4) диспетчердiң соңғы нұсқауына сәйкес биiктiктi иелене отырып, тiгiнен жасалатын маневрдi аяқтауға мiндеттi болады.
42-тарау. Апатқа ұшыраған әуе кемесi экипажының iс-қимылдары
565. Егер ұшу кезiнде әуе кемесiне қауiп төнетiн болса немесе кеме апатқа тап болатын болса, әуе кемесiнiң командирi адамдардың өмiрi мен денсаулығын, сондай-ақ кеменi және ондағы мүлiктi сақтау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
566. Ұшуға қауiп төндiретiн барлық апатты жағдайларда әуе кемесiнiң экипажы «тану аппаратурасының» ажыратқышын қосу арқылы апатқа ұшырау белгiсiн беруге мiндеттi.
567. Апатқа тап болғанда белгi беру - «SOS» (апатқа ұшырадым) деген халықаралық бiрыңғай белгiленген белгi беру, «Апатқа ұшырадым» деген ашық мәтiнмен («МЭЙДЭЙ» халықаралық ұшу кезiнде) радиотелеграф, радиотелефон арқылы берiледi.
568. Апатқа тап болғанда белгi беру осы кезде пайдаланылатын ӘҚҚ диспетчерiмен байланыс арнасының жұмыс iстеу жиiлiгiнде, сондай-ақ радиотелефон режиміндегі 121,5 МГц халықаралық апат жиiлiктерiнде, немесе:
теңiз қызметтерiнен сұрау салған кезде радиотелефон режиміндегі 2182 МГц немесе 4125 МГц жиiлiктерiнде берiледi.
569. Әуеайлақтан тыс мәжбүрлi қонуға шешiм қабылдай отырып, әуе кемесiнiң командирi бұл жөнiнде экипаждың барлық мүшелерiн ескертедi және одан әрi iс-қимылдың тәртібі туралы нұсқау бередi. Мәжбүрлi қону кезiнде экипаж жерге қонуға (суға қонуға) дейiн жердегi (корабльдердегi) радиостанциялармен радио арқылы ұдайы сөйлеседi, ал үзiлiс кездерiнде хабарлағыштарды қосулар күйiнде (түймелерiн басқан күйде) ұстайды. Егер бұлар бар болса, пеленгiлеу белгi берулерiнiң автоматты хабар беру құралдары үнемi қосылған жағдайда болады.
570. Апатқа ұшыраған адамдар өздерiн құтқару үшiн қажеттi барлық шаралардың қолданылатынын бiлуге тиiс, ал әуе кемесiнiң экипажы өздерiнiң iс-қимылымен өздерiн тауып алуды жеңiлдетуге жәрдемдеседi.
571. Әуеайлақтан тыс қонуға мәжбүр болған әуе кемесiнiң экипажы:
1) жолаушыларды әуе кемесінен тез арада көшiруге және оларды кемінде 100 м қауiпсiз қашықтыққа алып кетуге;
2) зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыруға;
3) өзiнiң орналасқан жерiн белгiлеуге немесе нақтылауға;
4) жақын маңдағы әуеайлақпен, жер үстіндегі немесе ұшақтағы радиостанциялармен байланыс орнату жөнiнде шаралар қабылдауға;
5) жақын маңдағы әуеайлаққа немесе жергiлiктi билiк органдарына мәжбүрлi қону уақыты, орны, экипаждың, жолаушылардың, әуе кемесiнiң жай-күйi және қажеттi көмек туралы хабарлауға;
6) өрт шыққан жағдайда оны өрт сөндiрудiң борттағы және қолда бар құралдармен жоюға әрекет жасауға мiндеттi.
572. Әуе кемесiнiң қонуға мәжбүр болған жеріндегі барлық жұмыстарға экипаж командирi басшылық жасайды.
573. Қонуға мәжбүр болған жерде қалу немесе ол ауданнан кету жөніндегі шешiмдi әуе кемесiнiң командирi қабылдайды.
574. Қонуға мәжбүр болған жерде қалуға мына реттерде:
1) апаттық белгi немесе оқиға болған жер туралы хабар экипаждың әуеден не жерге қонғаннан кейiн (белгi берудi қабылдау туралы растауды алған-алмағанына қарамастан) берiлген;
2) орналасқан жердiң дәл анықталмауы, жер жағдайының таныс болмауы және жол қатынасының қиындығы (таулы, орманды, қалың қарлы, батпақты және басқа да жерлер), ең жақын маңдағы елдi мекеннiң бағыты және оның қашықтығы белгiсiз болған;
3) жолаушылар мен экипаж мүшелерiнiң бiр бөлiгiнiң жарақат алуынан қозғала алмауы, ал оларды тасымалдау үшiн сау адамдардың жетiспеуi;
4) жер бедерiнiң ашық болуы және әуеден зардап шеккендердiң оңай байқалуы жағдайларында ұсыныс жасалады.
575. Қонуға мәжбүр болған жерден кетуге мынадай жағдайларда:
1) орналасқан жердiң белгiлi болуы және ең жақын маңдағы елдi мекенге еркiн жету мүмкiндiгi;
2) адамдардың өз аяғымен жүруi және жарақаттанған адамдарды тасымалдауға қабiлеттi болуы;
3) өсiмдiктердiң сирек болуынан әуе кемесi мен ондағы адамдардың байқалу мүмкiндiгi, ал белгi беру құралдарының болмауы;
4) жолаушылар мен экипаждың денсаулығына табиғи апаттың (өрт, су тасқыны) салдарынан тiкелей қауiптiң төнуi жағдайларында ұсыныс жасалады.
576. Суға мәжбүрлi қону жағдайында тек ол аялдағаннан кейiн ғана, әуе кемесi командирiнiң бұйрығы бойынша әуе кемесiн тастап кетуге болады, бұл орайда:
1) экипаж мүшелерi мен жолаушылар арнайы кеудешелердi киюi және әуе кемесiнен шыққан кезде газ толтыру жүйесiн қосуы;
2) суға топтық құтқарудың жүзу құралдарын тастау;
3) әуе кемесiнен барлық адамдарды салдарға отырғызу, жарақаттанғандар мен балаларды бiрiншi кезекте көшiру;
4) азық-түлiктiң, су мен құрал-жарақтардың қорын жүзу құралдарына тиеу;
5) әуе кемесi суға батып кетпей тұрып одан қауiпсiз қашықтыққа (кемiнде 100 метр) жүзiп кету;
6) жекелеген салдарда болған экипаж мүшелерi бiр-бiрiне жақын жүзiп келуi және салдарды (екi-үш салдан бiрiктiрiп) ұзындығы 8-10 метр арқанмен байлау керек.
577. Экипаж мүшелерi талмаусырау, соғылу, қан кету, сыну, тынысы тарылу, буын таюы, күю, үсу, дененiң күюi, улану кезiнде медициналық көмек көрсетуге әзiр болуы тиiс. Егер әуе кемесi жолаушыларының арасында медицина қызметкерлерi болса, онда оларды зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуге тарту қажет.
578. Апатқа ұшыраған әуе кемесiне көмек көрсету үшiн бағыт алған апат-құтқару көлiк құралдары жер үстіндегі қозғалыстың барлық түрлерiнiң алдында бiрiншi кезекте өту құқығымен пайдаланады.
Бұл орайда маневр жасау алаңында болатын көлiк құралдары мына ережелердi сақтауы тиiс:
1) көлiк құралдары мен әуе кемесiн тiркеген көлiк құралдары қонуға кiрген, көтерiлiп ұшатын және рулдеудегi әуе кемелерiне жол бередi;
2) көлiк құралдары әуе кемелерiн тiркеген басқа көлiк құралдарына жол бередi;
3) көлiк құралдары жергiлiктi жерлерде қолданылып жүрген нұсқамаларға немесе нұсқаулықтарға сәйкес басқа көлiк құралдарына жол бередi;
4) 1, 2 және 3-тармақшалардың ережесіне қарамастан көлiк құралдары және әуе кемелерiн сүйрейтiн көлiк құралдары әуеайлақтың диспетчер пунктiнiң бұйрығын орындайды.
43-тарау. Экипаждарды қалыптастыру
579. Экипажды қалыптастыру кезiнде оның мүшелерiн жинақтаудың бекітілген және бос толтырма (олардың кәсiби даярлығына және ӘК-нiң осы түріндегі жұмыс тәжiрибесiне байланысты) әдiстерi қолданылады.
Экипажды қалыптастырудың бос толтырма әдiсi, егер әуе кемесiнiң командирi, штурман, бортинженер (бортмеханик), бортрадист (бортоператор, арнайы жұмыс орындаған кезде) мамандығы бойынша нұсқаушы деген рұқсаты болса немесе ӘК-нiң осы үлгiсiнде 500 сағаттан кем емес дербес ұшса қолданылады.
580. Экипажды қалыптастыруды экипаж мүшелерiн сапалы таңдау жүктелген ұшу бөлiмшесiнiң басшысы жүзеге асырады.
Экипаж құрамына ӘК-нiң осы үлгiсiнде 200 сағаттан кем емес дербес ұшқан бiреуден артық емес экипаж мүшесiн (бортрадисттен басқа) енгізуге рұқсат етiледi.
Бұл талапты сақтамауға ұшу бөлiмшесiнде ӘК-нiң жаңа үлгiлерiн игерудегi алғашқы жылында ғана рұқсат етiледi.
581. ӘК-нiң жаңадан енгiзiлген командирi бекітіп берiлген экипажбен 100 сағаттан кем емес ұшуы тиiс.
582. Бекiтiлген экипаждың бiр адамын ерiксiз ауыстыру кезiнде барлық экипажбен қосымша алдын-ала даярлық жүргiзiледi, ал екi және одан көп экипаж мүшелерiн ауыстырған кезде, экипажбен даярлық жұмыстарын қоспағанда әуе кемесiнде сынақ ұшуы немесе ӘК-нiң осы үлгiсіндегі тренажерда тiкбұрышты бағыт бойынша 2-3 ұшу жүргiзiледi.
583. Экипажға рұқсат етiлмеген жағдайларда ұшу тапсырмасын орындау қажеттілігi кезiнде ұшу күнi экипаж құрамына тексерушiнi (нұсқаушыны) қосуға рұқсат етедi. Экипаж ӘКК ӘК-нiң осы үлгiсiнде 500 сағаттан кем емес дербес ұшуы бap экипажды ұшатын күнi экипаж мүшелерiн ауыстыруға рұқсат етiлмейдi.
584. Бекiтiлмеген құрамда ұшуға жiберiлген экипаж мүшелерiн ауыстыру қосымша алдын-ала өтетiн және тренажерда дайындықсыз, осы экипаждың құрылуына жауапты ұшу бөлiмшесi бастығының қалауымен жүргiзiлуi мүмкiн.
585. Ұшқыштар құрамының тұлғасы экипаж мүшесi ретiнде әуе кемелерiнiң үлгiлерi бойынша ұшқыштар құрамын даярлау бағдарламасына (бұдан әрi - ҰКДБ) сәйкес жаттығудан және тексеруден өткеннен кейiн дербес ұшуға жiберiледi.
586. Ұшу және ұшу-техникалық оқу орындарының курсанттары, студенттерi және тыңдаушылары, сондай-ақ осы үлгiдегi әуе кемесiнде ұшуға куәлiгi немесе рұқсаты жоқ ұшқыш құрамының адамдары оқу-ұшу даярлық курстарының бағдарламасына (бұдан әрi - ОҰДК) сәйкес экипаж құрамына енгiзiледi.
44-тарау. Ұшқыштар құрамы (экипаж)
587. Экипаждың ұшқыштар құрамы мынадай шарттарды сақтаған кезде:
1) қажеттi біліктілік бағалары бар ұшқыш мамандығының күшi бар куәлiгi бар болғанда;
2) тренажерлық даярлықтан өтудiң белгiленген мерзiмiнде өткенде;
3) ұшу тапсырмасын орындау үшiн қажеттi ұшып көтерiлу, ұшу және жұмыс уақытының резервi бар болғанда;
ұшу жұмыстарында рұқсат етiлген мерзiмнен көп үзiлiс жоқ болғанда, ұшу және ұшақ жүргiзу техникаларының қолданыстағы тексеруi бар болғанда ұшу тапсырмасын орындауға рұқсат берiледi.
588. Бұған дейiн ұшуды орындаған әуе трассалары және әуеайлақтары бойынша ӘКК-нiң және (немесе) штурмандардың дербес ұшуына:
1) тегiс және қыратты жерлерде бiр реттен кем емес;
2) таулы жерлерде, Заполярья аудандарында және таулы жерлердегi әуеайлақтарда - екi реттен кем емес ұшқаннан кейiн рұқсат етiледi.
Егер әуе кемесiнiң командирi немесе штурман сапқа ену кезеңiнде стажер ретiнде әуеайлақтарда ұшуды орындаса, онда бұл әуеайлақтарда ұшуға мiндеттi емес.
ӘКК-нiң және штурмандардың осындай сыныптағы әуе кемесiнде ұшса немесе стажер ретiнде ұшса тегiс және қыратты жерлердегі әуеайлақтарда және трассалар бойынша ұшу қажеттілігi туралы шешiмдi экипаждың даярлық деңгейiне байланысты ұшу бөлiмшесiнiң командирi қабылдайды.
589. ӘКК-нiң және I сыныпты штурмандардың аэродромдарда және трассалар бойынша дербес ұшуына рұқсат тасымалсыз жүргiзiледi (ұшу мiндеттi болып табылатын арнаулы тiзбеде көрсетiлген, оның iшiнде таулы жерлердегi әуеайлақтарды есептемегенде).
590. ӘК-нiң бiрнеше үлгiсiнде ұшуды орындаған басшы ұшқыш және ұшқыштар құрамы тұлғаларын ұшуға рұқсат етудi тексеру әрбiр әуе кемесiнiң үлгiсi бойынша жеке жүргiзедi; штурман әуе кемесiнiң жоғары үлгiсiнде тексерiлгеннен кейiн есепке алынады.
591. Авиация мамандарын нұсқаушылық жұмысқа рұқсат беру Қазақстан Республикасының жоғары авиация оқу орындарында олар арнаулы курстардан өткеннен кейiн арнаулы бағдарлама бойынша жүзеге асырылады. Нұсқаушылық жұмысқа берiлген рұқсат ұшу куәлiгiнде арнаулы белгiмен ресiмделедi.
592. Ұшу жұмысында үзiлiсi бар әуе көлiгiн пайдаланушы ұшқыш құрамының мамандарына рұқсат беру осы Ереженiң және уәкiлеттi орган бекiткен, Қазақстан Республикасының Азаматтық авиациясында ұшу жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
593. Басшы-ұшқыш, нұсқаушы және тексеру құрамының тұлғалары:
1) ұшқыштар - 3 үлгiден көп емес;
2) штурмандар - 4 үлгiден көп емес;
3) бортинженерлер (бортмеханиктер) - 3 үлгiден көп емес;
4) басқа мамандар - 3 үлгiден көп емес, бұл орайда, I сыныпты әуе кемелерінде - 2 үлгiден көп емес ӘК-де ұшуға рұқсат етiледi.
594. I сыныпты ұшқыштар әуе кемесiнiң сыныбына тәуелсiз ұшақтардың 2 үлгiсiнде немесе тiкұшақтардың 2 үлгiсiнде ұшуды орындай алады. Пайдаланылатын ұшақтардың үлгiлерi бiр сыныптан артық ерекшеленбеуi керек. Дисплеймен және стрелкалы аспаппен жабдықталған ӘК-де қатар ұшуға тыйым салынады.
595. I сыныпты штурмандар мен бортинженерлер (бортмеханиктер, І және II сыныпты бортрадистер ӘК-нiң сыныбына тәуелсiз ӘК-нiң екi үлгiсiнде де ұшуды орындай алады, бұл орайда, ӘК-нiң барлық түрлерi бiр сыныптан артық ерекшеленбеуi тиiс.
596. Бортоператорлар әр ӘК-нiң үлгiсiнде 300 сағаттан кем емес ұшуы бар болған жағдайда, ӘК-нiң сыныбына тәуелсiз ӘК-нiң екi үлгiсiнде де ұшуды орындай алады.
45-тарау. Ұшқыштар құрамын тексерулер
597. Ұшқыштар құрамын тексерулер:
1) ӘК-нiң жаңа игерiлген үлгiсiнде ұшуға рұқсат беру;
2) сапқа енгiзiлгеннен кейiн дербес ұшуға рұқсат беру;
3) тиiстi метеорологиялық жағдайда және тәулiк уақытында ұшуға рұқсат беру;
4) ұшуға және қонуға бет алу үшiн метеорологиялық минимумды растау;
5) ӘК-де орнатылған жабдықтар мен жүйелердi пайдалана отырып ұшуға рұқсат беру;
6) мамандығы бойынша біліктілігiн анықтау, көтеру немесе растау мақсатында жүргiзiледi.
Сондай-ақ, ұшу жұмыстарындағы үзiлiстен кейiн, шассидiң басқа түрiмен әуе кемесiне ауысқан кезде, экипаж құрамы өзгерген жағдайда, азаматтық авиация ұйымдары (қызметтерi) командирлерiнiң (бастықтарының) көрсетуiмен анықталатын жағдайларда тексеру жүргiзiледi.
598. Ұшқыш құрамының біліктілігiн растауға арналған тексеру:
1) I және II сынып мамандарына - жылына бiр реттен жиi емес;
2) III сынып мамандарына - алты айда бiр реттен жиi емес;
3) осы үлгiдегi ӘК-де жұмыс iстеген алғашқы жылы ӘК-нiң командирiне және экипаж мүшелерiне - сыныбына тәуелсiз үш айда бiр реттен жиi емес жүргiзiледi.
599. Тексерушi (ұшқыш) ӘК-нiң бортында басшы болып табылады, өндiрiстiк ұшуларды орындау кезiнде тексерудiң мақсатына байланысты (ҰКДБ көзделген, тексерушi ұшқыш орындығына отырмайтын жағдайларды қоспағанда) сол немесе оң жақтағы ұшқыш орындығына отырады.
Экипаж құрамында тексерушiсi бар ұшуды жоспарлаудың, тексерушiнi экипаж құрамына енгізудiң, тексерушiге қойылатын талаптың, оның мiндеттерiнiң тәртібі және жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық авиациясындағы ұшу жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықпен анықталған.
600. Мамандығы бойынша экипаж құрамына енгiзiлген тексерушi (ұшқыштан басқасы) ӘК-нiң командирiне бағынады және тексеру мақсатына байланысты өз қалауы бойынша кабинадан орын таңдап отырады.
601. Экипаж құрамында тексерушi (нұсқаушы) бap ұшулар үшін бөлiмшелерiнiң (қызметтерiнiң) жылдық және айлық жоспарларына сәйкес және жоғары тұрған басшылардың тапсырмалары бойынша жоспарланады және жүзеге асырылады.
602. Басшы-ұшқыш, нұсқаушы және тексеру құрамының тексерушi ретiнде экипаж құрамына енгiзiлуi үшiн:
1) ұшу бөлiмшесiнiң тиiстi басшысы (командирi) қол қойған ұшуға деген тапсырмасы;
2) азаматтық авиация маманының күшi бар куәлiгi;
3) осал үлгiдегi әуе кемесіндегі нұсқаушылық жұмысқа рұқсаты;
4) осы үлгiдегi әуе кемесіндегі жұмыстың осы жұмысты орындауға рұқсаты;
5) азаматтық авиация маманының сыныбы тексерiлушiнiң сыныбынан (мамандығы бойынша) төмен болмауы;
6) өзiнiң жеке минимумы тексеретiн әуе кемесi командирiнiң минимумнан төмен немесе бiрдей;
7) ұшу алдындағы демалысы Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы қызметкерлерінің жұмыс уақыты және демалыс уақыты туралы бекітілген талаптарына сәйкес болуы тиiс.
603. Басшы ұшқыш нұсқаушы және нұсқаушылар құрамындағы адамдарға ұшатын күнi ұшуға, тағы да бiр экипаждан басқа экипажға ұшу тапсырысын орындаған кезде ауысуға, жоғарыдағы басшылардың рұқсатынсыз тыйым салынады.
604. Өндiрiстiк немесе әдiстемелiк ұшуды орындайтын экипаж құрамына сапқа кiру бағдарламасын орындайтын бiр ғана тексерушiнi немесе нұсқаушыны жiберуге рұқсат етiледi. Қызметтiк тапсырмасы бар, басшы-ұшқыш және нұсқаушы қауіпсiздiк авиациялық қадағалау мүшелері басқа тексерушiнiң бар-жоғына тәуелсiз экипаж құрамына енгiзiледi. Экипаждың ұшқыштар құрамын тексерушiлерiнiң барлық саны екiден көп болмауы тиiс. Авиациялық қадағалау органынан келген тексерудi тұлғаларды экипаж құрамына енгізудiң тәртібі ұшу қауiпсiздiгiн қадағалайтын органның арнаулы нұсқаулығымен белгiленедi.
605. Ұшуға даярлық процесiнде тексерушi тексерудiң мақсатын және ұшу бағытын нақтылайды, сондай-ақ экипаждың ұшу алдындағы даярлығына өзi қатысады ұшу кезiнде оның тапсырманы орындауға деген даярлығын анықтайды.
606. Тексерушi жұмыс орнын иеленiп отырған экипаж мүшесiнiң функциясын толық көлемде орындайды.
607. Тексерушiге өндiрiстiк ұшуды орындау кезiнде авариялық жағдай немесе жүйелердiң, жабдықтардың және аспаптардың жұмыс iстемейтiндiгiне елiктеме жасауға рұқсат етiлмейдi.
608. Тексерушi мынадай жағдайларда:
1) қабылдаған шешiмiнiң негiздiлiгiне;
2) әуе кемесiн ҰПБ талаптарын (өз мамандықтары бойынша) барлық экипаж мүшелерiнiң тиянақты орындауына;
3) қойылатын бағалардың және ұсынылатын қорытындылардың объективтілігiне;
4) тексеруден өткен маманның кәсiби даярлығы және дағдысы басшылыққа алынатын құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн анықтаудағы дұрыстығына жауап бередi.
609. Ұшу аяқталғаннан және ӘК командирiнiң талдауынан кейiн тексерушi экипаж мүшелерi жiберген ауытқуларды, қателердi және олардың себептерiн талдайды, экипаж жұмысына баға бередi және ұшуларды талдағаннан кейiн «Жаттығуға арналған тапсырма» журналына, тексерiс өткен экипаж мүшелерiнiң ұшу кiтапшасына тиiстi жазба жазады.
Тексерушi ұшуды орындағаннан кейiн үш күндiк мерзiмде (немесе iссапар тапсырысы аяқталғаннан кейiн) тапсырма берген лауазымды тұлғаға тексерудiң қорытындылары туралы хабарлауға мiндеттi.
610. Ұшқыштар құрамының осы Ереженi және ұшу жұмыстарын реттейтiн басқа құжаттарды орындауын бақылау үшiн экипаж кабинасында болу құқығымен ұшқыш мамандығы бар, бiрақ әуе кемесiнiң осы үлгiсiнде ұшуды орындауға жiберiлмеген, олардың тиiстi тапсырмасы және жеке тұлғасын куәландыратын тиiстi құжаттары бар лауазымды тұлғаларды, сондай-ақ басшы-ұшқыш және Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын пайдаланушылардың құзырында болатын барлық экипаждар үшiн авиация әкiмшiлiгiнiң мемлекеттік уәкiлеттi органының инспекторлық құрамының тұлғалары ұшуға берiлетiн тапсырмаға (тапсырманың нөмiр өзгерген артқы жағына жазылады) енгiзiледi.
611. Ұшуларды талқылау ұшу қауiпсiздiгiнiң, кәсiби даярлықтың, авиациялық бөлiмшелер мен экипаж қызметiнiң тиiмдiлiгi мен сапасы деңгейiн арттырудың негiзгi нысандарының бiрi болып табылады.
612. Ұшуларды талқылау мынадай мақсаттарда:
1) қауiпсiздiк, тұрақтылық және экономикалық тиiмдiлiк деңгейiн бағалау;
2) экипаж құрамы мүшелерiнiң ұшуға даярлық дәрежелерiн талқылау және бағалау;
3) әрбiр экипаждың және жалпы ұшқыш бөлiмшесiнiң жұмыстарын бағалау;
4) ұшуды қамтамасыз ететiн жұмыс сапасын және қызметтердiң өзара әрекет етуiн бағалау;
5) ұшқыш, диспетчер және инженер-техника құрамының кәсiптiк дайындығын жетiлдiру;
6) авиациялық оқиғалардың және қақтығыстардың алдын-алу жөнiнде iс-шараларды әзiрлеу жүргiзiледi.
613. Ұшуларды талқылау мына мерзiмдерде:
1) экипажда ұшқаннан кейiн - ұшуға арналған тапсырманы орындағаннан кейiн;
2) әуекомпаниясының нұсқаушылық басшы-ұшқыш және нұсқаушы құрамында - айына 1 реттен жиi емес;
3) экипажбен, қозғалыс қызметiнiң, инженерлiк-техникалық және басқа қызметтердiң қызметкерлерiмен - тоқсанында 1 рет жүргiзiледi.
Бұдан басқа, авиакомпания басшыларының шешiмiмен жоспардан тыс кез келген жоспардан тыс талқылау жүргiзiлуi мүмкiн.
614. Талқылауды ұйымдастыруды даярлауды және өткізудi ұшу бөлiмшелерiнiң (қызметтерiнiң) басшылары жүзеге асырады.
Талқылаудың мазмұны және талқылау өткiзген командирдiң нұсқаулары оларға қатысты барлық ұйымның, бөлiмшенiң ұшу және командалық-басшы құрамның назарына жеткiзiлуi тиiс.
615. Экипаждағы (экипажбен бiрге) ұшуды талдауды ӘКК (тексерушi) жүргізеді.
Экипаж жұмысына берген бағасы мен қорытындыларын ӘКК ұшудың тапсырмасына жазады және тiкелей командирге немесе (ол болмаған кезде) кезекшi командирге баяндайды.
46-тарау. Ұшуларды орындау
616. ӘК-нiң кемесiнiң әрбiр ұшуы белгiленген тәртiпте бекітілген ұшу жоспарына сәйкес орындалады. Ұшу тапсырмасы әуе кемесi командирiнiң ұшуды орындау құқығын беретiн құжат болып табылады.
617. ФЖП тапсырғаннан кейiн және ӘҚҚ тиiстi органынан ұшуға рұқсаты болғанда ғана АҰЕ үшiн әуе кемесiнiң сыныпталған әуе кеңiстiгіндегі ұшуы орындалады.
618. Елдi мекендердiң үстiнен әуе кемесiнiң ұшуы әуе кемесiнiң iстен шыққан жағдайда елдi мекендерден тыс жерде қонуға мүмкiндiк беретiн биiктiкте орындалады.
619. Мемлекеттік табиғат қорықтарынан 2000 метрден төмен ақиқат биiктiктегi аумақта (cу немесе жер кеңiстiгiнде), осындай қорықтар қарамағына жататын тиiстi мемлекеттік органдардың келісімiнсiз ұшуға рұқсат етiлмейдi.
620. Дыбыстан жылдам ұшатын әуе кемелерiнде ұшу 11100 метрден төмен емес эшелондарда ұшуға рұқсат етiледi. 11100 метрден төмен эшелондағы ұшу тек қана арнайы аймақтарда орындалады.
Дыбыстық кедергi әуе кемесiмен мемлекеттік табиғат қорықтары аумақтарының өтуiне рұқсат етiлмейдi.
621. Әуе кемесi екендiгiн бiлдiру үшiн, сондай-ақ құстармен соқтығысудың алдын алу үшiн ұшу кезiнде күндiз және түнде шамдары iске қосылуы мүмкiн. Қозғалтқыш iске қосылған кезден бастап тоқтағанға дейiн күндіз және түнде жарқырайтын маяктар iске қосылуы тиiс.
622. Ұшуды орындау процесi әр ұшудың кезең-кезеңмен бөлiну арқылы мынадай кезеңдердi қарастырады: дайындық, тiркеп сүйреу, iске қосу, рульдеу, көтерiлiп ұшу, биiктiктi алу, бағыт бойынша ұшу, әуеайлаққа жақындау және қону қонғаннан кейiнгi рульдеу немесе тiркеуге алу.
623. Жүргiзу кезеңiнде, биiктiктi алғанда, төмендегенде, қонуға бет алғанда және қонғанда экипаж мүшелерiне ұшуды орындаумен байланысты емес жұмысты және келiссөздердi жүргiзуге тыйым салынады.
624. ӘК-нi тiркеп сүйреу АТТПЖН белгiленген ережелерге сәйкес, ИАҚ жауапты тұлғаларының мiндеттi екi жақты радиобайланысымен жүзеге асырылады. Тiркеп сүйреудi аэронавигациялық оттарын жағып жүргiзедi.
Әуе кемесi басқа әуе кемесiн немесе басқа бiр затты тiркеп сүйремейдi, әуе жолына қызмет көрсетудiң тиiстi мүшесiнен алынған тиiстi ақпаратында және/немесе рұқсатында көрсетiлгендей, тиiстi өкiлеттi органмен белгiленген талаптарына сәйкес орындалатын тiркеп сүйреудi қоспағанда, тiркеп сүйрей алады.
625. Қиын метеорологиялық жағдайларда, көрiнуi 400 метрден кем немесе әуе кемесiнiң жүруiне және арнайы көлiкпен маневр жасау алаңында бөлу сызығы көрiнбейтiн жағдайда, (қар астында қалған немесе басқа себептен) әуе кемесiнiң рульденуi ерiп жүретiн жарық сигнал құралдарымен жабдықталған және әуе кемесiнiң экипажымен байланыс жасайтын радиостанциясының автомашинасымен («FOLLOW МЕ») жүзеге асырылады.
Әуе кемесiнiң «ауыр» және «орташа» санаттары түнде рульдеу кезiнде, метеорологиялық жағдайларға қарамай, ерiп жүретiн автомашинамен жүргiзiледi; басқа әуе кемелерi - экипаждың сұрауы бойынша жүргiзiледi.
Маневр алаңында рульдеудi орындайтын әуе кемесi, егерде әуежайдың диспетчерлiк пункттен басқа нұсқау болмаса, рульдеу кезiнде стоп сызығында тоқтайды және шамдар жанғаннан кейiн қозғалысты бастайды.
626. Экипажға рульдеуге рұқсат етiлмейдi, егер:
1) тежегiш жарамсыздығының белгiлерi немесе тежегiш жүйесiнiң қысымы белгiленген мөлшерiнен төмен болса;
2) диспетчерден рульдеуге немесе/және әуе кемесiн басты рульдеуге шығаруын ИАҚ жауапты тұлғасынан рұқсат алмағанда;
3) әуе кемесiнiң тұрақтарының немесе рульдеу жолында қанағаттанарлықсыз жай-күйi кедергiлерi бар болғанда рульдеудiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етпейдi.
627. Ұшуды орындауға деген Старт (Мұнара) диспетчерiнiң рұқсаты бiр мезгiлде диспетчерлiк рұқсаттарда көрсетiлген шеңбер немесе эшелон биiктiгiн алу рұқсаты болып табылады.
628. Экипажға, егер:
1) көтерiлiп ұшу бағытында ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн қауiптi метеорологиялық жағдай немесе құстардың шоғырлануы орын алса;
2) қатты жаңбырлы жауын-шашында метеорологиялық көрiнiс 600 метр болатын жағдайда (жарығы жоғары шамдардың көрiнуi есептелмейдi);
3) көтерiлiп ұшу үшiн нақты көру мүмкiндiгi әуе кемесiнiң осы үлгiсi үшiн (әуе кемесiнiң осы үлгiсi үшiн) әуежай минимумынан белгiленгеннен төмен болса;
4) ҰҚЖ қабаты ұшу алаңын пайдаланудың белгiленген талаптарына сай болмаса;
5) ӘК-нiң үстiңгi қабаты мұз, қырау немесе ылғалды қар басқан және әуе кемесiне өңдеу жүргізілмесе;