35) 51-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«51-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
1. Ведомстволардың басшылары лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары болып табылады.
2. Ведомстволар басшыларының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерін қадағалайтын орынбасарлары лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары болып табылады.
3. Ведомствоның аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымы бойынша бір мезгілде тиісті облыстың (бассейннің) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы болып табылады.
4. Аумақтық бөлімше басшысының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерін қадағалайтын орынбасарлары лауазымы бойынша бір мезгілде тиісті облыстың (бассейннің) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары болып табылады.
5. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу мен бақылау мәселелерін қадағалайтын ведомстволардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары - лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, ал ведомстволардың жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу мен бақылау мәселелерін қадағалайтын мамандары - Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары болып табылады.
6. Ведомстволардың жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу мен бақылау мәселелерін қадағалайтын аумақтық бөлімшелерінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары - лауазымы бойынша бір мезгілде тиісті облыстың (бассейннің) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, ал жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу мен бақылау мәселелерін қадағалайтын мамандары - тиісті облыстың (бассейннің) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары болып табылады.»;
36) 52-бапта:
тақырыбындағы «уәкілетті және аумақтық органдар лауазымды адамдарының» деген сөздер «лауазымды адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «уәкілетті және аумақтық органдар лауазымды адамдарының» деген сөздер «лауазымды адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «су тоғандарының (учаскелерінің) аумақтарында және» деген сөздер «су айдындарының және (немесе) учаскелерінің аумақтарында және олардың жағалау белдеуінде, сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) су тарту құрылыстарын оларды тиісті балық қорғау құрылғыларымен жабдықтау және су тұтыну шарттарын уәкілетті органмен келісу нысанына тексеруді жүзеге асыруға;
7-2) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, жағалау белдеуінде болған және олардан шыққан кезде адамдардың жануарлар дүниесін пайдалану құқығына арналған құжаттарын тексеруге;»;
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «уәкілетті және аумақтық органдардың лауазымды адамдары» деген сөздер «лауазымды адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) уәкілетті орган белгілеген жануарларды интродукциялауды, будандастыру мен жерсіндіруді жүзеге асыру тәртібінің сақталуына;»;
3-тармақта:
«уәкілетті және аумақтық органдардың лауазымды адамдары» деген сөздер «лауазымды адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
«нысанды» деген сөздің алдынан «айырым белгілері бар» деген сөздермен толықтырылсын;
37) 53-баптың тақырыбы мен мәтініндегі «және аумақтық органдар», «және аумақтық органдардың» деген сөздер тиісінше «орган және оның аумақтық бөлімшелері», «органның және оның аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
38) 54-баптың тақырыбы мен мәтініндегі «және аумақтық органдардың» деген сөздер «органның және аумақтық бөлімшелердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
39) 55-бапта:
2-тармақтың 6) тармақшасындағы «нысанды киім» деген сөздер «айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «нысанды киіммен» деген сөздер «айырым белгілері бар нысанды киіммен» деген сөздермен ауыстырылсын;
40) 56 және 58-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«56-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі өндірістік бақылау
1. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі өндірістік бақылау - бекітіп берілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғау функциясын жүзеге асыратын аңшылық шаруашылығы мен балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі.
2. Қорықшылардың:
1) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес кейіннен оларды жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға, уәкілетті органға не сотқа міндетті түрде беру үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға;
2) қорықшы қызметінің айырым белгілері бар арнаулы киімін киюге, атыс қаруын алып жүруге құқығы бар.
3. Қорықшылар бекітіп берілген аңшылық алқаптарында және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.»;
«58-бап. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.».
7-тармақ 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат):
1) 10-баптың 2-тармағында:
2) тармақша «жабдықтарының» деген сөзден кейін «, балық шаруашылығына арналған жабдықтардың және аулау құралдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) жасанды түрде балық өсіру және балық өнімін өңдеу;»;
2) 11-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнімінің сапасын арттыру;».
8. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж. № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат):
1) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету жүйесi
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету жүйесіне:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкілетті орган;
3) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар;
4) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді актілерімен айқындалған өздерінің құзыреті шегінде облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың өкілді органдары;
5) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді актілерімен айқындалған өздерінің құзыреті шегінде облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың атқарушы органдары;
6) табиғат қорғау ұйымдары;
7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар кіреді.»;
2) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
«6-1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқару
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқаруды:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган;
3) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар;
4) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді актілерімен айқындалған өздерінің құзыреті шегінде облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың өкілді және атқарушы органдары жүзеге асырады.»;
3) 7-бапта:
4) тармақша мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту тәртібін бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:
«6-2) уәкілетті органның ұсынысы бойынша жаратылыстану-ғылыми негіздемесіне берілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негізінде республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту;»;
7) тармақшадағы «ынтымақтастық жатады.» деген сөздер «ынтымақтастық;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;
4) 8-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту жөнінде ұсыныстар енгізу;»;
6) тармақшаның тоғызыншы абзацындағы «ережесін бекіту» деген сөздер «ережесін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы оныншы, он бірінші және он екінші абзацтармен толықтырылсын:
«республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату мен олардың аумақтарын қысқартудың жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің жобаларын әзірлеу тәртібін;
осы Заңның 43-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда, жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау ережесін;
осы Заңның 43-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда, жүзеге асырылатын балықтың жаппай қырылуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін бекіту;»;
19) тармақшадағы «әзірлеу және бекіту жатады.» деген сөздер «әзірлеу және бекіту;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
«20) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;
5) 9-бап мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
6) 17-баптың 2-тармағы «кезінде» деген сөзден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды және мемлекеттік қорық аймақтарын тарату кезінде» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 20-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Балық аулау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін не балық ресурстары және басқа да су жануарлары қорларының өсімін молайту үшін маңызы бар су обьектілерін және (немесе) учаскелерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына енгізу жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша әрі осы су объектілері және (немесе) учаскелері бекітіп берілген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін ескере отырып жүзеге асырылады.»;
8) 40-баптың 1-тармағында:
бірінші абзацындағы «аумағында» деген сөзден кейін «, осы Заңның 43-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшасындағы «мемлекеттік табиғи қорықтың күзет аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін арнайы бөлінген учаскелерде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен рұқсат етілетін, әуесқойлық балық аулауды қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;
9) мынадай мазмұндағы 43-1-баппен толықтырылсын:
«43-1-бап. Жекелеген мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет режимінің ерекшеліктері
1. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде биологиялық негіздеме негізінде арнайы бөлінген учаскелерде жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жол беріледі.
2. Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының су айдындарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде биологиялық негіздеме негізінде балықтың қырылуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізуге жол беріледі.»;
10) 69-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) зоологиялық мемлекеттік табиғи қаумалдарда - уәкілетті органның келісімімен жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша ғылыми-зерттеу, өсімін молайту және мелиорациялық мақсаттарда алып қою жағдайларын қоспағанда, жануарлардың қырылуын туғызған немесе туғызуы мүмкін басқа да әрекеттермен бірдей дәрежеде аң аулауға, кез келген тәсілдермен және құралдармен, балықтарды қоспағанда, жануарларды аулауға, өсімдіктер мен жануарлардың бөтен түрлерін интродукциялауға, ұяларды, індерді, апандарды және басқа да мекендеу орындарын бүлдіруге, жұмыртқа жинауға;»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Кешенді зоологиялық мемлекеттік табиғи қаумалдарда аң аулауға және балық аулауға мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің сақталуына қауіп төндірмейтін, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың мөлшерлі көлемінің биологиялық негіздемесіне мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган рұқсат етеді.»;
11) 83-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«83-бап. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.».
2-бап. Осы Заң, 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағын, 6-тармағының 8) тармақшасын және 7-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2010 жылғы қаңтардың 21-і.
№ 242-IV