшелiктерi
132-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға тәрбиелеу колонияларында қолданылатын жазалау шаралары
133-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға тәрбиелеу колонияларында жазалау шараларын қолдану тәртiбi
134-бап. Сотталғандарға көтермелеу және жазалау шараларын қолданатын тәрбиелеу колониясының лауазымды адамдары
135-бап. Кәмелетке толған, бас бостандығынан айыруға сотталғандарды тәрбиелеу колонияларында қалдыру
136-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды тәрбиелеу колонияларынан түзеу колонияларына ауыстыру
137-бап. Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру
138-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң тәрбиелеу колонияларының жұмысына қатысуы
5-бөлім. Сотталған әскери қызметшілерге қатысты әскери қызмет бойынша шектеу, гаупвахтада ұстау түріндегі жазаларды атқару
18-тарау. Әскери қызмет бойынша шектеу түріндегі жазаны атқару
139-бап. Әскери қызмет бойынша шектеу түрiндегi жазаны атқарудың тәртiбi мен ережелерi
140-бап. Сотталған әскери қызметшiнiң ақшалай үлесiнен ұстап қалу
141-бап. Сотталған әскери қызметшiнiң қызметiн ауыстыру
142-бап. Сотталған әскери қызметшiлермен тәрбие жұмысы
143-бап. Әскери қызмет бойынша шектеу түрiндегi жазаны атқарудың тоқтатылуы
144-бап. Әскери қызметтен босатылатын сотталған әскери қызметшiнi әскери қызмет бойынша шектеу түрiндегi жазадан босату немесе жазасын ауыстыру
19-тарау. Сотталған әскери қызметшілерге қатысты гаупвахтада ұстауды атқару
145-бап. Әскери қызметшiлердiң гаупвахтада ұстауды өтеу орындары
146-бап. Сотталғандарды гаупвахтаға жiберу тәртiбi
147-бап. Сотталғандарды гаупвахтада ұстау тәртібі мен жағдайлары
148-бап. Сотталғандарға қолданылатын көтермелеу және жазалау шаралары
149-бап. Сотталған әскери қызметшiлердiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi
20-тарау. 2009 жылғы 10 шілдедегі № 177-IV ҚР Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
6-бөлім. Өлім жазасы түріндегі жазаны орындау
21-тарау. Өлім жазасы түріндегі жазаны орындаудың тәртібі мен жағдайлары
165-бап. Жалпы ережелер
166-бап. Өлiм жазасына сотталған адамның құқықтық жағдайы
167-бап. Өлiм жазасын орындау тәртiбi
7-бөлім. Жазаны өтеуден босату. Жазасын өтеуден босатылған сотталғандарға көмек және оларға бақылау жасау
22-тарау. Жазаны өтеуден босату
168-бап. Жазаны өтеуден босатудың негiздерi
169-бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босатуға ұсыну тәртiбi
170-бап. Өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарды шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуға ұсынудың ерекшелiктерi
171-бап. Жүктi әйелдер мен жас балалары бар әйелдерге және жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектерге қатысты жазаның атқарылу мерзiмiн кейiнге қалдыру
172-бап. Жазасын атқаруды кейiнге қалдыру шарттарын сақтамаудың салдары
173-бап. Жазаны өтеудiң тоқтатылуы және босату тәртiбi
174-бап. Сотталған әскери қызметшiлердi жазасын өтеуден босату
175-бап. Жазасын өтеген адамдардың құқықтық жағдайы
23-тарау. Жазаны өтеуден босатылатын сотталғандарға көмек және оларды бақылау
176-бап. Жазаны атқарушы мекемелер әкiмшiлiгiнiң босатылатын сотталғандарды жұмысқа орналасу және тұрмысын жайластыру жөнiндегi мiндеттерi
177-бап. Жазаны өтеуден босатылатын сотталғандарға көмек көрсету
178-бап. Жазаны өтеуден босатылған адамдарға жұмысқа орналасуда және тұрмысын жайластыруда, әлеуметтiк көмектiң басқа түрлерiн көрсетуде жәрдемдесу
178-1-бап. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның жүріс-тұрысын бақылау
178-2-бап. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың міндеттерi
179-бап. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау
180-бап. Iшкi iстер органдарының әкiмшiлiк қадағалауын белгiлеу қажет адамдар жөнiндегi материалдарды әзiрлеу және ресiмдеу
180-1-бап. Туберкулездің төңірегіндегілерге қауіп туғызатын, жұқпалы түрімен ауыратын адамдарды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босату
8-бөлім. Шартты түрде сотталған адамдарға бақылау жасау
24-тарау. Шартты түрде сотталғандардың жүріс-тұрысын бақылауды жүзеге асыру
181-бап. Шартты түрде сотталғандардың жүрiс-тұрысын бақылауды жүзеге асыратын органдар
182-бап. Шартты түрде сотталғандардың жүрiс-тұрысын бақылауды жүзеге асыру тәртiбi
183-бап. Сынақ мерзiмiнiң есептелуi
184-бап. Шартты түрде сотталғандардың жауаптылығы
Қосымша. Сот үкiмi бойынша тәркiленуге жатпайтын мүлiктің тізбесі»;
2) 11-баптың 1-тармағы «жасау қаупi туындаған кезде ол» деген сөздерден кейін «абақтыда ұстау,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 18-баптың 1-тармағы «балалары бар әйелдердiң» деген сөздерден кейін «және балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектердің» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 24-баптың тақырыбының мәтініндегі «айналысу» деген сөзден кейін «құқығынан айыру» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 39-баптың тақырыбының мәтініндегі «Түзеу жұмыстарына сотталғандардың оны өтеу орны бойынша ұйымдар әкiмшiлiгiнiң мiндеттерi» деген сөздер «Сотталғандардың түзеу жұмыстарын өтеу орны бойынша ұйымдар әкiмшiлiгiнiң мiндеттерi» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 52-баптың 2-тармағындағы «Еңбек демалысынан» деген сөздер «Осы баптың 1-тармағында аталған бұзушылықтарды бір жылдың ішінде қайталап жасау, сондай-ақ еңбек демалысынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 68-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«68-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқару орындары
1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар сотталғанға дейiн өздерi тұрған облыстың аумағындағы Қазақстан Республикасының түзеу мекемелерiнде жазасын өтейдi.
2. Сотталғанға дейiн тұрған жерi бойынша тиiстi түрдегi түзеу мекемесi болмаған жағдайда, сондай-ақ сотталғандардың денсаулығының жай-күйіне байланысты немесе олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшiн қылмыстық атқару жүйесінің уәкілетті органының нұсқауы бойынша олар жазасын өтеу үшін басқа облыстың тиісті түзеу мекемесiне жіберіледі.
3. Түзеу мекемесінде құқық тәртібін сақтау үшін қылмыстық атқару жүйесі уәкілетті органының нұсқауы бойынша сотталғандарды құлыпталатын үй-жайларда бөлек ұстауды қамтамасыз еткен жағдайда олар жазасын өтеу үшін басқа облыстың қылмыстық атқару жүйесінің тиісті мекемесіне жіберіледі не осы Кодекстің 69-бабында көзделген жазасын өтеу орны бойынша оқшауланған учаскенің құлыпталатын үй-жайларына ауыстырылады.
Басқа мекемелерге жіберілген не осы баптың 3-тармағына сәйкес жазасын өтеу орны бойынша ауыстырылған сотталғандарға сот тағайындаған түзеу колониясының түрі үшін осы Кодексте белгіленген жағдайлар қолданылады.
4. Қылмыстарды өте қауiптi қайталау жағдайында сотталғандар, өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандар, жазаны түрмеде өтеуге сотталғандар, өлiмге кесу түріндегі жазасы кешiрiм жасау тәртiбiмен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдар, сотталған әйелдер, сотталған кәмелетке толмағандар жазасын өтеу үшiн орналасқан жерi бойынша тиiстi түзеу мекемелерiне жiберiледi.
5. Бас бостандығынан айыруға сотталған, Қазақстан Республикасының түзеу мекемелерінде жазаларын өтеп жатқан шетелдіктер жазаларын одан әрі өтеу үшін өздері азаматтары (боданы) болып табылатын мемлекеттерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен жіберілуі мүмкін.»;
8) 69-бапта:
1-тармақтағы «сотталғандар жөніндегі түзеу мекемелерiнiң мiндетiн атқарады (осы Кодекстiң 72-бабы)» деген сөздер «(осы Кодекстiң 72-бабы), сондай-ақ түзеу мекемесінде құқық тәртібін қамтамасыз ету үшін жіберілген және осы Кодекстің 68-бабының тәртібімен ауыстырылған сотталғандарға қатысты түзеу мекемелерiнiң мiндетiн атқарады» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ «айыруға сотталғандар» деген сөздерден кейін «және қасақана қылмыс жасағаны үшін бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақ «ауыстырылған» деген сөзден кейін «және (немесе) осы Кодекстің 68-бабының 3-тармағына сәйкес жіберілген» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту. Осы Кодекстің баптарында құлыпталатын үй-жайлар деп онда болуы жазалау шараларына байланысты емес, алты адамға дейін бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ұстауға арналған камера, құлыпқа жабылған үй-жай түсіндіріледі.»;