Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының
XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша
Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 Қаулысы
(2010.26.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 23 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөнінде комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары;
2) Комиссияның құрамы;
3) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Комиссия:
тілдерді дамыту, терминология және ономастика мәселелері;
ғылыми-білім беру мәселелері;
нормативтік құқықтық мәселелер бойынша тұрақты жұмыс істейтін сараптау топтарын құрсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Е.Қ.Ертісбаевқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 28 қазандағы
№ 1025 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халықтары Ассамблеясының XII сессиясында берген тапсырмаларын
орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с № | Қазақстан Республикасы Президентінің сөзінен үзінділер (тапсырмалар) | Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар | Орындалу мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | «Мен Үкіметке бір айдың ішінде мемлекеттік тілді білетін қазақ ұлтынан емес мемлекеттік қызметшілерді айтарлықтай материалдық ынталандыру жөнінде ұсыныс әзірлеуді тапсырамын». | Мемлекеттік тілді еркін меңгерген, оны функционалдық міндеттерін тікелей орындау кезінде қолданатын қазақ ұлтынан емес мемлекеттік қызметшілерді материалдық ынталандыру шаралары жүйесі жөнінде ұсыныс әзірлеу және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу. | 2006 жылғы 5 қарашаға дейін | МҚА (жинақтау), МАМ, ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині, Еңбекмині |
2 | «... қазақтар үшін мемлекеттік тілді білу - міндетті талап болуы тиіс». | Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның қарауына (бұдан әрі - Комиссия) Мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде мемлекеттік тілді білуге арналған тест енгізу мәселесі бойынша ұсыныстар енгізу. | 2006 жылғы 5 қарашаға дейін | МҚА (жинақтау), ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині, Еңбекмині, орталық және жергілікті атқарушы органдар |
3 | «Үкімет сондай-ақ тілдер жөніндегі бағдарламаны қайта қарап, мектептерге, мекемелерге мемлекеттік тілді үйрену, әдістемелер мен оқулықтар жасау жөнінде айтарлықтай қолдау көрсетуі керек. Қазақ тілі оқытушыларын даярлауға және оларды материалдық ынталандыруға айрықша назар аудару қажет». | 1. Мемлекеттік тілді үйретудің, оқулықтарды, оның ішінде электрондық оқулықтарды, көрнекі құралдарды, екі тілдік және көп тілдік сөздіктерді және тілашарларды, балалар әдебиетін шығарудың ақпараттық жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның қарауына енгізу. Қаржыландыру мәселелерін шешу. 2. Қазақша емес мектептер үшін қазақ тілі бойынша білім беру стандарттары мен бағдарламаларын жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау, қазақ тілін оқытудың, оның ішінде қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін сынақтан өткізу және енгізу. 3. Мемлекеттік тілді оқытудың мазмұны мен әдістемесін жаңартуды, оқытудың жаңа технологияларын, оқулықтардың жаңа буынын әзірлеуді, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін халықаралық сертификаттау жөніндегі құжаттарды дайындауды қамтамасыз ету. 4. Оқушылар мен студенттерді қазақ тіліне оқытуда жоғары нәтижелерге жеткен мұғалімдер мен оқытушыларды материалдық көтермелеу жөніндегі шаралар жүйесін әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның қарауына енгізу. | 2006 жылғы 5 қарашаға дейін 2007 жылғы 1 ақпанға дейін 2007 жылғы 1 шілдеге дейін 2006 жылғы 5 қарашаға дейін | БҒМ (жинақтау), ЭБЖМ, Қаржымині БҒМ (жинақтау), ЭБЖМ БҒМ (жинақтау), МАМ БҒМ (жинақтау), Еңбекмині, ЭБЖМ |
4 | Мемлекеттік тілді үйрену курстарын ұйымдастыру жөніндегі орыс және славян бірлестіктерінің қазіргі бар тәжірибелерін оң тұрғыда бағалай отырып, қолдау көрсеткен жөн. Бұл бастамаға басқа да ұлттық-мәдени орталықтар қолдау білдірсе, жақсы болар еді". | 1. Ұлттық-мәдени бірлестіктердің жексенбілік мектептерінде мемлекеттік тілді оқыту курстарын ұйымдастыру және дамыту жөнінде шаралар қабылдау. Оларды қаржылық және кадрлық қамтамасыз ету мәселелерін шешу жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның қарауына енгізу. 2. ҰМО мен қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік тілді үйрену жөніндегі жобаларын қолдау үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетігін пайдалану жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның қарауына дайындау. | 2006 жылғы 5 қарашаға дейін 2006 жылғы 5 қарашаға дейін | МАМ (жинақтау), БҒМ, ҚХА хатшылығы, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері МАМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
5 | «... бізге кейбір пәндерді мектепте оқыту бір мезгілде қазақ тілінде де, орыс тілінде де жүргізілуі туралы ойласу керек. Бұл біздің бүкіл білім беру жүйеміз үшін жаңа міндет, оны талдап жасауға уақыт қажет. Мұны байыпты зерттеу керек». | Жалпы білім беретін мектептерде қазақ және орыс тілдерінде жекелеген пәндерді зерделеуді енгізу жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның қарауына енгізу. | 2007 жылғы 1 қаңтарға дейін | БҒМ |
6 | «Алайда Қазақстандағы жастар мынаны білуге тиіс: мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарда, қызмет көрсету саласында, құқық қорғау органдарында немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды. Уақыт бар, мүмкіндік бар, мемлекеттің қолдауы бар - өз функцияларыңды қажетті деңгейде жүзеге асыру үшін тілді үйрену керек». | Жас мамандардың мемлекеттік тілді меңгеруін ынталандыру, талап етілуін арттыру және оны зерделеу үшін қажетті жағдайлар жасау жөнінде шаралар кешенін әзірлеу. | 2007 жылғы 1 шілдеге дейін | МАМ (жинақтау), БҒМ, Әділетмині, МҚА, орталық және жергілікті атқарушы органдар |
7 | Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз. Және мұнда қазақ тілінің ғалымдарына, лингвистеріне ғылым мен осы заманғы технологиялардың, ал нарықтық қазақ тілінің тіпті де терминдерін жасаумен айналысуы керек. Бұл - шұғыл мәселе. Үкімет барлық проблемаларды кешенді түрде зерттеп, шара қабылдауы тиіс». | 1. Тіл туралы заңнамаға толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөнінде талдау жүргізу және Комиссияның қарауына нақты ұсыныстар беру. 2. Мемтерминком жұмысын жетілдіру, оның жанынан қажетті көлемде қаржыландыру арқылы салалық секциялар құру жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның қарауына енгізу. 3. Қазақ терминологиясын дамыту бағдарламасын әзірлеу. 4. Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру тұжырымдамасының жобасын әзірлеуді ұйымдастыру және оны Үкіметке енгізу. 5. Мемлекеттік тілді оқытудың жаңа, баламалы, анағұрлым жетілдірілген, сапалы бағдарламаларын әзірлеумен және жасаумен кәсіби түрде айналысатын мамандарды ынталандыру жөніндегі шаралар жүйесін әзірлеу. | 2007 жылғы 1 ақпанға дейін 2006 жылғы 5 қарашаға дейін 2007 жылғы 1 шілдеге дейін 2007 жылғы 1 ақпанға дейін 2007 жылғы 1 наурызға дейін | МАМ (жинақтау), Әділетмині, БҒМ, Еңбекмині, МАМ (жинақтау), ЭБЖМ, Әділетмині, МҚА МАМ (жинақтау), БҒМ, ЭБЖМ МАМ (жинақтау), ЭБЖМ, БҒМ МАМ (жинақтау), БҒМ, ЭБЖМ |
8 | «Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңыздағы мәселе - мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекеттік тіл - бұл Отан бастау алатын ту, елтаңба, әнұран секілді дәл сондай нышан. Және ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс». | 1. Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасына, жастарда мемлекеттік тілге мемлекеттік нышандардың бірі ретінде құрметпен қарау сезімін қалыптастыруға қатысты бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу. 2. Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының мәдениетін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау жөніндегі шаралар жүйесін көздей отырып, 2007 жылға арналған ақпараттық саясатты жүргізудің мемлекеттік тапсырысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу. | 2006 жылғы 5 қарашаға дейін 2006 жылғы 5 қарашаға дейін | БҒМ (жинақтау), МАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері МАМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
9 | «...мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жақсартуды қажет етеді». | Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007 - 2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын мемлекеттік тілді дамыту және мемлекеттік тіл саясатын іске асыруды қамтамасыз ету бөлігінде пысықтау. | 2006 жылғы 5 қарашаға дейін | МАМ (жинақтау), БҒМ, ЭБЖМ, Қаржымині |
10 | «Мәселе мынада, халықаралық тілдердің бірі болып табылатын орыс тілін миллиондаған қазақтардың жаппай білуі - осы заманғы дүниеде ақпараттық кеңістікті кеңейтетін фактор. Көз жетерлік болашақта орыс тілі біздің бәсекеге қабілетіміздің факторы болып қала береді... Қазақстанда орыс тілін білу деңгейі жоғары болып қалуы тиіс». | 1. Ұлттық мектептерде орыс тілін оқыту бағдарламасын жетілдіру жөніндегі шаралар жүйесі бойынша ұсыныстар әзірлеу және оны Комиссияның қарауына енгізу. 2. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нормаларды игеру сапасын бақылау саласындағы стандарттарды әзірлеу. | 2006 жылғы 25 қарашаға дейін 2007 жылғы 1 наурызға дейін | БҒМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
11 | «... қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді болып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білуі тиіс дегенмін. Еуропада көптілділік қалыптылыққа айналды, біз де осыған сөзсіз келуге тиіспіз». | Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін зерделеудің және оны практикада қолдануды уәждемелеу жүйесін жасау және оны әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның қарауына енгізу. | 2006 жылғы 1 желтоқсанға дейін | МАМ (жинақтау), МҚА, ЭБЖМ, Еңбекмині, Қаржымині, БҒМ, Әділетмині |
12 | «Еліміздің барлық жалпы білім беретін мектептері мен жоғары оқу орындарында ағылшын тілін терең әрі қарқынды түрде оқытудың арнайы бағдарламасын жасаудың уақыты келді деп ойлаймын. Бұл бағдарламаға Ұлыбритания мен АҚШ-тың білім беретін ірі құрылымдарын тарту жөнінде ойлану қажет. Үкімет екі ай ішінде тиісті ұсынысты дайындауы тиіс». | 1. Халықаралық ұйымдармен және шетелдік білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде, ағылшын тілін оқыту орталықтарын құру, ағылшын тілін тереңдетіп оқыту бағдарламасын кезең кезеңімен енгізу жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның қарауына енгізу. 2. Ірі шетелдік жалпы білім беретін мекемелерді тарта отырып, ағылшын тілін оқытудың өңірлік білім беру орталықтарын құру. | 2006 жылғы 15 желтоқсанға дейін 2007 жылғы 1 қыркүйекке дейін | БҒМ (жинақтау), МАМ, ЭБЖМ, Қаржымині, СІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері БҒМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
13 | «... қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Мамандар жарты жыл ішінде мәселені зерделеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс». | Түркияда, Өзбекстанда, Әзірбайжанда, Түркіменстанда және басқа да елдерде латын әліпбиіне көшу тәжірибелерін зерделей отырып, ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету, осы мәселе бойынша ұсыныстарды қарау және Комиссияның қарауына енгізу. | 2007 жылғы 15 наурызға дейін | БҒМ (жинақтау), СІМ, МАМ |
Аббревиатуралар мен қысқарған сөздердің толық жазылуы:
МҚА - Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ҰМО - ұлттық-мәдени орталық
ҚР Үкіметінің 2007.31.01. № 77 (бұр. ред. қара) ; 2007.04.10. № 897 (бұр.ред.қара); 2008.11.06. № 577 (бұр.ред.қара); 2008.20.06. № 598 (бұр.ред.қара); 2008.31.12 № 1338 (бұр. ред. қара); 2009.13.11 № 1834 (бұр.ред.қара); 2010.26.10. № 1113 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрамы өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 28 қазандағы
№ 1025 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі
комиссияның құрамы
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі, төрағаның орынбасары |
Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы | - Астана қаласының әкімі |
Алдан Смайыл | - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Карин Ерлан Тынымбайұлы | - «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының хатшысы |
Нәрікбаев Мақсұт Сұлтанұлы | - «Қазақ гуманитарлық заң университеті» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша); |
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға |
Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты, төрағаның орынбасары |
Котенко Наталья Леонидовна | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық бөлімнің меңгерушісі |
Тілеухан Бекболат Қанайұлы | - Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің депутаты |
Әбдік Төлен | - жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша) |
Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы | - Президенттік мәдени орталықтың директоры, филология ғылымдарының докторы |
Айтбайұлы Өмірзақ | - Халықаралық»Қазақ тілі қоғамының президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы |
Мыңбай Дархан Қамзабекұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша) |
Көмекбаев Әли Амантайұлы | - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
| | |
Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
Әбіқаев Нұртай Әбіқайұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары |
Құрманбайұлы Шерубай | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, профессор, филология ғылымдарының докторы |
Ибраим Самат Бектенұлы | - «Ана тілі» ұлт газетінің бас редакторы (келісім бойынша); |
Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, |
Жолдыбаева Роза Нығметжанқызы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің талдау және мониторинг басқармасының бастығы, хатшы, |
Омаров Бауыржан Жұмаханұлы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы, |
Құрманәлиев Кәрімбек Арыстанбекұлы | - «Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы» акционерлік қоғамының вице-президенті, филология ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша), |
Шәуеев Азат Сәдметұлы | - «Мемлекеттік тілді дамытудың президенттік қоры» қоғамдық қорының директоры (келісім бойынша); |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 28 қазандағы
№ 1025 қаулысымен
Бекітілген
Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2008.11.06. № 577 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында Қазақстан Республикасының Үкіметіне берген тапсырмаларын іске асыру, мемлекеттік тіл саясатын іске асыру, мемлекеттік тілді енгізу тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылған.
2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
4. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) мемлекеттік тілді кешенді және жүйелі дамыту мен енгізу, елде орыс тілін білудің жоғары деңгейін сақтап қалу, ағылшын тілін тереңірек және қарқынды үйрену жүйесін құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) мемлекеттік тіл саясатын және тілдік құрылысты іске асыру тетіктерін одан әрі жетілдіру.
5. Комиссияның оған жүктелген міндеттерге сәйкес функциялары:
1) тілдерді дамыту, терминология және ономастика мәселелерін қарау және тиісті ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
2) мемлекеттік тіл саясатының ғылыми-білімдік аспектілерін қарау;
3) мемлекеттік тіл саясаты және тіл құрылысы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
4) мемлекеттік тіл саясатын және тиісті жобаларды іске асыру саласында орталық, жергілікті және өзге де мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын талдау болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары
6. Комиссияның заңнамада белгіленген тәртіппен өз міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін:
1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті ақпараттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
2) мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға, тіл құрылысы, тілдерді дамыту, терминология және ономастика мәселелеріне байланысты проблемалық мәселелерді талдау және зерделеу үшін қажеттілігіне қарай мемлекеттік органдардың және мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және ұлттық мәдени орталықтардың өкілдерін, сондай-ақ отандық және шетелдік сарапшыларды тартуға;
3) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өз отырыстарында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;
4) мемлекеттік тіл саясаты саласында әзірленетін ұсыныстар мен ұсынымдарды кеңінен талқылауды ұйымдастыруға құқығы бар.
4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
7. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды, шешімдердің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметіне жеке жауапты болады.
Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1113 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
9. Комиссияның жұмыс органы Комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
10. Комиссияның хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және ол өткізілгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді.
11. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
Комиссияның жоспардан тыс отырыстарын Комиссияның қарауына енгізілетін, ұсынылған материалдар негізінде Комиссияның төрағасы шақырады.
12. Комиссияның отырысы, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп саналады.
Комиссияның мүшелері отырысқа ауыстыру құқығынсыз қатысады.
13. Осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген материалдарды қарау қорытындылары бойынша Комиссияның мүшелері Комиссияның кезекті отырысында өз ұсыныстарын енгізеді.
14. Отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ олардың өткізілетін уақыты мен орнын Комиссия мүшелерімен келісім бойынша Комиссияның төрағасы белгілейді және нақтылайды.
15. Комиссияның шешімдері ашық дауыспен қабылданады және егер оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігінің дауысы берілсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылдаған болып саналады. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ал білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс.
Комиссияның отырысын өткізу нәтижелері бойынша оның мүшелерінің барлығы міндетті түрде қол қоятын хаттама жасалады.
Қажет болған жағдайда Комиссия шешімі хаттама рәсімдей отырып, оның мүшелеріне жазбаша сауалдаманың жүргізу жолымен қабылдануы мүмкін.
16. Комиссия мемлекеттік тіл саясатына қатысты мәселелерді қарау қорытындылары бойынша ұсынымдық сипатта қорытынды шығарады.
17. Комиссия жанынан түрлі қызмет бағыттары бойынша сараптама топтары құрылады.
Сараптама топтарының құрамын, олардың міндеттері мен функцияларын Комиссияның төрағасы бекітеді.
18. Тұрақты жұмыс істейтін сараптама топтарының қызметін қамтамасыз етуді Комиссияның шешімдеріне сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
19. Сараптама топтарының жетекшілері Комиссияның отырыстарында жұмыстың жүргізілуі туралы есеп береді.
5. Комиссияның қызметін тоқтату
20. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.