1) 7-баптың 4-тармағындағы «подполковниктерге (екiншi дәрежелi капитандарға) - бес жыл» деген сөздер «подполковниктерге (екiншi дәрежелi капитандарға) - жеті жыл» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 36-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы «, подполковниктi (екiншi дәрежелi капитанды) қоса алғанда» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) подполковниктерге (екiншi дәрежелi капитандарға) - қырық жеті жас;».
9. «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 15-құжат; 2009 ж., № 9-10, 48-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
11-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Көрінеу заңсыз ойын бизнесі орнын ашу не ойын бизнесін ұйымдастыру үшін ғимаратты, үй-жайды немесе құрылысты беруге, сондай-ақ көрінеу заңсыз ойын бизнесін жүзеге асыру (ұйымдастыру) үшін ойын жабдығын беруге тыйым салынады.».
10. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат):
1) 1-баптың 12) тармақшасындағы «және олардың орынбасарларын» деген сөздер алып тасталсын;
2) 27-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«27-бап. Арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендерді төмендету, арнаулы атақтардан немесе сыныптық шендерден айыру»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Арнаулы атақтардан немесе сыныптық шендерден айыру мына қызметкерлерге қатысты тәртіптік жаза қолдану шарасы ретінде қолданылады:
1) полковникті, аға кеңесшіні қоса алғанға дейінгілерді - құқық қорғау органының басшысы;
2) жоғары басшы құрамды Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тәртіппен - Қазақстан Республикасының Президенті жүзеге асырады.»;
3) 28-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«28-бап. Соттың айыптау үкімімен арнаулы атақтардан немесе сыныптық шендерден айыру»;
4) 31-бапта:
1-тармақтағы «басшылары мен олардың орынбасарларын» деген сөздер «басшыларын» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Аумақтық органдар мен мекемелердің басшыларын ротациялау құқық қорғау органы басшысының шешімімен бес жылда бір рет жүзеге асырылады. Қабылданған шешім бұйрықпен ресімделеді. Аумақтық органдар мен мекемелердің басшыларын қызметке басқа жерге ротациялауға - қызметкердің жазбаша келісімімен, сондай-ақ қызмет мүддесі үшін - лауазымда болу мерзіміне қарамастан және қызметкердің келісімінсіз жол беріледі.»;
5) 47-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен және мерзімде кезектен тыс аттестаттауға жатады.
Құқық қорғау органдарының кезектен тыс аттестаттаудан өткен қызметкерлері атқаратын лауазымына сай келеді деп танылады.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне аттестаттау нәтижелері бойынша басқа, оның ішінде төмен тұрған лауазымдарда қызметін жалғастыру ұсынылуы мүмкін.
Құқық қорғау органдарының кезектен тыс аттестаттаудан өтпеген және (немесе) басқа, оның ішінде төмен тұрған лауазымдарда қызметін жалғастырудан бас тартқан қызметкерлері осы Заңда белгіленген тәртіппен жұмыстан шығарылуға жатады.»;
6) 56-баптың 2-тармағы 8) тармақшадағы «шығару тәртіптік жаза түрлері қолданылуы мүмкін.» деген сөздер «шығару;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) арнаулы атағынан немесе сыныптық шенінен айыра отырып, құқық қорғау органынан шығару тәртіптік жаза түрлері қолданылуы мүмкін. Осы тармақтың 9) тармақшасында көзделген тәртіптік жаза қызметкер «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 13) және 14) тармақшаларында көзделген теріс себептермен жұмыстан шығарылған кезінде қолданылады.»;
7) 80-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) аумақтық құқық қорғау органының басшысы қылмыстарды есепке алуды жасыруға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдамағаны үшін;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Осы Заңның 1-бабы 8-тармағының күші «подполковник (екінші дәрежелі капитан)» әскери атақтары осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген әскери қызметшілерге қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы қарашаның 9-ы.
№ 490-ІV