2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген пайдалы қазбалардың құны:
осы баптың 4-тармағында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбалардың құны - осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгiленген тәртiппен;
минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбалардың басқа да түрлерiнiң құны - оларды өткізудiң орташа өлшемдi бағасы негiзiнде, ал кейiннен қайта өңдеуге және (немесе) өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдалану үшiн басқа заңды тұлғаларға және (немесе) бiр заңды тұлға шеңберiнде құрылымдық бөлiмшеге берген жағдайда - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, пайдалы қазбалардың осындай түрлерiне жатқызылатын, 20 процентке ұлғайтылған өндiру мен бастапқы өңдеудiң (байытудың) нақты өндiрiстiк өзiндiк құны негiзiнде;
3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзаттың құны - бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикiзатты өткізудiң орташа өлшемдi бағасы негiзiнде айқындалады.
4. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының ережелерi есептi салық кезеңiнде Лондон металдар биржасында немесе Лондон қымбат бағалы металдар биржасында тiркелген бағалардың ресми бағамдалуы бар пайдалы қазба түрлерiне қатысты қолданылады.
5. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзатты және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген пайдалы қазбаны қоспағанда, осы баптың 4-тармағында көрсетiлген пайдалы қазбалардан басқа, бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикiзатты өткiзбеген жағдайда, олардың құны мұндай өткізу орын алған соңғы салық кезеңіндегі өткізудiң орташа өлшемдi бағасының негiзiнде айқындалады.
6. Келісімшарт қолданылған кездiң басынан бастап бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикiзатты және (немесе) пайдалы қазбаларды өткізу мүлдем болмаған жағдайда:
1) осы баптың 4-тармағында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбалардың құны - осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгiленген тәртiппен;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбалардың басқа да түрлерiнiң құны - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың осындай түрлерiне жатқызылатын, 20 процентке ұлғайтылған өндiру мен бастапқы өңдеудiң (байытудың) нақты өндiрiстiк өзiндiк құны негiзiнде;
3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзаттың құны - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың осындай түрлерiне жатқызылатын, 20 процентке ұлғайтылған өндiру мен бастапқы өңдеудiң (байытудың) нақты өндiрiстiк өзiндiк құны негiзiнде айқындалады.
Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген пайдалы қазбалардан басқа, бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикiзатты және осы баптың 2-тармағынның 2) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбаларды кейiннен өткiзген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы алғашқы өткізу орын алған салық кезеңіндегі өткізудiң орташа өлшемдi нақты бағасын ескере отырып, пайдалы қазбаларды өндiру салығының есептелген сомаларына түзету енгізуге мiндеттi.
Пайдалы қазбаларды өндiру салығының есептелген сомаларын түзетудi жер қойнауын пайдаланушы алғашқы өткізу болған салық кезеңiнiң алдындағы он екi айлық кезеңiне жүргiзедi. Бұл ретте түзету сомасы ағымдағы салық кезеңiнiң салық мiндеттемесi болып табылады.
7. Осы баптың мақсатында салық кезеңi үшiн өткізудiң орташа өлшемдi бағасы осы Кодекстiң 341-бабының 2-тармағында белгiленген тәртiппен айқындалады.
339-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 7 бабына сәйкес 339-бабының бірінші бөлігінің қолданылуы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
Бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен, минералды шикізатқа пайдалы қазбаларды және көмірді өндіру салығының ставкалары мынадай мөлшерде белгіленеді
| Рет № | | Пайдалы қазбалардың атауы | Ставкалар, %-пен |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Қара, түсті және радиоактивті металдар кені | Хром кені (концентраты) | 17,0 |
| марганец, темір-марганец кені (концентраты) | 3,0 |
| темір кені (концентраты, окатыштар) | 3,5 |
| уран (өнімді ерітінді, шахталық әдіс) | 24,0 |
| 2. | Металдар | мыс | 8,0 |
| мырыш | 9,0 |
| қорғасын | 8,50 |
| алтын, күміс, платина, палладий | 6,0 |
| алюминий | 0,3 |
| қалайы, никель | 6,0 |
| 3. | Құрамында металдар бар минералды шикізат | Ванадий | 4,0 |
| Хром, титан, магний, кобальт, вольфрам, висмут, сүрме, сынап, мышьяк және басқалар | 6,0 |
| | |
| 4. | Құрамында сирек кездесетін металдар бар минералды шикізат | Ниобий, лантан, церий, цирконий, | 7,7 |
| Галлий | 1,0 |
| 5. | Құрамында шашыраңқы металдар бар минералды шикізат | Селен, телур, молибден | 7,0 |
| Скандий, германий, рубидий, цезий, кадмий, индий, таллий, гафний, рений, осмий | 6,0 |
| 6. | Құрамында радиоактивті металдар бар минералды шикізат | Радий, торий | 5,0 |
| 7. | Құрамында металл еместер бар минералды шикізат | Тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар | 0 |
| фосфориттер | 4,0 |
| бор ангидриті | 3,5 |
| барит | 4,5 |
| тальк | 2,0 |
| флюориттер | 3,0 |
| воластонит | 3,5 |
| шунгит | 2,0 |
| графит және басқалар | 3,5 |
| | Жарқырауық тас шикізаты: |
| 8. | Құрамында қымбат бағалы тастар бар минералды шикізат | Алмас, лағыл, жақұт, зүбәржат, анар, александрит, қызыл (асыл) шпинель, эвклаз, топаз, аквамарин және басқалар | 12,0 |
| 9. | Құрамында жасанды тастар бар минералды шикізат | Нефрит, лазурит, радонит, чароит, малахит, авантюрин, агат, яшма, қызғылт кварц, диоптаз, халцедон және басқалар | 3,5 |
| 10. | Құрамында техникалық тастар бар минералды шикізат | Алмас, корунд, агат, яшма, серпентинит, цирконий, асбест, слюда және басқалар | 2,0 |
Пайдалы қазбалар мен кен орны бойынша баланстан тыс қорлардың құрамынан өндірілген минералды шикізаттың барлық түріне пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары нөл проценттік ставка бойынша төленеді.
Сирек және жерде сирек кездесетін металдар (литий, берилий, тантал, иттрий, стронций, празеодим, неодим, прометий, самарий, европий, гадолиний, тербий, диспрозий, гольмий, эрбий, тулий, иттербий, лютенций) бойынша пайдалы қазбаларға өндіру салығы ставкаларының мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
§ 3. Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік
балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығы
340-бап. Салық салу объектісі
Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.
Пайдалы қазбаларды өндіру салығы мынадай жағдайларда:
1) жер қабатының қысымын қалпында ұстау және техногендік суларды сору үшін жерасты суларын жер қойнауына кері айдағанда;
2) меншік құқығында, жер пайдалану құқығында және жерге арналған өзге де құқықтарда өзіне тиесілі жер учаскесінде жерасты суларын өндіруді жүзеге асыратын жеке тұлға өндірілген жерасты суларын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланбаған жағдайда;
3) өзінің шаруашылық мұқтаждары үшін мемлекеттік мекемелер өндіретін жерасты сулары бойынша төленбейді.
341-бап. Салық базасы
1. Жер қойнауын пайдаланушылар салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшық көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың құны салық кезеңінде айқындалатын оларды өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.
Өткізудің орташа өлшемді бағасы мынадай формула бойынша айқындалады:
Б ор. = (V1 ө.т. х Б1ө. + V2 ө.т. х Б2 ө. … + Vn ө.т. х Бn ө.) / V жалпы өткізу, мұнда:
V1 ө.т., V2ө.т. , …. Vn ө.т. - салық кезеңінде өткізілген кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықтың әрбір топтамасының көлемдері,
Б1 ө. , Б2 ө. … + Бn ө. - салық кезеңінде әрбір топтама бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты өткізудің нақты бағалары,
n - салық кезеңінде өткізілген кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшық топтамасының саны,
V жалпы өткізу - салық кезеңінде кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты өткізудің жалпы көлемі.
Жер қойнауын пайдаланушы өткізудің орташа өлшемді бағасын салық кезеңінде өндірілген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың барлық көлеміне, оның ішінде, кейіннен қайта өңдеу үшін бір заңды тұлға шеңберіндегі құрылымдық бөлімшеге өндірудің өндірістік өзіндік құны бойынша берілген және (немесе) тауарлы өнім өндіру үшін бастапқы шикізат ретінде пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған көлемдеріне қолданылады.
3. Есепті салық кезеңінде кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшық өткізілмеген жағдайда, олардың құны өткізу орын алған соңғы салық кезеңіндегі өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.
4. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт қолданылған кездің басынан бастап кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты сату мүлдем болмаған жағдайда, олардың құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, 20 процентке ұлғайтылған өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалады.
Кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты кейіннен өткізген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы бірінші өткізу орын алған салық кезеңіндегі өткізудің өлшемді нақты орташа бағасын ескере отырып, есептелген пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасына түзету енгізуге міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының есептелген сомасын түзетуді бірінші өткізу болған салық кезеңінің алдындағы он екі айлық кезеңде жүргізеді. Бұл ретте түзету сомасы ағымдағы салық кезеңінің салық міндеттемелері болып табылады.
2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 342-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
342-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары
Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік балшыққа пайдалы қазбалар өндіру салығының ставкалары мынадай мөлшерде белгіленеді:
| Рет № | Пайдалы қазбалардың атауы | Ставка-лар, %-пен |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Металлургияға арналған кенге жатпайтын шикiзат, қалыптық құм, құрамында глиноземі бар жыныстар (далалық шпат, пегматит), әктастар, доломиттер, әктасты-доломит жыныстары, тамақ өнеркәсiбi үшін әктас | 2,5 |
| 2. | Кенге жатпайтын басқа шикiзат, отқа төзімді саз, каолин, вермикулит, ас тұзы | 4,7 |
| 3. | Жергілікті құрылыс материалдары, вулкандық кеуек жыныстар (туфтар, шлактар, пемзалар), құрамында суы бар вулкандық шыны мен шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан), ұсақ жұмыр тас пен қиыршық тас, қиыршық тас-құм қоспасы, гипс, гипсті тас, ангидрит, гажа, саз және сазды жыныстар (баяу балқитын және тез балқитын саз, суглинка, аргиллит, алевролит, сазды тақта тастар), бор, мергель (құмды әк), мергельдi-бор жыныстары, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), кварцты-дала шпаты жыныстары, шой тас, шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфалық жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыптықтан басқа құм (құрылыс, кварц, кварцты-дала шпаты), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас | 5,6 |
| 4. | Жерасты сулары, емдік балшық | 10,6 |
Су шаруашылығы жүйесі саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің өндірген жерасты суларының көлемі бойынша осы баптың бірінші бөлігінің кестесіндегі 4-тармақта белгіленген пайдалы қазбалар өндіру салығының ставкасына 0,3 коэффициенті қолданылады.
§ 4. Салық кезеңі, салық декларациясы және төлеу мерзімі
343-бап. Салық кезеңі
Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 344-бап өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
344-бап. Төлеу мерзімдері
Салық төлеуші салықтың есептелген сомасын орналасқан жерi бойынша бюджетке салық кезеңінен кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей төлеуге міндетті.
345-бап. Салық декларациясы
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей береді.
346-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының заттай нысандағы өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу тәртібі
1. Осы Кодекстің 302-бабының 2-тармағында және 330-бабының 3-тармағында, сондай-ақ осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген келісімшарттардың салық режимдерінің ережелерінде белгіленген жағдайларда, жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу есебіне пайдалы қазбаларды заттай нысанда Қазақстан Республикасына беруге міндетті.
2. Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, сондай-ақ роялтиді және осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеудің ақшалай нысанын ауыстыру уақытша, толық және ішінара жүргізілуі мүмкін.
3. Заттай нысанда төленетін осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының мөлшері, сондай-ақ роялти мен осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі осы Кодексте, сондай-ақ осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген тәртіппен және мөлшерде ақшалай түрде есептелген осы салықтар мен төлемдердің сомасына баламалы болуға тиіс.
Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасына беретін пайдалы қазбалардың көлемі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады.
4. Жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, сондай-ақ роялтиді және осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін заттай нысанда төленуін көздейтін қосымша келісімді жасасу кезінде:
1) жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығы және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығы, роялти және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі түрінде Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазбалар көлемдерін мемлекеттің атынан алушы;
2) жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығы, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығы, роялти және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі түрінде Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазбалар көлемдерін жеткізудің пункті және шарттары міндетті түрде көрсетіледі.
5. Жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, сондай-ақ роялтиді және осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу есебінде заттай нысанда беретін пайдалы қазбаларды беру мерзімі осы Кодексте және осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген ақшалай нысанда төленетін осы салық пен төлемдерді төлеу мерзіміне сәйкес келуге тиіс.
Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттің атынан алушыға пайдалы қазбаларды, мемлекеттің атынан алушы осындай берудің неғұрлым кеш мерзімін белгілеген жағдайларды қоспағанда, аталған салық пен төлемдерді төлеу мерзімінен кешіктірмей береді.
6. Мемлекеттің атынан алушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының, роялтидің және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесінің тиесілі сомасын осы Кодексте және осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген осы төлемдерді төлеу мерзімінде ақшалай нысанда мемлекеттік бюджетке аударады.
7. Мемлекеттің атынан алушы жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбалардың тиісті көлемін оған уақтылы әрі толық беруіне бақылауды дербес жүзеге асырады.
Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының, сондай-ақ роялтидің және осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесінің бюджетке толық әрі уақтылы аударылуына жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбалардың тиісті көлемдерін нақты тиеп жөнелткен күннен бастап мемлекет атынан алушы жауап береді.
8. Жер қойнауын пайдаланушы және мемлекеттің атынан алушы осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының, сондай-ақ роялтидің және осы Кодекстің 308-бабының 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалану келісімшарттарында белгіленген Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесінің мөлшерлері және төлеу (беру) мерзімдері туралы есептілікті орналасқан жері бойынша салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген заттай нысандағы мерзімде және нысандар бойынша табыс етеді.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 46-тарау жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
46-тарау. Үстеме пайда салығы
347-бап. Жалпы ережелер
1. Үстеме пайда салығы жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстiң 347-1-бабына сәйкес үстеме пайда салығын төлеушi болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келісімшарт бойынша салық кезеңiнде есептеледi.
2. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн жер қойнауын пайдаланушы осы тарауда белгiленген тәртiпке сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келісімшарт бойынша салық салу объектiсiн, сондай-ақ салық салумен байланысты мынадай объектiлердi:
1) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты;
2) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн салық салынатын табысты;
3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жиынтық жылдық табысты;
4) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдердi;
5) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтiк табыс салығын;
6) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табыс салығының есеп айырысу сомасын айқындайды.
347-1-бап. Төлеушiлер
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушылар үстеме табыс салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай:
1) осы Кодекстiң 308-бабының 2-тармағында көрсетiлген;
2) осы келісімшарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiрудi көздемеген жағдайда, кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және (немесе) емдiк балшықты барлауға, барлау мен өндiруге немесе өндiруге;
3) барлауға және өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың негiзiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушылар осы тарауда белгiленген үстеме салығын төлеушiлер болып табылмайды.
348-бап. Салық салу объектiсi
Осы Кодекстiң 348-4-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн жер қойнауын пайдаланушының шегерiмдер сомасының 25 процентiне тең сомадан асатын салық кезеңi үшiн жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келісімшарт бойынша осы Кодекстiң 348-1-бабына сәйкес үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн айқындалған жер қойнауын пайдаланушының таза табысының бiр бөлiгi үстеме пайда салығын салу объектiсi болып табылады.
348-1-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс
1. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс осы Кодекстiң 348-2-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн салық салынатын табыс пен осы Кодекстiң 348-5-бабына сәйкес есептелген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтiк табыс салығы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
2. Тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметiн жүзеге асыратын резидент еместер үшiн үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс осы Кодекстiң 349-бабына сәйкес есептелген осы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартпен байланысты тұрақты мекеменiң таза табыс салығының есеп айырысу сомасына қосымша азайтылады.
348-2-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн салық салынатын табыс
Осы тараудың мақсатында салық салынатын табыс осы Кодекстiң 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына азайтуды ескере отырып, осы Кодекстiң 348-3-бабына сәйкес айқындалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жиынтық табыс пен осы Кодекстiң 348-4-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
348-3-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жиынтық табыс
Келісімшарттық қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жиынтық табысты осы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзетулердi ескере отырып, корпоративтiк табыс салығын есептеу мақсаты үшiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келісімшарт бойынша айқындайды.
348-4-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер
1. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келісімшарт бойынша шегерiмдер:
1) осы Кодекстiң 100 - 114, 116 - 122-баптарына сәйкес есептi салық кезеңiнде келісімшарттық қызмет бойынша корпоративтiк табыс салығын есептеу мақсатында шегерiмдерге жатқызылған шығыстардың;
2) мынадай шығыстар шегiнде:
тiркелген активтердi сатып алуға және (немесе) құруға жұмсалған салық кезеңi iшiнде нақты шеккен шығыстардың;
2009 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдалануға берiлген қолданыстағы тiркелген активтер бойынша бұрынғы салық кезеңдерiнде үстеме пайда салығы мақсаты үшiн шегерiмге жатқызылмаған осы активтер құнының қалған сомасы шегiнде;
тiркелген активтердiң бухгалтерлiк есепте баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған тiркелген активтердiң кейiнгi салық кезеңi iшiнде шеккен шығыстарының;
жер қойнауын пайдаланушылардың осы Кодекстiң 111 және 112-баптарына сәйкес амортизацияларды есептеу жолымен шегерiмге жатқызылатын шығыстарының;
3) осы Кодекстiң 136 және 137-баптарына сәйкес айқындалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бұрынғы салық кезеңдерiнде жер қойнауын пайдаланушы шеккен залалдардың сомасы ретiнде айқындалады.
2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген шығыстарды үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдерге жатқызу ағымдағы немесе кез келген келесi салық кезеңiнде iшiнара немесе толықтай жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша жүзеге асырылады.
Есептi салық кезеңiнде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмге жатқызылған осы шығыстар басқа да салық кезеңдерiнде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмге жатқызуға жатпайды.