527. Ұшу бағыты бойынша қауiптi метеорологиялық құбылыстарға кезiккен жағдайда әуе кемесiнiң командирi оларды айналып өту үшiн шаралар қолданады. Оларды айналып өту мүмкiн болмаған жағдайда ұшу бағытын немесе биiктiгiн өзгерту арқылы экипаж (ұшқыш) ұшу әуеайлағына қайтып оралады немесе жақын маңдағы қосалқы әуеайлаққа қонады. Тiкұшақтың командирiне (ұшқышына) бұл жағдайда әуеден таңдап алынған алаңға қонуға рұқсат етiледi.
528. Әуе кемесіндегі қозғалтқыштың iстен шығуы кезiнде бiр қозғалтқышпен 100 метрге дейiнгi биiктiкте (оның iшiнде - ұшар кезiнде) әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы) өзiнiң алдындағы кедергiлермен соқтығысудан аулақ бола отырып, мәжбүрлi қонуды жүргiзедi.
Егер қозғалтқыштың iстен шығуы 100 метрден астам биiктiкте болса, әуе кемесiнiң командирiне (ұшқышына) әуе кемесiнiң мүмкiндiгiнше аз зақымдануын қамтамасыз етiп, мәжбүрлi қону үшiн жарамды алаңды таңдап алуына рұқсат eтiледi.
529. Бiрнеше қозғалтқышы бар әуе кемесiнде қозғалтқышы (қозғалтқыштар) iстен шыққан кезде командирдiң (ұшқыштың):
1) көтерiлiп ұшқан әуеайлаққа қонуына;
2) ұшу жағдайларын жақсарту үшiн отынның бiр бөлiгiн төгуге немесе жүктi лақтыруға;
3) жұмыс iстейтiн қозғалтқыштың кез келген режимiн пайдалануға;
4) бағытты ұшуда жақын маңдағы әуеайлаққа дейiн (оның ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) одан әрi ұшуға және онда қонуға құқығы бар.
Үш және одан көп қозғалтқышы бар әуе кемелерiнде iстен шығу белгiлерi (өрттен басқа) бойынша ұшуда экипаж бiр қозғалтқышты қосқан жағдайда әуе кемесiнiң командирiне (ұшқышына) баратын әуеайлағына дейiн одан әрi ұшуға құқық берiледi.
Егер жұмыс iстейтiн қозғалтқыштармен одан әрi ұшу мүмкiндiгi және ұшудың қауiпсiздiгiне нақты қауiп төнетiн болса, әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы):
5) ҰПБ талаптарына сәйкес қажеттi iс-қимылдарды орындауға;
6) тану аппаратурасының авариялық сигналын қосуға;
7) егер, нақтылы орын алған жағдайда жақын маңдағы әуеайлаққа дейiн ұшуға қарағанда кез келген әуеайлаққа, оның iшiнде көтерiлiп ұшқан әуеайлаққа немесе әуеайлақтан тыс жерге қонудың қауiпсiздiк қатерi аз болса, мұндай қону жасауға мiндеттi.
530. Ұшудың жоспарын немесе профилiн өзгерту қажеттілігiне, соның iшiнде мәжбүрлi қонуға әкелiп соқтыратын әуе кемесi жүйелерiнiң iстен шығуы. Әуе кемесi ұшуда сыр берген жағдайда экипаж әуе кемесiн ҰПБ талаптарына сәйкес iс-қимыл жасайды.
Электрмен қоректендiрудiң резервтiк көздерi жоқ болған немесе оларды пайдаланудың мүмкiндiгi болмаған жағдайда әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы):
1) КҰЕ бойынша ұшу кезiнде жақын маңдағы әуеайлаққа немесе әуеайлақтан тыс жерге қонады;
2) АҰЕ бойынша ұшқан кезде көзбен шолу арқылы ұшуға көшу жөнiнде шаралар қолданады;
3) бұлттан жоғары ұшқан кезде, көзбен шолу арқылы ұшуға көшудiң қауiпсiздiгiне сенiмдi болмаған, бiрақ ұшуды одан әрi жалғастырудың техникалық мүмкiндiгi болған жағдайда көзбен шолу арқылы ұшуға көшуге немесе өзiнiң ұшу эшелонында (биiктiгiнде) тiкбұрышты бағыт сұлбасы бойынша күту режимiнде ұшуды орындау мүмкiн болатын ауданға бағыт алу керек.
531. ӘҚҚ пунктiнiң диспетчерi, әуе кемесiмен байланыстың тоқталғанын анықтап, оның орналасқан жерiн радилокациялық құралдардың көмегiмен анықтағаннан кейiн:
1) апатқа ұшыраған әуе кемесiнiң басқа әуе кемелерiмен жақындауын болдырмайтындай дәрежеде қозғалысты бақылауды және басқаруды қамтамасыз етуге;
2) қонуға бағыт алуына көмек көрсету үшiн осы ауданда болатын басқа әуе кемесiмен радиобайланысын үзген әуе кемесiнiң жол көрсету мүмкiндiгiн пайдалануға мiндеттi.
532. Шұғыл төмендеудi орындауды қажет ететiн кабина толық герметизацияланбаған жағдайда, экипаж (ұшқыш):
1) оттегi кимектерiн қолданады;
2) әуе кемесiн ҰПЕ талаптарына сәйкес әрекет жасай отырып эшелоннан төмен 4200 метр биiктiкке дейiн шұғыл төмендеуге кiрiседi, бiрақ ол барлық жағдайда да ұшу ауданындағы төменгi қауiпсiз эшелонның биiктiгiнен төмен болмауы тиiс;
3) тану аппаратурасының апат сигналын қосады;
4) жолаушылардың денсаулық жағдайын тексередi және қажет болғанда көмек көрсетедi;
5) баратын әуеайлаққа немесе жақын маңдағы қону үшiн жарамды әуеайлаққа ұшу туралы шешiм қабылдайды.
533. Әуе кемесiнде өрт шыққан кезде экипаж (ұшқыш):
1) шұғыл төмендеуге кiрiседi және сонымен бiрге өрттi сөндiру үшiн қол жеткiзiмдi барлық шараларды қолданады;
2) авариялық сигналын қосады (қажетiне қарай);
3) қалыптасқан жағдайға орай ұшуды жақын маңдағы әуеайлаққа дейiн жалғастырады, не әуе кемесiн ҰПЕ талаптарына сәйкес iс-қимыл жасай отырып әуеайлақтан тыс жерге қонады.
534. Ұшудың алғашқы кезеңiнде (ұшқаннан кейiн биiктiктi ала бастағанда) әуе кемесiнде өрт шыққан және оны сөндiру мүмкiн болмаған жағдайда әуе кемесi командирiнiң (ұшқышының):
1) көтерiлiп ұшқан әуеайлаққа, соның iшiнде минимумнан төмен ауа райы жағдайында қону үшiн қысқа бағыт бойынша қонуға кiрудi орындауға;
2) әуеайлақ ауданында ұшуды жүргiзу жөніндегі нұсқаулықта көзделген алаңға қонуға;
3) әуеден таңдап алынған алаңға қонуға құқығы болады.
535. Әуе кемесi тұрақтылығын, басқарылуын, берiктiгiн жоғалтқан жағдайда әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы) авариялық сигналын қосады және әуе кемесiнiң осы түрiне арналған әуе кемесiн ҰПЕ талаптарына сәйкес iс-қимыл жасайды.
536. Бағдарлауды жоғалтқан кезде экипаж:
1) авариялық сигналын қосуға;
2) радио арқылы «Полюс» сигналын беруге;
3) ӘҚҚ диспетчерге отын қалдығы және ұшу жағдайлары туралы баяндауға;
4) ӘҚҚ диспетчерiнiң рұқсатымен әуе кемесiн радиолокациялық құралдармен анықтау үшiн ұшудың ең қолайлы эшелонын (биiктiгiн) иеленуге;
5) ӘҚҚ диспетчерлiк пунктiнiң нұсқауларын пайдалана отырып бағдарлауды қалпына келтiрудiң осы жағдайға ең тиiмдi тәсiлiн қолдануға;
6) бағдарлауды қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайда, отынның толық жұмсалуына жол берместен, дер кезiнде қараңғылық түскенге дейiн кез келген әуеайлаққа немесе әуеден таңдап алынған алаңға қонуға мiндеттi.
537. Бағдарлаудың жоқ болуы себебiнен экипаж баратын әуеайлақтан басқа әуеайлаққа мәжбүрлi қону жасаса, бағдарлауды толық жоғалтқан болып саналады.
538. Егер әуе кемесiн экипаж (ұшқыш) өздiгiнен немесе ӘҚҚ диспетчерi жердегi РТҚ көмегiмен белгiленген бағытқа шығарып, кейiннен жететiн әуеайлаққа қондыратын болса, онда бағдарлауды уақытша жоғалтқан болып саналады.
539. Экипажға (жолаушыларға) шабуыл жасау немесе шабуыл жасау қаупi төнген жағдайда, әуе кемесiнiң командирi және экипаж мүшелерi, мүмкiндiгiнше, авариялық сигналын беруге, шабуыл жасалғаны туралы, өзiнiң шақыру белгiсiн, орналасқан жерiн (координаттарын), биiктiгiн, ұшу бағытын хабарлауға және арнайы нұсқауға сәйкес iс-қимыл жасауға мiндеттi.
540. Экипаж мүшелерiнiң немесе жолаушының (жолаушылардың) денсаулық жағдайлары кенеттен нашарлаған немесе олар жарақаттанған жағдайларда, әуе кемесiнiң командирi оған (оларға) қолда бар медициналық көмектi көрсетудi ұйымдастыруға және орын алған жағдайға байланысты, ұшуды одан әрi жалғастыру немесе тоқтату туралы шешiм қабылдауға мiндеттi.
Әуе кемесi командирiнiң денсаулық жағдайы кенеттен нашарлап (немесе жарақаттанып) ұшуды одан әрi жалғастыра алмаса, тапсырманы орындауды тоқтатады және әуеайлаққа қонғанға дейiн оның мiндетiн екiншi ұшқыш уақытша орындайды.
541. ӘҚҚ-ның диспетчерлiк органы экипаж мүшесiнiң немесе жолаушының денсаулық жағдайы кенеттен нашарлауына (жарақаттануына) байланысты ұшудың уақытша тоқтатылғаны туралы баяндауды алғаннан кейiн, әуе кемесiнiң жақын маңдағы әуеайлаққа шығуын және оның кезектен тыс қонуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
542. Одан әрi ұшу жолаушылар мен экипаждың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етпейтiн жағдайда, әуе кемесi командирiнiң ӘҚҚ органына болжамды қону орны мен уақыты туралы (мүмкiндiгiне қарай) алдын ала хабарлай отырып, әуеайлақтан тыс жерге мәжбүрлi қонуды орындау туралы шешiм қабылдауға құқығы бар.
Мәжбүрлi қону жерiнен ұшу мәжбүрлi қону оқиғасын зерттеген Комиссия төрағасының рұқсатымен жүргiзiледi.
543. Жақын маңдағы әуеайлақпен байланыс жоқ болған жағдайда және/немесе кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда әуе кемесі командирiнiң (ұшқышының) жердi жеке өзi алдын-ала қарап шығып, оның қауiпсiз ұшу үшiн жарамдылығын анықтағаннан кейiн ұшуға өздiгiнен шешiм қабылдауға құқығы бар.
Қажет болған жағдайда ұшу секторындағы кедергiлердi жою, жүктi тастау немесе отынның бiр бөлiгiн төгу үшiн шаралар қолданылады.
544. ӘҚҚ диспетчерлiк органынан ӘҚҚ ауданында радиолокациялық құралдардың iстен шыққаны туралы хабарды алған кезде, осы ауданда ұшуды орындайтын әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы) ұшудың берiлген эшелонын, жылдамдығын және бағытын ұстай отырып, бағыттағы бақылау нүктелерiнен ұшып өткен кезде өзiнiң орналасқан жерi туралы мiндеттi түрде хабарлап, көзбен шолу арқылы, сондай-ақ радиолокациялық құралдардың көмегiмен әуедегi жағдайды мейлiнше сақтықпен сақтай отырып ұшуды жалғастырады.
545. Қонуды қамтамасыз етудiң радиотехникалық құралдары және/немесе қону әуеайлағындағы байланыс құралдары iстен шыққан және метеорологиялық жағдайларға байланысты сол әуеайлақта көзбен шолу арқылы қонуға бет алу мен қону мүмкiн болмаған кезде әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы) екiншi айналымға өтедi және/немесе қосалқы әуеайлаққа бағыт алады.
Қосалқы әуеайлаққа өту мүмкiн болмаған жағдайда (отынның жетiспеуi, авиация техникасының бұзылуы және T.б.) әуе кемесiнiң командирiне (ұшқышына) қону әуеайлағындағы минимумнан төмен ауа райы жағдайында қонуына құқық берiледi.
546. Парашютшiлердi түсiру немесе жүктердi парашютпен лақтыру мақсатындағы ұшуларды орындау кезiнде, сондай-ақ, егер бұл оқу ұшуына арналған тиiстi нұсқаулықта көзделсе, ұшуға қатысатын барлық экипаж мүшелерiнiң және басқа адамдардың сақтандыру құралдары орнатылған жеке парашюттары бар болуы тиiс.
Парашюттардың аспалы жүйелерi барлық ұшу уақытында киiлiп тұруы тиiс.
Ұшуда киiлген парашютпен жұмыс iстеу мүмкiн болмаған жағдайда ғана парашютты шешуге рұқсат етiледi.
547. Авариялық жағдайда әуе кемесiн тастап парашютпен экипаждың (ұшқыштың) кетуi алдында экипаж (ұшқыш) мүмкiндiгiнше, бұл туралы ӘҚҚ органының диспетчерiне өзiнiң орналасқан жерiн көрсете отырып хабарлайды, авариялық сигналын бередi (оны қосады), сондай-ақ, (мүмкiн болған кезде) автоұшқышты қосуға, жазық глиссада бойынша төмендеу арқылы халық аз орналасқан ауданға бағытты белгiлеуге, тану аппаратурасының шартты белгi құрылымын жоюы тиiс, одан кейiн әуе кемесiн тастап шығады.
Борттағы экипаж мүшелерi және басқа адамдар әуе кемесi командирiнiң нұсқауы бойынша паршюттермен әуе кемесiн тастап шығады. Командир әуе кемесiн ең соңынан тастап шығады.
Әуе қозғалысына қызмет көрсететiн тиiстi органнан алынған тиiстi ақпаратта, ұсынымда және/немесе рұқсатта көрсетiлгенiндей, бұл тиiстi заңды органның нұсқауына сәйкес жасалатын жағдайларды қоспағанда, апаттық түсуден басқа парашютпен түсу жүргiзiлмейдi.
40-тарау. Ұшудағы күтпеген жағдайлар
548. Авариялық жағдайда қалғаны белгiлi немесе тап болды деп болжанатын әуе кемесiне, заңсыз араласуды қоса алғанда, ӘҚҚ органдары тарапынан барынша назар аударылып, жәрдем көрсетiледi және нақты жайларды негiзге ала отырып, басқа әуе кемелерiне қарағанда басымдық берiледi.
549. ӘҚҚ органдары қажет болғанда апатты жағдайда қалған әуе кемесiмен радиобайланыс орнату және оған қолдау көрсету үшiн резервтiк құралдарды қоса алғанда, қолда бар байланыс құралдарын пайдаланады.
550. Әуе кемесiнiң авариялық жағдайда қалғаны туралы хабарлау үшiн (егер ол ҚШРЛ қабылдау-жауап беру құрылғысымен жабдықталған болса) «А» режиміндегі арнайы кодтар қолданылады, олар:
1) «7700» коды - бұл әуе кемесiнiң елеулi және тiкелей қауiпке ұшырағанын көрсетедi және экипажға (ұшқышқа) шұғыл көмек қажет болады;
2) «7600» коды - радиобайланыстың үзiлгенiн көрсетедi;
3) «7500» коды - әуе кемесi заңсыз араласу объектiсi болғанын көрсетедi.
551. Апатты жағдай туындаған кезде, егер ӘҚҚ қызметi тарапынан бұған дейiн басқа кодты пайдалану туралы нұсқау берiлмесе, әуе кемесiнiң ұшқышы қабылдау-жауап беру құрылғысына «А» режимiнiң «7700» кодын орнатады. Бұл жағдайда ұшқыш ӘҚҚ қызметi тарапынан басқа нұсқаулар алғанға дейiн белгiлi бiр шартты пайдаланады.
563-тармақтың ережелерiне қарамастан «А» режимiнiң «7700» кодын ұшқыш мұның өзi iс-қимылды ең жақсы деп табуына негiз болған кезде таңдап алуы мүмкiн.
552. Егер ұшып жүрген әуе кемесi заңсыз араласу объектiсiне айналатын болса, егер күтпеген жағдайлар «7700» кодын пайдалануға мүмкiндiк бермейтiн болса, әуе кемесiнiң командирi қабылдау-жауап беру құрылғысына «А» режимiнiң «7500» кодын орнату үшiн мүмкiн болған жағдайдың бәрiн жасайды.
553. Егер ұшқыш «А» режимiнiң «7700» кодын таңдап алып, кейiннен ӘҚҚ қызметi күтпеген жағдайлар қарай оған сол шартты белгi екенiн растауына нұсқау бередi, онда ол не кодты растайды, не жауап бермейдi.
Ұшқыштан жауаптың болмауы ӘҚҚ қызметi үшiн «7500» кодын пайдалану кездейсоқ дұрыс болмаған код еместiгiнiң дәлелi болады.
554. ӘҚҚ органдарының ӘҚҚ диспетчерлерi мен ұшқыштарының азаматтық әуе кемелерiн басып алу кезіндегі iс-қимыл, сондай-ақ жедел қимыл және апат сигналын қолдануы осы Ереженiң 2 және 3-қосымшаларында көрсетiлген.
41-тарау. Екi жақты «әуе-жер» байланысының iстен шығуы
555. Борттағы немесе жердегi «әуе-жер» байланысы жүйелерiнiң iстен шығуынан туындайтын радиобайланысының үзiлуi кезiнде әуе кемесiнiң экипажы мен ӘҚҚ органдарының диспетчерлерi арнаулы нұсқауларға және/немесе жұмыстың технологияларына сәйкес iс-қимыл жасайды.
Егер бес минут iшiнде радиобайланыстың қолда бар арналарын пайдалану кезiнде олардың әрқайсысы бойынша бiрнеше рет шақыруына экипаж немесе диспетчер жауап бермейтiн болса, радиобайланыс үзiлген деп есептеледi.
556. Радиобайланыс үзiлген кезде әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы) «апат» белгiсiн қосады, сондай-ақ қолда бар құралдарды пайдалана отырып, «А» режимiнде «7600» жауап беру құрылғысы кодын орнатады, ӘҚҚ органымен тiкелей немесе басқа әуе кемелерi арқылы, не ӘҚҚ органдарының пункттерi арқылы байланысты қалпына келтiруге шаралар қолданады. Мұндай жағдайларда, қажет болған реттерде, қабылданған шешiм, ұшудың орналасқан жерi, биіктiгi туралы (оны диспетчердiң қабылдауын күтпестен) ақпарат беру, сондай-ақ байланыс арналары бойынша және ӘҚҚ диспетчерлiк пункттерiнiң нұсқаулары мен ақпаратының МАЖР жиiлiгiнде тыңдау үшiн 121,5 МГц апатты жиiлiгi пайдаланылуы мүмкiн.
557. Егер радиобайланысты қалпына келтiру мүмкiн болмаса, әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы), әдетте, тапсырманы орындауды тоқтатады және көтерiлiп ұшқан әуеайлаққа немесе қосалқы әуеайлаққа қонады. Бұл жағдайда әуе кемесi командирiнiң (ұшқышының) минимумнан төмен ауа райы жағдайында әуеайлаққа қонуғa құқығы бар.
558. Ұшып шыққан әуеайлақта қонуға мүмкiндiк болмаған жағдайда (метеорологиялық жағдайларға байланысты немесе егер әуе кемесiнiң салмағы қону салмағынан артық болса және отынды төгiп тастауға жағдай болмаса), онда екiншi айналымға өткеннен кейiн әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы) флайт-жоспарға сәйкес эшелонда немесе ӘҚҚ диспетчерi берген эшелонда баратын әуеайлаққа бағыт алады.
Егер ұшқан әуеайлаққа немесе керi қайту бағытында орналасқан қосалқы әуеайлаққа қайтып оралу туралы шешiм қабылдайтын болса, ұшқыш ұшуды жақын маңдағы (берiлген), бiрақ ұшудың қауiпсiз биiктiгiнен төмен емес жолдағы эшелонда не байланыссыз ұшуға арналып бөлiнген 4200, 4500 немесе 7200, 7500 метр эшелондарда орындауы тиiс.
559. Жер үстіндегі байланыс құралдары iстен шыққан кезде ӘҚҚ пунктiнiң диспетчерi жұмыстың технологиясына сәйкес peзервтік құралдар мен арналарды пайдалана отырып байланысты қалпына келтiруге шаралар қолданады немесе басқаруды ӘҚҚ-ның басқа пунктiне бередi.
560. ӘҚҚ-ның диспетчерлiк пунктi диспетчерлiк ауданда немесе диспетчерлiк аймақта ұшуды орындайтын әуе кемесiнiң экипажымен екi жақты радиобайланысты орната алмайтын жағдайда болса, одан әрi iс-қимыл жасалады.
560.1. Екi жақты байланыстың iстен шыққаны туралы мәлiм болған бойда, экипаждың диспетчерлiк органның хабарын радиолокатордың экранынан байқауға болатын белгiлi бiр маневрды орындауы туралы сұрау салу арқылы қабылдай алуы немесе егер бұл мүмкiн болса, аталған белгi берудi қабылдауды дәлелдеуге беруi үшiн iс-қимыл жасалады.
560.2. Егер әуе кемесiнiң экипажы өзiнiң хабарларды қабылдай алатынын және оларды қабылдауын растай алатынын көрсетпейтiн болса, байланысы бұзылған әуе кемесi мен басқа да әуе кемелерi арасындағы эшелондау бұл әуе кемесiнiң көзбен шолуға болатын метеожағдайларда (КҰЕ бойынша) ұшу кезiнде мынадай мүмкiн болатын iс-қимылдар жасауының негiзiнде қамтамасыз етiледi:
1) ұшуды көзбен шолу арқылы метеорологиялық жағдайларда одан әрi жалғастырады;
2) қонуды жақын маңдағы қолайлы әуеайлақта орындайды;
3) ӘҚБ-ның тиiстi пунктiне ақпараттарды неғұрлым тез беретiн құралдардың көмегiмен өзiнiң келетiнi туралы хабарлайды.
560.3. Күрделi метеорологиялық жағдайларда немесе олар 560.2-тармаққа сәйкес ұшуды аяқтауға мүмкiндiк бермейтiн жағдайларда байланыстың iстен шығуы орын алған кезде әуе кемесiнiң экипажы:
1) әуе кемесiнiң экипажы хабарларды мiндеттi түрде беру пунктіндегі өзiнiң орналасқан жерiн хабарлай алмағаннан кейiн 20 минут бойы ұшудың жылдамдығын және эшелонын немесе ең аз абсолютты биiктiгiн (егер ол көп болса) сақтай тұрады, содан соң ұшудың ұсынылған жоспарына сәйкес эшелон мен жылдамдықты түзейдi;
2) ұшудың ағымдағы жоспарына сәйкес бағыт бойынша ұшуды баратын әуеайлаққа қызмет көрсететiн тиiстi белгiленген навигациялық құралға дейiн жалғастырады, сонымен бiрге қажет болған жағдайда мына төмендегi 3-тармақшаның ережелерiн сақтау қажет болғанда, төмендеу басталғанға дейiн осы құрал арқылы күту режимiнде ұшуды орындайды;
3) 2-тармақшада айтылған навигациялық құралдан, қонуға алдағы бағыт алудың соңғы рет алынған және расталған дәл уақытында немесе мүмкiндiгiнше осы уақытқа жақын төмендеудi бастайды; немесе, егер қонуға бет алудың есептi уақыты алынбаған және расталмаған болса, әуе кемесi төмендеудi келiп жететiн есептi уақытта немесе мүмкiндiгiнше ұшудың ағымдағы жоспарында көрсетiлген осы уақытқа жақын бастайды;
4) қонуға қалыпты бет алуды осы навигациялық құралға арналып белгiленген тәртiпке сәйкес аспаптар арқылы орындайды;
5) қонуды, мүмкiндiгiнше, 3-тармақшада айтылған немесе қонуға бағыт алудың есептi уақытымен соңғы рет расталған ұшып келетiн есептi уақыттан кейiн 30 минуттың шегiнде жасайды; бұл орайда олардан ең кеш уақыты таңдап алынады.
560.2-тармағында көрсетiлген жағдайлар мен оның ережелерi барлық бақыланатын ұшуға, сонымен бiрге 560.3-тармағының ережелерi тек АҰЕ бойынша ұшуға ғана қолданылады.
Әуе қозғаласына диспетчерлiк қызмет көрсетудi қамтамасыз ету кезiнде осы әуе кеңiстiгіндегі басқа ұшуға қатысты байланысы үзiлген әуе кемесi 560.3-тармағында айтылған ережелердi сақтайтын болады деп болжанады.
560.4. ӘҚҚ диспетчерi байланыстың iстен шығуы жөнiнде жауап беру кодын ала отырып, ұшқышқа «танудың қабылдау-жауап беру» құрылысын пайдалану немесе кодты өзгерту жөнiнде нұсқау беру арқылы байланыстың үзiлу деңгейiн анықтауға тиiс. Егер борттағы радиоқабылдағыш дұрыс болғаны анықталса, әуе кемесiнiң ұшуын одан әрi басқару берiлген рұқсаттарды қабылдауды растау үшiн шартты белгiсiн өзгертудi немесе «Тану» хабарын пайдалана отырып жүзеге асырылады. S режимiнiң қабылдау-жауап беру құрылғыларымен жабдықталған әуе кемелерi үшiн S режимi қолданылатын аймақтарда басқа рәсiмдер қолданылуы мүмкiн.
560.5. Тиiстi әуе кемелерi үшiн екi жақты байланыстың iстен шығуы туралы белгiлi болған кезде, әуе кемелерi тыңдайтын қолда бар жиiлiктерде (қолда бар радионавигациялық құралдарының немесе қонуға бет алу құралдарының сөйлесу байланысының жиiлiгiн қоса алғанда) диспетчерлiк орган қолданатын iс-қимылдарды немесе кез келген апатты жағдайда өзiн ақтайтын нұсқауларды көрсете отырып, тиiсiнше ақпаратты беретiн «блиндпен» хабарлау жүзеге асырылады.
560.6. Бағыттағы ауа райы жағдайлары туралы 561.4-тармағында көрсетiлген мәлiметтердi қоса алғанда, бұлттан өту ауданындағы және қонуға қолайлы әуеайлақтар ауданындағы тиiстi хабарлама байланысы бұзылған әуе кемесiнiң орналасқан жерiне жақын келген басқа әуе кемелерiне берiледi. Бұдан басқа, жауапты ауданда радиобайланысы жоқ әуе кемесiнiң ұшуын орындайтын ӘҚҚ диспетчерi радиобайланысының iстен шығуы туралы хабарды ұшу бағыты бойынша ӘҚҚ-ның басқа пункттерiне ақпарат жiбередi.
561. Егер метеорологиялық жағдайларға байланысты (немесе басқа да себептермен) тағайындалған әуеайлаққа қону мүмкiн болмаса, екiншi айналымға өткеннен кейiн әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы) төменгi қауiпсiз эшелонды (шығу сұлбасы бойынша) немесе ұшудың арнайы белгiленген 4200, 4500 немесе 7200, 7500 метр эшелондарын ала отырып қосалқы әуеайлаққа бағыт алуы тиiс.
Қосалқы әуеайлақтағы қонуға кiру үшiн төмендеудi қонуға кезектен тыс кiрудiң сұлбасы бойынша ұшып өткеннен кейiн МАЖР арқылы бастау керек. Егер байланысы үзiлген әуе кемесiнiң келiп жетуi кезiнде қонатын әуеайлақта минимумнан төмен ауа райы жағдайы болса, әуе кемесiнiң командирiне (ұшқышына) қонуды нақты метеожағдайларда жүргiзу құқығы берiледi.
562. Егер ұшып келуге есептелген уақыттан кейiн 30 минут өткен соң әуе кемесi қонбайтын және радиолокатор экранында байқалмайтын болса, ал әуе кемесiнiң экипажы (ұшқышы) байланыс арнасы арқылы шақыруларға жауап бермейтiн болса, ӘҚҚ диспетчерi әуеайлақ ауданындағы әдеттегi әуе қозғалысын қалпына келтiрiп, одан әрi жұмыс технологиясына сәйкес iс-қимыл жасайды.
Қайталау радиолокациясының борттағы және жердегi құралдары бар болған жағдайда, байланыссыз ұшатын әуе кемесi ұшуының нақты эшелонын дәл анықтағаннан кейiн бүкiл әуе кеңiстiгiн босатпастан ұшудың ара қашықтықтарын қауiпсiз қамтамасыз ете отырып әуе кемелерiнiң қозғалысына жол берiледi.
563. КҰЕ бойынша ұшу кезiнде байланыстың үзiлуi жағдайында әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы) берiлген биiктiкте (эшелонда) КҰЕ бойынша баратын әуеайлаққа бағыт алады; КҰЕ бойынша тағайындалған әуеайлаққа ұшуды одан әрi жалғастыру мүмкiн болмаса, КҰЕ бойынша қонуға метеожағдайлары мүмкiндiк беретiн қосалқы әуеайлаққа бағыт ұстайды.
564. Радиобайланыс үзiлген кезде әуе кемелерi қозғалысын басқарған кезде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ, әуе кемесi экипажынан (ұшқышынан) «Апатқа ұшырадым» деп берiлген сигналды алған жағдайда ӘҚҚ диспетчерлiк органы өзi жауапты аймақтың шегiнде радиобайланысын өшiру режимiн енгізуге құқығы бар.
Бұл жағдайда диспетчердiң командасы бойынша әуе кемелерiнiң экипаждары:
1) ұшуда ерекше жағдайдың туындауынан басқа реттерде, радио бойынша барлық хабарлар берудi тоқтатуға және тек хабар қабылдауға жұмыс iстеуге;
2) қабылдау туралы растау берместен диспетчердiң нұсқауларын орындауға;
3) байланысқа тек диспетчердiң сұрауы бойынша ғана шығуға;