432. КҰЕ бойынша ұшқан кезде әуе кемесiнiң командирi барынша қырағылықты сақтай отырып диспетчердiң нұсқауы бойынша әуеайлақты қауiпсiз қашықтықтан айналып өтуге немесе белгiленген алаңмен өтуге мiндеттi.
433. Елдi мекен үстiнен КҰЕ бойынша ұшу әуе кемесiнде ақау болған жағдайда қонуды осы елдi мекеннен тыс жерде жүргiзуге мүмкiндiк беретiн биiктiкте немесе жақын маңдағы әуеайлақта орындалуы мүмкiн.
Метеорологиялық жағдайлар тиiстi биiктiктi сақтауға мүмкiндiк бермесе әуе кемесiнiң командирi елдi мекендi, егер оны айналып өтудiң басқа ережесi белгiленбесе, тәртiп бойынша сол жағынан айналып өтуге мiндеттi.
33-тарау. Отынның аэронавигациялық қорын анықтау
434. Әрбiр әуе кемесiнде отынның есептi мөлшерiнен басқа, жоспар бойынша ұшу сәтiнен қону сәтiне дейiн ұшуды орындау үшiн қажеттi отынның аэронавигациялық қоры (бұдан әрi - АНҚ) болуы тиiс.
435. АНҚ баратын әуеайлақтың шешiм қабылдау биiктiгiнен немесе есеп бойынша қосалқы әуеайлаққа дейiн жету шебiнен ұшуды және айналып ұшу биiктiгiнде кемiнде 30 минут ұшуды қамтамасыз етуi тиiс.
Қосалқы әуеайлаққа өту шебi есебiмен немесе қосалқы әуеайлақсыз ұшуға шешiм қабылдаған жағдайда әуе кемесi бортындағы отынның мөлшерi жететiн әуеайлаққа ұшып келуiнiң есептi уақыты айналып ұшу биiктiгiнде кемiнде 1 сағат ұшуды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл орайда өту шебі қосалқы әуеайлаққа ұшып келудiң есептi уақыты әуе кемесiнiң бортындағы отынның мөлшерi айналым биiктiгiнде кемiнде 30 минут ұшуына есептелуi арқылы анықталады. Мемлекеттік авиацияның әскери ұшақтары үшiн отынның аэронавигациялық қоры мемлекеттік авиациядағы ұшуды орындау ережесінiң талаптарына сай есептеледі.
436. АНҚ ҰПБ сәйкес және барлық жағдайда да мына мөлшерден:
1) 1, 2, 3-шi сыныптағы ұшақтар үшiн - 1 сағаттан;
2) 4-шi сыныптағы ұшақтар үшiн - 45 минуттан;
3) тiкұшақтар үшiн - 30 минуттан кем болмауы тиiс.
437. АНҚ мөлшерi туралы шешiмдi әуе кемесiнiң командирi ұшу бағыты бойынша тағайындалған және қосалқы әуеайлақтағы аэронавигациялық, метеорологиялық жағдайға және тағайындалған әуеайлақ пен қосалқы әуеайлақтардағы қашықтыққа байланысты қабылдайды.
34-тарау. Ұшып келетiн әуе кемелерi
438. Келiп қонған кезде әуе кемесiнiң экипажы автоматты хабар тарату жүйесiнiң немесе жоғары жиiлiктегi қызмет көрсетудiң метеорологиялық хабар беру арнасы арқылы хабар тыңдайды. Автоматты тарату жүйесi хабарламасының ақпараттар құрамы ААХҰ-ның 11-қосымшасына сәйкес анықталады.
439. Әуе кемесi келiп қонған кезде әуе қозғалысына қызмет көрсету ауданының диспетчерi (қонуға кiру пунктiнiң диспетчерi) әуе кемесi экипажына диспетчерлiк рұқсат беруге мiндеттi, оған мыналар:
1) әуе кемесiнiң шақыру белгiсi;
2) тағайындалған әуеайлаққа ұшуға рұқсат алу;
3) жақын келетiн бағыты немесе приборлар арқылы ұшып келудiң стандартты схема нөмiрi;
4) төмендеуге рұқсат етiлетiн эшелон;
5) жеке тану коды (CKBOK) жатады.
Экипаж диспетчерлiк рұқсатты толық растауға мiндеттi. Растау алынбаған жағдайда диспетчер оны талап етуi тиiс.
440. Ақпаратты автоматты тарату жүйесi жоқ болған жағдайда ауысу эшелоны қонуға кiруге арналған диспетчерлiк рұқсатқа қосылады.
441. Әуеайлақ ауданындағы ұшу сол әуеайлақ үшiн белгiленген дәлiздер мен сызбалар бойынша ұшу жүргiзу жөніндегі нұсқаулық талаптарына сәйкес орындалады. Таулы жерлердегi әуеайлақтар аудандарында ұшу кезiнде әуе қозғалысына қызмет көрсететiн диспетчер белгiлеген траекториялар бойынша, әуе кемесiнiң төмендеуi ұшуды жүргiзу жөніндегі нұсқаулықта белгiленген ұшудың қауiпсiз эшелонын (биiктiгiн) сақтаған жағдайда, радиолокациялық бақылаудың бар болуы, борттағы навигациялық жабдықтың тұрақты жұмыс iстеуi кезiнде, сондай-ақ экипаждың және әуе қозғалысына қызмет көрсететiн диспетчердiң әуе кемесiнiң дәл орналасқан жерiн бiлген кезiнде ғана жүргiзiледi.
442. Келiп қонатын әуе кемелерiнiң күту аймағында кешiгуi айқын болған жағдайда ол туралы пайдаланушыларға немесе авиакомпанияның тағайындалған өкiлiнiң назарына жеткізу үшiн ақпараттық анықтама тобына жеткiзiледi, сондай-ақ ұшу бағыттарын өзгерту жөнiнде одан әрi iс-қимылдарды жоспарлау үшiн алдағы кешiгудегi кез келген өзгерістер туралы хабарланады.
443. Келiп қонатын әуе кемелерiнен әуе қозғалысына қызмет көрсететiн диспетчер бақылау пунктiнен кету немесе оның үстiнен ұшып өту туралы, стандартты бұрылыстың орындалуы немесе қону бағытына бұрылыстың басталуы туралы хабарлар берудi немесе ұшатын әуе кемелерiнiң қозғалысын жылдамдату үшiн әуе қозғалысына қызмет көрсететiн диспетчерлiк органға қажеттi басқа да ақпаратты берудi талап етуi мүмкiн.
444. Аспаптар арқылы ұшу ережесi бойынша ұшуды орындайтын әуе кемесiне сол аймақтағы (сектордағы) әуе қозғалысына қызмет көрсететiн орган белгiлеген ең қауiпсiз биiктiкке сәйкес келетiн биiктiктен төмен қонуға бет алудың бастапқы учаскесi шегiнде ұшуға немесе осы қауiпсiз биiктiктен төмен биiктiкке дейiн төмендеуге, егер:
1) ұшқыш борттағы радиоқұралдармен немесе жердегi радиолокациялық құралдармен анықталатын тиiстi бақылау пунктiнен ұшып өткeнi туралы баяндамаса; немесе
2) ұшқыш әуеайлақты көргенiн және оны көзiнен таса қалдырмайтынын хабарламаса; немесе
3) әуе кемесi қонуға көзбен шолу арқылы қонуға бағыт алуын орындамаса; немесе
4) әуе кемесiнiң орналасқан жерi радиолокатордың көмегiмен дәл анықталмаса рұқсат берiлмейдi.
445. Әуе кемесi ұшқышының сұрауы бойынша, егер бұл әуе қозғалысына қызмет көрсететiн тиiстi органға жататын болса, келiп қонатын әуе кемесiне ұшқыштың эшелондауды дербес қамтамасыз ететiн және көрiнетiн метеорологиялық жағдайларда қалатын болса, егер берiлген хабар мұның мүмкiн болатынын дәлелдейтiн болса, төмендеуге рұқсат беруге болады.
446. Әуеайлақ ауданында ұшудың әуеайлақтық шеңберi белгiленедi. Айналып ұшудың биiктiгi жергiлiктi жағдайларға, ұшудың қауiпсiз биiктiгiне, әуе кемелерiнiң айналып ұшуы бойынша ұшудың түрлерiне және жылдамдығына байланысты белгiленедi.
447. Ең қысқа қашықтық бойынша аспаптар арқылы ұшу ережесi бойынша қонуға бет алуға үздiксiз радиолокациялық бақылау жағдайында немесе борттағы және жердегi бұрышөлшеу-алыстыөлшеу жүйелерi қолданыла отырып рұқсат етiледi, бұл орайда радиотехникалық құралдарды кешендi пайдалану және қонуға бет алу сұлбасын (немесе берiлген траекторияларды) сақтау мiндеттi болады.
448. Әуе кемелерiнiң қонуға бет алуының кезектілігiн реттеу үшiн арнайы бөлiнген радионавигациялық нүктелерге немесе жердегi ерекше бағдарларға күту аймақтары белгiленедi.
449. Күту аймақтарына ену мен күту аймағында ұшу әуе қозғалысына қызмет көрсететiн тиiстi өкiлеттi органдар белгiлейтiн ережеге және жинақтарда жарияланған аэронавигациялық ақпараттарға сәйкес орындалады. Егер күту аймағына ену мен ұшу ережесi жарияланбаған болса немесе егер бұл ереже ұшқышқа белгiсiз болса, әуе қозғалысына қызмет көрсететiн тиiстi диспетчерлiк орган ол орындауы тиiс рәсiмдер туралы оны хабардар етедi.
450. Әуе кемелерi ұшуды күту режимiнде орындаған кезде күту аймағындағы әуе кемелерi мен бағыттағы әуе кемелерi арасында тiгiнен эшелондаудың тиiстi минимумы барлық уақыт кезеңiнде, әзiрге олардың соңғылары, егер бүйiрден эшелондау қамтамасыз етiлмейтiн болса күту аймағынан ұшудың шегi 5 минут болған кезде қамтамасыз етiледi.
451. Күту аймағындағы эшелондар әрбiр әуе кемесiне тиiстi кезектi сақтай отырып қонуға кiру үшiн рұқсат берудi жеңiлдету есебiмен белгiленедi. Әдетте, күту алаңына бiрiншi болып келген әуе кемесi күту аймағының ең төменгi эшелонында, ал одан кейiн келген әуе кемелерi ретiмен жоғары эшелондарда орналасуы тиiс. Алайда, төменгi эшелондарда отынды аса көп шығындайтын ауыр әуе кемелерiне ұшуды күту аймағында, қонуға бет алудың кезегiмен көзделетiн эшелондарда емес, жоғары эшелонда орындауға рұқсат берген жөн, бұған шамалау арқылы қауiпсiз төмендеудi қамтамасыз ете отырып мүмкiн болатын кезде барлық жағдайда да олардың кезегiн сақтай отырып, осы әуе кемелерiне басқа әуе кемелерi кейiннен эшелондардың қиылысуы арқылы төмендеуге рұқсат беру керек.
452. Егер ұшқыш ол әуе қозғалысына қызмет көрсетудiң диспетчерлiгi белгiленген күту немесе радиобайланысын жүргiзу тәртібін (ережесін) сақтай алмайтынын хабарлап, мұның өзi әуе қозғалысының шартына мүмкiндiк берген жағдайларда әуe қозғалысына қызмет көрсететiн диспетчерi ұшқыш сұраған ұшуды орындаудың балама тәртібін қабылдауы керек.
453. Күту аймағының төменгi эшелоны шеңбер бойынша ұшу биiктiгiнен (ауысу биiктiгiнен) кемiнде 300 метр жоғарырақ белгiленедi. Күту аймағының төменгi эшелонының биiктiгi әуеайлақтағы нақты температура мен қысым бойынша анықталады және таяу эшелонның шамасына дейiн арттыру жағынан дөңгелектенедi.
Атмосфералық қысым 4 мм сынап бағанасына (5,3 мбар) және одан да артық немесе ауа температурасы 100 және одан да жоғары өзгерген жағдайда күту аймағының төменгi эшелонының биiктiгi қайта есептеледi.
454. Күту аймағындағы ұшу ережесi және қонуға бет алу үшiн күту аймағынан кезектен тыс шығудың тәртібі Әуеайлақ (аэроторап) ауданында ұшуды жүргiзу жөніндегі нұсқаулықта көрсетiледi.
455. Қатарлас немесе қатарлас дерлiк ұшу-қону жолағы аспаптар арқылы бiр мезгiлде орындау:
1) қонуға тәуелсiз қатарлас бет алу; немесе
2) қонуға тәуелдi қатарлас бет алу; немесе
3) бөлек қатарлас операциялар үшiн пайдаланылады.
456. Қатарлас ұшу-қону жолағына қонуға тәуелсiз параллель бағыт алу, егер:
1) ұшу-қону жолағы остiк желiлерiнiң арасындағы қашықтық 760 метр және одан да артық болған;
2) әуе кемелерi қонуға бағыт алуды тура жүргiзген;
3) қонуға кiрудiң дәлдiгiн азимут бойынша 0,3 градусқа және ақпаратты жаңарту шапшаңдығын 4-5 секундқа қамтамасыз ететiн тиiстi радиолокатор болған;
4) ұшу-қону жолағының екеуiне де қонуға кiру қонудың радиомаяк жүйесi аспаптары бойынша орындалған;
5) әуе кемелерiнiң бортына ұшу-қону жолағының тану нөмiрi мен бағыттық радиомаяк жұмыс iстейтiн жиiлiк хабарланған (хабар ATIS жүйесi арқылы берiлуi мүмкiн);
6) диспетчерлердiң индикаторында аралық қорғау аймағы (NTZ) көрiнген;
7) бiр ұшу-қону жолағына қонуға бет алған екiншi айналымға өту жолының желісі, әрi кеткенде, қонуға бет алған екiншi айналымға өту жолының желісі iргелес ұшу-қону жолағына 30о бұрышқа ауытқыған;
8) екiншi айналымға өту сұлбасы даулы жағдайлардың туындауын болдырмайды және әрбiр ұшу-қону жолағы қонуға бет алуды бақылау үшiн радиолокациялық бақылаудың бiр диспетчерi басқаруды қамтамасыз еткен;
9) қону бағытына айналу нүктелерiнiң алшақтауы (төртiншi айналымды орындау) кемiнде 5 км айырмашылығы болған жағдайларда орындалуы мүмкiн.
457. Бағыттық радиомаркердiң (бұдан әрi - БРМ) сәулесiн ұстауға оңтайланған кезде көрсетiлген шамалардан соңғысы әуе кемесiнiң БРМ сәулесiн 300 аспайтын бұрышпен ұстап қалуды, және БРМ сәулесін ұстағанға дейiнгi түзу сызықты және көлденең бағытта ұшу учаскесiнiң ұзақтығы кемiнде 2 км болуын қамтамасыз етуi тиiс. Бұл шама әуе кемесiне көлденең ұшу кезiнде БРМ бағытын тұрақтандыру мүмкiндiгiн, әрi кеткенде, глиссада сәулесiн ұстағанға дейiн 4 км iшiнде қамтамасыз етуi тиiс.
458. Радиолокациялық бақылау кезiнде ең аз тiгiнен эшелондау 300 метр немесе ең аз бойлық ара қашықтығы 6 км болуы әуе кемелерi мынадай жағдайларда болғанға дейiн:
1) БРМ-ға жақындау бағытында;
2) қалыпты ұшу аймағында (NOZ) болғанға дейiн қамтамасыз етiлуге тиiс; және де бiр БРМ-ның бағытын ұстаған әуе кемелерiнiң арасында ең аз бойлық ара қашықтығы 6 км және оған қоса радиолокациялық бақылау кезiнде iлеспе ағысты есепке ала отырып қажет болатын қосымша бойлық эшелондау қамтамасыз етiлуi тиiс.
459. Қонуға тәуелдi қатарлас бет алу мынадай шарттарды сақтаған кезде:
1) ҰҚЖ-ның осьтiк желiлердiң арасындағы қашықтық кемiнде 760 км болуы тиiс;
2) әуе кемелерi қонуға бет алуды тура орындаған;
3) қонуға кiрудiң дәлдiгiн азимут бойынша 0,30 және ақпаратты жаңарту жылдам 4-5 секундқа қамтамасыз ететiн тиiстi радиолокатор бар болған;
4) ҰҚЖ-ның екеуiне де қонуға бет алу ILS; немесе MLS бойынша орындалған;
5) әуе кемелерiнiң бортына қонуға кiру екi ҰҚЖ-да орындалатыны туралы хабарланған (бұл ақпарат ATIS жүйесi бойынша берiлуi мүмкiн);
6) бiр ҰҚЖ-ға қонуға кiру кезiнде екiншi айналымға өту жолының желісі, әрi кеткенде, қонуға кiру кезiнде екiншi айналымға өту жолының желісімен iргелес ҰҚЖ-ға 30о-тан кем емес бұрышқа ауытқыған;
7) қонуға жақын келетiн диспетчерлiк қызмет әуеайлақтың диспетчерлiк пунктiне қатысты байланысқа басымдықпен шығу құқығы болған (егер екi пункттiң де функциялары бiрiктiрiлмесе) жағдайларда қатарлас ҰҚЖ-да орындалады.
460. БРМ-ның қатарлас бағыттарына бұрылу процесiнде радиолокациялық бақылау кезiнде ең аз тiгiнен эшелондаудың 300 метр немесе ең аз бойлық ара қашықтығы 6 км болуы қамтамасыз етiледi.
461. БРМ-ның бағытын ұстаған әуе кемелерi арасында қамтамасыз етiлетiн радиолокациялық бақылау кезiнде ең аз бойлық интервалы:
1) БРМ-ның белгiлi бiр бағытты ұстаған әуе кемелерiнiң арасы 6 км (бұған қоса iздегi турбуленттiк есебi үшiн қажеттi қосымша бойлық эшелондау);
2) көршiлес бағыттық радиомаркердiң белгiлi бiр бағытты ұстаған әуе кемелерiнiң арасы 4 км болады.
462. Бөлек қатарлас операциялар қатарлас ҰҚЖ-да мынадай шарттарды сақтаған кезде орындалуы мүмкiн:
1) ҰҚЖ-ның осьтiк желiлерiнiң арасындағы қашықтық кемiнде 760 метр болуы тиiс;
2) ұшатын әуе кемесi жолының номиналды желісі ұшқаннан кейiн-ақ көршiлес ҰҚЖ-ға қонуға кiрген кезде екiншi айналымға өту жолының желісінен 300 бұрышқа ауытқиды.
463. Бөлек қатарлас операцияларды жүзеге асырған кезде, егер радиолокатор мен қондырудың жердегi құралдары қонуға кiрудiң нақты түрi үшiн белгiленген нормаларға сай келсе, қонуға бет алудың мынадай түрлерi:
1) ILS бойынша қонуға дәл бет алуы;
2) қонуға көзбен шолып бет алуы орындалады.
35-тарау. Қонуға бет алудың кезектілігi
464. Қонуға бет алудың кезектілігi ең аз орташа кiдiрiспен әуе кемелерiнiң көп санының келуiн жеңiлдету есебiмен белгiленедi. Бiрiншi кезектілік құқығы ерекше жағдайларда:
1) техникалық себептермен әуе кемесiнiң ұшуына қауiп төнуi салдарынан қонуға мәжбүр болғанын хабарлаған ұшқыштың әуе кемесiне;
2) санитариялық авиацияның әуе кемелерiне немесе бортында жедел медициналық көмектi қажет ететiн науқас немесе ауыр жарақат алған адам бар әуе кемелерiне;
3) заңсыз араласу актілерін қоса алғанда, апат жағдайына ұшырауы белгiлi болған немесе ол сондай жағдайға тап болған деп болжам жасалатын әуе кемелерiне берiледi.
Бiрiншi кезектілік құқығына ие болатын әуе кемесi өзiнiң бағыты мен жылдамдығын сақтайды, алайда бұл Ереже әуе кемесiнiң командирi, соқтығысудың алдын алудың борттағы жүйесi беретiн соқтығысу қаупiнiң алдын aлу жөніндегі ұсыныстарға сәйкес соқтығысудың алдын алуы жөніндегі маневрлердi қоса алғанда, соқтығысудың алдын алу жөнiнде неғұрлым тиiмдi iс-қимылдар қабылдау үшiн жауапкершiлiктен босатылмайды.
465. Егер қонуға бет алудың кезектілік ретiн сақтауға тиiс әуе кемесiнiң ұшқышы өзiнiң метеорологиялық жағдайлардың жақсаруын күту немесе басқа себептер бойынша ұшуды күту режимiнде (аймағында) орындау ниетiн хабарлайтын болса, ӘҚҚ пунктiнiң диспетчерi күту аймағында ұшуды қамтамасыз етуге мiндеттi.
466. Егер ұшқыш қонуға бет алу сұлбасымен таныс емес екенiн әуе кемесiнiң ұшқышы хабарлап, немесе ӘҚҚ пунктiнiң диспетчерiне бұл жағдай анық болса, қонуға бет алудың бастапқы учаскесіндегі биiктiк, стандартты бұрылыс басталатын пункт (тиiстi бақылау пунктiнiң км-мен) сондай-ақ, стандартты бұрылыс аяқталатын биiктiк немесе қонуға кiретiн соңғы учаскедегi жолдың желісі көрсетiледi, бұған егер ұшқышқа қонуға тiк бағытта бет алу үшiн рұқсат берiлуi жатпайтын болса, онда аталғандардың тек соңғысы ғана көрсетiледi.
Қажет болған жағдайларда ғана ӘҚҚ пунктiнiң диспетчерi екiншi айналымға өтудiң тәртібін көрсетедi.
467. Жер бетiмен көзбен шолу байланысы (бағдарлармен) қонуға бет алу аяқталғанға дейiн орнатылған жағдайларда егер ұшқыш көзбен шолу арқылы қонуға бет алуға рұқсат сұрамаса және алмаса, сонда да бүкiл сұлба сақталуы тиiс. Қозғалысты жеделдету үшiн қонуға бет алудың нақты сұлбасы көрсетiледi. Егер қонуға бет алудың нақты сұлбасы көрсетiлмесе, бұл ұшқыштың қалауы бойынша қонуға бет алудың кез келген рұқсатын пайдалануға болатынын бiлдiредi.
36-тарау. Қонуға көзбен шолып бет алудың ережесi
468. Қонуға көзбен шолып бет алудың ережесi:
1) көзбен шолып маневр жасаудың белгiленген аймақ шегіндегі әуеайлақ ауданында көзбен шолып қону алдындағы жағдайға тiкелей шығу үшiн маневр жасауды;
2) қону бағытына бұрылыс (бұрылу) басталған сәтке дейiн белгiленген төмендеудiң ең төменгi биiктiгiн сақтауды;
3) ҰҚЖ-мен және ұшу жолағының шегіндегі бағдарлармен тұрақты көзбен шолу байланысын орнату мен сақтауды;
4) ҰҚЖ-мен және (немесе) оның бағдарларымен көзбен шолу байланысы болмаған жағдайда, АҰЕ бойынша екiншi айналымға өтудi және АҰЕ бойынша қонуға бет алудың белгiленген сұлбасына шыға отырып, қонуға көзбен шолып бет алудың кез келген нүктесiнен екiншi айналымға кетудi көздейдi.
469. Қонуға көзбен шолып бет алудың (бұдан әрi - ҚКБ) ережесi егер осы әуеайлақтың ұшуды жүргiзу жөніндегі нұсқаулығында көзделген болса, барлық сыныптағы әуе кемелерiнiң күндiз және кешқұрым ұшуы үшiн, сондай-ақ түнде ҚКБ-ны қоса алғанда, КҰЕ бойынша арнайы ұшуды орындайтын «жеңiл» санатына жататын әуе кемелерi үшiн қолданылады.
470. ҚКБ барлық сыныптағы әуе кемелерiнiң күндiзгi және кешқұрым сәттерiнде ұшуына қолданылады.
471. Қонуға көзбен шолып бет алу:
1) қонудың радиотехникалық құралдармен жабдықталмаған әуеайлақтарда, сондай-ақ осы құралдар iстен шыққан жағдайларда;
2) әуеайлақтардың өткізу қабiлетiн арттыру отын мен әуеайлақтың радиотехникалық құралдармен жабдықталуына қарамастан ұшу уақытын үнемдеу мақсатында;
3) ұшуда ерекше жағдайлар туындаған кезде жедел түрде қонуды қамтамасыз ету мақсатында;
4) қонуға көзбен шолып бет алуды орындау бойынша ұшқыштар құрамын жаттықтыру мақсатында орындалады.
472. Кешқұрым сәттерде қонуға көзбен шолып бет алуды жарық техникалық құралдармен жабдықталған әуеайлақтарда (қону алаңдарында) орындауға рұқсат етiледi.
473. Қонуға көзбен шолып бет алудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн көзбен шолып маневр жасау аймағы белгiленедi, оның шектерiнде төмендеудiң ең төменгi биiктiктiгi мен ҚКБ-ның ең аз мөлшерiнiң есебi жағдайында кедергiлердi ескеру керек. Көзбен шолып маневр жасау аймағы осы иiндерге жанасу арқылы қосылған әуеайлақтың әрбiр ҰҚЖ-ның шегi орталығынан жүргiзiлген иiндермен шектеледi. Осы иiндердiң ең аз радиустарының сандық мәнi әуе кемелерi санаттарына қарай 7-кестеде берiлген. Кестедегi жеке бағанада қонуға көзбен шолу арқылы бет алудың рұқсат етiлетiн ең жоғары жылдамдығы бойынша шектеулер бөлiп көрсетiлген.
474. Кедергiлердi есепке алу тәртібі және төмендеудiң ең төменгi биiктiктерi мен ҚКБ-ға арналған минимумдар есебi «Қонуға көзбен шолып бет алу үшiн әуеайлақтардың минимумдарын анықтаудың әдiстемесiне» сәйкес белгiленедi.
7-кесте
┬──────────────┬─────────────────────────┬─────────────────────────┐
│ӘК санаты │ ҰҚЖ шегiнен │ ҚКБ кезіндегі ең │
│ │ бастағандағы ең аз │ жоғары жылдамдық │
│ │ радиусы (R), км │ (аспаптық) км/сағат │
┼──────────────┼─────────────────────────┼─────────────────────────┤
│ А │ 3,12 │ 185 │
│ В │ 4,90 │ 250 │
│ С │ 7,85 │ 335 │
│ D │ 9,79 │ 380 │
│ E │ 12,82 │ 445 │
└──────────────┴─────────────────────────┴─────────────────────────┘
475. ҚКБ ережесi бойынша ұшуға белгiленген бағдарлама бойынша даярлықтан өткен әуе кемелерiнiң командирлерi (бұдан әрi - ӘКК) жiберiледi.
476. ҚКБ ережесi бойынша ұшу кезiнде ӘКК:
1) қонуға көзбен шолып бет алудың басталатын нүктесiне дейiн аспаптар арқылы қонуға төмендеу мен бет алудың сұлбасын ұстағаны;
2) көзбен шолып маневр жасау аймағының шегiнде көзбен шолу арқылы айналым маневрiн және ҰҚЖ-мен және (немесе) оның бағдарларымен көзбен шолу байланысы кезiнде қонуды орындағаны;
3) қону бағытына бұрылуды бастағанға дейiн көзбен шолу арқылы маневр жасау кезiнде белгiленген ең төменгi төмендеу биiктiгiн сақтағаны;
4) ҰҚЖ-мен және (немесе) оның бағдарларымен көзбен шолу байланысы жоғалған кезде немесе көзбен шолу арқылы маневр жасау аймағының шегiнен шығып кеткен кезде екiншi айналымға дер кезiнде кеткенi;
5) өздерiнiң алдында көзбен шолып қонуды жүргiзген ӘК-мен қауiпсiз ара қашықтық ұстағаны үшiн жауапты болады.
477. ҚКБ ережесi бойынша әуе кемесiнiң ұшуын орындауға басшылық жасайтын ӘҚҚ диспетчерi:
1) әуедегi жағдай мен метеожағдайларды талдаудың негiзiнде ҚКБ-ны орындау мүмкiндiгiн анықтауға;
2) радиолокациялық бақылаудың болуы кезiнде ҚКБ-ның бастапқы нүктесiне дейiн аспаптар бойынша төмендеуге және қонуға бет алудың сұлбасын экипаждың ұстауын бақылауға;
3) РЛБ болмаған кезде диспетчер әуе кемесi экипажының баяндауы бойынша бақылауды жүзеге асыру үшiн;
4) көзбен шолып маневр жасаудың белгiленген аймағынан шығуды бақылауға және ҚКБ-ны орындауға рұқсат бергенi үшiн жауапты болады.