«Қарағанды қаласы арқылы өтетін автомобиль жолын республикалық маңызы бар
жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесіне енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 27 желтоқсандағы № 1389 Қаулысы
(2015.20.08. берілген өзгерістермен)
Қарағанды қаласы арқылы өтетін автомобиль жолын қайта жаңа арналған бюджет қаражатын үнемдеудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды қаласының шекарасы шегiндегi ұзақтығы 35 км қашықтық республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы «М-36 РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы, Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы» автомобиль жолының құрамына енгiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және Қарағанды облысының өкімімен бiрлесiп үстіміздегі жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзiмде учаскенi қабылдау-тапсыруды қамтамасыз етсiн.
3. ҚР Үкіметінің 2015.20.08. № 655 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |