2) осы Кодекстің 259-бабына сәйкес қайта өңдеу өнімдерін шетелдік тауарлармен ауыстырған жағдайды қоспағанда, кеден органдарында кеден одағының тауарларын оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру мүмкіндігінің болуы шартымен жол беріледі.
2. Кеден одағының комиссия кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесін айқындауға құқылы.
3. Тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер беріле отырып, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар оларды жөндеу бойынша операцияларды жасау үшін кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылуы мүмкін.
254-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу бойынша операциялар
Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімінде қайта өңдеу бойынша операциялар:
1) тауарлар өздерінің жеке сипаттамаларын жоғалтатын кездегі тауарларды қайта өңдеуді және өңдеуді;
2) монтаждауды, жинақтауды, бөлшектеуді, және шақтауды қосқанда, тауарларды дайындауды;
3) оны қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерді ауыстыруды қосқанда, тауарды жөндеуді қамтиды.
255-бап. Кеден одағының тауарларын қайта өңдеу өнімдеріндегі сәйкестендіру
Кеден одағының тауарларын оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру мақсатында мынадай тәсілдер қолданылуы мүмкін:
1) декларанттың, қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлғаның немесе кеден органдары лауазымды тұлғаларының кеден одағының бастапқы тауарларына арналған құжаттарға мөрлерді, мөртаңбаларды, сандық және басқа да таңбалауды қоюы;
2) кеден одағы тауарларының масштабында егжей-тегжейлі сипаттау, суретке түсіру, бейнелеу;
3) кеден одағы тауарларының және оларды қайта өңдеу өнімдерінің алдын ала іріктеп алынған сынамаларын, үлгілерін салыстыру;
4) тауарларда бар маркалауды, соның ішінде сериялық нөмірлер түрінде пайдалану;
5) тауарлар сипатының және тауарларды қайта өңдеу бойынша жүзеге асырылатын операциялардың негізінде, соның ішінде тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияны жасаудың технологиялық процесінде кеден одағының тауарларын пайдалану туралы, сондай-ақ қайта өңдеу өнімдері өндірісінің технологиясы туралы ұсынылған егжей-тегжейлі мәліметтерді зерттеу жолымен қолданылуы мүмкін өзге де тәсілдер.
256-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімі
1. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімі 2 (екі) жылдан аспауға тиіс.
Тауарларды қайта өңдеу мерзімінің өтуі оларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру күнінен, ал тауарларды жекелеген партиялармен (бірнеше партия) кедендік декларациялау кезінде -осы кедендік рәсіммен тауарлардың бірінші партиясын орналастыру күнінен басталады.
2. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің мерзімі:
1) тауарларды қайта өңдеудің өндірістік процесінің ұзақтығын;
2) қайта өңдеу өнімдерін іс жүзінде әкелу үшін және оларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімін аяқтайтын кедендік рәсімдермен орналастыру үшін қажетті уақытты қамтиды.
3. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімі осы баптың 1-тармағымен белгіленген мерзім шегінде ұзартылуы мүмкін.
4. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімін белгілеу және ұзарту тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
257-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжат
1. Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы беретін тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжатты аумағында осы құжат берілетін кеден одағына мүше мемлекеттің кез келген тұлғасы алуы мүмкін.
2. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжат:
1) құжат берілген тұлға;
2) қайта өңдеу операцияларын тікелей жүзеге асыратын тұлға (тұлғалар);
3) кеден одағы тауарларының және оларды қайта өңдеу өнімдерінің атауы, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жіктемесі, олардың мөлшері мен құны;
4) сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжаттар не сыртқы экономикалық мәміле шеңберінде тауарларды иелену, пайдалану және(немесе) оларға билік ету құқығын растайтын өзге де құжаттар;
5) қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормалары;
6) тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар, оларды жасау тәсілдері;
7) тауарларды сәйкестендіру тәсілдері;
8) тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімі;
9) егер мұндай ауыстыруға жол берілсе, қайта өңдеу өнімдерін шетелдік тауарлармен ауыстыру;
10) тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау болжанатын кеден органы (кеден органдары) туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
3. Егер бұл кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленсе, тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің шарттары туралы құжат өзге да мәліметтерді қамтуы мүмкін.
4. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру, оған өзгерістер немесе толықтыруларды енгізу, сондай-ақ оны қайтарып алу (жою) нысаны мен тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
5.Кеден одағының тауарларын кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсіміне сәйкес шығаруды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжатты уәкілетті органы берген кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органы жүзеге асырады.
258-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормалары
1. Қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормасы деп кеден одағы тауарларының белгілі бір мөлшерін қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қайта өңдеу өнімдерінің мөлшері немесе проценттік құрамы түсініледі.
2. Егер кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу бойынша операциялар сипаттары негізінен тұрақты болып қалатын және әдетте анық белгіленген техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылатын және қайта өңдеудің өзгермеген сападағы өнімдерін алуға әкелетін тауарларға қатысты жасалса, кеден одағына мүше мемлекеттердің құзыретті органдары қайта өңдеу өнімдерінің стандартты шығарылу нормаларын белгілеуі мүмкін.
259-бап. Қайта өңдеу өнімдерін шетелдік тауарлармен ауыстыру
1. Егер жөндеу қайта өңдеу бойынша операциялар болып табылған жағдайда, сондай-ақ тауарларды құбыр жол көлігімен өткізген кезде кеден органының рұқсатымен өз сипаты, сапасы және техникалық сипаттамасы бойынша қайта өңдеу өнімдеріне сәйкес келетін қайта өңдеу өнімдерін шетелдік тауарлармен ауыстыруға жол беріледі
2. Егер қайта өңдеу өнімдерін балама шетелдік тауарлармен ауыстыруға рұқсат берілсе, бұл тауарларды әкелуге кеден одағының тауарларын кеден одағының кедендік аумағынан тысқары әкеткенге дейін жол беріледі. Бұл ретте мұндай ауыстырудың тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
260-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау
1. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімінің қолданылуы тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін қайта өңдеу өнімдерін осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда кері экспорттың немесе ішкі тұтынудың кедендік рәсімдерімен орналастырылуымен аяқталады.
Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін қайта өңдеу бойынша операцияларға ұшырамаған тауарларды осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда кері импорттаудың немесе экспорттаудың кедендік рәсімдерімен орналастырылуымен аяқталады.
Егер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және (немесе) оларды қайта өңдеу өнімдері кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына қайтарылуға жатса, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімі экспорттың кедендік рәсімімен аяқталмауға тиіс.
2. Қайта өңдеу өнімдері кері экспорт және ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімдеріне бір немесе бірнеше партиялармен (жөнелтімдермен) орналастырылуы мүмкін.
261-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты әкету кедендік баждарын төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі
1. Декларантта кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты әкелу кедендік баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет кеден органы кедендік декларацияны тіркеген сәтінен бастап пайда болады.
2. Декларантта кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты әкелінетін кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет:
1)осы рәсімнің қолданылу уақытында әкелу кедендік баждарын салықтарды төлеу мерзімі келген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 260-бабының 1-тармағына сәйкес тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімі аяқталған кезде;
2) осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларда тоқтатылады.
3. Әкету кедендік баждарын, салықтарды төлеу мерзімі:
1) тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларды кеден органдарының рұқсатынсыз тікелей жүзеге асыратын тұлға болып табылмайтын тұлғаға берген кезде - тауарлардың берілген күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органының тауарларды беру фактісін анықтаған күні;
2) авария немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не тасымалдаудың (тасымал) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кемуді қоспағанда, тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін тауарларды жоғалтқан кезде - тауарлардың жоғалған күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органының тауарларды жоғалту фактісін анықтаған күні;
3) осы Кодекстің 260-бабының 1-тармағына сәйкес тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімі аяқталмаған кезде - тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткен күн болып саналады.
4. Әкету кедендік баждар, салықтар тауарларды экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуге жататын, кеден органының тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеу күніне есептелген әкету кедендік баждарының, салықтардың сомасына сәйкес келетін көлемде төленуге жатады.
262-бап. Қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру ерекшеліктері
Қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде әкелу кедендік баждар, салықтар мынадай тәртіппен төленеді:
1) төленуге жататын әкелу кедендік баждар сомасы тауарларды қайта өңдеу операциялары құнының негізінде айқындалады.
Егер қайта өңдеу бойынша операциялардың құнын белгілеу мүмкін болмаса, ол қайта өңдеу өнімдерінің кедендік құны мен кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың кедендік құнының әр түрлілігі ретінде, осы тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру күні әкетілгендей айқындалады;
Егер қайта өңдеу өнімдеріне әкелу кедендік баждардың ерекшелікті ставкалары қолданылса, төленуге жататын әкелу кедендік баждардың, салықтардың сомасы қайта өңдеу бойынша операциялар құнының қайта өңдеу өнімдерінің кедендік құнына арақатынасына қайта өңдеу өнімдеріне қатысты ерекшелікті ставка бойынша есептелген кедендік баж сомасының шығарылуы ретінде, қайта өңдеу өнімдері ішкі шығару үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылғандай айқындалады.
2) төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы бұл операциялардың құнын растайтын құжаттар болмаған кезде қайта өңдеу өнімдерінің құны мен қайта өңдеу үшін әкетілген тауарлардың кедендік құны арасындағы әр түрлілік ретінде айқындалуы мүмкін тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар құнының негізінде айқындалады.
3) тауарларды қайта өңдеу бойынша операция әкетілген тауарларды жөндеу болып табылған жағдайды қоспағанда, қайта өңдеу өнімдеріне қатысты акциздердің сомасы толық көлемде төленуге жатады.
263-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру ерекшеліктері
1. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарлардың кедендік құны және (немесе) олардың табиғи көріністегі физикалық сипаттамасы (мөлшері, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы), әкелу кедендік баждардың, салықтардың ставкалары, кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталар бағамы кеден органының тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күніне айқындалады.
2. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленген әкелу кедендік баждардың, салықтардың сомасынан кеден органының тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны ұсынған күнінен бастап осы сомаға қатысты оларды төлеу мерзімін ұзарту берілгендей, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген тәртіппен есептелген проценттер төленеді.
36-тарау. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімі
264-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің мазмұны
Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу - кейін қайта өңдеу өнімдеріне қолданылатын ставкалар бойынша кедендік баждарды төлей отырып, қайта өңдеу өнімдерінің ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылуы шартымен, шетелдік тауарлар әкелу кедендік баждарды төлеместен, тыйымдар мен шектеулерді, сондай-ақ арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемдік шараларды қолдана отырып, белгіленген мерзімде кеден одағының кедендік аумағында қайта өңдеу бойынша операцияларды жасау мақсатымен пайдаланылатын кездегі кедендік рәсім.
265-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру шарттары
1. Тізбесі Кеден одағының комиссиясы кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалатын тауарларға қатысты ішкі тұтыну үшін қайта өңдеуге жол беріледі.
2. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыруға:
1) кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген және осы Кодекстің 269-бабымен анықталған мәліметтер бар тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың ұсынылуы;
2) кеден органдарында шетелдік тауарларды оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру мүмкіндігінің болуы;
3) егер қайта өңдеу өнімдеріне қатысты төленуге жататын әкелу кедендік баждардың сомасы, егер олар ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған болса, шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырған күніне төленуге жататыннан аз болуы;
4) қайта өңдеу өнімдері экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы жай-күйіне келтіріле алмауы шартымен жол беріледі.
3. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар шетелдік тауарлардың мәртебесін сақтайды, ал тауарларды қайта өңдеу нәтижесінде алынған тауарлар шетелдік тауарлардың мәртебесін алады.
4. Осы Кодекспен көзделген талаптар мен шарттардың сақталуы шартымен ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен бұрын кедендік рәсімдермен орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырылуы мүмкін.
266-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар
1. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімінде қайта өңдеу бойынша операциялар:
1) оның кезінде шетелдік тауарлар өздерінің жеке сипаттамаларын жоғалтатын тауарларды қайта өңдеуді және өңдеуді;
2) монтаждауды, жинақтауды, бөлшектеуді және шақтауды қоса алғанда, тауарларды дайындауды қамтиды.
2. Тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларға:
1) оларды сатуға және тасымалдауға дайындау кезінде тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша операциялар;
2) төл алу, жануарларды, құстарды, балықтарды өсіру және бордақылау, сондай-ақ шаян тәріздестер мен моллюскілерді өсіру;
3) ағаштар мен өсімдіктерді өсіру;
4) ақпаратты, дыбыс- және бейне жазбаларды ақпарат тасымалдағыштарының кез келген түрлеріне көшіру және көбейту.
267-бап. Шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру
Шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімерінде сәйкестендіру мақсатында мынадай тәсілдер пайдаланылуы мүмкін:
1) декларанттың, қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлғаның немесе кеден органдары лауазымды тұлғаларының бастапқы шетелдік тауарларға арналған құжаттарға мөрлерді, мөртаңбаларды, сандық және басқа да таңбалауды қоюы;
2) шетелдік тауарлар масштабында егжей-тегжейлі сипаттау, суретке түсіру, бейнелеу;
3) шетелдік тауарлардың және оларды қайта өңдеу өнімдерінің алдын ала іріктеп алынған сынамаларын, үлгілерін салыстыру;
4) тауарларда бар маркалауды, соның ішінде сериялық нөмірлер түрінде пайдалану;
5) тауарлар сипатының және тауарларды қайта өңдеу бойынша жүзеге асырылатын операциялардың негізінде, соның ішінде тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияны жасаудың технологиялық процесінде шетелдік тауарларды пайдалану туралы, сондай-ақ қайта өңдеу өнімдері өндірісінің технологиясы туралы ұсынылған егжей-тегжейлі мәліметтерді зерттеу жолымен немесе тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларды жасау уақытында кедендік бақылауды жүзеге асыру жолымен қолданылуы мүмкін өзге де тәсілдер.
268-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімі
1. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімі бір жылдан аспауға тиіс.
Тауарларды қайта өңдеу мерзімінің өтуі оларды ішкі тұтыну қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру күнінен, ал тауарларды жекелеген партиялармен (бірнеше партия) кедендік декларациялау кезінде - осы кедендік рәсіммен тауарлардың бірінші партиясын орналастыру күнінен басталады.
Кеден одағы комиссиясының шешімімен тауарлардың жекелеген санаттары үшін тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің неғұрлым ұзақ мерзімі айқындалуы мүмкін.
2. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің мерзімі:
1) тауарларды қайта өңдеудің өндірістік процесінің ұзақтығын;
2) қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру үшін қажетті уақытты қамтиды.
3. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу мерзімі осы баптың 1-тармағымен белгіленген мерзім шегінде ұзартылуы мүмкін.
4. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімін белгілеу және ұзарту тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
269-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжат
1. Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы беретін тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты аумағында осы осы құжат берілетін кеден одағына мүше мемлекеттің кез келген, соның ішінде тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларды тікелей жүзеге асырмайтын тұлғасы алуы мүмкін.
2. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжат:
1) құжат берілген тұлға;
2) қайта өңдеу операцияларын тікелей жүзеге асыратын тұлға (тұлғалар);
3) шетелдік тауарлардың және оларды қайта өңдеу өнімдерінің атауы, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жіктемесі, олардың мөлшері мен құны;
4) сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжаттар не сыртқы экономикалық мәміле шеңберінде тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын өзге де құжаттар;
5) қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормалары;
6)тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар, оларды жасау тәсілдері;
7) тауарларды сәйкестендіру тәсілдері;
8) қалдықтар мен артық қалдықтардың атауы, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жіктелуі, олардың мөлшері мен құны;
9) тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімі;
10) қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдаланудың мүмкіндіктері;
11)тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау болжанатын кеден органы (кеден органдары) туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
3. Егер бұл кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленсе, тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжат өзге да мәліметтерді қамтуы мүмкін.
4. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру, оған өзгерістер немесе толықтыруларды енгізу, сондай-ақ оны қайтарып алу (жою) нысаны мен тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
5. Шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсіміне сәйкес шығаруды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты уәкілетті органы берген кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органы жүзеге асырады.
270-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу өнімдерінің шығарылым нормалары
1. Қайта өңдеу өнімдерінің шығарылым нормасы деп шетелдік тауарлардың белгілі бір мөлшерін қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қайта өңдеу өнімдерінің мөлшері немесе проценттік құрамы түсініледі.
2.Егер ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар сипаттамалары негізінен тұрақты болып қалатын және әдетте анық белгіленген техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылатын және қайта өңдеудің өзгермеген сападағы өнімдерін алуға әкелетін тауарларға қатысты жасалса, кеден одағына мүше мемлекеттердің құзыретті органдары қайта өңдеу өнімдерінің стандартты шығарылу нормаларын белгілеуі мүмкін.
271-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған артық қалдықтар және өндірістік шығындар
1. Шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қалдықтар, көрсетілген қалдықтар оларды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз күйге қайта өңделген жағдайды қоспағанда, өзге кедендік рәсіммен орналастыруға жатады.
2. Кеден мақсаты үшін көрсетілген артық қалдықтар кеден одағының кедендік аумағына осы күйінде әкелінген тауарлар ретінде қаралады.
Қалдықтардың кедендік құнын айқындау ерекшеліктері Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.
3. Қайта өңдеу бойынша операцияларды жасау нәтижесінде пайда болатын және (немесе) біржола жоғалатын өндірістік шығындар өзге кедендік рәсімімен орналастырылуға жатпайды.
272-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың қалдықтары
Шығарылу нормаларына сәйкес қайта өңдеу бойынша операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған тауарлардың қалдықтары өзге кедендік рәсіммен орналастырылуға жатады.
273-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау
1. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімінің қолданылуы тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін қайта өңдеу өнімдерінің осы Кодекспен көзделген тәртіпте және шарттарда ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылуымен аяқталады.
Бұл ретте қайта өңдеу өнімдеріне қатысты тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды.
274-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты әкелу кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі
1. Декларантта ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты әкелу кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет кеден органының кедендік декларацияны тіркеген кезінен бастап туындайды.
2. Декларантта ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты салықтарды төлеу бойынша міндет осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
3. Декларантта ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты әкелу кедендік баждарды төлеу бойынша міндет: