Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 5 желтоқсандағы № 1809 қаулысы
(2009.06.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 4 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 22.08.03 ж. № 849 қаулысымен тақырыбы және кіріспе өзгертілді (бұр.ред. қара)
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 22.08.03 ж. № 849 қаулысымен 1- тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен шарттары;
2) Қазақстан Республикасының республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп бiр ай мерзiмде мемлекеттік меншiктегі және республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне кiрмеген, соның iшiнде қалаларға кiреберiс жолдарды және қалалардың шекараларынан өтетiн жолдарды, сондай-ақ мемлекеттік меншiк болып табылатын олардағы құрылыстарды коммуналдық меншiкке берудi қамтамасыз етсiн.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген объектiлердi коммуналдық меншiкке қабылдауды және олардың пайдаланылып ұсталуын қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген объектiлердi қабылдауды аяқтағаннан кейiн бiр ай мерзiмде жергiлiктi маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбелерiн бекітудi және олардың көшiрмелерiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
4. ҚР Үкіметінің 2004.29.12. № 1414 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
5. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Жол қоры туралы» заң күші бар Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 21 ақпандағы № 221 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 9, 63-құжат) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2000 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1809 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 22.08.03 ж. № 849 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда жазылды (бұр.ред. қара)
Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен шарттары
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен шарттары «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегi Заңына сәйкес әзiрленген.
2. Жiктеу тәртібі және шарттары
2. Жалпы пайдаланымдағы республикалық және жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарын жiктеу жол қозғалысының геометриялық параметрлерi мен есептiк қарқындылығына байланысты мемлекеттік стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Шаруашылық автомобиль жолдарын, қалалар мен елдi мекендердiң көшелерiн жiктеу жолдың көрсетiлген түрлерiне талаптарды ескере отырып, ұқсас тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Халықаралық не республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы пайдалануға қабылданғаннан кейiн отыз күн iшiнде автомобиль жолдары жөніндегі мемлекеттік уәкiлеттi орган (бұдан әрi мемлекеттік уәкiлеттi орган) автомобиль жолын жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне енгізу үшiн Қазақстан Республикасының Yкіметіне ұсыныс енгiзедi.
4. Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолын пайдалануға қабылдаған күннен бастап жиырма күннiң iшiнде жергiлiктi атқарушы орган мемлекеттік уәкiлеттi органға жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне автомобиль жолын енгізудi келiсуге материалдар жiберуге мiндеттi.
Жiберiлетiн материалдар автомобиль жолы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пайдалануға қабылдағанын растайтын құжаттарды, автомобиль жолының атауы мен индексi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тиiстi тiзбесiн қамтуы тиiс.
Мемлекеттік уәкiлеттi орган ұсынылған құжаттарды жиырма күннiң iшiнде қарайды. Автомобиль жолын кейiннен жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне енгізу үшiн жергiлiктi атқару органына жазбаша келісім жiберiледi.
Автомобиль жолын жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне енгізу үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға келiсуге материалдар толық мәлiметтерсiз және/немесе осы тармақта көзделген құжаттарсыз ұсынылған жағдайда мемлекеттік уәкiлеттi орган барлық кемшiлiктердi жою үшiн өтiнiштi қайтарады.
3. Автомобиль жолдарының атаулары және индекстерi
5. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының атаулары және индекстерi болуы тиiс.
Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының атауына елдi мекендердiң бастапқы және соңғы, қажет болғанда аралық мекендердің атаулары кiредi.
Автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.
Автомобиль жолдарының индексіндегі сандар индекс әрiптерiнен кейiн дефис арқылы берiледi.
6. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетiн халықаралық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолына атау мен индекстi беру халықаралық келісімдермен белгiленедi.
7. Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.
Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы индексiнiң әрпi автомобиль жолының сыныбына сәйкес келедi және мыналармен айқындалады:
«M» - шақырым есебi, шектес мемлекеттiң аумағынан басталатын аса маңызды мемлекетаралық көлiк байланысын қамтамасыз ететiн автомобиль жолдары үшiн;
«А» - Қазақстан Республикасының iрi әкiмшiлiк, мәдени және экономикалық орталықтарының, сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар жолдарды қоса алғанда, көршiлес мемлекеттердiң арасындағы көлiктiк қатынасты қамтамасыз ететiн автомобиль жолдары үшiн;
«P» - қалғандары үшiн;
8. Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.
Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы индексiнiң бiрiншi әрпi «К»-мен белгiленедi.
Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының индексіндегі келесi әрiптерi жолдың әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiне тиесiлiгі бойынша, кестеге сәйкес белгiленедi:
«К» әрпiнен кейiн индекстiң келесi әрпiн меншiктеу кестесi
┌─────┬──────────────────────────────┬────────────────────────────────┐
│ р/с │ Қазақстан Республикасы │ Индекстегi │
│ № │ облыстарының атаулары │ әріптің атауы │
├─────┼──────────────────────────────┼────────────────────────────────┤
│ 1 │ 2 │ 3 │
├─────┼──────────────────────────────┼────────────────────────────────┤
│ 1. │Ақмола │ C │
├─────┼──────────────────────────────┼────────────────────────────────┤
│ 2. │Ақтөбе │ D │
├─────┼──────────────────────────────┼────────────────────────────────┤
│ 3. │Алматы │ B │
├─────┼──────────────────────────────┼────────────────────────────────┤
│ 4. │Атырау │ E │
├─────┼──────────────────────────────┼────────────────────────────────┤
│ 5. │Шығыс Қазақстан │ F │
├─────┼──────────────────────────────┼────────────────────────────────┤
│ 6. │Жамбыл │ H │
├─────┼──────────────────────────────┼────────────────────────────────┤
│ 7. │Батыс Қазақстан │ L │
├─────┼──────────────────────────────┼────────────────────────────────┤
│ 8. ├Қарағанды │ M │
├─────┼──────────────────────────────┼────────────────────────────────┤
│ 9. ├Қызылорда │ № │
├─────┼──────────────────────────────┼────────────────────────────────┤
│ 10. ├Қостанай │ P │
├─────┼──────────────────────────────┼────────────────────────────────┤
│ 11. │Маңғыстау │ R │
├─────┼──────────────────────────────┼────────────────────────────────┤
│ 12. │Павлодар │ S │
├─────┼──────────────────────────────┼────────────────────────────────┤
│ 13. │Солтүстiк Қазақстан │ T │
├─────┼──────────────────────────────┼────────────────────────────────┤
│ 14. │Оңтүстiк Қазақстан │ X │
└─────┴──────────────────────────────┴────────────────────────────────┘
Автомобиль жолы екi және одан да көп әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арқылы өткен жағдайда жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге тиесiлiгi бойынша индекстiң бiрiншi әрпiнен кейiн әрiптер әлiпбилiк тәртiппен меншiктеледi.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2000 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1809 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағындағы республикалық
маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының
тізбесі
ҚР Үкіметінің 27.12.02 ж. № 1389; 14.05.04 ж. № 541; 06.09.04 ж. № 935 (бұр. ред. қара); 2005.01.07. № 683 (бұр. ред. қара); 2005.03.11 № 1095 ; 2006.06.01. № 3 (бұр.ред.қара); 2009.05.02. № 110 (бұр.ред.қара); 2009.06.08. № 1192 (бұр.ред.қара) қаулыларымен тізбе өзгертілді
┌─────────┬─────────────────────────────────────────┬───────────────┐
│ Жолдың │ Жолдардың атауы │Ұзақтығы, км │
│ нөмірі │ │ │
├─────────┼─────────────────────────────────────────┼───────────────┤
│ 1 │ 2 │ 3 │
├─────────┼─────────────────────────────────────────┼───────────────┤
│ М-32 │РФ шекарасы (Самараға) - Шымкент, │ │
│ │Орал, Ақтөбе, Қызылорда қалалары │2029 │
│ │арқылы │ │
│ М-36 │РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы, │ │
│ │Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары │2032 │
│ │арқылы │ │
│ М-38 │РФ шекарасы (Омбыға) - Майқапшағай │ │
│ │(ҚХР-ға шығу), Павлодар, Семей қалалары │1099 │
│ │арқылы │ │
│ М-51 │РФ шекарасы (Челябинскiге) - РФ шекарасы │ │
│ │(Новосибирскiге), Петропавл, Омбы │175 │
│ │қалалары арқылы │ │
│ А-1 │Астана - Петропавл, Көкшетау қаласы │ │
│ │арқылы │452 │
│ А-2 │Өзб.Р шек (Ташкентке)-Шымкент-Тараз- │ │
│ │Алматы-Қорғас, Көкпек, Көктал, │1197 │
│ │Благовещенка арқылы Қырғызстан │ │
│ │шекарасына кiреберiспен │ │
│ А-3 │Алматы - Өскемен │1036 │
│ А-4 │Алматы-Шамалған-Ұзынағаш-Прудки- │ │
│ │Талап-Қырғызстанның шекарасы (Жамбыл │132 │
│ │ескерткiшiне кiреберiспен) │ │
│ А-5 │Ақсай-Шонжы-Көлжат-ЛХР шекарасы │160 │
│ А-6 │Көкпек-Кеген-Қырғызстан шекарасы (Түп) │115 │
│ А7 │Үшарал-Достық │184 │
│ А-8 │Таскескен-Бақты (ҚХР шек.) │187 │
│ А-9 ├Өскемен-Лениногорск-РФ шек. │167 │
│ А-10 ├Өскемен-Шемонаиха-РФ шек. │120 │
│ А-11 │Семей-РФ шек. (Барнаулға) │111 │
│ А-12 │Петропавл-Соколовка-РФ шек. (Есіл │62 │
│ │қаласына) │ │
│ А-13 │Көкшетау-Кiшкенекөл-Бидайық - РФ шек. │278 │