Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің, экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың
импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесін, лицензиялау жөніндегі қызметке
қойылатын біліктілік талаптарын және экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 Қаулысы
(2009.24.11. берілген толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2008.18.09. № 861 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің, экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесі;
2) лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;
3) экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 12 маусымдағы
№ 578 қаулысымен
бекітілген
Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын
өнімнің экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген
тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау
кезіндегі қызметті лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2008.18.09. № 861 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импорты жөніндегі, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде қызметті лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2008.18.09. № 861 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Лицензиялауды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті жүзеге асыратын этил спирті мен алкоголь өнімінің импортын қоспағанда, Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импорты жөніндегі қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитеті жүзеге асырады.
Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялауды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті жүзеге асырады.
3. Жеке және заңды тұлғалар лицензиялау субъектілері болып табылады.
4. Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына арналған лицензия және жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезінде берілетін лицензия (бұдан әрі - лицензия) иеліктен алынбайтын болып табылады және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.
5. Жекелеген тауарлардың экспортын лицензиялау, егер:
1) ішкі нарықта оларды сату (өткізу) немесе пайдалану лицензия негізінде жүзеге асырылатын тауарлар экспортының мәні болып табылған;
2) осы тауарды шығару және өткізу Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік монополияға жатқызылған жағдайларда орын алуы мүмкін.
Тауарлар лицензияда көрсетілген мемлекеттерге ғана әкетілуі мүмкін.
6. Жекелеген тауарлардың импортын лицензиялауды Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттің қауіпсіздігі, азаматтардың өмірі немесе денсаулығы, қоршаған орта қисыны бойынша және отандық тауар өндірушілерді және сандық шектеулерді қолданбастан Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қорғау мақсатында жүзеге асырады.
7. Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезінде өтінішті мақұлдау барлық жағдайларда беріледі. Бұл ретте импорттық операцияларды жүзеге асыру үшін импорттаушы мүшенің заңды талаптарын орындайтын кез келген адам импортпен жұмыс істеуге және лицензия алуға тең құқыққа ие болады. Лицензияны алуға өтініш тауарларды кедендік тазартуға дейін кез келген жұмыс күні берілуі мүмкін. Лицензия алуға өтінішті және тиісті және толық нысанда қажетті құжаттарды беру кезінде он жұмыс күні ішінде лицензия беріледі.
Осы Ереженің 11-тармағының әрекеті жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезінде қолданылмайды.
8. Импорты автоматты түрде лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Лицензияны беру, қайта ресімдеу, беруден бас тарту,
тоқтату, күшін тоқтата тұру және айыру тәртібі
9. Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) заңды тұлға үшін - өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
ҚР Үкіметінің 2009.24.11. № 1919 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
10. Лицензия беру үшін лицензиарға берілген барлық құжаттар тізілім бойынша қабылданады, оның көшірмесі лицензиардың құжаттарды қабылдаған күні туралы белгісімен өтініш берушіге жіберіледі (тапсырылады).
Лицензиар лицензия алуға өтініш берушінің құжаттары тіркелген күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектісінің бір жұмыс күні ішінде келісім алу үшін материалдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесінде көрсетілген мемлекеттік органдарға (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) жібереді.
Мемлекеттік органдар лицензиардың сұрауы негізінде тіркелген күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін екі жұмыс күні ішінде келісу туралы не келісуден бас тарту туралы жауапты жібереді.
Экспорттық бақылауға жататын өнімге, қызметтік және азаматтық қаруға мемлекеттік органдармен келісу не келісуден бас тарту туралы жауап он бес жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.24.11. № 1919 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
11. Лицензияны лицензиар осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен қоса, өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Экспорттық бақылауға жататын өнімге, қызметтік және азаматтық қаруға лицензия отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субьектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.
Лицензиар осы Ережеде белгіленген мерзім ішінде лицензия беруге не лицензияны беруден бас тарту себебі туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беруге міндетті.
Егер лицензиар осы Ережеде белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензия бермесе не өтініш берушіге лицензия беруден бас тарту себебі туралы жазбаша хабарламаса, онда осы Ережеде белгіленген лицензия беруге арналған мерзімдер өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші лицензиарға олар мәлімдеген қызметтің түрін жүзеге асыру басталғаны туралы жазбаша хабарлайды.
Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия беруге міндетті.
12. Жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес лицензияларды (лицензиялардың телнұсқасын) беру кезінде алынады.
13. Лицензия осы Ережеге 3 және 4-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысандағы бланкілерде ресімделеді.
14. Лицензия әрбір жеке мәміле бойынша жекелеген тауарлардың, экспортын немесе импортын жүзеге асыру үшін күнтізбелік жылдың кезеңіне өтініш берушіге беріледі.
Лицензия келісім-шартқа енгізілген оның атауларының санына қарамастан, 10 таңбалы кодты көрсете отырып, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес тауардың бір түріне беріледі.
Жекелеген қызмет түрлерін бас лицензия бойынша жүзеге асыратын тұлғалар үшін қызметтің осы түрінде тұрақты пайдаланылатын жекелеген тауарлардың экспортына немесе импортына арналған лицензия қолданылу мерзіміне (келісім-шарт санына қарамастан жыл сайынғы экспорт (импорт) көлеміне) шек қойылмай беріледі.
15. Өтініш берушінің дәлелді өтініші бойынша бір жолғы лицензияның қолданылу мерзімі бір күнтізбелік жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Лицензияның қолданылу мерзімін ұзартуды лицензиардың қолымен және мөрімен лицензияға тиісті қосымша жазбаны енгізу жолымен лицензиар жүзеге асырады.
16. Бір жолғы лицензиялар жекелеген тауарлардың экспортына немесе импортына оларда көрсетілген мерзімге берілген рұқсат болып табылады және тауарды кедендік ресімдеу үшін негіз болады.
Лицензиар кеден органдарының назарына лицензияны куәландыратын уәкілетті тұлғалардың қолдары мен мөр бедерлерінің үлгілерін жеткізеді.
17. Егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) осы Ереженің 9-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар берілмеген жағдайда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздерде қаралады;
3) осы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
4) өтініш берушіге қатысты осы қызметпен айналысуға тыйым салатын соттың үкімі заңды күшіне енген жағдайларда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.
18. Егер лицензия осы Ережеде белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензияны беруден бас тарту өтініш берушіге дәлелсіз болып көрінсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл іс-әрекеттерге шағым жасауға құқылы.
19. Лицензиат лицензиясын жоғалтқан, бүлдірген жағдайда лицензияның телнұсқасын алуға құқылы.
Жоғалған, бүлінген лицензия бланкісі лицензиаттың лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның бүлінген, жоғалған фактін растайтын құжаттармен қоса) берген күнінен бастап жарамсыз деп есептеледі.
Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғары оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның телнұсқаларын береді.
20. Бірігу, қосылу, бөліну немесе қайта құру, атауының өзгеруі нысанында заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ қызмет түрінің атауы өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгеріс қызмет түрінің шеңберінде орындалатын операциялардың мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, ол отыз күнтізбелік күн ішінде аталған мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
Лицензиар лицензиаттың тиісті жазбаша өтінішін берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензияны қайта ресімдейді.
21. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда:
1) лицензияның берілген мерзімі аяқталғанда;
2) жүзеге асырылуын лицензия берілген іс-әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалғанда;
3) лицензия алып қойылғанда;
4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;
5) лицензияны лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда;
6) лицензияланатындардың тізбесінен жекелеген қызмет түрлері алып тасталса тоқтатылады.
22. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті.
23. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімді лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш күн мерзімде жазбаша нысанда лицензиатқа және кеден органдарына жеткізеді.
3. Лицензиялардың есебі және оларды бақылау
24. Лицензиар лицензиаттың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.
Лицензиар лицензиаттардан өз құзыреті шегінде тиісті құжаттарды беруді талап етуге және лицензиялық бақылауды орындау үшін қажетті жазбаша немесе ауызша ақпаратты алуға құқылы.
25. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, тоқтата тұрылған, қайта жаңартылған және қолданылуын тоқтатқан лицензиялар туралы мәліметтерден тұратын лицензиялардың тізілімін жүргізеді.
Ережеге
1-қосымша
ЭКСПОРТ ЛИЦЕНЗИЯСЫНА ӨТІНІШ
1. № ЛИЦЕНЗИЯ |
2. Өтініш беруші, оның мекен-жайы, телефоны |
3. Тапсырма бойынша (ұйым, кәсіпорын, оның мекен-жайы, телефоны) | 7. Сатып алушы, оның мекен-жайы |
4. Әзірлеуші, оның мекен-жайы | 8. Сатып алушының елі |
5. Баратын елі | 9. Қолданылу мерзімі |
6. Кеден органы | 10. Мәміле сипаты |
11. Төлем валютасы |
12. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы | 13. Тауардың ҚР СЭҚ ТН бойынша коды | 15. Өлшем бірлігі ҚР СЭҚ ТН бойынша (негізгі, қосалқы) | 17. Жалпы құны (мың): төлем валютасында: теңгеде: USD долларында: |
14. Тауардың бақылау тізімде- рі бойынша коды | 16. Саны |
18. Лицензия сұрау үшін негіз | 20. Келісілді |
19. Өтініш берушіден Т.А.Ә. лауазымы қолы, МО күні | 21. ҚР мемлекеттік органы - лицензиар Өтініш қарауға қабылданды 200__ж. «___» __________ |
22. Есеп айыру (валюталық) шоттарының нөмірлері, банк бөлімшелерінің атауы |
23. Лицензияның ерекше шарттары |
Ережеге
2-қосымша
ИМПОРТ ЛИЦЕНЗИЯСЫНА ӨТІНІШ
1. № ЛИЦЕНЗИЯ |
2. Өтініш беруші, оның мекен-жайы, телефоны |
3. Тапсырма бойынша (ұйым, кәсіпорын, оның мекен-жайы, телефоны) | 7. Сатушы, оның мекен-жайы |
4. Тұтынушы, оның мекен-жайы | 8. Сатушының елі |
5. Шыққан елі | 9. Қолданылу мерзімі |
6. Кеден органы | 10. Мәміле сипаты |
11. Төлем валютасы |
12. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы | 13. Тауардың ҚР СЭҚ ТН бойынша коды | 15. Өлшем бірлігі ҚР СЭҚ ТН бойынша (негізгі, қосалқы) | 17. Жалпы құны (мың): төлем валютасында: теңгеде: USD долларында: |
14. Тауардың бақылау тізімде- рі бойынша коды | 16. Саны |
18. Лицензия сұрау үшін негіз | 20. Келісілді |
19. Өтініш беруші Т.А.Ә. лауазымы қолы, МО күні | 21. ҚР мемлекеттік органы - лицензиар Өтініш қарауға қабылданды 200__ж. «___» __________ |
22. Есеп айыру (валюталық) шоттарының нөмірлері, банк бөлімшелерінің атауы |
23. Лицензияның ерекше шарттары |
Ережеге
3-қосымша
ЭКСПОРТҚА ЛИЦЕНЗИЯ
1. № ЛИЦЕНЗИЯ |
2. Өтініш беруші, оның мекен-жайы, телефоны |
3. Тапсырма бойынша (ұйым, кәсіпорын, оның мекен-жайы, телефоны) | 7. Сатып алушы, оның мекен-жайы |
4. Әзірлеуші, оның мекен-жайы | 8. Сатып алушының елі |
5. Баратын елі | 9. Қолданылу мерзімі Ұзарту |
6. Кеден органы | 10. Мәміле сипаты |
11. Төлем валютасы |
12. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы | 13. Тауардың ҚР СЭҚ ТН бойынша коды | 15. Өлшем бірлігі ҚР СЭҚ ТН бойынша (негізгі, қосалқы) | 17. Жалпы құны (мың): төлем валютасында: теңгеде: USD долларында: |
14. Тауардың бақылау тізімде- рі бойынша коды | 16. Саны |
18. Лицензия сұрау үшін негіз | 20. Келісілді |
19. Өтініш беруші Т.А.Ә. лауазымы қолы, МО күні | 21. ҚР мемлекеттік органы - лицензиар Т.А.Ә. лауазымы қолы, МО күні |
22. Есеп айыру (валюталық) шоттарының нөмірлері, банк бөлімшелерінің атауы |
23. Лицензияның ерекше шарттары |
Ережеге
4-қосымша
ИМПОРТҚА ЛИЦЕНЗИЯ
1. № ЛИЦЕНЗИЯ |
2. Өтініш беруші, оның мекен-жайы, телефоны |
3. Тапсырма бойынша (ұйым, кәсіпорын, оның мекен-жайы, телефоны) | 7. Сатушы, оның мекен-жайы |
4. Тұтынушы, оның мекен-жайы | 8. Сатушының елі |
5. Шыққан елі | 9. Қолданылу мерзімі |
6. Кеден органы | 10. Мәміле сипаты |
11. Төлем валютасы |
12. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы | 13. Тауардың ҚР СЭҚ ТН бойынша коды | 15. Өлшем бірлігі ҚР СЭҚ ТН бойынша (негізгі, қосалқы) | 17. Жалпы құны (мың): төлем валютасында: теңгеде: USD долларында: |
14. Тауардың бақылау тізімде- рі бойынша коды | 16. Саны |
18. Лицензия сұрау үшін негіз | 20. Келісілді |
19. Өтініш беруші Т.А.Ә. лауазымы қолы, МО күні | 21. ҚР мемлекеттік органы - лицензиар Т.А.Ә. лауазымы қолы, МО күні |
22. Есеп айыру (валюталық) шоттарының нөмірлері, банк бөлімшелерінің атауы |
23. Лицензияның ерекше шарттары |
ҚР Үкіметінің 2009.24.11. № 1919 қаулысымен біліктілік талаптары өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 12 маусымдағы
№ 578 қаулысымен
бекітілген
Лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын
біліктілік талаптары
1. Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты және импорты жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) экспорты мен импорты лицензиялауға жататын тауарларға, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімге және импорты автоматты түрде лицензиялауға жататын жекелеген тауарларға сыртқы сауда мәмілелеріне қатысушылар арасындағы сатып алу-сату келісім-шарты (шарты) немесе өзге де иеліктен шығару құжаты;
2) егер өтініш беруші ретінде делдал әрекет етсе, экспорты мен импорты лицензиялауға жататын тауарларды, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімді және импорты автоматты түрде лицензиялауға жататын жекелеген тауарларды экспорттаушы және өндіруші немесе импорттаушы мен тұтынушы арасындағы шарттар;
3) егер оларға қатысты ішкі нарықта лицензиялау енгізілген қызметтің осындай түрі тауар айналымына байланысты болған жағдайда қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға арналған лицензия;
4) ҚР Үкіметінің 2009.24.11. № 1919 қаулысымен алынып тасталды (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасынан импортталатын өнімнің тек түпкі пайдаланушы елдің мұқтажы және қазақстандық тараптың келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға немесе беруге жол бермеу үшін ғана пайдаланылатыны туралы алушы елдің міндеттемелерінен тұратын алушы елдің уәкілетті мемлекеттік органы берген түпкі пайдаланушының сертификатының түпнұсқасы (экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттаған кезде).*
1), 2) және 3) тармақшаларда көрсетілген құжаттар көшірмелер түрінде беріледі және заңды тұлғалар үшін мөрмен және өтініш беруші бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен, жеке тұлғалар үшін өтініш берушінің қолымен куәландырылады.
Ескертпе:
* Импорттаушы елдің түпкі пайдаланушысының сертификатының түпнұсқалылығын тексеруді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2009.24.11. № 1919 қаулысымен мазмұн тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Жекелеген тауарлардың экспортына (импортына) лицензиялар алу үшін өтініш беруші мыналарды ұсынады:
1) «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес 0 санатына жатқызылған ядролық материалдардың, технологиялардың, құрылғылардың және жабдықтардың экспорты (импорты) кезінде:
ядролық қаруы жоқ елдерге экспорттаған кезде - импорттаушы елдің құзыретті мемлекеттік органы тарапынан алынатын тауарлардың бейбіт мақсатта пайдаланылуы туралы растаманың түпнұсқасы;
импорттау кезінде - Қазақстан Республикасындағы түпкі пайдаланушы тарапынан алынатын тауарлардың бейбіт мақсатта пайдаланылуы туралы растамасының түпнұсқасы, сондай-ақ тауар шыққан елдің құзыретті органдары берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесі;
растама ядролық экспорттың (импорттың) алынған заттары, сондай-ақ олардың негізінде немесе оларды пайдалану нәтижесінде өндірілген ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, құрылғылар мен жабдықтар:
- ядролық қару мен басқа да ядролық жарылғыш құрылғылар өндіру үшін немесе қандай да бір әскери мақсатқа қол жеткізу үшін пайдаланылмайтыны;
- оларды іс жүзінде пайдаланудың бүкіл мерзімі ішінде Атом
энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АТЭХАГ) кепілдігінде тұратындығы;
- АТЭХАГ ұсынғаннан темен болмайтын деңгейдегі физикалық қорғау шараларымен қамтамасыз етілетіндігі;
- тек 1) тармақшаның бесінші, алтыншы, жетінші абзацтарында көзделген шарттарда және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Атом энергетикасы комитетінің жазбаша келісімі болған кезде кері экспортталатыны (экспортталатыны) немесе алушы елдің заңды құзырынан берілетіні туралы міндеттемелерді қамтуы тиіс.
2) «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-санаттарға жатқызылған (ядролық жеткізіп беруші тобы (ЯЖТ) үшін ғана) жабдықтарды, материалдарды және қосарлы пайдаланудың тиісті технологияларын экспорттаған (импорттаған) кезде:
ядролық қаруы жоқ елдерге экспорттаған кезде - импорттаушы елдің түпкі пайдаланушысы тарапынан алынатын тауардың бейбіт мақсатта пайдаланылуы туралы растаманың түпнұсқасы;
импорттау кезінде - Қазақстан Республикасындағы түпкі пайдаланушы тарапынан алынатын тауарлардың бейбіт мақсатта пайдаланылуы туралы растамасының түпнұсқасы, сондай-ақ тауар шыққан елдің құзыретті органдары берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесі;
растама ядролық экспорттың (импорттың) алынған заттары, сондай-ақ олардың негізінде немесе оларды пайдалану нәтижесінде өндірілген ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, құрылғылар мен жабдықтар:
ядролық қару мен басқа да ядролық жарылғыш құрылғыларды өндіру үшін немесе қандай да бір әскери мақсатқа қол жеткізу үшін пайдаланылмайтыны;
АТЭХАГ кепілдігінде тұрмаған ядролық отын циклі саласындағы қызметте пайдаланылмайтыны;
- тек 2) тармақшаның бесінші, алтыншы абзацтарында көзделген шарттарда және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Атом энергетикасы комитетінің жазбаша келісімі болған кезде кері экспортталатыны (экспортталатыны) немесе алушы елдің заңды құзырынан берілетіні туралы міндеттемелерді қамтуы тиіс;
3) иондаушы сәуле шығару көздерінің және изотоптардың, рентгендік, альфа-, бета-, гамма- немесе нейтрондық сәулеленуді (аппаратураға қосалқы бөлшектерді қоспағанда) пайдалануға негізделген аппаратураның импорты кезінде:
тиісті аумақтағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарында ресімделген тапсырыс-өтінімнің түпнұсқасы;
тауар шыққан елдің құзыретті органы берген тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесі;
4) экспорттық бақылауға жататын өнімнің эксперты (импорты) кезінде:
әкелінетін немесе әкетілетін заттар мен материалдардың атауы мен саны (салмағы); оны әкелу (әкету) үшін жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің немесе паспортының сериясы мен нөмірі; заттар мен құралдар әкетілетін немесе әкелінетін мемлекет; әкелу немесе әкету жүзеге асырылатын кеден пункті көрсетілетін кәсіпорын, мекеме, ұйым басшысының қолдаухаты;
экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарларға, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімге сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы сатып алу-сату келісім шартының (шартының) немесе өзге де иеліктен айыру құжатының көшірмесі;