Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің, экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың
импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесін, лицензиялау жөніндегі қызметке
қойылатын біліктілік талаптарын және экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 Қаулысы
(2008.18.09. берілген толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 24 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2008.18.09. № 861 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің, экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесі;
2) лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;
3) экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 12 маусымдағы
№ 578 қаулысымен
бекітілген
Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын
өнімнің экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген
тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау
кезіндегі қызметті лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2008.18.09. № 861 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импорты жөніндегі, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде қызметті лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2008.18.09. № 861 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Лицензиялауды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті жүзеге асыратын этил спирті мен алкоголь өнімінің импортын қоспағанда, Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импорты жөніндегі қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитеті жүзеге асырады.
Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялауды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті жүзеге асырады.
3. Жеке және заңды тұлғалар лицензиялау субъектілері болып табылады.
4. Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына арналған лицензия және жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезінде берілетін лицензия (бұдан әрі - лицензия) иеліктен алынбайтын болып табылады және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.
5. Жекелеген тауарлардың экспортын лицензиялау, егер:
1) ішкі нарықта оларды сату (өткізу) немесе пайдалану лицензия негізінде жүзеге асырылатын тауарлар экспортының мәні болып табылған;
2) осы тауарды шығару және өткізу Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік монополияға жатқызылған жағдайларда орын алуы мүмкін.
Тауарлар лицензияда көрсетілген мемлекеттерге ғана әкетілуі мүмкін.
6. Жекелеген тауарлардың импортын лицензиялауды Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттің қауіпсіздігі, азаматтардың өмірі немесе денсаулығы, қоршаған орта қисыны бойынша және отандық тауар өндірушілерді және сандық шектеулерді қолданбастан Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қорғау мақсатында жүзеге асырады.
7. Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезінде өтінішті мақұлдау барлық жағдайларда беріледі. Бұл ретте импорттық операцияларды жүзеге асыру үшін импорттаушы мүшенің заңды талаптарын орындайтын кез келген адам импортпен жұмыс істеуге және лицензия алуға тең құқыққа ие болады. Лицензияны алуға өтініш тауарларды кедендік тазартуға дейін кез келген жұмыс күні берілуі мүмкін. Лицензия алуға өтінішті және тиісті және толық нысанда қажетті құжаттарды беру кезінде он жұмыс күні ішінде лицензия беріледі.
Осы Ереженің 11-тармағының әрекеті жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезінде қолданылмайды.
8. Импорты автоматты түрде лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Лицензияны беру, қайта ресімдеу, беруден бас тарту,
тоқтату, күшін тоқтата тұру және айыру тәртібі
9. Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) заңды тұлға үшін - өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
10. Лицензия беру үшін лицензиарға берілген барлық құжаттар тізілім бойынша қабылданады, оның көшірмесі лицензиардың құжаттарды қабылдаған күні туралы белгісімен өтініш берушіге жіберіледі (тапсырылады).
11. Лицензияны лицензиар осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен қоса, өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Лицензиар осы Ережеде белгіленген мерзім ішінде лицензия беруге не лицензияны беруден бас тарту себебі туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беруге міндетті.
Егер лицензиар осы Ережеде белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензия бермесе не өтініш берушіге лицензия беруден бас тарту себебі туралы жазбаша хабарламаса, онда осы Ережеде белгіленген лицензия беруге арналған мерзімдер өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші лицензиарға олар мәлімдеген қызметтің түрін жүзеге асыру басталғаны туралы жазбаша хабарлайды.
Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия беруге міндетті.
12. Жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес лицензияларды (лицензиялардың телнұсқасын) беру кезінде алынады.
13. Лицензия осы Ережеге 3 және 4-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысандағы бланкілерде ресімделеді.
14. Лицензия әрбір жеке мәміле бойынша жекелеген тауарлардың, экспортын немесе импортын жүзеге асыру үшін күнтізбелік жылдың кезеңіне өтініш берушіге беріледі.
Лицензия келісім-шартқа енгізілген оның атауларының санына қарамастан, 10 таңбалы кодты көрсете отырып, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес тауардың бір түріне беріледі.
Жекелеген қызмет түрлерін бас лицензия бойынша жүзеге асыратын тұлғалар үшін қызметтің осы түрінде тұрақты пайдаланылатын жекелеген тауарлардың экспортына немесе импортына арналған лицензия қолданылу мерзіміне (келісім-шарт санына қарамастан жыл сайынғы экспорт (импорт) көлеміне) шек қойылмай беріледі.
15. Өтініш берушінің дәлелді өтініші бойынша бір жолғы лицензияның қолданылу мерзімі бір күнтізбелік жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Лицензияның қолданылу мерзімін ұзартуды лицензиардың қолымен және мөрімен лицензияға тиісті қосымша жазбаны енгізу жолымен лицензиар жүзеге асырады.
16. Бір жолғы лицензиялар жекелеген тауарлардың экспортына немесе импортына оларда көрсетілген мерзімге берілген рұқсат болып табылады және тауарды кедендік ресімдеу үшін негіз болады.
Лицензиар кеден органдарының назарына лицензияны куәландыратын уәкілетті тұлғалардың қолдары мен мөр бедерлерінің үлгілерін жеткізеді.
17. Егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) осы Ереженің 9-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар берілмеген жағдайда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздерде қаралады;
3) осы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
4) өтініш берушіге қатысты осы қызметпен айналысуға тыйым салатын соттың үкімі заңды күшіне енген жағдайларда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.
18. Егер лицензия осы Ережеде белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензияны беруден бас тарту өтініш берушіге дәлелсіз болып көрінсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл іс-әрекеттерге шағым жасауға құқылы.
19. Лицензиат лицензиясын жоғалтқан, бүлдірген жағдайда лицензияның телнұсқасын алуға құқылы.
Жоғалған, бүлінген лицензия бланкісі лицензиаттың лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның бүлінген, жоғалған фактін растайтын құжаттармен қоса) берген күнінен бастап жарамсыз деп есептеледі.
Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғары оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның телнұсқаларын береді.
20. Бірігу, қосылу, бөліну немесе қайта құру, атауының өзгеруі нысанында заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ қызмет түрінің атауы өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгеріс қызмет түрінің шеңберінде орындалатын операциялардың мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, ол отыз күнтізбелік күн ішінде аталған мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
Лицензиар лицензиаттың тиісті жазбаша өтінішін берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензияны қайта ресімдейді.
21. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда:
1) лицензияның берілген мерзімі аяқталғанда;
2) жүзеге асырылуын лицензия берілген іс-әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалғанда;
3) лицензия алып қойылғанда;
4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;
5) лицензияны лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда;
6) лицензияланатындардың тізбесінен жекелеген қызмет түрлері алып тасталса тоқтатылады.
22. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті.
23. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімді лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш күн мерзімде жазбаша нысанда лицензиатқа және кеден органдарына жеткізеді.
3. Лицензиялардың есебі және оларды бақылау
24. Лицензиар лицензиаттың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.
Лицензиар лицензиаттардан өз құзыреті шегінде тиісті құжаттарды беруді талап етуге және лицензиялық бақылауды орындау үшін қажетті жазбаша немесе ауызша ақпаратты алуға құқылы.
25. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, тоқтата тұрылған, қайта жаңартылған және қолданылуын тоқтатқан лицензиялар туралы мәліметтерден тұратын лицензиялардың тізілімін жүргізеді.
Ережеге
1-қосымша
ЭКСПОРТ ЛИЦЕНЗИЯСЫНА ӨТІНІШ
1. № ЛИЦЕНЗИЯ |
2. Өтініш беруші, оның мекен-жайы, телефоны |
3. Тапсырма бойынша (ұйым, кәсіпорын, оның мекен-жайы, телефоны) | 7. Сатып алушы, оның мекен-жайы |
4. Әзірлеуші, оның мекен-жайы | 8. Сатып алушының елі |
5. Баратын елі | 9. Қолданылу мерзімі |
6. Кеден органы | 10. Мәміле сипаты |
11. Төлем валютасы |
12. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы | 13. Тауардың ҚР СЭҚ ТН бойынша коды | 15. Өлшем бірлігі ҚР СЭҚ ТН бойынша (негізгі, қосалқы) | 17. Жалпы құны (мың): төлем валютасында: теңгеде: USD долларында: |
14. Тауардың бақылау тізімде- рі бойынша коды | 16. Саны |
18. Лицензия сұрау үшін негіз | 20. Келісілді |
19. Өтініш берушіден Т.А.Ә. лауазымы қолы, МО күні | 21. ҚР мемлекеттік органы - лицензиар Өтініш қарауға қабылданды 200__ж. «___» __________ |
22. Есеп айыру (валюталық) шоттарының нөмірлері, банк бөлімшелерінің атауы |
23. Лицензияның ерекше шарттары |
Ережеге
2-қосымша
ИМПОРТ ЛИЦЕНЗИЯСЫНА ӨТІНІШ
1. № ЛИЦЕНЗИЯ |
2. Өтініш беруші, оның мекен-жайы, телефоны |
3. Тапсырма бойынша (ұйым, кәсіпорын, оның мекен-жайы, телефоны) | 7. Сатушы, оның мекен-жайы |
4. Тұтынушы, оның мекен-жайы | 8. Сатушының елі |
5. Шыққан елі | 9. Қолданылу мерзімі |
6. Кеден органы | 10. Мәміле сипаты |
11. Төлем валютасы |
12. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы | 13. Тауардың ҚР СЭҚ ТН бойынша коды | 15. Өлшем бірлігі ҚР СЭҚ ТН бойынша (негізгі, қосалқы) | 17. Жалпы құны (мың): төлем валютасында: теңгеде: USD долларында: |
14. Тауардың бақылау тізімде- рі бойынша коды | 16. Саны |
18. Лицензия сұрау үшін негіз | 20. Келісілді |
19. Өтініш беруші Т.А.Ә. лауазымы қолы, МО күні | 21. ҚР мемлекеттік органы - лицензиар Өтініш қарауға қабылданды 200__ж. «___» __________ |
22. Есеп айыру (валюталық) шоттарының нөмірлері, банк бөлімшелерінің атауы |
23. Лицензияның ерекше шарттары |
Ережеге
3-қосымша
ЭКСПОРТҚА ЛИЦЕНЗИЯ
1. № ЛИЦЕНЗИЯ |
2. Өтініш беруші, оның мекен-жайы, телефоны |
3. Тапсырма бойынша (ұйым, кәсіпорын, оның мекен-жайы, телефоны) | 7. Сатып алушы, оның мекен-жайы |
4. Әзірлеуші, оның мекен-жайы | 8. Сатып алушының елі |
5. Баратын елі | 9. Қолданылу мерзімі Ұзарту |
6. Кеден органы | 10. Мәміле сипаты |
11. Төлем валютасы |
12. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы | 13. Тауардың ҚР СЭҚ ТН бойынша коды | 15. Өлшем бірлігі ҚР СЭҚ ТН бойынша (негізгі, қосалқы) | 17. Жалпы құны (мың): төлем валютасында: теңгеде: USD долларында: |
14. Тауардың бақылау тізімде- рі бойынша коды | 16. Саны |
18. Лицензия сұрау үшін негіз | 20. Келісілді |
19. Өтініш беруші Т.А.Ә. лауазымы қолы, МО күні | 21. ҚР мемлекеттік органы - лицензиар Т.А.Ә. лауазымы қолы, МО күні |
22. Есеп айыру (валюталық) шоттарының нөмірлері, банк бөлімшелерінің атауы |
23. Лицензияның ерекше шарттары |
Ережеге
4-қосымша
ИМПОРТҚА ЛИЦЕНЗИЯ
1. № ЛИЦЕНЗИЯ |
2. Өтініш беруші, оның мекен-жайы, телефоны |
3. Тапсырма бойынша (ұйым, кәсіпорын, оның мекен-жайы, телефоны) | 7. Сатушы, оның мекен-жайы |
4. Тұтынушы, оның мекен-жайы | 8. Сатушының елі |
5. Шыққан елі | 9. Қолданылу мерзімі |
6. Кеден органы | 10. Мәміле сипаты |
11. Төлем валютасы |
12. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы | 13. Тауардың ҚР СЭҚ ТН бойынша коды | 15. Өлшем бірлігі ҚР СЭҚ ТН бойынша (негізгі, қосалқы) | 17. Жалпы құны (мың): төлем валютасында: теңгеде: USD долларында: |
14. Тауардың бақылау тізімде- рі бойынша коды | 16. Саны |
18. Лицензия сұрау үшін негіз | 20. Келісілді |
19. Өтініш беруші Т.А.Ә. лауазымы қолы, МО күні | 21. ҚР мемлекеттік органы - лицензиар Т.А.Ә. лауазымы қолы, МО күні |
22. Есеп айыру (валюталық) шоттарының нөмірлері, банк бөлімшелерінің атауы |
23. Лицензияның ерекше шарттары |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 12 маусымдағы
№ 578 қаулысымен
бекітілген
Лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын
біліктілік талаптары
Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты және импорты жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) экспорты мен импорты лицензиялауға жататын тауарларға, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімге және импорты автоматты түрде лицензиялауға жататын жекелеген тауарларға сыртқы сауда мәмілелеріне қатысушылар арасындағы сатып алу-сату келісім-шарты (шарты) немесе өзге де иеліктен шығару құжаты;
2) егер өтініш беруші ретінде делдал әрекет етсе, экспорты мен импорты лицензиялауға жататын тауарларды, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімді және импорты автоматты түрде лицензиялауға жататын жекелеген тауарларды экспорттаушы және өндіруші немесе импорттаушы мен тұтынушы арасындағы шарттар;
3) егер оларға қатысты ішкі нарықта лицензиялау енгізілген қызметтің осындай түрі тауар айналымына байланысты болған жағдайда қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға арналған лицензия;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен экспорты мен импорты лицензиялауға жататын тауарлардың тізбесінде көрсетілген тиісті мемлекеттік органдардың рұқсаты;
5) Қазақстан Республикасынан импортталатын өнімнің тек түпкі пайдаланушы елдің мұқтажы және қазақстандық тараптың келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға немесе беруге жол бермеу үшін ғана пайдаланылатыны туралы алушы елдің міндеттемелерінен тұратын алушы елдің уәкілетті мемлекеттік органы берген түпкі пайдаланушының сертификатының түпнұсқасы (экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттаған кезде).*
1), 2) және 3) тармақшаларда көрсетілген құжаттар көшірмелер түрінде беріледі және заңды тұлғалар үшін мөрмен және өтініш беруші бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен, жеке тұлғалар үшін өтініш берушінің қолымен куәландырылады.
Ескертпе:
* Импорттаушы елдің түпкі пайдаланушысының сертификатының түпнұсқалылығын тексеруді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 12 маусымдағы
№ 578 қаулысымен
Бекітілген
Экспорты мен импорты
лицензиялауға жататын тауарлардың тізбесі*
Р/с № | Тауарлардың атауы | Экспорт кезінде лицензиялауға жататын тауардың ҚР СЭҚ ТН бойынша коды | Импорт кезінде лицензиялауға жататын тауардың ҚР СЭҚ ТН бойынша коды | Лицензия алуға өтініштерді келісетін Қазақстан Республикасы- ның мемлекет- тік органдары |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Қару-жарақ пен әскери техника, оларды өндіруге арналған арнайы жинақтаушы бұйымдар, әскери техникалық ынтымақтастық саласындағы жұмыстар мен қызметтер | 8710 00 000 0, 8802 (8802 11 100 0, 8802 12 100 0, 8802 20 100 0, 8802 30 100 0, 8802 40 100-ден басқа), 8803 (8803 10 100 0, 8803 20 100 0, 8803 30 100 0, 8803 90 910 0-ден басқа), 8804 00 000 0 (тек әскери мақсаттағы), 8805 (8805 29 100 0-ден басқа), 8906 10 000 0, 9301, 9302 00, 9305 (тек жауынгерлік қаруға), 9306 (9306 10 000 0, 9306 29 400 0, 9306 30 910 0 - 9306 30 980 0, 9306 90 900 0, 9013 10 000 0 (тек әскери мақсаттағы), 9013 20 000 0 (тек әскери мақсаттағы), 9013 80 (тек әскери мақсаттағы), 9014 (тек әскери мақсаттағы), 8525 (тек әскери мақсаттағы), 8526 (тек әскери мақсаттағы) | 8710 00 000 0, 8802 (8802 11 100 0, 8802 12 100 0, 8802 20 100 0, 8802 30 100 0, 8802 40 100-ден басқа), 8803 (8803 10 100 0, 8803 20 100 0, 8803 30 100 0, 8803 90 910 0-ден басқа), 8804 00 000 0 (тек әскери мақсаттағы), 8805 (8805 29 100 0- ден басқа), 8906 10 000 0, 9301, 9302 00, 9305 (тек жауынгерлік қаруға), 9306 (9306 10 000 0, 9306 29 400 0, 9306 30 910 0 - 9306 30 980 0, 9306 90 900 0, 9013 10 000 0 (тек әскери мақсаттағы), 9013 20 000 0 (тек әскери мақсаттағы), 9013 80 (тек әскери мақсаттағы), 9014 (тек әскери мақсаттағы), 8525 (тек әскери мақсаттағы), 8526 (тек әскери мақсаттағы) | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі |
2. | Радиоактивті қалдықтарды қоса алғанда, ядролық материалдар, жабдықтармен қондырғылар, арнайы ядролық емес материалдар, радиоактивті сәулелену көздері | 2844, 2845, 3801 10 000 0 (тек ядролық таза графит), 8401, 7110 41 000 0 | 2844, 2845, 3801 10 000 0 (тек ядролық таза графит), 8401, 7110 41 000 0 | Қазақстан Республикасы Энергетика және минерал- дық ресурстар министрлігі- нің Атом энергетикасы комитеті |
3. | Маралдың мүйізі, тұяғы, жас маралдың мүйізі, маржандар және осыған ұқсас мате- риалдар (Құрып кету қатері төнген жабайы өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның күші қолданы- латындарынан басқа) | 0507, 0508 00 000 0, 0604, 0510 00, 0712 31 000 0, 0712 33 000 0, 0712 39 000 0 -ден трюфелдер, 0802 21 000 0, 0802 22 000 0, 0810, 0812, 1212 20 000, 1301, 1302 (1302 19 300 0-ден басқа), 9601 | | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
4. | Өсімдіктерден және жануар- лардан алынатын дәрілік шикізат | 0206 10 100 0, 0206 22 000 1, 0206 29 100 0, 0206 30 300 1, 0206 41 200 1, 0206 80 100 0, 0206 90 100 0 (тек жабайы жануарлардан), 0507 (тек дәрілік шикізат), 0510 00, 1211, 1212 20 000, 1302 (1302 19 300 0-ден басқа), 3001, 3002 (дайын дәріліктерден басқа) | | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
5. | Сары («ақ») фосфор | 2804 70 001 0 | | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
6. | Экспорттық бақылауға жататын тауарлар (1, 2, 8, 9, 10, 12, 13-жолдарда көрсетілген тауарлардан басқа) | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпан- дағы № 104 қаулысымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасына (тізіміне) сәйкес | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпан- дағы № 104 қаулысымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасы- на (тізіміне) сәйкес | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
7. | Қазақстан Республикасы- нда өндіріл- ген ақпаратты криптография- лық қорғау құралдары, олардың қо- салқы бөлшек- терін, жинақ- таушыларын, нормативтік және техни- калық құжат- тамасын қоса алғанда | 8470, 8471, 8517, 8524, 8525, 8527, 8528 (тек ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары), 8473 30, 8543 90 900 (тек ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары) | | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
8. | Оқ-дәрі, жарылғыш заттар, жару құралдары мен пиротехника | 3601 00 000 0 (аңшы оқ- дәрісінен басқа), 3602 00 000 0, 3603 00, 3604 | 3601 00 000 0 (аңшы оқ- дәрісінен басқа), 3602 00 000 0, 3603 00, 3604 | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
9. | Қызметтік және азамат- тық қару | 9302 00, 9302 00 100 0, 9302 00 900 0, 9303 10 000 0, 9303 20, 9303 20 100 0, 9303 20 950 0, 9303 30 000 0, 9303 90 000 0, 9304 00 000 0, 9305 10 000 0, 9305 21 000 0, 9305 29, 9305 29 300 0, 9305 29 950 0, 9305 99 000 0, 9306 10 000 0, 9306 21 000 0, 9306 29, 9306 29 400 0, 9306 29 700 0, 9306 30, 9306 30 100 0, 9306 30 300 0, 9306 30 910 0, 9306 30 930 0, 9306 30 980 0, 9306 90, 9306 90 100 0, 9306 90 900 0, 9307 00 000 0 | 9302 00, 9302 00 100 0, 9302 00 900 0, 9303 10 000 0, 9303 20, 9303 20 100 0, 9303 20 950 0, 9303 30 000 0, 9303 90 000 0, 9304 00 000 0, 9305 10 000 0, 9305 21 000 0, 9305 29, 9305 29 300 0, 9305 29 950 0, 9305 99 000 0, 9306 10 000 0, 9306 21 000 0, 9306 29, 9306 29 400 0, 9306 29 700 0, 9306 30, 9306 30 100 0, 9306 30 300 0, 9306 30 910 0, 9306 30 930 0, 9306 30 980 0, 9306 90, 9306 90 100 0, 9306 90 900 0, 9307 00 000 0 | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
10. | Сирек, жерде сирек кездесетін металдар, өндіріске арналған шикізат, қорытпалар, қоспалар және бұйымдар | 2611 00 000 0, 2613-2615, 2804 50, 2804 90 000 0, 2805 12 000 0, 2805 30 100 0, 2805 40 100 0, 2825 (ванадийдің бес тотығынан басқа), 2826 19 000 0, 2841 70 000 0, 2841 90 900 0, 2846, 7110 41 000 0, 7405 00 000 0, 7502 20 000 0, 7601 20 100 0, 8101, 8103, 8104 11 000 0, 8105, 8106 00, 8108 (титанның губкасынан басқа), 8109, 8112, 8113 00, | | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі- нің Атом энергетикасы комитеті |
11. | Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар (олардың жинақтаушы және қосалқы бөлшектерін, қолданбалы бағдарлама- лардың пакеттерін қоса алған- да), олардың нормативтік техникалық құжаттамасы (конструктор- лық және пайдалану құжаттамасын қоса алғанда)** | 8301 70 000 0, 8471 30 000 0, 8471 41 900 0, 8471 49 900 0, 8471 50 900 0, 8473 30 100, 8517 50, 8517 80 900 0, 8517 90 880 0, 8518 10 200 0, 8518 10 800 0, 8518 40 300 0, 8518 40 910 0, 8518 40 990 0, 8518 50 900 0, 8519 40 000 0, 8520 32, 8520 33, 8519 99 900 0, 8520 10 000 0, 8521, 8522 90 590 0, 8522 90 930 0, 8522 90 980 0, 8525, 8526, 8527, 8528 12 200 0, 8528 12 910 0, 8528 12 940 0, 8528 12 950 0, 8528 12 980 0, 8528 13 000 0, 8529 90 720 5, 8529 90 720 9, 8531 10, 8531 80, 8543 20 000 0, 8543 40 000 0, 8543 89 950 0 (тек жедел іздестіру қыз- метін жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар), 9019 10 900 9, 9022 19 000 0, 9022 29 000 0 | 8301 70 000 0, 8471 30 000 0, 8471 41 900 0, 8471 49 900 0, 8471 50 900 0, 8473 30 100, 8517 50, 8517 80 900 0, 8517 90 880 0, 8518 10 200 0, 8518 10 800 0, 8518 40 300 0, 8518 40 910 0, 8518 40 990 0, 8518 50 900 0, 8519 40 000 0, 8520 32, 8520 33, 8519 99 900 0, 8520 10 000 0, 8521, 8522 90 590 0, 8522 90 930 0, 8522 90 980 0, 8525, 8526, 8527, 8528 12 200 0, 8528 12 910 0, 8528 12 940 0, 8528 12 950 0, 8528 12 980 0, 8528 13 000 0, 8529 90 720 5, 8529 90 720 9, 8531 10, 8531 80, 8543 20 000 0, 8543 40 000 0, 8543 89 950 0 (тек жедел іздестіру қыз- метін жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар), 9019 10 900 9, 9022 19 000 0, 9022 29 000 0 | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті |