4. Төлемақы сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару, не оны бақылау-өткізу пункттерінде, не Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамалық актісінде айқындалған табиғат қорғау ұйымдары орнататын өзге де арнайы жабдықталған орындарда уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілерінің немесе аталған соманы растайтын бақылау-касса машиналары чегінің негізінде қолма-қол ақшамен енгізу жолымен жүргізіледі.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
5. Қолма-қол ақшамен қабылданған төлемақы сомаларын «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған табиғат қорғау ұйымдары кейіннен оларды бюджет есебіне жатқызу үшін ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімі айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен кем болса, ақшаны тапсыру, ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады.
6. Жеке тұлғалар төлемақы сомасын қолма-қол ақшалай төлеген кезде қатаң есептілік бланкілеріне «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған табиғат қорғау ұйымдарының сәйкестендіру нөмірі қойылады.
7. Төлемақының төленген сомалары қайтарылуға жатпайды.
8. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жануарлар дүниесі ресурстарын және орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу осы Кодекстің 502 және 507-баптарына сәйкес жүргізіледі.
75-тарау. РАДИОЖИІЛІК СПЕКТРІН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ
512-бап. Жалпы ережелер
1. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бөлген радиожиілік спектрінің номиналдары (белдеулері, диапазондары) (бұдан әрі - радиожиілік спектрінің номиналдары) үшін алынады.
2. Радиожиілік спектрін пайдалану құқығы байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.
3. Радиожиілік спектрінің номиналдарын бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық негізде жүргізілуі мүмкін.
Бұл ретте конкурс қорытындылары бойынша жеңімпаз Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде мемлекеттік бюджетке бір жолғы төлемақы енгізеді.
4. Бюджетке төленуге тиіс бір жолғы төлемақы сомасы осы баптың 3-тармағына сәйкес төлем есебіне есептелмейді.
5. Байланыс саласындағы аумақтық уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер береді.
513-бап. Төлемақы төлеушілер
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi төлемақыны дербес төлеушiлер ретiнде қарастырылады. Заңды тұлға, мұндай шешiм қабылданған жағдайда, бұл туралы құрылымдық бөлiмшенi тiркеудiң есепке алынған жерi бойынша салық органына есептi салық кезеңiнiң 10 наурызынан кешiктiрмей жазбаша хабарлауға мiндеттi. Мұндай заңды тұлға сонымен бiр мезгiлде байланыс саласындағы уәкiлеттi органнан алған хабарлама негiзiнде әрбiр құрылымдық бөлiмше бойынша жылдық төлемақы сомасын бөлу туралы ақпарат бередi.
514-бап. Төлемақы ставкалары
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 514-бап өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
Жылдық төлемақы ставкалары республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бiрiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшеріне негізделе отырып радио байланысының түріне, пайдаланылатын жиіліктердің номиналдарына (диапазон жолдарына), радиоұзартқыштар жинақтамасына, пайдалану аумағына, сондай-ақ байланыс қызметі көрсетілетін елді мекеннің аумағында тұратын халықтың санына байланысты айқындалады және мыналарды құрайды:
| Рет № | Радиобайланыс түрлері | Пайдалану аумағы | Төлемақы ставкасы (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Дербес радиошақыру радиожүйелерi (енi 25 кГц жиiлiк белгiленгенi үшiн) | облыс, Астана, Алматы қалалары | 10 |
| 2. | Транкинг байланысы (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц радиоарна үшін) | | |
| 1) | | Астана, Алматы қалалары | 140 |
| 2) | | 50 мың адамнан астам халқы бар елдi мекен | 80 |
| 3) | | басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ) | 10 |
| 3. | УҚТ-диапазонды радиобайланыс (қабылдауға енi 25 кГц/ қабылдауға 25 кГц дуплекстi арна үшiн) | | |
| 1) | | Астана, Алматы қалалары | 80 |
| 2) | | 50 мың адамнан астам халқы бар елдi мекен | 60 |
| 3) | | басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан,кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ) | 15 |
| 4. | УҚТ-диапазонды радиобайланыс (енi 25 кГц симплекстi арна үшiн) | | |
| 1) | | Астана, Алматы қалалары | 30 |
| 2) | | 50 мың адамнан астам халқы бар елдi мекен | 20 |
| 3) | | басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ) | 10 |
| 5. | ҚT-байланыс (бiр жиiлiк белгiленгенi үшiн) таратқыштың шығу қуаты: - 50 Вт-қа дейiн; - 50 Вт-тан астам | облыс, Астана, Алматы қалалары | 10 20 |
| 6. | Радиоұзартқыштар (арна үшiн): | облыс, Астана, Алматы қалалары | 2 |
| 7. | Ұялы байланыс (қабылдауға ені 10 кГц/беруге 10 кГц жиiлiк белдеуi үшiн) | облыс, Астана, Алматы қалалары | 55 |
| 8. | Жаһандық дербес жылжымалы спутниктік байланыс жүйесi (қабылдауға ені 100 кГц/ беруге 100 кГц жиiлiктердiң дуплексті белдеуi үшін) | Қазақстан Республикасы | 20 |
| 9. | HUB - технологиялы спутниктiк байланыс (HUB-қа пайдаланылатын қабылдауға ені 100 кГц/беруге 100 кГц белдеуi үшін) | Қазақстан Республикасы | 30 |
| 10. | HUB-технологиясынсыз спутниктiк байланыс (бір станция пайдаланатын жиіліктер үшін) | Қазақстан Республикасы | 100 |
| 11. | Радиорелелi желілер (бір аралықтағы дуплекстi арна үшін): | | |
| 1) | жергiлiктi | аудан, қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ | 40 |
| 2) | аймақтық және магистральдық | Қазақстан Республикасы | 10 |
| 12. | Сымсыз радиоға қол жетімділік желілері (қабылдауға ені 25 кГц/ беруге 25 кГц дуплекстi арна үшін) | | |
| 1) | | 50 мың адамнан астам халқы бар елді мекен | 25 |
| 2) | | басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ) | 2 |
| 13. | КБС-технологиясы пайдаланылған жағдайда сымсыз радиоға қол жетімділік желілері (қабылдауға енi 2МГц/беруге 2МГц дуплекстi арна үшiн) | | |
| 1) | | Астана, Алматы қалалары | 140 |
| 2) | | 50 мыңнан астам халқы бар елдi мекен | 70 |
| 3) | | басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ) | 5 |
| 14. | Эфирлiк-кабельдiк теледидар (8 МГц жиiлiк белдеуi үшiн) | | |
| 1) | | 200 мың адамнан астам халқы бар елді мекен | 300 |
| 2) | | 50 мыңнан 200 мың адамға дейiн халқы бар елдi мекен | 135 |
| 3) | | 50 мыңға дейiн халқы бар аудандық маңызы бар қала, аудан | 45 |
| 4) | | басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ) | 5 |
| 15. | Теңіздегі радиобайланыс (радиомодем, жағалаулық байланыс, телеметрия, радиолокациялық және т.б.), бір радиоарна үшiн | облыс | 10 |
Ескерту.
Алты айға дейін қоса қамтылатын мерзімге тәжірибелік пайдалану, жарыстар, көрмелер және өзге де іс-шаралар өткізу кезеңінде радиожиілік спектрін пайдаланған кезде төлемақы радиобайланыс түріне және радиожиілік спектрін пайдалану аумағына қарай, оны нақты пайдалану мерзіміне сәйкес мөлшерде, бірақ төлемақының жылдық ставкасының кемінде 1/12 мөлшерінде белгіленеді.
Ені осы баптың ставкаларында көрсетілгеннен өзге дуплексті арна белдеуін пайдаланатын технологияларды қолданған жағдайда, төлемақы ставкалары төлеуші нақты пайдаланатын дуплексті арна белдеуі енінің үлесті салмағының осы баптың ставкаларында көрсетілген дуплексті арна белдеуінің еніне ара қатынасы негізге алына отырып айқындалады.
Кең белдеулі сигнал (КБС) технологиясын пайдалану кезінде төлемақы ені 2МГц/беруге 2МГц белдеу үшін алынады.
515-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлемақы сомасын байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган рұқсат құжаттарында көрсетілген техникалық өлшемдерге сәйкес радио байланысының түрі мен радиожиілік спектрін пайдалану аумағына қарай, жылдық төлемақы ставкаларының негізінде есептейді.
2. Егер есепті салық кезеңіндегі радиожиілік спектрін пайдалану кезеңі бір жылдан кем болған жағдайда төлемақы сомасы жыл бойына есептелген төлемақы сомасын он екіге бөліп, оны жыл бойы радиожиілік спектрі пайдаланылған айлардың тиісті санына көбейту арқылы айқындалады.
3. Байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар төлемақының жылдық сомасын көрсетіп хабарлама жазады және оны төлемақы төлеушілерге ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірмей жібереді.
4. Радиожиілік спектрін пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда, байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеушіге төлемақы сомасын көрсете отырып, салық төлеуші радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей хабарлама жібереді.
5. Жылдық төлемақы сомасы бюджетке төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша тең үлестермен ағымдағы жылдың 25 наурызынан, 25 маусымынан, 25 қыркүйегінен және 25 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімдерде төленеді.
6. Радиожиілік спектрін пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда, рұқсат құжатын алған күннен кейінгі кезекті мерзім алғашқы төлеу мерзімі болып табылады.
516-бап. Салық кезеңі
Салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.
517-бап. Салық есептілігі
1. Төлемақы төлеушілер жыл сайын, есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірмей өзі орналасқан жердегі салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етеді.
2. Радиожиілік спектрін пайдалану құқығын осы Кодекстің 515-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда, төлемақы төлеушілер ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жазып жіберген хабарламаны алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.
76-тарау. ҚАЛААРАЛЫҚ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕЛЕФОН БАЙЛАНЫСЫН, СОНДАЙ-АҚ ҰЯЛЫ
БАЙЛАНЫСТЫ БЕРГЕНІ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ 76-т
518-бап. Жалпы ережелер
1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы):
1) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын;
2) ұялы байланысты беру құқығы үшін алынады.
2. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығы (бұдан әрі - құқық) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.
3. Байланыс саласындағы аумақтық уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер береді.
519-бап. Төлемақы төлеушілер
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен құқық алған, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
520-бап. Төлемақы ставкалары
Төлемақының жылдық ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
521-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлемақы сомасын байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган төлемақының жылдық ставкалары негізінде төлемақы төлеушілердің электрлі байланыс (телекоммуникациялар) қызметтерін беруден түсетін кірістерін негізге ала отырып есептейді.
2. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру кезеңі есепті салық кезеңінде бір жылдан кем болған жағдайда, төлемақы сомасы жыл бойынша есептелген төлемақы сомасын он екіге бөліп, оны жыл бойы қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс берілген айлардың тиісті санына көбейту арқылы айқындалады.
3. Байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жылдық төлемақы сомасы көрсетілген хабарлама жазады және оны ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде төлеушіге жібереді.
4. Құқықты куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда, байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеуші қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беруге рұқсат алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, төлемақы сомасы көрсетілген хабарламаны төлемақы төлеушіге жібереді.
5. Жылдық төлемақы сомасы бюджетке төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша тең үлестермен ағымдағы жылдың 25 наурызынан, 25 маусымынан, 25 қыркүйегінен және 25 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімдерде төленеді.
6. Құқықты куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда рұқсат құжатын алған күннен кейінгі кезекті мерзім алғашқы төлеу мерзімі болып табылады.
522-бап. Салық кезеңі
Салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.
523-бап. Салық есептілігі
1. Төлемақы төлеушілер жыл сайын, есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірмей өзі орналасқан жердегі салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етеді.
2. Осы Кодекстің 521-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін құқық алған жағдайда, төлемақы төлеуші ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жазып жіберген хабарламаны алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.
77-тарау. КЕМЕ ЖҮЗЕТІН СУ ЖОЛДАРЫН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ
524-бап. Жалпы ережелер
1. Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін алынады.
2. Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарын пайдалану құқығы көліктік бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсат құжатымен әрбір күнтізбелік жылға беріледі.
3. Тиісті рұқсат құжаты болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарын нақты пайдалану төлемақы сомасын өндіріп алу және бюджетке енгізу үшін негіз болып табылады.
4. Көліктік бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ай сайын, келесі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жеріндегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы мәліметтер береді.
525-бап. Төлемақы төлеушілер
1. Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
2. Мемлекеттік мекемелер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 526-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
526-бап. Төлемақы ставкалары
1 валдық регистрлiк тонна үшiн төлемақы ставкасы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және кеме жүзетiн су жолдарын пайдалану құқығы туындайтын тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 0,26 айлық есептiк көрсеткiш есебiнен айқындалады.
527-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланушылардан алынатын төлемақы мөлшері рұқсат құжатында белгіленген, бірақ күнтізбелік бір ай үшін төлемақы мөлшерінен кем емес төлемақы ставкалары мен кеме жүзетін су жолдарын пайдаланудың нақты мерзімі негізге алына отырып айқындалады.
2. Ай сайынғы төлемақы мөлшері көліктік бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ағымдағы жылға белгілейтін навигация кезеңіне есептелген жылдық төлемақы сомасын бөлу жолымен айқындалады.
3. Ағымдағы ай ішінде бюджетке енгізілуге тиіс төлемақы сомасы келесі айдың 25-інен кешіктірілмей төленеді.
4. Төлемақы төлеушілер рұқсат құжатын алу кезінде көліктік бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарын пайдаланудың бірінші айы үшін бюджетке төлемақы сомасы енгізілгенін растайтын құжатты табыс етеді.
5. Кеменің бір жолғы кіруі кезінде шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, резидент емес шетелдік заңды тұлғалар рұқсат құжатын алғанға дейін айлық ставка мөлшерінде бюджетке төлемақы енгізеді. Олар Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарында бір айдан астам болған кезде бюджетке төлемақыны осы бапта белгіленген тәртіппен енгізеді.
6. Төлемақы сомасы бюджетке рұқсат құжатында көрсетілген кеме жүзетін су жолдарын пайдалану орны бойынша төленеді.
7. Төленген төлемақы сомалары қайтарылуға жатпайды.
78-тарау. СЫРТҚЫ (КӨРНЕКІ) ЖАРНАМАНЫ ОРНАЛАСТЫРҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ
528-бап. Жалпы ережелер
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.кара)
1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) Қазақстан Республикасының аумағындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде және көлік құралдарына орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынады.
2. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін (бұдан әрі - жарнама объектісі) орналастыру:
1) автомобиль жолдары мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - жол органы) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен белгілі бір мерзімге беретін құжат негізінде жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде жарнама объектілерін орналастыру кезінде;
2) жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беретін рұқсат негізінде елді мекендерде, сондай-ақ көлік құралдарында жарнама объектілерін орналастыру кезінде жүргізіледі.
Жарнама объектілерін тиісті құжаттарсыз орналастыруға тыйым салынады.
3. Тиісті рұқсат құжаты болмаған кезде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін нақты орналастыру төлемақы сомасын өндіріп алуға және бюджетке енгізуге негіз болып табылады.
4. Жол органдары және жергілікті атқарушы органдар ай сайын, айдың 15-інен кешіктірмей өздерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы мәліметтер береді.
529-бап. Төлемақы төлеушілер
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1. Жарнама объектiлерiн орналастырушы жеке тұлғалар (оның iшiнде дара кәсiпкерлер) және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi төлемақыны дербес төлеушiлер ретiнде қарастырылады. Заңды тұлға, мұндай шешiм қабылданған жағдайда, бұл туралы құрылымдық бөлiмшенi тiркеудiң есепке алынған жерi бойынша төлемақы төлеудiң алдағы мерзiмi басталғанға дейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша хабарлауға мiндеттi. Мұндай заңды тұлға сонымен бiр мезгiлде әрбiр құрылымдық бөлiмше бойынша рұқсат беру құжатында көрсетiлген жылдық төлемақы сомасын бөлу туралы ақпарат бередi.
2. Өздеріне жүктелген функцияларды іске асырумен байланысты орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары төлемақы төлеушілер болып табылмайды.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 530-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi және 2009 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болады) (бұр.ред.кара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 530-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
530-бап. Төлемақы ставкалары
1. Төлемақы ставкалары республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру жүзеге асырылатын тиiстi күнтiзбелiк айдың бiрiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.
2. Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектiсi бiр жағының ауданы үш шаршы метрге дейiн болатын сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастырғаны үшiн ай сайынғы төлемақы ставкалары мыналарға тең болып белгiленедi:
| Рет № | Жолдардың санаттары | Төлемақы ставкасы (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Қалаға кiреберiстер | 25 |
| 2. | I, II | 20 |
| 3. | III | 10 |
| 4. | IV | 5 |
Габаритi үлкен жарнамалық ақпарат орналастырылған кезде ай сайынғы төлемақы ставкалары жарнама объектiсiнiң бiр жағы (бетi) ауданының үш шаршы метрге қатысты ұлғаюына барабар жоғарылатылады.
3. Мынадай жерлерде орналастырылатын жарнама объектiлерi бойынша ай сайынғы базалық төлемақы ставкалары:
1) жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және елдi мекендерде жарнама объектiсiнiң ауданы және орналастыратын жерi негiзге алына отырып белгiленедi:
| № п/п | Жарнама түрлерi | Жылжымайтын объектiлерге төлемақы ставкалары (бiр жағы үшiн) (АЕК) |
| Республикалық маңызы бар қалалар және астана | Облыстық маңызы бар қалалар | Аудандық маңызы бар басқа қалалар, кенттер, селолар, ауылдар |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. | Ауданы 2 ш.м. дейiн сiлтемелер, маңдайшалар, ақпаратты қалқандар (бiр объект үшiн) | 2 | 1 | 0 |
| 2. | Лайтбокстар (сити-форматтағы) | 3 | 2 | 1 |
| 3. | Ауданы мынадай болатын жарнамалықақпараттық объектiлер: | | | |
| 3.1. | 2-ден 5 ш.м. дейiн | 5 | 3 | 1 |
| 3.2. | 5-тен 10 ш.м. дейiн 10 | 10 | 5 | 2 |
| 3.3. | 10-нан 20 ш.м. дейiн | 20 | 10 | 5 |
| 3.4. | 20-дан 30 ш.м. дейiн | 30 | 15 | 5 |
| 3.5. | 30-дан 50 ш.м. дейiн | 50 | 20 | 10 |
| 3.6. | 50-ден 70 ш.м. дейiн | 70 | 30 | 15 |
| 3.7. | 70 ш.м. астам | 100 | 50 | 25 |
| 4. | Шатырүстi неонды жарнама құрылғылары (жарық-Динамикалық панно немесе көлемдi неонды әрiптер): | | | |
| 4.1. | 30 ш.м дейiн | 30 | 20 | 10 |
| 4.2. | 30 ш.м. астам | 50 | 30 | 10 |
| 5. | Палаткалардағы, тенттердегi, шатырлардағы, бастырмалардағы, қалқа- шатырлардағы, тулардағы, жалаушалардағы, тандарттардағы жарнама: | | | |
| 5.1. | 5 ш.м дейiн | 1 | 1 | 0 |
| 5.2. | 5-тен 10 ш.м. дейiн | 2 | 1 | 0 |
| 5.3. | 10 ш.м. астам | 3 | 2 | 1 |
| 6. | Уақытша Тұрпаттағы дүңгiршектер мен павильондардағы жарнама: | | | |
| 6.1. | 2 ш.м дейiн | 2 | 1 | 0 |
| 6.2. | 2-ден 5 ш.м. дейiн | 2 | 1 | 0 |
| 6.3. | 5-тен 10 ш.м. дейiн | 3 | 2 | 1 |
| 6.4. | 10 ш.м. астам | 8 | 4 | 2 |
| 7. | Жарнамалық жайма құрылғылар (штендерлер) | 10 | 5 | 1 |
2) көлiк құралдарында, жарнама объектiсiнiң ауданы және орналастырылатын жерi негiзге алына отырып белгiленедi:
| Рет № | жарнама түрлерi | Жылжымалы объектiлердегi төлемақы ставкалары (АЕК) |
| Республикалық маңызы бар қалалар және астана | Облыстық маңызы бар қалалар | Аудандық маңызы бар басқа қалалар, кенттер, селолар, ауылдар |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. | Көлiк құралының сыртқы жағындағы жарнама (бiр көлiк құралы үшiн): | | | |
| 1.1. | автобустарда, троллейбустарда, трамвайларда, жүк машиналарында, арнайы автомобильдерде (1,5 тоннадан астам жүк көтеретiн), өздiгiнен жүретiн машиналар мен механизмдерде | 8 | 4 | 2 |
| 1.2. | шағын автобустарда, таксилерде, жеңiл автомобильдерде (1,5 тоннаға дейiн жүк көтеретiн) | 3 | 2 | 1 |
| 2. | Автокөлiк құралына орнатылған құрылғылардағы жарнама (панно, қалқандар, лайтбокстер және т.б.), бiр жағы үшiн: | | | |
| 2.1. | 2 ш.м дейiн | 3 | 2 | 1 |
| 2.2. | 2-ден 5 ш.м дейiн | 15 | 10 | 5 |
| 2.3. | 5-тен 10 ш.м. дейiн | 35 | 25 | 10 |
| 2.4. | 10-нан 20 ш.м. дейiн | 50 | 25 | 10 |
| 2.5. | 20-дан 40 ш.м. дейiн | 60 | 45 | 20 |
| 2.6. | 40 ш.м. астам | 80 | 40 | |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және елдi мекендерде орналастырылатын жарнама объектiлерi бойынша базалық төлемақы ставкаларының мөлшерiн жарнама объектiсiнiң орналасқан жерiне қарай екi еседен асырмай арттыруға құқылы.
531-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Алынатын төлемақы мөлшері рұқсат құжатында белгіленген, бірақ күнтізбелік бір ай үшін төлемақы мөлшерінен кем емес төлемақы ставкасы және жарнама объектілерін орналастырудың нақты мерзімі негізге алына отырып есептеледі.