9) 72-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тергеушiлiк оқшаулау орнында немесе түрмеде шаруашылық қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн қалдырылған сотталғандар жалпы режимдегi түзеу колониялары үшiн осы Кодексте көзделген жағдайларда өзге адамдардан оқшау ұсталады.»;
7-тармақ «негіздер бойынша» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ түзеу мекемесінде құқық тәртібін қамтамасыз ету үшін және осы Кодекстің 68-бабының тәртібімен» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Түзеу мекемесінде құқық тәртібін қамтамасыз ету үшін және осы Кодекстің 68-бабының тәртібімен тергеушілік оқшаулау орындарына ауыстырылған сотталғандар тергеушілік оқшаулау орнында қамауда отырған және шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қалдырылған адамдардан оқшау, осы Кодексте түзеу мекемелері үшін көзделген жағдайларда құлыпталатын камераларда ұсталады.»;
10) 73-бапта:
2-тармақтың үшінші абзацындағы «аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн жаза мерзiмiнiң кемiнде екiден бiрiн,» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн сотталғандар;»;
11) 77-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Сотталғандардан табылған ақшаны, бағалы қағаздар мен өзге де бағалы заттарды, сондай-ақ түзеу мекемесінің аумағынан табылған, олардың кімге тиесілі екенін анықтау мүмкін болмаған ақшаны, бағалы қағаздар мен өзге де бағалы заттарды түзеу мекемелерiнiң ішкi тәртiп қағидаларына сәйкес түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi алып қояды және соттың шешімі бойынша мемлекеттің кірісіне айналуға тиіс. Сотталғандардан алынған, сондай-ақ түзеу мекемесінің аумағынан табылған, заңнамамен тыйым салынған өзге де заттар мен құжаттар сақтауға өткiзiледi не соттың шешiмi бойынша жойып жiберiледi.»;
12) 124-баптың 1-тармағы «адамдар» деген сөзден кейін «және қасақана қылмыс жасағаны үшін бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 129-бапта:
1-тармақтағы «бес», «алты», «екі», «сегіз», «сегіз» деген сөздер тиісінше «жеті», «сегіз», «төрт», «он», «он» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «он», «он екі», «төрт», «он екі», «он екі» деген сөздер тиісінше «он екі», «он бес», «алты», «он төрт», «он төрт» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
«екі» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын;
«төрт қысқа мерзімді» деген сөздер «алты қысқа мерзімді және екі ұзақ уақыт» деген сөздермен ауыстырылсын;
«төрт посылка» деген сөздер «алты посылка» деген сөздермен ауыстырылсын;
«төрт бандероль» деген сөздер «алты бандероль» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 169-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Сотталған заңда белгiленген жаза мерзiмiнiң бiр бөлiгiн өтеген кезде жазаны орындайтын орган бес күн мерзімде жазбаша түрде сотталғанға жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы мәселені қарау немесе жазаның өтелмеген бөлігін жазалаудың неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру үшін сотқа өтініш беру құқығының туындағаны туралы хабарлауға міндетті.»;
3 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сотталғанның жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы, жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жұмсақ түрiмен ауыстыру туралы және кешiрiм жасау туралы өтінішіне жазаны орындайтын орган оның жазасын өтеу кезіндегі жеке басын, мінез-құлқын, еңбек пен оқуға қатынасын сипаттайтын деректерді қоса береді.»;
«9. Сотталған жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жұмсақ түрiмен ауыстыру туралы өтініш бергеннен кейін он күннің ішінде, жазаны орындайтын орган осы баптың үшінші бөлігінде аталған материалдарды және сотталғанның жеке ісін қоса бере отырып, оны сотқа жіберуге, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорды жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.»;
15) 171-бапта:
тақырыбы «балалары бар әйелдер» деген сөздерден кейін «және жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектер» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ «әйелдерге» деген сөзден кейін «және жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектерге» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы «әйелдерге» деген сөз «адамдарға» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші сөйлемдегі «әйелге» деген сөз «адамға» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші сөйлемде:
«әйелдiң» деген сөз «сотталған адамның» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әйелдi» деген сөз «сотталған адамды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сотталушының» деген сөз «сотталған адамның» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бірінші сөйлемдегі «әйел» деген сөз «адам» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші сөйлемде:
«Сотталушыдан» деген сөз «Сотталған адамнан» деген сөздермен ауыстырылсын;
бұл түзетудің мемлекеттік тілдегі мәтінге қатысы жоқ;
5-тармақтағы «әйел» деген сөз «адам» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «әйелдің» деген сөз «адамның» деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақта:
«әйел» деген сөз «адам» деген сөзбен ауыстырылсын;
бұл түзетудің мемлекеттік тілдегі мәтінге қатысы жоқ;
16) 172-бапта:
тақырыбындағы «Сотталған әйелдің жазасын», «сақтамауының» деген сөздер тиісінше «Жазасын», «сақтамаудың» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «әйел» деген сөз «адам» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«әйел» деген сөз «адам» деген сөзбен ауыстырылсын;
бұл түзетудің мемлекеттік тілдегі мәтінге қатысы жоқ;
бұл түзетудің мемлекеттік тілдегі мәтінге қатысы жоқ;
«ол» деген сөз «бұл адам» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«әйел» деген сөз «адам» деген сөзбен ауыстырылсын;
бұл түзетудің мемлекеттік тілдегі мәтінге қатысы жоқ;
бұл түзетудің мемлекеттік тілдегі мәтінге қатысы жоқ;
«сотталушыны» деген сөз «сотталған адамды» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
«әйелдің» деген сөз «сотталған адамның» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әйелді» деген сөз «адамды» деген сөзбен ауыстырылсын;
бұл түзетудің мемлекеттік тілдегі мәтінге қатысы жоқ;
17) 23-тараудың тақырыбының мәтініндегі «босатылған адамдарға» деген сөздер «босатылатын сотталғандарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 180-1-баптың 1-тармағындағы «Егер қылмыстық-атқару», «адамдар жазаны өтеу кезеңiнде емдеудiң толық курсынан өтпесе, олар» деген сөздер тиісінше «Қылмыстық-атқару», «, ерікті емделуден жазбаша түрде бас тартқан адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
бір жүз тоқсан бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«143-бап. Заңсыз кәсіпкерлік»;
мынадай мазмұндағы бір жүз тоқсан жетінші абзацпен толықтырылсын:
«143-2-бап. Заңсыз банктік қызмет»;
сегіз жүз отыз төртінші және сегіз жүз отыз бесінші абзацтардағы «576-2-бап. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары», «576-3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары» деген сөздер тиісінше «576-2-бап. Алып тасталды», «576-3-бап. Алып тасталды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 35-баптың бірінші бөлігіндегі «512-4» деген цифрлар «512-5» деген цифрлармен ауыстырылсын;
3) 48-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы «не қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасының мөлшерiмен» деген сөздерден кейін «келтірілген залал сомасының, алынған табыс сомасының, заңсыз кәсіпкерлік нәтижесінде алынған акцизделетін тауарлар құны сомасының, есептелмеген ұлттық және шетелдік валюта сомасының» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 50-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер осы Кодекстің ерекше бөлігінде өзгеше көзделмесе, тәртiп бұзушының меншiгi болып табылатын зат қана тәркiленуге жатады.»;
5) 143-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«143-бап. Заңсыз кәсіпкерлік
Кәсіпкерлік қызметті тіркелусіз не егер арнайы рұқсаттың (лицензияның) міндетті түрде болуы талап етілетін жағдайда, мұндай рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау талаптарын бұза отырып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу, егер бұл әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не ірі мөлшерде табыс алумен немесе акцизделетін тауарларды едәуір мөлшерде өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткізумен ұштасқан болса, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - келтірілген зиян сомасының, алынған табыс сомасының және заңсыз кәсіпкерлік нәтижесінде алынған акцизделетін тауарлар құнының отыз пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер.
1. Осы Кодекстің 143 және 143-2-баптарында азаматқа бір мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада келтірілген залал, не ұйымға немесе мемлекетке он мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада келтірілген залал ірі залал деп танылады.
2. Осы Кодекстің 143 және 143-2-баптарында сомасы он мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын табыс ірі мөлшердегі табыс деп танылады.
3. Осы бапта құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын тауарлар саны едәуір мөлшер деп танылады.»;
6) мынадай мазмұндағы 143-2-баппен толықтырылсын:
«143-2-бап. Заңсыз банктік қызмет
Банктiк қызметтi (банктiк операцияларды) тiркеусіз немесе рұқсат (лицензия) алу мiндеттi болған жағдайларда мұндай арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе, не iрi мөлшерде табыс табумен ұштасса, егер осы iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса,-
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - келтірілген залал сомасының, заңсыз қызмет нәтижесінде алынған табыс сомасының отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
7) 154-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге - келтірілген залал сомасының отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге - келтірілген залал сомасының елу, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
8) 154-1-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге - келтірілген залал сомасының он бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге - келтірілген залал сомасының отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
9) 155-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«борышкер ұйымның лауазымды адамдарына немесе меншiк иелерiне не дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң сексеннен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүзден мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«борышкер ұйымның лауазымды адамдарына немесе меншiк иелерiне не дара кәсiпкерлерге не конкурстық iс жүргiзу немесе оңалту рәсiмi кезiнде дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару функциялары берiлген тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң сексеннен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүзден алты жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
10) 156-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүзден сегіз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
11) 157-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпіске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз елуден жеті жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
12) 167-бапта:
алтыншы бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Әлеуетті өнім берушілерге және (немесе) олар тартатын қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) конкурстық құжаттамада Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасымен көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеу, -»;
мынадай мазмұндағы 6-3-бөлікпен толықтырылсын:
«6-3. Әлеуетті өнім берушіні және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына және (немесе) конкурстық құжаттаманың талаптарына сай емес деп негізсіз тану, -
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
сегізінші бөлік алып тасталсын;
оныншы бөліктегі «6-1 және 6-2» деген сөздер «6-1, 6-2 және 6-3» деген сөздермен ауыстырылсын;
Ескертуде:
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«алтыншы бөлікте - мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшыларын;»;
тоғызыншы абзацтағы «сегізінші және тоғызыншы бөліктерде», «адамдарды түсіну керек» деген сөздер тиісінше «тоғызыншы бөлікте», «адамдарды;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«6-3-бөлікте - конкурстық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелерін түсіну керек.»;
13) 187-баптың төртінші абзацындағы «жиырма» деген сөз «қырық» деген сөзбен ауыстырылсын;
14) 208-1-баптың екінші абзацы «айыппұл салуға» деген сөздерден кейін «немесе құқық бұзушылықты жасауға септігін тигізген заттар мен құралдар және оны жасау салдарынан алынған мүлік тәркілене отырып, қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 209-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац «көрсету» деген сөзден кейін «, егер осы iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «айыппұл салуға» деген сөздерден кейін «немесе құқық бұзушылықты жасауға септігін тигізген заттар мен құралдар және оны жасау салдарынан алынған мүлік тәркілене отырып, қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлікте:
бірінші абзац «көрсетуі,» деген сөзден кейін «егер осы iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «айыппұл салуға» деген сөздерден кейін «немесе құқық бұзушылықты жасауға септігін тигізген заттар мен құралдар және оны жасау салдарынан алынған мүлік тәркілене отырып, қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлікте:
бірінші абзац «асып түсуi» деген сөздерден кейін «, егер осы iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «айыппұл салуға» деген сөздерден кейін «немесе құқық бұзушылықты жасауға септігін тигізген заттар мен құралдар және оны жасау салдарынан алынған мүлік тәркілене отырып, қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға» деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы бөлікте:
бірінші абзац «көрсетуі» деген сөздерден кейін «, егер осы iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «айыппұл салуға» деген сөздерден кейін «немесе құқық бұзушылықты жасауға септігін тигізген заттар мен құралдар және оны жасау салдарынан алынған мүлік тәркілене отырып, қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 218-баптың екінші абзацындағы «отыз» деген сөз «елу» деген сөзбен ауыстырылсын;
17) 338-1-баптың екінші бөлігінде:
бірінші абзац «өткiзу» деген сөзден кейін «не ойын бизнесі саласында қызметті лицензиясыз жүзеге асыру» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «ойын жабдықтары» деген сөздердің алдынан «тиесілігіне қарамастан» деген сөздермен толықтырылсын;
18) 367-баптың екінші абзацы «немесе» деген сөзден кейін «әкімшілік құқық бұзушылықты жасау қаруы не құралы болып табылған зат тәркілене отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
19) 468-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңіл зақым келтiрген нақ сол iс-әрекеттер, -»;
20) 468-1-баптың екінші абзацы «қамауға» деген сөзден кейін «және бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға» деген сөздермен толықтырылсын;
21) 516-1-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша дәлелдемелердi iс жүргiзу iс-әрекеттерiне қатысатын маманның немесе қорғаушының жасаған бұрмалауы, егер бұл iс-әрекет адамның денсаулығына зиян немесе айтарлықтай залал келтiрмесе, -»;
22) 541-баптың бірінші бөлігі:
«143-1,» деген цифрлардан кейін «143-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«203,» деген цифрлардан кейін «208-1, 209,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«366,» деген цифрлардан кейін «367,» деген цифрлармен толықтырылсын;
23) 570-баптың бірінші бөлігіндегі «205 - 212» деген цифрлар «205 - 208, 210 - 212» деген цифрлармен ауыстырылсын;
24) 576-2 және 576-3-баптар алып тасталсын;
25) 636-бапта:
бірінші бөліктің 1) тармақшасында:
отыз үшінші абзац «143-1,» деген цифрлардан кейін «143-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
отыз төртінші абзац «168-1,» деген цифрлардан кейін «208-1, 209,» деген цифрлармен толықтырылсын;
алпыс бірінші абзацтағы «уәкiлеттi лауазымды адамдарының құқығы бар» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы алпыс екінші абзацпен толықтырылсын:
«түзеу мекемелерiнің немесе тергеу изоляторларының (367-бап) уәкiлеттi лауазымды адамдарының құқығы бар;»;
екінші бөліктің үшінші абзацы алып тасталсын.
5. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат):
489-баптың 2-тармағындағы «үш жыл өткеннен кейін» деген сөздер «бес жыл өткеннен кейін» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
21-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «тiнтуге» деген сөзден кейін «және (немесе) алуға» деген сөздермен толықтырылсын.
7. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24, 152-құжат):
2-баптың 11) тармақшасы «қалдырылған» деген сөзден кейін «, не түзеу мекемесінде құқық тәртібін қамтамасыз ету үшін жіберілген және Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару кодексінің 68-бабының тәртібімен ауыстырылған» деген сөздермен толықтырылсын.
8. «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 14, 60-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат):