Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 желтоқсандағы № 1164 Қаулысы
(2010.20.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2006 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1164 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы № 1298 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесі туралы ережеде:
14-тармақта:
алтыншы және жиырма екінші абзацтарда «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет», «Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің» деген сөздер «өртке қарсы қызмет органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзацта «Төтенше жағдайларды мемлекеттік қадағалау техникалық және тау-кен қадағалау» деген сөздер «төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақтың бірінші абзацында және 21-тармақтың екінші абзацында «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің» деген сөздер тиісінше «өртке қарсы қызмет органдары», «өртке қарсы қызмет органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың бесінші және сегізінші абзацтарында «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің республикалық дағдарыс орталығы» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің республикалық дағдарыс орталығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға қосымшада:
16-тармақта «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. ҚР Үкіметінің 2007.23.08. № 733 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. «Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын берудің тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 108 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 3, 39-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығын берудің тәртібінде:
30-тармақтың 3) тармақшасында «және тау-кен бақылау» деген сөздер алынып тасталсын.
4. «Төтенше жағдайлардың алдын алу және ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 25, 238-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдайларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрамында:
мына:
"Бижанов - Қазақстан Республикасының Төтенше
Нұрахмет Құсайынұлы жағдайлар бірінші вице-министрі,
төрағаның орынбасары"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Бижанов - Қазақстан Республикасы Төтенше
Нұрахмет Құсайынұлы жағдайлар министрлігі Төтенше
жағдайларды және өнеркәсіптік
қауіпсіздікті мемлекеттік
бақылау комитетінің төрағасы,
төрағаның орынбасары";
көрсетілген құрамнан Жанасаев Болат Бақытжанұлы, Веснин Виктор Николаевич шығарылсын.
5. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 453 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 453 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1164 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесi
1. «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 7 шілдедегі № 1068 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 30, 275-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің Республикалық ақпараттық-техникалық орталығын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, ақпараттама және жағдайлық талдау жөніндегі республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны етіп қайта құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 30 қыркүйектегі № 1390 қаулысының 6-тармағы.
3. «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 17 қарашадағы № 1593 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 49, 458-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі № 3928 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 9 шілдедегі № 651 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 12-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 22, 190-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 және 1997 жылғы 7 шілдедегі № 1068 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 тамыздағы № 1119 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 40, 348-құжат).