303-бап. Тауарларды бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастыру шарттары
304-бап. Бажсыз сауда дүкендері
305-бап. Бажсыз сауда кедендік рәсімін аяқтау
306-бап. Бажсыз сауданың кеден рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты әкету кедендік баждарды төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі
42-тарау. Жоюдың кедендік рәсімі
307-бап. Жою кедендік рәсімінің мазмұны
308-бап. Тауарларды жоюдың кедендік рәсімімен орналастыру шарттары
309-бап. Жоюдың кедендік рәсімін қолдану ерекшеліктері
43-тарау. Мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімі
310-бап. Мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімінің мазмұны
311-бап. Тауарларды мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен орналастыру шарттары
7-бөлім. ТАУАРЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫНА ҚАТЫСТЫ КЕДЕНДІК ШЕКАРА АРҚЫЛЫ ӨТКІЗУ ЖӘНЕ КЕДЕНДІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖАСАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
44-тарау. Халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері
312-бап. Халықаралық почта жөнелтілімдері
313-бап. Тауарларды халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберу ерекшеліктері
314-бап. Халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері
315-бап. Халықаралық почта жөнелтілімдерін кедендік бақылау
316-бап. Халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды қолдану
45-тарау. Шетелдік тұлғалардың жекелеген санаттарының тауарларды өткізу ерекшеліктері
317-бап. Осы тарауды пайдалану саласы
318-бап. Шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктерінің тауарларды өткізуі
319-бап. Шетел мемлекетінің дипломатиялық өкілдігі басшысының және шетел мемлекетінің дипломатиялық өкілдігінің дипломатиялық жеке құрамы мүшелерінің тауарларды өткізуі
320-бап. Шетел мемлекетінің дипломатиялық өкілдігінің әкімшілік-техникалық жеке құрамы мүшелерінің тауарларды өткізуі
321-бап. Шетел мемлекетінің дипломатиялық өкілдігінің дипломатиялық жеке құрамының мүшелеріне берілетін кедендік жеңілдіктердің әкімшілік-техникалық және қызмет көрсететін жеке құрамының мүшелеріне тарауы
322-бап. Шетел мемлекеттерінің консулдық мекемелерінің және олардың жұмыскерлерінің тауарларды өткізуі
323-бап. Шетел мемлекеттерінің дипломатиялық почтасын және консулдық вализаларын кедендік шекара арқылы өткізу
324-бап. Шетелдік дипломатиялық және консулдық курьерлерге арналған кедендік жеңілдіктер
325-бап. Шетел мемлекеттері делегацияларының өкілдері мен мүшелеріне арналған кедендік жеңілдіктер
326-бап. Кеден одағының кедендік аумағы арқылы транзитпен ететін шетел мемлекеттері дипломатиялық жеке құрамы мүшелерінің, консулдық лауазымды тұлғадардың, делегациялардың өкілдері мен мүшелерінің тауарларды өткізуі
327-бап. Халықаралық, мемлекетаралық және үкіметаралық ұйымдарға, олардың жанындағы шетел мемлекеттері өкілдіктеріне, сондай-ақ осы ұйымдар мен өкілдіктердің жеке құрамына арналған кедендік жеңілдіктер
46-тарау. Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларға қатысты кедендік операциялар жасау ерекшеліктері
328-бап. Кеден органдары зияткерлік меншік объектілеріне құқық қорғау бойынша қолданатын шаралар
329-бап. Кеден органдарының зияткерлік меншік объектілеріне құқық қорғау мерзімі
330-бап. Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімі
331-бап. Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтата тұру
332-бап. Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жою
333-бап. Ақпарат ұсыну, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу
47-тарау. Тауарларды құбыржол көлігі және электр беру желілерімен өткізу
334-бап. Осы тарауды қолдану саласы
335-бап. Құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды әкелу, әкету және кедендік декларациялау ерекшеліктері
336-бап. Электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды әкелу, әкету және кедендік декларациялау ерекшеліктері
337-бап. Құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды есепке алу құралдарын орнату жерлері
338-бап. Құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларды сәйкестендіру
339-бап. Құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарлардың транзитін кедендік декларациялау
48-тарау. Тауарларды, жолаушыларды және багажды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын өткізу
340-бап. Осы тарауды қолдану саласы
341-бап. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын өткізу тәртібі
342-бап. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын уақытша әкелу
343-бап. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын уақытша әкелу мерзімдері
344-бап. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарымен жасалатын операциялар
345-бап. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын уақытша әкету
346-бап. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын уақытша әкетудің мерзімдері
347-бап. Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарымен жасалатын операциялар
348-бап. Уақытша әкетілген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын әкелу
349-бап. Жабдықтарды және қосалқы бөлшектерді уақытша әкелу және уақытша әкету
350-бап. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, қосалқы бөлшектерді және жабдықтарды кедендік декларациялау
49-тарау. Жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу ерекшеліктері
351-бап. Осы тарауда пайдаланылатын терминдер
352-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу туралы жалпы ережелер
353-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу тәсілдері
354-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты жасалатын кедендік операциялар
355-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау
356-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды декларациялау кезінде құжаттарды ұсыну
357-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде екі дәліз жүйесін қолдану
358-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша әкелу
359-бап. Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды уақытша әкетуі
360-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждар мен салықтарды төлеу
361-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарлардың кедендік құны
362-бап. Жеке тұлғалар өткізетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары үшін қосалқы бөлшектер мен отын
50-тарау. Керек-жарақтарға қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері
363-бап. Осы тарауды қолдану саласы
364-бап. Керек-жарақтарға қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері
365-бап. Керек-жарақтарды пайдалану
8-бөлім. ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
366-бап. Жалпы өтпелі ережелер
367-бап. Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға және өзге де тұлғаларға қатысты өтпелі ережелер
368-бап. Кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері туралы өтпелі ережелер
369-бап. Кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдау ерекшеліктері туралы өтпелі ережелер
370-бап. Тауарлардың мәртебесі және кедендік рәсімдер туралы өтпелі ережелер
371-бап. Көлік құралдарына қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері туралы өтпелі ережелер
372-бап. Жер қойнауын пайдалану (отын-энергетикалық сектор) саласында туындаған құқық қатынастары жөніндегі өтпелі ережелер
I. ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1-бөлім. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Кеден одағындағы кедендік реттеу
1. Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы шеңберіндегі кеден одағындағы (бұдан әрі - кеден одағы) кедендік реттеу - тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге, оларды кеден одағының бірыңғай кедендік аумағы арқылы кедендік бақылаумен тасымалдауға, уақытша сақтауға, кедендік декларациялауға, кедендік рәсімдерге сәйкес шығаруға және пайдалануға, кедендік бақылауды жүргізуге, кедендік төлемдерді төлеуге байланысты қатынастарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, қолдану және оларға билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарды құқықтық реттеу.
2. Кеден одағындағы кедендік реттеу кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес, ал мұндай заңнамада реттелмеген бөлігінде, кеден одағының кеден заңнамасы деңгейінде тиісті құқықтық қатынастар орнатылғанға дейін кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2014 ж. 10 қазандағы Хаттамамен (бұр.ред.қара); 2015 ж. 8 мамырда Хаттамамен (бұр.ред.қара) 2-бап өзгертілді
2-бап. Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағы және кедендік шекара
1. Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағын (бұдан әрі - кеден одағының кедендік аумағы) Армения Республикасы, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясының аумақтары, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттер аумақтарының шегінен тыс орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар, құрылыстар мен оларға қатысты кеден одағына мүше мемлекеттердің айрықша заңдық құзыры болатын өзге де объектілер құрайды.
2. Кеден одағының кедендік аумағының шегі кеден одағының кедендік шекарасы (бұдан әрі - кедендік шекара) болып табылады.
3. Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарында орналасқан жекелеген аумақтардың шегі кедендік шекара болып табылуы мүмкін.
3-бап. Кеден одағының кеден заңнамасы
1. Кеден одағының кеден заңнамасы:
1) осы Кодекстен;
2) кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден одағындағы кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттарынан;
3) Кеден одағы комиссиясының осы Кодекске және кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес қабылданатын кеден одағындағы кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін шешімдерінен тұрады.
2. Кеден одағының кеден заңнамасы кеден одағының кедендік аумағында қолданылады.
Егер кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес кеден одағындағы кедендік реттеу кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болса, мұндай заңнама осы кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында қолданылады.
3. Егер осы Кодексте және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес өзгеше белгіленбесе, кедендік реттеу кезінде кедендік декларацияны немесе өзге де кедендік құжаттарды тіркеу күніне әрекет ететін кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, кеден одағына мүше мемлекеттердің салық салу саласындағы заңнамалық актілері қолданылады.
4. Егер осы Кодексте және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес өзгеше белгіленбесе, тауарларды кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып кедендік шекара арқылы өткізген кезде іс жүзінде тауарларды кедендік шекарадан өткізу күніне әрекет ететін кеден одағының кеден заңнамасы, кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, кеден одағына мүше мемлекеттердің салық салу саласындағы заңнамалық актілері қолданылады.
Егер іс жүзінде тауарлар кедендік шекарадан өткізілген күн белгіленбесе, егер осы Кодексте және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес өзгеше белгіленбесе, белгіленген талаптарды бұзушылықтар анықталған күніне әрекет ететін кеден одағының кеден заңнамасы, кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, кеден одағына мүше мемлекеттердің салық салу саласындағы заңнамалық актілері қолданылады.
4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі терминдер
1. Осы Кодексте мынадай негізгі терминдер және олардың анықтамалары пайдаланылады:
1) авария - тасымалдаудың, сақтаудың және пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи өзгерістерді, сондай-ақ төтенше және осы жағдайларда алдын алуға болмайтын жағдайларды (еңсерілмейтін күш) қоспағанда, көлік құралдарымен және (немесе) кедендік бақылаудағы өзге де тауарлармен болған, мұндай өзгерістер кезінде тауарлар оның иелегінде болған меншік иесінің және (немесе) тұлғаның қасақана емес әрекеттерінен болған олардың кеден одағының кеден заңнамасында көзделмеген сандық және (немесе) сапалық өзгерістеріне әкеп соқтырған өз салдары бойынша зиянды техникалық, технологиялық немесе өзге де сипаттағы оқиға;
2) әкімшілік құқық бұзушылықтар және қылмыстар кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден органдары олар бойынша әкімшілік процесс жүргізетін (іс жүргізуді жүзеге асырады) әкімшілік құқық бұзушылықтар және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес олар бойынша іс жүргізу кеден органдарының жүргізуіне жатқызылған қылмыстар;
3) тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелу - нәтижесінде тауарлар халықаралық почта жөнелтімдерінде жіберуді, оларды кеден органдары шығарғанға дейін құбыржол көлігін және электр беру желілерін пайдалануды қоса алғанда, кез келген тәсілмен кеден одағының кедендік аумағына келген кедендік шекараны кесіп өтуге байланысты әрекеттерді жасау;
4) тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан әкету - тауарларды халықаралық почта жөнелтімдерінде жіберуді, кедендік шекараны іс жүзінде кесіп өткенге дейін құбыржол көлігін және электр беру желілерін пайдалануды қоса алғанда, кез келген тәсілмен кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге бағытталған әрекеттерді жасау;
5) тауарларды шығару - кеден органдарының мүдделі тұлғаларға тауарларды мәлімделген кедендік рәсімнің шарттарына сәйкес немесе осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдерге орналастыруға жатпайтын тауарлардың жекелеген санаттары үшін белгіленген шарттарға сәйкес пайдалануға рұқсат беретін әрекеті;
6) декларант - тауарларды декларациялайтын не оның атынан тауарлар декларацияланатын тұлға;
7) мүдделі тұлғалар - тауарларға қатысты мүдделері кеден органдарының шешімдерімен, әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) тікелей және жеке қозғалатын тұлғалар;
8) тыйым салулар мен шектеулер - тарифтік емес реттеу шараларын, тауарлармен сыртқы сауданы қозғайтын және ұлттық мүдденің негізінде енгізілетін шараларды, тауарлармен сыртқы сауданың тыйым салулары мен шектеулерінің ерекше түрлерін, экспорттық бақылау, оның ішінде әскери % мақсаттағы, техникалық реттеу өнімдеріне қатысты шараларды қамтитын кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты қолданылатын шаралардың кешені, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен, Кеден одағы комиссиясының шешімдерімен және кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес шығарылған кеден одағына мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринарлық, карантиндік, фитосанитарлық және радиациялық талаптар;
9) шетелдік тұлға - кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы болып табылмайтын тұлға;
10) шетелдік тауарлар - кеден одағының тауарлары болып табылмайтын тауарлар, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес шетелдік тауарлардың мәртебесін алған тауарлар;
11) Кеден одағының комиссиясы - бірыңғай тұрақты қызмет ететін реттейтін кеден одағының органы;
12) коммерциялық құжаттар - шот-фактуралар (инвойс), спецификациялар, тиеу және орау парақтары мен сыртқы сауда және өзге де қызметті жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты мәмілелерді жасауды растау үшін пайдаланылатын басқа да құжаттар;
13) тұлға - жеке және (немесе) заңды тұлға, сондай-ақ егер осы Кодекстен өзге туындамаса, заңды тұлға болып табылмайтын ұйым;
14)кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы - кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға, заңды тұлға болып табылмайтын ұйым, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекетте тұрақты тұратын жері бар жеке тұлға, оның ішінде кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген жеке кәсіпкер;
15) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттары - кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын халықаралық шарттар;
16) халықаралық почта жөнелтімдері - кеден одағының кедендік аумағынан тыс жөнелту үшін қабылданған, кеден одағының кедендік аумағына келіп түсетін не осы аумақ арқылы транзитпен өтетін және Дүниежүзілік почта одағының актілерімен көзделген ілеспе құжаттары бар почта жөнелтімдері;
17) тарифтік емес реттеу шаралары - кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен, Кеден одағы комиссиясының шешімдерімен және кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес шығарылған кеден одағына мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген сандық және экономикалық сипаттағы өзге де тыйым салулар мен шектеулерді, енгізу жолымен жүзеге асырылатын тауарлармен сыртқы сауданы реттеу шаралар кешені;
18) салықтар- қосылған құн салығы және тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде кеден органдары өндіріп алатын акциз (акциздер);
19)тауарларды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізу - тауарларды кедендік шекара арқылы белгіленген жерлерден тыс немесе осы жерлердегі кеден органдары жұмысының белгіленбеген уақытында, не кедендік бақылаудан жасырып, не тауарларды декларацияламай, не дұрыс декаларацияламай, не тауарлар туралы дұрыс емес мәліметтер бар құжаттарды пайдалана отырып және (немесе) мұндай өткізуге ниеттенуге тең, жасанды не басқа тауарларға жататын сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып өткізу;
20) почта байланысының операторы - кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына және Дүниежүзілік почта одағының актілеріне сәйкес почта байланысының қызмет көрсетуін қамтамасыз ететін тұлға;
21) тасымалдаушы - тауарларды және (немесе) жолаушыларды кедендік шекара арқылы тасымалдауды және (немесе) кеден одағының кедендік аумағы шегінде кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын тұлға немесе көлік құралдарын пайдаланғаны үшін жауапты болып табылатын тұлға;
22) тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу - тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелу немесе тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан әкету;
23) керек-жарақтар - тауарлар:
қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды қоспағанда, теңіз (өзен) кемелерін, ішкі жүзу кемелерін, «өзенде - теңізде» жүзу кемелерін, су асты қанаттары бар кемелерді, ауа жастықтары бар кемелерді, өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін лихтерлер мен баржаларды қоса алғанда, шағын кемелерді (бұдан әрі - су кемелері), әуе кемелерін және пойыздарды жүру жолында немесе аралық аялдама не тұрақ пункттерінде қалыпты пайдалануды қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету үшін қажетті;
бұл керек-жарақтардың сатылатындығына немесе сатылмайтындығына қарамастан, су кемелерінің, әуе кемелерінің бортында жолаушылар мен экипаж мүшелерінің немесе пойыздарда жолаушылар мен пойыз бригадасы қызметкерлерінің тұтынуы үшін арналған;
көрсетілген керек-жарақтарды осы кемелердің бортында тұтыну мақсатынсыз, су кемелерінің, әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаж мүшелері үшін сатуға арналған;
24) кедендік декларация - белгіленген нысан бойынша жасалған, тауарлар туралы, таңдалған кедендік рәсім туралы мәліметтер және тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтер бар құжат;
25) кедендік бажы - тауарларды кедендік шекара арқылы өткізуге байланысты кеден органы өндіріп алатын міндетті толем;
26) кедендік рәсім - тауарларды кеден одағының кедендік аумағында немесе одан тысқары кеден мақсаты үшін қолдану және (немесе) иелену талаптары мен шарттарын айқындайтын нормалардың жиынтығы;
27) кедендік декларациялау - декларанттың кеден органына тауарлар туралы, таңдалған кедендік рәсім туралы мәліметті және (немесе) тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтерді мәлімдеуі;
28) кедендік құжаттар - тек кедендік мақсат үшін жасалатын құжаттар;
29) кедендік операциялар - кеден одағының кеден заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында тұлғалар және кеден органдары жасайтын әрекеттер;
30) кеден органдары - кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары;
31) кедендік бақылау - кеден одағының кеден заңнамасын және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында кеден органдары, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып, жүзеге асыратын шаралардың жиынтығы;
32) межелі кеден органы - қызмет өңірінде жөнелтуші кеден органы белгілеген тауарларды жеткізу орны бар не кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтайтын кеден органы;
33) жөнелтуші кеден органы - тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасайтын кеден органы;
34) кедендік өкіл - кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес декларанттың немесе өзге мүдделі тұлғаның атынан және тапсырмасы бойынша кедендік операцияларды жасайтын кеден одағына мүше мемлекеттің заңды тұлғасы;
35) тауар-кедендік шекара арқылы өткізілетін кез келген жылжымалы мүлік, оның ішінде ақпарат тасымалдағыш, кеден одағына мүше мемлекеттердің валютасы, бағалы қағаздар және (немесе) валюталық құндылықтар, жол чектері, электрлік және энергияның өзге де түрлері, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке теңестірілген өзге де өткізілетін заттар;
36) жеке пайдалануға арналған тауарлар - кедендік шекара арқылы алып жүрілетін немесе алып жүрілмейтін багажда, халықаралық почта жөнелтімдерінде немесе өзге тәсілмен өткізілетін жеке тұлғалардың жеке, отбасылық, үй және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес мұқтаждықтары үшін арналған тауарлар;
37) кеден одағының тауарлары - кеден одағының кедендік аумағындағы мынадай тауарлар:
толығымен кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген;
кеден одағының кедендік аумағына әкелінген әрі осы Кодекске және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес кеден одағының тауарлары мәртебесін алған;
кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарында осы тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген тауарлардан және (немесе) шетелдік тауарлардан жасалған және осы Кодекске және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес кеден одағының тауарлары мәртебесін алған;
38) көліктік (тасымалдау) құжаттар - коносамент, жөнелтпе құжат немесе тауарларды тасымалдау шартының бар болуын растайтын және оларды мұндай тасымалдау кезінде ілеспе болатын өзге де құжат;
39) көлік құралдары - оларға арналған техникалық паспорттармен немесе техникалық формулярлармен көзделген қосалқы бөлшектері, керек-жарақтар мен жабдықтары, егер, көрсетілген көлік құралдарымен бірге тасымалданатын болса, олардың конструкциясында көзделген май құю ыдыстарындағы жанар-жағармай материалдары, салқындату және өзге де техникалық сұйықтар бар кез келген су кемесін, әуе кемесін, автомобильдік көлік құралын, тіркемені, жартылай тіркемені, теміржол көлік құралын (теміржол жылжымалы құрамы, темір жол жылжымалы құрамының бірлігі) немесе контейнерді қамтитын тауарлар санаты;
40) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары - жүктерді тиеу, түсіру, өңдеу және қорғауға арналған олардағы арнайы жабдығы, материалдық-техникалық жабдықтау және жарақтандыру заттары, сондай-ақ, көлік құралын жүру жолында жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге немесе пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері мен жабдығы бар жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багаждарды халықаралық тасымалдауды бастау және (немесе) аяқтау мақсатында кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін немесе одан тыс әкетілетін көлік құралдары;
41) экспресс-жүк - халықаралық почта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарды қоспағанда, жеке жүкқұжатқа сәйкес ықтимал және (немесе) тіркелген барынша аз уақыт ішінде осы тауарды алушыға дейін жеткізу мақсатында тасымалдауларды ұйымдастыру мен қадағалаудың электронды ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, көліктің кез келген түрлерімен жедел тасымалдау шеңберінде тасымалданатын тауар.
2. Кеден одағы кеден заңнамасының өзге де терминдері осы Кодекстің тиісті баптарында және кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында айқындалатын мәндерде пайдаланылады.
3. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, осы Кодексте пайдаланылатын азаматтық және басқа салалардағы заңнаманың терминдері кеден одағына мүше мемлекеттің әрқайсысында осы кеден одағына осы мүше мемлекеттер заңнамасының тиісті салаларында пайдаланылатын мәнде пайдаланылады.
5-бап. Кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген мерзімдерді есептеу тәртібі
1. Кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген мерзім, күнтізбелік күнмен немесе жылмен, айлармен, күндермен немесе сағаттармен есептелетін, уақыт кезеңінің етуімен айқындалады.
Мерзімді болуы мүмкін оқиғаны немесе жасалуы мүмкін іс-әрекетті көрсете отырып та анықтауға болады.
2. Егер кеден одағының кеден заңнамасымен уақыт кезеңімен белгіленген мерзімнің басталуын және аяқталуын анықтау үшін мерзімді есептеудің арнайы тәртібі белгіленбесе, кеден одағының кеден заңнамасында осы баптың 3-8-тармақтарында көзделген ереже қолданылады.
3. Уақыт кезеңімен белгіленген мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен немесе оқиғаның басталуы анықталған күннен кейін келесі күні басталады.
4. Жылдармен есептелетін мерзім, мерзімнің соңғы жылының тиісті айында және күнінде аяқталады.
5. Айлармен есептелетін мерзім, мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде аяқталады.
Егер айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы, тиісті күні жоқ айға келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.