Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен
өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1262 Қаулысы
(2010.26.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 23 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Үкіметтік емес секторды, оның мемлекеттік органдармен сындарлы өзара іс-қимылын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Үйлестіру кеңесі туралы ереже;
2) Үйлестіру кеңесінің құрамы бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1262 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы
Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі
үйлестіру кеңесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Үйлестіру кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңдарын, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді және осы Ережені басшылыққа алады.
2. Үйлестіру кеңесінің міндеттері және функциялары
3. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері:
мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығы жүйесін жетілдіру;
үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттің әлеуметтік саясатын қалыптастыруға және жүзеге асыруға тарту;
азаматтық бастаманың өсуі үшін жағдай жасау;
үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
4. Үйлестіру кеңесі жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында, мынадай функцияларды орындайды:
үкіметтік емес ұйымдардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту және кеңейту жөнінде ұсынымдар әзірлейді;
мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарға қарау үшін талдамалық, әдістемелік және өзге де материалдарды жібереді.
5. Үйлестіру кеңесінің:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне өзінің құзыретіне жататын мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Үйлестіру кеңесінің отырыстарына мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін шақыруға және тыңдауға;
мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті материалдар мен құжаттарды сұратуға;
үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауға байланысты өзге де өкілеттікті жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру
6. Үйлестіру кеңесін төраға басқарады.
7. Төраға:
Үйлестіру кеңесінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
Үйлестіру кеңесінің отырыстарында төрағалық етеді;
Үйлестіру кеңесінің жұмыс қорытындылары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдында есеп береді.
Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасары атқарады.
8. Үйлестіру кеңесінің Хатшысы Үйлестіру кеңесінің жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді, отырыстың күн тәртібі бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды және отырыстардың хаттамаларын ресімдейді.
9. Үйлестіру кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай, кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі және егер оларға Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысса заңды болып саналады.
10. Үйлестіру кеңесінің шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1113 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі болып саналады.
ҚР Үкіметінiң 2006.27.06. № 588 қаулысымен (бұр. ред. қара) ; 2007.17.07 № 603 қаулысымен ( бұр. ред. қара); 2008.11.06. № 577 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.20.06. № 597 (бұр.ред.қара); 2008.31.12 № 1338 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.13.11 № 1834 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.26.10. № 1113 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1262 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес
ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің
құрамы
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі, төраға |
Нұрғазиева Бану Ғаниқызы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қоғамдық-саяси жұмыс департаменті директоры, хатшы |
Дүйсенова Тамара Босымбекқызы | - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы |
Оразаев Марат Әбілахатұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Бекетаев Марат Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі |
Сыдықов Нұрлан Ерболатұлы | - «Қазақстан жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша) |
Цеховой Алексей Филиппович | - «Халықаралық ақпараттандыру академиясы» қоғамдық бірлестігінің бас директоры (келісім бойынша) |
Төлебаев Ғазиз Тұрысбекұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Тұрмағамбетов Мәжит Әбдіқалықұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
Әбдікәрімов Сержан Оралбайұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы департаментінің директоры; |
Үйлестіру кеңесінің мүшелері:
Котенко Наталья Леонидовна | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік- экономикалық бөлімінің меңгерушісі |
Нәубетова Рашида Аронқызы | - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының консультанты |
Перуашев Азат Тұрлыбекұлы | - «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) |
Дәленов Руслан Ерболатұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі; |
Калюжный Вячеслав Афанасьевич | - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысы (келісім бойынша) |
Ақпенова Раушан Төлеқызы | - «Қазақстан телерадио хабарларын таратушылар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің директоры (келісім бойынша) |
Байсақова Зүлфия Мұхамедбекқызы | - «Қазақстан дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы (келісім бойынша) |
Гуляев Сергей Николаевич | - «Десента» қоғамдық қорының бас директоры (Үкіметтік емес ұйымдарды дамыту және қолдау орталығы) (келісім бойынша) |
Соловьева Айгүл Сағадыбекқызы | - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Азаматтық альянсінің президенті (келісім бойынша) |
Құрманғалиева Аида Дәденқызы | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі |