3. Тиiстi салық кезеңiнде үстеме пайда салығын есептеу кезiнде осы баптың 2-тармағында белгiленген құқықты қолданған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалған шегерiмдер сомасынан осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмге жатқызылған шығыстар бойынша осындай салық кезеңiнiң корпоративтiк табыс салығын есептеу кезiнде шегерiмге жатқызылған амортизациялық аударымдардың сомаларын алып тастауға мiндеттi.
4. Егер белгiлi бiр шығыстар осы баптың 1-тармағында белгiленген шығыстардың бiрнеше түрiнде көзделсе, үстеме пайда салығын есептеу кезiнде аталған шығыстар бiр рет қана шегерiледi.
348-5-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтiк табыс салығы
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтiк табыс салығы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келісімшарт бойынша келісімшарттық қызмет бойынша салық кезеңi үшiн осы Кодекстiң 147-бабының 1-тармағында белгiленген ставканың және осы Кодекстiң 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомаларына, сондай-ақ осы Кодекстiң 136 және 137-баптарына сәйкес ауыстырылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша залалдар сомасына азайтылған, осы Кодекстiң 139-бабында белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісімшарт бойынша есептелген салық салынатын табыстың көбейтiндiсi ретiнде айқындалады.
349-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табысына салықтың есеп айырысу сомасы
Осы тараудың мақсаты үшiн жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табысына салықтың есеп айырысу сомасы салық кезеңiнде осы Кодекстiң 147-бабының 5-тармағында белгiленген резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табысына салық ставкасының және осы Кодекстiң 199-бабында белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша есептелген резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табысына салық салу объектiсiнiң көбейтiндiсi ретiнде айқындалады.
350-бап. Есептеу тәртібі
1. Салық кезеңiнде үстеме пайда салығын есептеу осы Кодекстiң 351-бабында белгiленген әрбiр деңгей бойынша әрбiр тиiстi ставканы осындай деңгейге жататын, кейiннен барлық деңгейлер бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына қоса отырып, үстеме пайда салығын салу объектiсiнiң әрбiр бөлiгiне қолдану арқылы жүргiзiледi.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерiн қолдану үшiн жер қойнауын пайдаланушы:
1) салық салу объектiсiн, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын салумен байланысты объектiлердi айқындайды;
2) осы Кодекстiң 351-бабында белгiленген әрбiр деңгей бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомаларын мынадай тәртiппен:
1 - 6-деңгейлер үшiн - осы Кодекстiң 351-бабында келтiрiлген кестенiң 3-бағанында белгiленген әрбiр деңгей үшiн проценттiң және үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер сомасының көбейтiндiсi ретiнде;
7-деңгей үшiн:
егер үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс сомасы үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер сомасының 70 процентiне тең сомадан көп болса - үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс сомасы мен үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер сомасының 70 процентiне тең сома арасындағы айырма ретiнде;
егер үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс сомасы үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер сомасының 70 процентiне тең сомадан аз немесе соған тең болса - нөл ретiнде айқындайды;
3) осы Кодекстiң 351-бабында көзделген деңгейлер бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн салық кезеңiнде алынған нақты таза табысты мынадай тәртiппен бөледi:
1-деңгей үшiн:
егер салық кезеңi үшiн үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс сомасы бiрiншi деңгей үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасынан асса, бiрiншi деңгей үшiн бөлiнген таза табыс бөлiгi бiрiншi деңгей үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасына тең болады;
егер салық кезеңi үшiн үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс сомасы бiрiншi деңгей үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасынан аз болса, бiрiншi деңгей үшiн бөлiнген таза табыс бөлiгi салық кезеңi үшiн үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс сомасына тең болады.
Бұл ретте үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлу келесi деңгейлер үшiн жүргiзiлмейдi;
2 - 7-деңгейлер үшiн:
егер салық кезеңi үшiн үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс пен алдыңғы деңгейлер бойынша таза табыстың бөлiнген бөлiгiнiң жалпы сомасы арасындағы айырма тиiстi деңгей үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасынан асса немесе соған тең болса, осы деңгей үшiн таза табыстың бөлiнген бөлiгi осы тиiстi деңгей үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасына тең болады;
егер салық кезеңi iшiнде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс пен алдыңғы деңгейлер бойынша таза табыстың бөлiнген бөлiгiнiң жалпы сомасы арасындағы айырма тиiстi деңгей үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасынан аз болса, осы деңгей үшiн таза табыстың бөлiнген бөлiгi осындай айырмаға тең болады. Бұл ретте үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлу келесi деңгейлерге арналып жүргiзiлмейдi.
Таза табыс бөлiктерiнiң деңгейлерi бойынша бөлiнген жалпы сома салық кезеңi iшiнде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыстың жалпы сомасына тең болуға тиiс;
4) үстеме пайда салығының тиiстi ставкасын осы Кодекстiң 351-бабына сәйкес таза табыстың әрбiр деңгейi бойынша бөлiнген бөлiгiне қолданады;
5) осы Кодекстiң 351-бабында көзделген барлық деңгей бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына қоса отырып, салық кезеңi үшiн үстеме пайда салығының сомасын айқындайды.
351-бап. Үстеме пайда салығының ставкалары, үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасын есептеу үшiн проценттердiң деңгейлерi мен мөлшерi
Үстеме пайда салығын жер қойнауын пайдаланушы мынадай тәртiппен айқындалатын ставкалардың өзгермелi шкаласы бойынша төлейдi:
| Деңгей | Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлу шкаласы, шегерiм сомасының процентi | Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасын есептеу үшiн процентi | Ставка (%-пен) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1 | 25 проценттен кем немесе соған тең | 25 | белгiленбейдi |
| 2 | 25 проценттен 30 процентке дейiн қоса алғанда | 5 | 10 |
| 3 | 30 проценттен 40 процентке дейiн қоса алғанда | 10 | 20 |
| 4 | 40 проценттен 50 процентке дейiн қоса алғанда | 10 | 30 |
| 5 | 50 проценттен 60 процентке дейiн қоса алғанда | 10 | 40 |
| 6 | 60 проценттен 70 процентке дейiн қоса алғанда | 10 | 50 |
| 7 | 70 проценттен жоғары | Осы Кодекстiң 350-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес | 60 |
352-бап. Салық кезеңi
1. Үстеме пайда салығы үшiн 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейiнгi күнтiзбелiк жыл салық кезеңi болып табылады.
2. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күнтiзбелiк жыл iшiнде жасалса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшiне енген күннен бастап күнтiзбелiк жылдың соңына дейiнгi уақыт кезеңi осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшiн бiрiншi салық кезеңi болып табылады.
3. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн өткен болса, күнтiзбелiк жыл басталғаннан жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшiн соңғы салық кезеңi болып табылады.
4. Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн күшiне енген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы осы күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн өткен болса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшiне енген күннен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшiн салық кезеңi болып табылады.
353-бап. Салықты төлеу мерзiмi
Үстеме пайда салығы салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша бюджетке салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 15 сәуiрiнен кешiктiрiлмей төленедi.
354-бап. Салық декларациясы
Жер қойнауын пайдаланушы үстеме пайда салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей табыс етедi.
12-БӨЛІМ. ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫҚ
47-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 355-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен 355-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
355-бап. Төлеушiлер
1. Мыналар:
1) дара кәсiпкерлер;
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар;
3) егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;
4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.
2. Резидент заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi әлеуметтiк салық төлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн.
Резидент заңды тұлғаның шешiмi бойынша әлеуметтiк салықты дербес төлеушiлер болып танылған құрылымдық бөлiмшелер осы Кодекстiң 19-тарауының мақсаттары үшiн жеке табыс салығы жөніндегі салық агенттерi болып танылады.
3. Мемлекеттік органның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) аумақтық органдары өздерiне бағынысты мемлекеттік мекемелер үшiн төленуге жататын әлеуметтiк салықты төлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн.
Жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) аумақтық (төмен тұрған) органдары өздерiне бағынысты мемлекеттік мекемелер үшiн әлеуметтiк салықты төлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн.
Осы бапта белгiленген тәртiппен әлеуметтiк салық төлеушiлер деп танылған мемлекеттік мекемелер осы Кодекстiң 19-тарауының мақсаттары үшiн жеке табыс салығы бойынша салық агенттерi болып танылады.
356-бап. Арнаулы салық режимдерін қолданатын төлеушілердің әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін есептеу, төлеу және табыс ету ерекшеліктері
Әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін есептеуді, төлеуді және табыс етуді:
1) ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін - осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып;
2) оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін - осы Кодекстің 433-438-баптарына сәйкес;
3) патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін - осы Кодекстің 429-432-баптарына сәйкес;
4) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін - осы Кодекстің 445-447-баптарына сәйкес арнаулы салық режимін қолданатын төлеушілер жүргізеді.
357-бап. Салық салу объектісі
1. Жұмыс берушінің осы Кодекстің 163-бабының 2-тармағында айқындалған табыс түрінде резидент қызметкерлерге, осы Кодекстің 192-бабының 18) - 21) тармақшаларында айқындалған табыс түрінде резидент емес қызметкерлерге төлейтін шығыстары, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында аталған табыстарды қоспағанда, осы Кодекстің 191-бабының 10-тармағында аталған шетелдік персоналдың табыстары осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 3), 4) тармақшаларында және 2-тармағында аталған төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Егер күнтізбелік ай үшін осы Кодекстің 357-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалған салық салу объектісі Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және осындай күнтiзбелiк айдың соңғы күнi қолданыста болған жалақының ең төменгі мөлшерінен төмен болса, әлеуметтік салық салу объектісі жалақының ең төменгі мөлшері негізінде айқындалады.
3. Осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 8), 10), 12), 17), 18), 24), 26), 27), 29) - 32), 34) тармақшаларында белгіленген табыстар, сондай-ақ:
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)
1) грант қаражаты есебінен жасалатын төлемдер;
2) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Yкіметі тағайындайтын мемлекеттік сыйлықақылар, стипендиялар;
3) спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда жүлделі орындар үшін берілетін ақшалай наградалар;
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
4) ұйым таратылған немесе жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған, қызметкерлердің штат саны қысқартылған немесе қызметкер әскери қызметке шақырылған жағдайларда еңбек шарты бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде төленетін өтемақы төлемдері;
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
5) жұмыс берушінің қызметкерлерге пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін төлейтін өтемақы төлемдері;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары салық салу объектісі болып табылмайды.
4. Осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған төлеушілер үшін, төлеушілердің өздерін қоса алғанда, қызметкерлер саны әлеуметтік салық салу объектісі болып табылады.
5. Егер төлемдер грант алушымен не грант мақсаттарын (міндеттерін) жүзеге асыру үшін грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес жүргізілсе, осы бапты 3-тармағы 1) тармақшасының ережелері қолданылады.
358-бап. Салық ставкалары
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, әлеуметтік салық 11 проценттік ставка бойынша есептеледі.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар өзі үшін Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және төленетiн күнi қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде және әрбір қызметкер үшін айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді.
Осы тараудың ережесі салық төлеушілер осы Кодекстің 73-бабына сәйкес салық есептілігін табыс етуді уақытша тоқтата тұру кезеңінде оларға қолданылмайды.
3. Тірек-қимыл мүшесі бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар осы Кодекстің 135-бабы 3-тармағының шарттарына сәйкес 4,5 процент ставка бойынша әлеуметтік салық төлейді.
4. Шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін әлеуметтік салық ставкалары осы Кодекстің 445-бабында белгіленген.
5. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын төлеушілер үшін әлеуметтік салық ставкалары осы Кодекстің 61-тарауында белгіленген.
48-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ
359-бап. Әлеуметтік салықты есептеу тәртібі
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 3, 4) тармақшаларында аталған төлеушілер салық кезеңінде әлеуметтік салықты есептеуді осы Кодекстің 358-бабының 1 және 3-тармақтарында белгіленген ставкаларды осы Кодекстің 357-бабына сәйкес айқындалған салық салу объектісіне қолдану арқылы жүргізеді.
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Арнаулы салық режимін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар әлеуметтік салықты есептеуді осы Кодекстің 358-бабының 2-тармағында белгіленген ставкаларды осы Кодекстің 357-бабының 4-тармағында айқындалған әлеуметтік салық салу объектісіне қолдану арқылы жүргізеді.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
3. Әлеуметтік салықтың сомасы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылуға жатады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.
360-бап. Әлеуметтік салықты төлеу
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, әлеуметтік салықты төлеу салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық кезеңiнен кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмей жүргізіледі.
2. Құрылымдық бөлімшелері бар әлеуметтік салық төлеушілер әлеуметтік салық төлеуді осы Кодекстің 362-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 361-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
361-бап. Мемлекеттік мекемелердiң әлеуметтiк салықты есептеу ерекшелiктерi
1. Мемлекеттік мекемелер есептi айға есептеген әлеуметтiк салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша қабiлетсiздiгi бойынша төленген әлеуметтiк жәрдемақы сомасына азайтылады.
2. Есептi айда осы баптың 1-тармағында көрсетiлген әлеуметтiк жәрдемақының төленген сомасы есептелген әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен жағдайда, асып түскен сома келесi айға ауыстырылады.
3. Төлеушi осы Кодекстiң 355-бабында айқындалған мемлекеттік мекемелер бойынша төленуге жататын әлеуметтiк салық сомасын есептеудi осы Кодекстiң 359 және 360-баптарында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүргiзедi.
4. Төлеушi жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық жөніндегі декларацияны осы Кодекстiң 364-бабының 1-тармағында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде табыс етедi.
362-бап. Құрылымдық бөлімшелер бойынша салықты есептеу және төлеу тәртібі
1. Құрылымдық бөлімшелер бойынша төленуге жататын әлеуметтік салықтың сомасы осы құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің табыстары бойынша есептелген әлеуметтік салықтың негізінде есептеледі.
2. Төлеушілер құрылымдық бөлімшелер үшін тиісті бюджеттерге әлеуметтік салық төлеуді құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
49-тарау. САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
363-бап. Салық кезеңі
Күнтізбелік ай әлеуметтік салықты есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.
364-бап. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларация
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Төлеушiлер жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді.
Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымша жыл қорытындысы бойынша жасалады және есепті жылдың төртінші тоқсанының декларациясымен бірге табыс етіледі.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар төлеушiлер құрылымдық бөлiмшенiң орналасқан жеріндегі салық органына құрылымдық бөлiмше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларацияға құрылымдық бөлiмше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салықтың сомасын есептеу жөніндегі қосымшаны табыс етедi.
13-БӨЛІМ. КӨЛІК ҚҰРАЛЫ САЛЫҒЫ
50-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
365-бап. Салық төлеушілер
1. Егер осы бапта өзгеше көрсетілмесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - заңды тұлғалар) көлік құралы салығын төлеушілер болып табылады.
2. Лизинг алушы қаржы лизингі шарты бойынша берілген (алынған) салық салу объектілері бойынша көлік құралы салығын төлеуші болып табылады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, мыналар:
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1) жалпы меншiк құқығында өзiнiң мүшелерiне тиесiлi және өзiнiң ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру, сақтау және өңдеу процесiнде тiкелей пайдаланылатын, меншiк құқығындағы мынадай көлiк құралдары бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер:
двигателiнiң көлемi 2500 текше сантиметрге дейiнгiнi қоса алғанда, бiр жеңiл автомобиль;
1:1 қатынасты сақтай отырып двигателiнiң шектi жиынтық қуаты 1000 гектар егiстiкке 1000 кВт мөлшеріндегі жүк автомобильдерi.
Бұл ретте, егер есептеу қорытындылары бойынша көлiк құралдарының саны 0,5-тен бастап және одан жоғары бөлшектi мәнiмен бiреуден көп бiрлiктi құрайтын жағдайларда, мұндай мән тұтас бiрлiкке дейiн дөңгелектеуге жатады, егер 0,5-тен төмен болса, дөңгелектеуге жатпайды.
Егер есептеу қорытындылары бойынша жүк автомобильдерiнiң саны бiр бiрлiктен аз болған жағдайда, двигателiнiң қуаты барынша аз бiр жүк автомобилi босатылуға жатқызылады.
2) өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде пайдаланылатын мынадай мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер:
сүт немесе ауыл шаруашылығы мақсаттарына су тасымалдауға арналған автомобиль-цистерналар;
ветеринария қызметінің автомобильдері,
автозообиологиялық зертханалар,
автожемтасығыштар;
автотиеуіштер,
дән сепкіштерге автоқұйғыштар;
тыңайтқыш енгізуге арналған автомашиналар;
ұшақтарға минералдық тыңайтқыштарды және улы химикаттарды
автотиеуіштер;
тең штабельдерін автотасымалдауыштар;
автоулыжемшашқыш;
пәлекжинағыш машиналар;
а/ш АН-2 әуе кемесі;
өздігінен жүретін дестелегіштер;
астық жинағыш комбайндар;
доңғалақты тракторлар, өздігінен жүретін шассилер және оңтайлы энергетикалық құралдар;
мал азығын жинағыш комбайндар;
ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі автомобиль-шеберханалар;
өздігінен жүретін шөп шапқыштар;
маялағыштар;
жинағыш комбайндар (тамыржемістілерді, картопты, қызанақты, көк бұршақты, мақтаны және басқа да ауыл шаруашылығы өнімін жинауға арналған);
3) мемлекеттік мекемелер;
4) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестірілетін адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
5) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша - меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер;
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша - Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қа?арманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
7) ауыл шаруашылығы құрылымынан шығу нәтижесінде пай ретінде алынған, пайдалану мерзімі жеті жылдан асқан жүк автомобильдері бойынша жеке тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылмайды.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)
4. Осы баптың 3-тармағының 3) тармақшасында аталған тұлғалар пайдалануға, сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушiлер болып табылады.
366-бап. Салық салу объектілері
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жататын және (немесе) есепте тұрған, тіркемелерді қоспағанда, көлік құралдары салық салу объектілері болып табылады.