2. Күнтізбелік бір ай үшін бюджетке енгізілуге тиісті төлемақы сомасы келесі айдың 25-інен кешіктірілмей төленеді.
3. Төлемақы төлеушілер рұқсат құжатын алу кезінде жол органына немесе жергілікті атқарушы органдарға жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы сомасын бюджетке енгізгендігін растайтын құжатты табыс етеді.
4. Төлемақысы мемлекеттік тіркеуден өткен жері бойынша бюджетке енгізілетін көлік құралдарын қоспағанда, төлемақы сомасы бюджетке сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің орналастырылған орны бойынша төленеді.
5. Төленген төлемақы сомасы қайтарылуға жатпайды.
79-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ
§ 1. Мемлекеттік баж
532-бап. Жалпы ережелер
Мемлекеттік баж - уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін және (немесе) құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.
Осы тараудың мақсаттары үшін құжаттарды (олардың көшірмелерін, телнұсқаларын) беру заңдық мәні бар іс-әрекеттерге теңестіріледі.
533-бап. Мемлекеттік бажды төлеушілер
Заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасау және (немесе) құжаттар беру жөнінде уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға өтініш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік баж төлеушілер болып табылады.
534-бап. Баж алу объектілері
1. Мыналардан:
1) сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше талаппен іс жүргізу арыздарынан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, аралық (төрелік) соттардың және шетел соттарының шешімдерін мәжбүрлеп орындату жөніндегі атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де материалдардың көшірмелерін қайтадан беру туралы арыздардардан:
2) нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттар көшірмелерін (телнұсқаларын) бергені үшін;
3) азаматтық хал актілерін тіркегені үшін, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар мен қайтадан куәліктер бергені және азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтіруге байланысты куәліктер бергені үшін;
4) шетелге тұрақты тұруға баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқық беретін құжаттарды ресімдегені үшін, сондай-ақ осы құжаттарға өзгерістер енгізгені үшін;
5) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың паспорттарына немесе оларды ауыстыратын құжаттарына Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына Қазақстан Республикасының аумағында виза бергені үшін;
6) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресімдегені үшін;
7) тұрғылықты жерін тіркегені үшін;
8) аңшы куәлігін бергені және оны жыл сайын тіркегені үшін;
9) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар мен бекіре балықтардың түрлерін, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергені үшін;
10) жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін;
11) қаруды және оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат бергені үшін;
12) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының (аңшылық суық қаруды, белгі беретін қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольді және көзден жас ағызатын немесе тітіркендіретін заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейінгі пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбір бірлігін тіркегені және қайта тіркегені үшін;
13) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін;
14) жүргізуші куәлігін, тракторшы-машинистің куәлігін, механикалық көлік құралдары мен тіркемелерінің техникалық байқаудан өткені туралы куәліктерді, механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергені үшін;
15) зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның осы Кодекстің 539-бабында көзделген заңдық мәні бар іс-әрекеттерді жасағаны үшін мемлекеттік баж алынады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік баждың тіркелген проценттік ставкалары республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мемлекеттік бажды төлеу күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - ЕАК) мөлшері негізге алына отырып есептеледі.
535-бап. Мемлекеттік баждың соттардағы ставкалары
1. Сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше талаппен іс жүргізу арыздарынан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, аралық (төрелік) соттардың және шетел соттарының шешімдерін мәжбүрлеп орындату жөніндегі атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де материалдардың көшірмелерін қайтадан беру туралы арыздардан мынадай мөлшерде мемлекеттік баж алынады:
1) мүліктік сипаттағы талап арыздардан:
жеке тұлғалар үшін - талап қою сомасының 1 проценті;
заңды тұлғалар үшін - талап қою сомасының 3 проценті;
2) мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз іс-әрекетіне шағымдардан - 30 процент;
3) мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз іс-әрекетіне шағымдардан - 500 процент;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
4) салықтық тексеру актілері бойынша хабарламаларға дау айту туралы арыздардан:
дара кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшін - хабарламада көрсетілген салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің (өсімпұлдарды қоса алғанда) даулы сомасының 0,1 проценті;
заңды тұлғалар үшін - хабарламада көрсетілген салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің (өсімпұлдарды қоса алғанда) даулы сомасының 1 проценті;
5) некені бұзу туралы талап арыздардан - 30 процент.
Некені бұзған кезінде мүлікті бөлген жағдайларда баж осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес талап қою бағасына қарай айқындалады;
6) белгіленген тәртіппен хабарсыз кетті деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен, не үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен неке бұзу кезінде мүлікті бөлу туралы талап арыздардан - осы баптың 1) тармақшасына сәйкес;
7) тұрғын үй-жайларды жалға алу шартын өзгерткені немесе бұзғаны туралы, мұраны қабылдау мерзімін ұзарту туралы, тыйым салынған мүлікті босату туралы талап арыздардан және мүліктік емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап арыздардан - 50 процент;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
8) осы тармақтың 2), 3), 4) және 13) тармақшаларында көрсетiлгендердi қоспағанда, ерекше талаппен iс жүргiзу арыздарынан, ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан) - 50 процент;
9) аралық соттар шешімдеріне шағым жасау туралы арыздардан, төрелік шешімдерді жою туралы өтініш хаттардан - Қазақстан Республикасының сотына мүліктік емес сипаттағы талап арыз берген кезде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінен - 50 процент, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша - Қазақстан Республикасының сотына мүліктік сипаттағы талап арыз берген кезде алынатын және өтініш беруші даулап отырған сомаға негізделіп есептелген мемлекеттік баж мөлшерінен;
10) сот бұйрығын шығару туралы арыздардан - осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік баж ставкасының 50 проценті;
11) атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, аралық (төрелік) соттардың және шетел соттарының шешімдерін мәжбүрлеп орындау жөніндегі атқару парақтарын беру туралы арыздардан - 500 процент;
12) сот шешімдерінен, үкімдерінен, ұйғарымдарынан, соттардың өзге де қаулыларынан көшірмелерді (телнұсқаларды), сондай-ақ іске қатысатын тараптар мен басқа да адамдардың өтініші бойынша соттар беретін істің басқа да құжаттарының көшірмелерін қайтадан беру туралы арыздардан - әрбір құжат үшін 10 процент, сондай-ақ әрбір дайындалған бет үшін 3 процент;
13) заңды тұлғаларды банкрот деп тану туралы арыздардан - 500 процент.
2. Мүліктік сипаттағы және мүліктік емес сипаттағы талаптар бір мезгілде көрсетілген талап арыздар үшін мүліктік сипаттағы талап арыздар мен мүліктік емес сипаттағы талап арыздарға белгіленген мемлекеттік баж бір мезгілде алынады.
536-бап. Нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж ставкалары
Нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж мынадай мөлшерлерде алынады:
1) қалалық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырғаны үшін:
егер тараптардың бірі заңды тұлға болса - 1000 процент;
құны 30 айлық есептік көрсеткішке дейін:
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-інілері және апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне - 100 процент;
басқа адамдарға - 300 процент;
құны 30 айлық есептік көрсеткіштен жоғары:
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-інілері және апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне - 500 процент;
басқа адамдарға - 700 процент;
егер мәміле жылжымайтын мүлікті ипотекалық тұрғын үй займы бойынша алынған қаражат есебінен сатып алу мақсатында жасалатын болса - 200 процент;
2) ауылдық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, ғимараттар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшін:
егер тараптардың бірі заңды тұлға болса - 100 процент;
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-інілері және апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне - 50 процент;
басқа адамдарға - 70 процент;
3) автомотокөлік құралдарын иеліктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшін:
егер тараптардың бірі заңды тұлға болса - 700 процент;
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-інілері және апа-қарындастары мен сіңлілеріне, немерелеріне - 200 процент;
басқа адамдарға - 500 процент;
4) жалға беру, қарыз, (ипотекалық тұрғын үй займын қоспағанда), кепілақы, лизинг, мердігерлік, неке келісімшарттары, ортақ меншіктегі мүлік бөлісі, мұрагерлік мүлікті бөлу, алименттерді төлеу жөніндегі келісімдерді, құрылтай шарттарын куәландырғаны үшін - 500 процент;
5) ипотекалық тұрғын үй займы шарттарын куәландырғаны үшін - 200 процент;
6) өсиетхаттарды куәландырғаны үшін - 100 процент;
7) мұрагерлікке құқық туралы куәлікті бергені үшін - берілген әр куәлікке 100 процент;
8) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске және бірлескен ортақ меншік құқығындағы мүлкі бар өзге адамдардың меншік құқығы туралы куәлікті бергені үшін - 100 процент;
9) мүлікті пайдалану мен иелену құқығына сенімхаттарды куәландырғаны үшін - 50 процент;
10) сату құқығынсыз автокөлік құралдарын пайдалану және басқару құқығына сенімхаттарды куәландырғаны үшін - 100 процент;
11) автокөлік құралдарын сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға сенімхаттарды куәландырғаны үшін - 200 процент;
12) өзге сенімхаттарды куәландырғаны үшін:
жеке тұлғалар үшін - 10 процент;
заңды тұлғалар үшін - 50 процент;
13) мұрагерлік мүлікті қорғау жөнінде шаралар қолданғаны үшін - 100 процент;
14) теңіздік наразылық білдіргені үшін - 50 процент;
15) құжаттардың көшірмесі мен құжаттардың үзінді көшірмесінің растығын куәландырғаны үшін (әр бетіне):
жеке тұлғалар үшін - 5 процент;
заңды тұлғалар үшін - 10 процент;
16) құжаттардағы қойылған қолдың, сондай-ақ құжаттардың бір тілден басқа тілге аудармасының дұрыстығын куәландырғаны үшін (әрбір құжат үшін):
жеке тұлғалар үшін - 3 процент;
заңды тұлғалар үшін - 10 процент;
17) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға бергені үшін - 20 процент;
18) құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін бергені үшін - 20 процент;
19) телнұсқа бергені үшін - 100 процент;
20) банктерде шот ашқан кезде қойылған қолдың растығын куәландырғаны үшін (әрбір құжат үшін):
жеке тұлғалар үшін - 10 процент;
заңды тұлғалар үшін - 50 процент;
21) жылжымайтын мүлік кепілі шарттарын, ипотекалық тұрғын үй заимдары бойынша талап ету құқықтары мен ипотекалық куәліктерді куәландырғаны үшін - 200 процент; өзге де кепіл шарттарын куәландырғаны үшін - 700 процент;
22) вексель наразылығын жасағаны үшін және чектің төленбегенін куәландырғаны үшін - 50 процент;
23) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтағаны үшін - әр айға 10 процент;
24) кепілгерлік пен кепілдік шарттарын куәландырғаны үшін - 50 процент;
25) Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген басқа да нотариаттық іс-әрекеттерді жасағаны үшін - 20 процент.
537-бап. Азаматтық хал актілерін тіркегені үшін мемлекеттік баж ставкалары
1. Азаматтық хал актілерін тіркегені үшін, азаматтарға азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді, сондай-ақ туу, неке, некені бұзу, қайтыс болу туралы актілердің жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтіруге байланысты куәліктерді қайтадан бергені үшін мынадай мөлшерде:
1) некеге тұруды тіркегені үшін - 100 процент;
2) некені бұзуды тіркегені үшін:
кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша - 200 процент;
сот шешімі негізінде - 150 процент (ерлі-зайыптылардың біреуінен немесе екеуінен);
белгіленген тәртіппен хабарсыз кетті деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешімі негізінде - 10 процент;
3) тегін, атын немесе әкесінің атын, ұлтын және жынысын өзгерткенін тіркегені үшін - 200 процент;
осы негізде берілген жұбайының, балаларының әрбір құжаты үшін - 50 процент;
4) туу, неке, некені бұзу, қайтыс болу туралы актілер жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтіруге байланысты куәліктерді бергені үшін - 50 процент;
5) азаматтық хал актілерін тіркегені туралы куәліктерді қайталап бергені үшін - 100 процент;
6) шетел азаматтарының ұл бала асырап (қыз бала асырап) алғанын тіркегені үшін - 200 процент;
7) Қазақстан Республикасының азаматтарына азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама бергені үшін - 30 процент;
8) ТМД елдерінен азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін - 50 процент;
9) алыс шет елдерден азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін - 100 процент мемлекеттік баж алынады.
538-бап. Шетелге шығуды, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруді немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуды ресімдеу кезіндегі мемлекеттік баж ставкалары
Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруге немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге немесе шетелге шығуға байланысты іс-әрекеттер жасағаны үшін мынадай мөлшерде:
1) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мынадай құқыққа виза бергені немесе ұзартқаны үшін:
Қазақстан Республикасынан кетуге - 50 процент;
Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге - 100 процент;
2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекараны көп мәрте кесіп өту құқығына виза бергені үшін - 200 процент;
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге құқық беретін құжаттарына өзгерістер енгізгені үшін - 100 процент;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шетелден шақыру келгені туралы құжаттар бергені үшін - әрбір шақырылған адам үшін 50 процент;
5) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресімдегені үшін - 100 процент;
6) Қазақстан Республикасына шақыру туралы жоғалған не бүлінген құжаттарды ауыстырып бергені үшін - осы баптың тиісінше 1), 2), 4) тармақшаларында көрсетілген мөлшерде мемлекеттік баж алынады.
539-бап. Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж ставкалары
Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін мынадай мөлшерде:
1) инновациялық патент, патент, куәлік бергені үшін - 100 процент;
2) жалпыға белгілі тауар таңбасына сертификат бергені үшін - 100 процент;
3) өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру, кепіл шарттарын, лицензиялық, қосалқы лицензиялық шарттарды тіркегені үшін - 150 процент;
4) патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттағаны үшін - 1 500 процент;
5) патенттік сенім білдірілген өкілдерді тіркеу туралы куәлік бергені үшін - 100 процент мемлекеттік баж алынады
540-бап. Басқа да іс-әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж ставкалары
Басқа да іс-әрекеттер жасағаны үшін мынадай мөлшерде:
1) тұрғылықты жерін тіркегені үшін - 10 процент;
2) аңшы куәлігін бергені және оны жыл сайын тіркегені үшін - 10 процент;
3) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар мен бекіре балықтардың түрлерін, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергені үшін - 200 процент;
4) мыналарды:
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін бергені үшін - 400 процент;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, уақытша жеке куәлік бергені үшін - 20 процент;
5) мыналарға:
заңды тұлғаларға:
азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын әкелуге рұқсат бергені үшін - 200 процент;
азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын әкетуге рұқсат бергені үшін - 200 процент;
азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат бергені үшін - 100 процент;
азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат бергені үшін - 100 процент;
азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат бергені үшін - 200 процент;
азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама бергені үшін - 100 процент;
жеке тұлғаларға:
азаматтық қаруды және оның патрондарын әкелуге рұқсат бергені үшін - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын әкетуге рұқсат бергені үшін - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуға рұқсат бергені үшін - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат бергені үшін - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат бергені үшін - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат бергені үшін - 10 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама бергені үшін - 50 процент;
6) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруының (аңшылық суық қаруды, белгі беретін қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольді және көзден жас ағызатын немесе тітіркендіретін заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі қоса алғанда 4,5 мм дейінгі пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбір бірлігін тіркегені және қайта тіркегені үшін - 10 процент;
7) жеке басты куәландыратын құжаттарға өзгерістер енгізгені үшін - 10 процент;
8) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдар апостиль қойғаны үшін - 50 процент;
9) мыналарды:
жүргізушінің куәлігін бергені үшін - 125 процент;
көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені туралы куәлік бергені үшін - 125 процент;
механикалық көлік құралын немесе тіркемені мемлекеттік техникалық байқаудан өткізгені туралы куәлік бергені үшін - 50 процент;
автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін бергені үшін - 280 процент;
мотокөлікке, автомобиль тіркемесіне мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін бергені үшін - 140 процент;
көлік құралын айдап әкелуге арналған мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін (транзиттік) бергені үшін - 35 процент;
10) мыналарды:
тракторшы-машинист куәлігін бергені үшін - 50 процент;
тракторларға, олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, оларға тіркемелерге (арнайы жабдықпен монтаждалған тіркемелерді қоса алғанда) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін бергені үшін - 100 процент;
тракторларды, олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға тіркемелерді (арнайы жабдықпен монтаждалған тіркемелерді қоса алғанда) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерді мемлекеттік тіркеу үшін техникалық паспорт бергені үшін - 50 процент мемлекеттік баж алынады.
541-бап. Соттарда мемлекеттік баж төлеуден босату
Соттарда мыналар:
1) талапкерлер - еңбекке ақы төлеу сомаларын өндіріп алу туралы талап қою және еңбек қызметіне байланысты басқа да талаптар бойынша;
2) талапкерлер-авторлар, орындаушылар және ұжымдық негізде олардың мүліктік құқықтарын басқарушы ұйымдар - авторлық құқықтан және аралас құқықтардан туындайтын талап қою бойынша;
3) талапкерлер - өнеркәсіптік меншік объектілерінің авторлары - өнертабысқа, пайдалы үлгілерге және өнеркәсіптік үлгілерге құқықтардан туындайтын талап қою бойынша;
4) талапкерлер - алименттерді өндіріп алу туралы талап қою бойынша;
5) талапкерлер - мертігуге немесе денсаулығына зақым келтірілуге, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуына байланысты келтірілген зиянды өтеу туралы талап қою бойынша;
6) талапкерлер - қылмыспен келтірілген материалдық залалды өтеу туралы талап қою бойынша;
7) іске қатысы жоқ адамдардан басқа жеке және заңды тұлғалар - оларға қылмыстық істерге және алимент бойынша істерге байланысты құжаттар берілгені үшін;
8) талапкерлер - Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзу арқылы мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебіне мемлекет кірісіне қаражат өндіріп алу туралы талап қою бойынша;
9) білікті еңбек қызметкерлерін және біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмысшы кадрларын даярлауды қамтамасыз ететін кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлер - оқу орындарын өз бетімен тастап кеткен немесе олардан шығарылған оқушыларды ұстауға кеткен мемлекет шығыстарын өндіріп алу жөніндегі талап қою бойынша;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда басқа тұлғалардың немесе мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауға сотқа арыз жазып жүгінген жеке және заңды тұлғалар;
11) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттік кредиттерді, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды қайтару жөнінде талап қойып сотқа жүгінген сенім білдірілген өкіл (агент);
12) талапкерлер - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі - барлық істер мен құжаттар бойынша;
13) талапкерлер-оралмандар - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық істер мен құжаттар бойынша;
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
14) жеке және заңды тұлғалар - сотқа мынадай арыздар бергені үшін:
іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы сот ұйғарымының күшін жою немесе арызды қарамай қалдыру туралы;