Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі
комитетiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы
17 қарашадағы № 1593 қаулысы
(1999.27.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2006.04.12. № 1164 Қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы № 3655 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 1998.06.10. № 1006 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. ҚР Үкіметінің 1999.27.04. № 481 қаулысымен күші жойылды
2. ҚР Үкіметінің 1999.27.04. № 481 қаулысымен күші жойылды
3. ҚР Үкіметінің 1999.27.04. № 481 қаулысымен күші жойылды
4. «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 7 шiлдедегi № 1068 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 30, 275-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
атауындағы "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;
2-тармақтағы "мемлекеттік комитетi" деген сөздер "комитет" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың екiншi абзацының және 3-6-тармақтардың күшi жойылған деп танылсын;
аталған қаулымен бекітілген Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік инспекция туралы Ережеде:
1-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "мемлекеттік комитетi" деген сөздер "комитет" деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi абзацта:
"мемлекеттік комитетiнiң" деген сөздер "комитетiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
"(бұдан әрi - ТЖМК)" және "ТЖМК" деген сөздер алынып тасталсын;
4-тармақтың жиырма төртiншi абзацындағы "Экономика және сауда министрлігінiң" деген сөздер "Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы ТЖМК деген сөз алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 17 қарашадағы
№ 1593 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар
жөніндегі комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
Миссиясы
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халықты және аумақтарды авариялардан, апаттардан және табиғи зiлзалалардан қорғау.
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы* арнайы уәкiлеттiк берiлген, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құрамына кiрмейтiн, орталық атқарушы орган болып табылады және халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзушi объектiлерiн авариялардан, апаттардан және табиғи зiлзалалардан қорғау, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою елдiң азаматтық қорғанысы, өрт қауiпсiздiгi, өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және тау-кен қадағалау мәселелерi бойынша мемлекеттік саясатты және салааралық үйлестiрудi iске асырады.
Ескерту: Әлеуметтiк және экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар Комитеттiң құзыретiне кiрмейдi.
2. Комитет өз қызметiнде Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң актілерін, Премьер-Министрдiң өкiмдерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен, Iшкi iстер министрлігімен, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен, Республикалық ұланмен, басқа да министрлiктермен, мемлекеттік комитеттермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдармен және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара бiрлескен iс-қимылда жүзеге асырады.
4. Комитеттiң орталық аппаратын, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
5. Комитеттiң құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
6. Комитет заңды тұлға болып табылады, оның банкте шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi, бюджеттік жiктеу коды болады.
II. Басымдықтары
7. Комитеттiң стратегиялық басымдықтары мыналар болып табылады:
Мемлекеттік саясатқа сәйкес табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу және жою саласындағы реформалар мен құрылымдық қайта құрулар жүргiзу;
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында жағдайлар мен құбылыстардың кешендi мониторингi;
елдiң азаматтық қорғаныс жүйесiн дамыту;
өнеркәсiптiк өндiрiстердiң және аса қауiптi объектiлер жұмыстары қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiне бақылау жасау.
III. Негiзгi мiндеттерi, функциялар және құқықтары
8. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, елдiң азаматтық қорғанысы, өрт қауiпсiздiгi, сондай-ақ өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және тау-кен қадағалау салаларында мемлекеттік саясатты әзiрлеуге қатысу және iске асыру;
Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың мемлекеттік жүйесiнiң жұмыс iстеуi мен оны одан әрi дамытуды қамтамасыз ету;
салааралық үйлестiрудi және мемлекеттік басқарудың жоғарыда аталған салаларына басшылықты жүзеге асыру;
өзге де мемлекеттік органдардың қызметiне әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру;
кадрлар даярлау және қайта даярлау;
Комитетке жүктелген басқа да мәселелер.
9. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
«Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы», «Авариялық-құтқару қызметтерi мен құтқарушылардың мәртебесi туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы», «Өрт қауiпсiздiгi туралы», «Жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы», «Төтенше жағдайдың құқықтық режимi туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, сондай-ақ басқа да заңдық, нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген қызметтердi жүзеге асырады;
Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ғылыми мекемелердiң табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, елдiң азаматтық қорғанысы, өрт қауiпсiздiгi, сондай-ақ өнеркәсiпте жұмыстың қауiпсiз жүргiзiлуiн қадағалау және тау-кен қадағалау саласындағы жұмысын үйлестiредi;
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік инспекцияға, азаматтық қорғанысқа, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiне, өз қарауындағы жағдайда байқау, бақылау және болжау қызметтерiне, төтенше жағдайлар жөніндегі республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесiне тiкелей басшылық жасайды;
бөлiнген қаржының шегiнде республикалық бюджеттiң қаражатынан төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі шараларды қаржыландыруды жүзеге асырады;
мемлекеттік және жұмылдыру резервтерi құрамындағы материалдық-техникалық, азық-түлiктiк, медициналық қорларды және басқа да ресурстарды пайдалану туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметінiң төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға арналған резерв қорынан қаражатты пайдалану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар енгiзедi;
төтенше жағдайларды жою кезiнде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдырады;
азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмшелерiнiң жауынгерлiк және жұмылдыру даярлығын қамтамасыз етедi;
өз құзыретiне қатысты бөлiгiнде лицензиялауға және мiндеттi сертификаттауға жататын қызметтердiң (процестердiң, қызмет көрсетулердiң) түрлерiнiң тiзбесiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi және белгiленген тәртiппен ұсынады;
Өнеркәсiп объектiсiнiң қауiпсiздiгi декларациясы туралы ереженi, оны әзiрлеудiң тәртібін және қызметi төтенше жағдайлардың пайда болуының жоғары тәуекелiмен байланысты өнеркәсiп объектiлерiнiң тiзбесiн бекiтедi және көрсетiлген тiзбенi объектi мәртебесiнiң өзгеруiне сәйкес түзетедi;
халықаралық шарттар мен келісімдердiң жобаларын дайындауға қатысады және Үкiметтiң тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қояды;
өз қызметiнiң аясында халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл мен ынтымақтастықты ұйымдастырады, шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі қызметiн қамтамасыз етедi, iзгiлiк акцияларын өткiзудi ұйымдастырады;
заңдар және Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметі жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
10. Комитеттiң өзiне жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыруы және мiндеттерiн орындауы кезiнде:
төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзу және тау-кен қадағалау салаларында нормативтiк құқықтық актiлердiң орындалуына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға;
өз құзыретiнiң шегiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға, заңды және жеке тұлғаларға табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, қауiптiлiгi жоғары объектiлерде өндiрiстiк жабдықтардың қауiпсiздiгi талаптары мен процестерiн сақтау, анықталған қауiпсiздiк жөніндегі талаптардың бұзылуын, сондай-ақ осындай тәртiп бұзушылықтарға әкеп соғатын себептер мен шарттарды жою, еңбек қауiпсiздiгi жөніндегі, азаматтық қорғаныстың нормативтiк талаптарын сақтау жөніндегі талаптарды бұза отырып жүргiзiлген жұмыстарды тоқтата тұру және оған тыйым салу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестiру үшiн орындалуы мiндеттi қажеттi қаулылар қабылдауға, ұйғарымдар беруге;
белгiленген тәртiппен мемлекеттік статистика органдарынан, министрлiктерден, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан өзiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпарат пен мәлiметтер (оның iшiнде компьютераралық байланыс арналары арқылы) сұратуға және алуға, төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою мақсатында ақпараттық деректер банктерiн (оның iшiнде жабық) пайдалануға;
өз құзыретiнiң шегiнде мемлекет меншiгіндегі мүлiкке иелiк етуге, пайдалануға және оған билiк етуге;
құқық қорғау органдарының, қарулы күштердiң әскери бөлiмдерi мен бөлiмшелерiнiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың күштерi мен құралдарын аварияларды, апаттарды және табиғи зiлзалаларды жою, төтенше жағдайлар аймақтарында қоғамдық тәртiп пен объектiлердi күзетудi қамтамасыз ету үшiн тарту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізуге;
төтенше жағдайларды жою үшiн меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ұйымдардың көлiк құралдарын, құтқару, қалпына келтiру, медициналық, басқа да күштерi мен құралдарын, материалдық-техникалық, медициналық және азық-түлiктiк ресурстары мен қорларын (жұмылдыру және мемлекеттік резервтердi қоспағанда) белгiленген тәртiппен тартуға, сондай-ақ мамандарды төтенше жағдайлар аймақтарына жеткiзу үшiн қызмет куәлiгiн көрсеткенде Комитеттiң барлық қызметкерлерi үшiн көлiктiң барлық түрлерiне бiрiншi кезектi тәртiппен билеттер алуға;
авариялық-құтқару, авариялық-қалпына келтiру және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу кезiнде байланыс және ақпарат беру үшiн мемлекеттік, ведомстволық және мемлекеттік емес байланыс пен ақпарат беру жүйелерi мен желiлерiн басымдық тәртiппен пайдалануға;
заңды және жеке тұлғаларды қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жұмыстардың тиiстi түрлерiн жүргiзуiне аттестациялауға, оларға лицензиялар, сертификаттар және белгiленген үлгiдегi өзге де рұқсат құжаттарын беруге;
жер қойнауын пайдалану шарттары және келісім-шарттар көзделген еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі талаптар бұзылған кезде лицензиарға лицензиялардың күшiн уақытша тоқтату, тоқтату немесе оларды керi қайтып алу туралы қолданып жүрген заңдарға сәйкес ұсыныстар енгізуге;
белгiленген тәртiппен бекітілген айырым белгiлерiмен, арнаулы дабылдармен және байланыс құралдарымен жабдықталған арнайы көлiк құралдарын ұстауға;
адамдардың өмiрiне қатер төнгенде немесе аварияның пайда болу қатерi болғанда үй-жайларға, тетiктерге, жабдықтарға сүргi салуға және адамдарды көшiруге;
егер көрсетiлген ұйымдар құрған немесе оларға шарттар бойынша қызмет көрсететiн объектiлiк кәсiптiк авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларының даярлығы мен жағдайы авариялық-құтқару қызметтерi белгiленген қамтамасыз ету жөніндегі нормативтерге жауап бермейтiн жағдайда, ұйымдардың қызметiн толық немесе iшiнара тоқтата тұруға;
Комитеттiң орталық аппараты мен аумақтық органдарының қызметкерлерiне арналған пайдаланылатын көлiк құралдарының түрлерi мен тиесiлiгiне қарамастан республиканың барлық аумағы бойынша кедергiсiз басымдықпен жүруге, Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелердi шешу кезiнде ұйымдардың аумағы мен үй-жайларына (дипломаттық иммунитетi бар шет мемлекеттердiң өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардың үй-жайларынан басқа) кедергiсiз кiруге құқық беретiн куәлiгiнiң болуына;
Комитеттiң өтiнiмi бойынша Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң жанындағы Радиожиiлiк жөніндегі мемлекеттік комиссия бөлген республиканың бүкiл аумағы бойынша бiрыңғай радиожиiлiктер белдеулерiн иеленуге құқығы бар.
IV. Жауапкершiлiгi
11. Комитет заңдарда белгiленген тәртiппен халықты, объектiлер мен аумақтарды табиғи зiлзалалардан, авариялардан, апаттардан қорғауға, объектiлер мен өнеркәсiп өндiрiстерiнiң жұмыстарының қауiпсiздiгiне мемлекеттік техникалық және өрт қауiпсiздiгiн бақылауға, өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн бейбiт және соғыс уақытында азаматтық қорғаныстың дайын болуына жауапты болады.
V. Қызметiн ұйымдастыру
12. Комитет пен оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiнiң бiрыңғай жүйесiн құрайды.
13. Комитет Комитеттiң қызметiн қамтамасыз ететiн департаменттер мен құрылымдық бөлiмшелерден тұрады.
14. Департаменттi Комитеттiң төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор (бастық) басқарады. Заңды тұлға болып табылатын Департаменттiң директорын (бастығын) Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Заңды тұлға болып табылатын Департамент туралы ереженi, оның құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
15. Комитеттi Комитет Төрағасы басқарады.
Төрағаны Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Комитет төрағасының екi оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады, оларды Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады.
Әскери қызметшiлердiң Комитетте қызмет өткеруi мәселелерiн шешу Қазақстан Республикасының Заңдарында белгiленген тәртiппен, Комитет төрағасына жүктеледi.
Комитет жүйесiнде әскери қызметiн өткерiп жүрген әскери қызметшiлердiң, сондай-ақ әскери қызметтен босатылатын адамдардың құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
16. Комитеттiң төрағасы:
Комитеттiң, оның аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бөлiмдерiнiң, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң қызметiн басқарады;
лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы бастығының орынбасары болып табылады;
лауазымы бойынша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның, Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, Республикалық жұқпалы ауруларға қарсы төтенше комиссияның және Жарылыс iсi жөніндегі ведомствоаралық кеңестiң төрағасы болып табылады;
өз орынбасарларының, департаменттер директорларының, Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi, аумақтық органдары басшыларының және басқа да қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiктерiнiң шеңберiн белгiлейдi;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік және өзге де органдары мен ұйымдарында, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
белгiленген адам саны мен еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде Комитеттiң орталық аппаратының, оның аумақтық органдарының, азаматтық қорғаныс бөлiмдерiнiң штат кестесiн, сондай-ақ тиiстi кезеңге бекітілген бюджеттік қаражаттың шегiнде оларды ұстауға арналған шығыстар сметасын бекiтедi;
Комитеттiң орталық аппаратының қызметкерлерiн, аумақтық органдардың басшыларын және заңдарда көзделген жағдайларда - ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Комитеттiң департаменттерi мен орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi, төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық органдар туралы ереженi, мемлекеттік инспекцияның құрамындағы инспекциялар туралы ережелердi және мемлекеттік инспектор туралы ережелердi, ведомствоаралық бағыныстағы ұйымдардың ережелерiн (жарғыларын) бекiтедi. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi туралы ережелердi келiседi;
объектiлерге, арнайы техникалық құралдарға және жабдықтарға арналып әзiрленген жобалау-сметалық құжаттамалар туралы жобалауға және техникалық қорытынды жасауға тапсырмаларды бекiтедi;
ведомстволық бағыныстағы құрылыстар мен ұйымдар бойынша құрылысты уақытша тоқтату және объектiлер құрылысы жүзеге асырылмаған жобалау-iздестiру жұмыстарына арналған шығындарды есептен шығару актілерін бекiтедi;
Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бөлiмдерiне, авариялық-құтқару қызметтерi құрамаларына арналған арнаулы техникалар мен техникалық құралдардың жаңа түрлерiн жобалауға арналған тапсырмаларды, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған тактикалық-техникалық тапсырмаларды бекiтедi;
бұйрықтар шығарады, Комитеттiң қаулыларына қол қояды;
аварияларды, апаттарды және табиғи зiлзалаларды және олардың зардаптарын зерттеу жөнiнде комиссиялар құрады;
белгiленген тәртiппен Комитеттiң жоғары офицерлiк құрамы алатын лауазымдарының тізбесiн және жоғары офицерлiк құрамның әскери атақтарын беру туралы ұсыныстарды енгiзедi;
әскери қызметшiлер алатын қызметтердiң және оларға тиiстi шектi әскери атақтың тiзбесiн бекiтедi;
офицерлiк құрамдағы адамдарды, прапорщиктердi, мичмандарды, мерзiмнен тыс қызмет өткерушiлердi қызметке тағайындайды, қызмет бойынша ауыстырады, бастапқы офицерлiк атақты қоспағанда, подполковникке дейiнгi әскери атақтарды бередi;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне офицерлердi запастан әскери қызметке шақырту, әскери қызметтен босату, сондай-ақ бастапқы офицерлiк атақ және полковник әскери атағын беру жөнiнде белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзедi;
белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi жүйесiнiң айрықша көзге түскен қызметкерлерiн мемлекеттік наградалармен марапаттау және құрметтi атақтар беру туралы ұсыныстар енгiзедi;
Комитеттi қаржыландыруға бөлiнген қаражаттарға билiк етушi болып табылады;
республикалық бюджеттiң есебiнен сатып алынған және белгiленген пайдалану мерзiмдерiн өтеген материалдық-техникалық құралдарды есептен шығаруға арналған құжаттарды белгiленген тәртiппен бекiтедi;
өз құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
17. Комитеттiң төрағасы төтенше жағдайларда iс-қимылға тiкелей басшылықты жүзеге асыру кезiнде:
жергiлiктi атқарушы органдармен келiсе отырып, төтенше жағдайлар аудандарында адамдардың тұруы мен өзiн-өзi ұстауының режимiн белгiлеуге;
тапсырылған мiндеттердi орындамаған лауазымды адамдарды төтенше жағдайларды жою кезіндегі жұмыстарға басшылық жасау жөніндегі мiндеттерiнен шеттету, оларды кейiн белгiленген тәртiппен жауапқа тарту құқығы берiледi.
18. Комитеттiң аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарларын (аумақтар бойынша бас мемлекеттік инспекторлар) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әкiмдерiмен келiсе отырып, Комитеттiң төрағасы тағайындайды.
Комитеттiң аумақтық органдарының құрамында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және тау-кен қадағалау жөніндегі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын инспекциялар құрылады және жұмыс iстейдi. Аталған бөлiмшелер Төтенше жағдайларды, өнеркәсiпте жұмыстың қауiпсiз жүргiзiлуiн мемлекеттік қадағалау және тау-кен қадағалау жөніндегі департаментпен бiрлесе отырып, Комитеттiң құрамында Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік инспекцияны құрайды.
19. Комитетте төрағаның (алқа төрағасы), лауазымдары бойынша Төраға орынбасарларының, департамент директорларының, сондай-ақ Комитеттiң және оған ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындар мен ұйымдардың басшы қызметкерлерiнiң құрамында алқа құрылады.
Алқаның сандық құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
Алқаның жеке құрамын Комитеттiң төрағасы бекiтедi.
20. Комитеттiң құзыретiне жатқызылған маңызды проблемалар бойынша ұсынымдарды қарау және талдау жасау үшiн құрамына, келісім бойынша мүдделi министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ғылыми ұйымдардың және қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi кiретiн комитеттiң жанындағы Ғылыми-техникалық кеңес құрылады.
Ғылыми-техникалық кеңестiң құрамы мен ол туралы ереженi Комитеттiң төрағасы бекiтедi.
21. Комитет белгiленген тәртiппен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою проблемалары бойынша журналдар, режимдiк анықтамалар, бюллетеньдер және басқа да басылымдар, оның iшiнде қадағалау қызметi, қадағалау салаларындағы, ұйымдардағы және объектiлердегi еңбек қауiпсiздiгiнiң жағдайы, озық тәжiрибелер алмасу, жұмыстың қауiпсiз жағдайларын қамтамасыз ету жөнiнде ақпараттық бюллетеньдер шығарады.
22. Комитеттiң қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезiнде мемлекеттiң қорғауында болады. Олардың қызметтiк мiндеттерiн орындауына кедергi келтiретiн әрекеттер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
23. Комитет заңдарда белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастырылады және таратылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң