24) жалпы жол берілетін ауланым - жылдық кәсіпшілік қорынан алып қоюдың ағымдағы жай-күйіне және осы қор үшін қабылданған пайдалану стратегиясына сәйкес келетін оның ғылыми негізделген мөлшері;
25) жануарлар - құрғақта, суда, атмосферада және топырақта табиғи еркіндік жағдайында болатын жабайы жануарлар (сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, моллюскалар, жәндіктер және тағы басқалары);
26) жануарлар дүниесі - Қазақстан Республикасының аумағын тұрақты немесе уақытша мекендейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтағы қайраңының және айрықша экономикалық аймағының табиғи ресурстарына жататын жануарлар жиынтығы;
27) жануарлар дүниесі объектілерін алып қою - жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың негізінде табиғи еркіндік жағдайында мекендейтін жануарларды мекендеу ортасынан айыру (ұстап алу, аулау, атып алу, жинау, соғып алу);
28) жануарлар дүниесі объектілерін жасанды өсіру - жануарлар дүниесі объектілерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру;
29) жануарлар дүниесін қорғау - жануарлар дүниесін, олар мекендейтін ортаны және биологиялық сан алуандықты сақтауға, жануарлар дүниесі объектілерін орнықты пайдалану мен өсімін молайтуға бағытталған қызмет, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар кешені;
30) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
31) жануарлар дүниесін орнықты пайдалану - жануарлар дүниесі объектілерін жануарлар дүниесінің түрлік сан алуандығының таусылуына әкеп соқпайтын және оның өсімін молайту мен қазіргі және келешек ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеті сақталатын тәсілдер арқылы пайдалану;
32) жануарлар дүниесін пайдалану - жануарлар дүниесінің объектілерін, олардың пайдалы қасиеттерін мекендеу ортасынан айырып немесе айырмай-ақ пайдалану;
33) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат - жеке және заңды тұлғаларға жануарлар дүниесін арнайы пайдалану құқығын беретін белгіленген нысандағы құжат;
34) жануарлар дүниесін пайдаланушылар - осы Заңға сәйкес жануарлар дүниесін пайдалану құқығы берілген жеке және заңды тұлғалар;
35) жануарлар дүниесі ұшырамай қалмайтын зиян - жануарлар дүниесіне немесе оның мекендеу ортасына табиғи-климаттық және антропогендік әсер ету салдарынан пайда болатын факторлардың қолайсыз әсерінен келтірілген және (немесе) келтірілетін, алдын алу шараларымен жойылмайтын қалдықты зиян;
36) жануарлар дүниесінің биологиялық сан алуандығы - жануарлар дүниесі объектілерінің бір түр шеңберіндегі, түрлер арасындағы сан алуандығы және экологиялық жүйелердің сан алуандығы;
37) жануарлар дүниесінің мекендеу ортасы - жануарлар дүниесінің объектілері табиғи еркіндік жағдайында мекендейтін табиғи орта;
38) жануарлар дүниесінің мекендеу ортасын қорғау - табиғи еркіндік жағдайында жануарлар дүниесі объектілерінің орнықты тіршілік ету және өсімін молайту шарттарын сақтауға немесе қалпына келтіруге бағытталған қызмет;
39) жануарлар дүниесі объектісі - жануарлардың дара нұсқасы немесе популяциясы;
40) жануарларды будандастыру - озық шаруашылық пайдалы белгілері немесе қасиеттері бар дара нұсқаларды алу мақсатында жануарлардың алуан түрлерінің немесе тұқымдарының дара нұсқаларын шағылыстыру;
41) жануарларды интродукциялау - жануарлар түрлері дара нұсқаларының ареалдардан (таралу саласынан) тысқары, бұл түрлер бұрын мекендемеген немесе өзінің шаруашылық маңызын жоғалтқан, олар үшін жаңа орындарға әдейі тарату немесе олардың кездейсоқ таралуы;
42) жерсіндіру - жануарлар дүниесі объектілерін олар бұрын мекендемеген немесе өзінің маңызын жоғалтқан мекендеу орындарындағы тіршілік ету жағдайларына бейімдеу;
43) жолдама - бекітіліп берілген аңшылық алқаптарға немесе балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне жануарлар дүниесі объектілерін алу мақсатында бару үшін жеке тұлғаға берілетін құжат;
44) зоологиялық коллекция - жануарлар дүниесі объектілері тұлыптарының, жұмыртқаларының, криоконсервіленген жыныс клеткаларының, препараттары мен бөліктерінің, оның ішінде жабайы жануарлар зоопарктерінің, зообақтардың, цирктердің, зоологиялық питомниктердің, аквариумдердің, океанариумдердің ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелік және эстетикалық құндылығы бар жинағы;
45) ихтиофауна - қандай да бір су айдынындағы немесе оның бөлігіндегі балықтар және дөңгелекауыздылар түрлерінің жиынтығы;
46) кәсіпшілік қоры - өз бетінше кәсіпшілік маңызы бар популяция немесе уақыт жағынан орнықты оның кеңістіктегі оқшауланған бөлігі;
47) кездейсоқ ауланым - рұқсаттамаларда көрсетілмеген балықтар мен басқа да су жануарлары түрлерінің дара нұсқалары және (немесе) белгіленген кәсіпшілік мөлшерден кішірек балық түсетін ауланымның бір бөлігі;
48) криоконсервіленген жыныс клеткалары - жануарлардың жыныс клеткаларының (гаметаларының), эмбриондары мен әртүрлі тіндерінің оларды одан әрі ұрпақ алу, геномдар бөлу мақсатында немесе басқа да ғылыми-зерттеулер үшін пайдалану мүмкіндігін беретін төмен температуралы жағдайда және өзге де консервациялау нысанында тұрған үлгілері;
49) қорықшы - бекітіліп берілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғауды жүзеге асыратын қорықшылық қызмет қызметкері;
50) қорықшы куәлігі - жеке тұлғаның қорықшы қызметі қызметкерінің функцияларын жүзеге асыру құқығын куәландыратын белгіленген нысандағы құжат;
51) қорықшылық қызмет - бекітіліп берілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғау функцияларын жүзеге асыратын аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің құрылымдық бөлімшесі;
52) өзен (теңіз, көл) бассейні - су айрықтарымен шектелген, олардан су өзенге (теңізге, көлге) ағып келетін жерүсті бетінің және топырақтың қалың қабатының бөлігі;
53) паспорттандыру - аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, алаңдарын, жай-күйін, жануарлар дүниесінің түр құрамын, ластану көздерін және өзге де сипаттамасын айқындауға мүмкіндік беретін олардың есебі;
54) рекреациалық балық аулау аймағы - әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен уәкілетті орган айқындайтын балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесінің және оған іргелес жағалау белдеуінің учаскесі;
55) сервитут - аңшылық және балық шаруашылығының қажеттері үшін бөгде біреудің жер учаскесі мен су объектісін, оның ішінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін шектеулі түрде мақсатты пайдалану құқығы;
56) су айдындарына балық жіберу - өз өсімін өзі молайтатын популяцияларды жасау, сирек кездесетін және құрып бара жатқан балықтардың түрлерін сақтау және (немесе) тауарлы өнім алу мақсатында су айдындарына және (немесе) учаскелеріне балық өсіру материалы мен балықтарды жіберу;
57) су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау - су айдындарының балық өнімділігін сақтауға және арттыруға, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының мекендеу және көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешені;
58) сүзу - жағалау аймағында, сол сияқты ашық су кеңістігінде де балық аулау мақсатында сүзетін аулау құралдарымен (жылымдармен) су айдындары акваториясының белгілі бір бөлігін сүзу жолымен жүзеге асырылатын кешенді процесс;
59) ұйық (ұйықтық учаске) - кәсіпшілік балық аулау мұқтажына арналып, бейімделген су айдынының және оған іргелес жағалау белдеуінің шектеулі су акваториясы бар өзен және өзге де ағынды су айдыны учаскесі;
60) шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру - аңшылық алқаптарын бекітіп беруге дейін жүргізілетін жануарлар дүниесі мен олар мекендейтін ортаның шекараларын белгілеу, алаңын есептеу, жай-күйін анықтау;
61) шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру - аңшылық алқаптарын түгендеу, сапасын бағалау, табиғи және экономикалық жағдайларын зерттеу, жануарларды есепке алу, олардың негізінде аңшылық шаруашылығын жүргізу жоспары әзірленетін биотехникалық және пайдалану іс-шараларын жобалау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы.»;
3) 3-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «уәкілетті орган айқындайтын» деген сөздер алып тасталсын;
4) мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-баптармен толықтырылсын:
«6-1-бап. Жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жүйесі
Жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жүйесіне:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкілетті орган;
3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар;
4) жергілікті мемлекеттік басқару органдары;
5) жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелер;
6) жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;
7) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдар;
8) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері кіреді.
6-2-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару органдары
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару органдарына Қазақстан Республикасының Үкіметі, оның аумақтық бөлімшелері бар ведомстволарын қоса алғанда, уәкілетті орган жатады.»;
) 8-бапта:
мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3), 7-1) және 8-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) тірі күйінде бекіре тұқымдас балықтарды, олардың ұрықтандырылған уылдырығын (будандастырылған түрлерін қоспағанда) Қазақстан Республикасынан тысқары шығару туралы шешім қабылдайды;
6-2) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардың түрлерін алып қою туралы шешім қабылдайды;
6-3) уәкілетті органның ұсынымы бойынша сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардың түрлерін интродукциялау мен будандастыру туралы шешім қабылдайды;»;
«7-1) жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квотаны бөлу тәртібін белгілейді;»;
«8-1) су айдындарын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу тәртібін бекітеді;»;
13) тармақша «және оларды басқа санаттарға ауыстырады» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 14-1), 14-2), 15-1) және 15-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) табиғи мекендеу ортасынан алып қойылған бекіре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын сатып алуға төлемақы белгілейді, оның мөлшері балық шаруашылығы субъектілерінің мүдделері ескеріле отырып анықталады;
14-2) табиғи мекендеу ортасынан алып қойылған бекіре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның өткізу тәртібін айқындайды;»;
«15-1) жануарларды интродукциялау мен будандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру тәртібін бекітеді;
15-2) жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережені бекітеді;»;
17) тармақша алып тасталсын;
23) тармақшадағы:
«және аумақтық органдардың» деген сөздер «орган мен аумақтық бөлімшелердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ұйымдардың» деген сөзден кейін «айырым белгілері бар» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
«25) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
6) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшелерінің және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының құзыретi
1. Уәкілетті орган:
1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
2) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі салалық (секторлық) бағдарламаларды әзірлейді;
3) тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, бекітеді;
4) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды толтыру мен берудің тәртібін бекітеді;
5) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтерді әзірлейді;
6) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, киіп жүру тәртібін және онымен қамтамасыз ету нормаларын бекітеді;
7) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындаудың әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
8) жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастрын жүргізеді;
9) бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) жергілікті маңызы бар учаскелердегі балық шаруашылығы субъектілеріне арналған квоталарды қоспағанда, бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөледі;
10) аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оны беру тәртібін айқындайды;
11) балық аулаудың кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименттік аулау тәртібімен) қолдануға арналған рұқсаттарды беру тәртібін белгілейді;
12) ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау тәртібін айқындайды;
13) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың арнайы құралдарды қолдану ережелерін бекітеді;
14) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгі ережені бекітеді;
15) жануарлар дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен туынды түрлерін, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерін әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру тәртібін айқындайды және рұқсаттар береді;
16) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындаудың тәртібін айқындайды;
17) балық аулауға және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгі нысанын белгілейді;
18) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгі нысанын бекітеді;
19) жолдаманың үлгі нысанын, сондай-ақ оны беру тәртібін бекітеді;
20) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жатқызуды қоспағанда, осы Заңның 3-бабы 1-тармақшасының 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерінің тізбелерін айқындайды және оларды бір санаттан екіншісіне ауыстырады;
21) қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін белгілейді;
22) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
23) Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізеді және басып шығаруды қамтамасыз етеді;
24) аңшылық шаруашылықтарының санаттарын айқындайды;
25) халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімдерін бекітеді;
26) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды және оның мониторингін жүргізеді;
27) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін интродукциялау, сондай-ақ жасанды түрде өсіру жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
28) аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
29) су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды айқындайды және оларды орнатуды келіседі;
30) аңшылық алқаптарының, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорын биологиялық-экономикалық тексеруді жүзеге асырады;
31) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттандыруды жүргізеді;
32) рекреациялық балық аулау аймағын белгілейді;
33) уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының тәртібін айқындайды;
34) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілейді, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашып, жабады;
35) жануарларды интродукциялау, су айдындарына балық жіберу, балықтардың жаңа түрлерін жерсіндіру, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау бойынша жұмыстар жүргізу тәртібін айқындайды;
36) сыртқы нарықта сату үшін бекіре тұқымдас балықтар түрлерінің уылдырығы маркасының нысанын бекітеді және оны ішкі нарықта сату маркасын беруді жүзеге асырады;
37) балық аулаудың кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименттік аулау ретінде) қолдануға арналған рұқсаттар береді;
38) бақылау үшін аулауды, интродукциялау мақсатында аулауды жүзеге асырады, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды жүзеге асырады;
39) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар береді;
40) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын анықтау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексереді;
41) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
42) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
43) жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар енгізеді;
44) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің жағалаулық шекараларын білдіретін белгілер мен аншлагтардың үлгілерін, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын белгілейді;
45) жануарлар үйірімен мекендейтін жерлерді периметрі бойынша олардың індері орналасқан жерлерге жиырма метр жақындап немесе оларды алдын ала басқа жерге көшірмей жыртуға келісім беруді жүзеге асырады;
46) ұшақтардың, тікұшақтардың және өзге де ұшу аппараттарының итбалықтар, тұяқты жабайы жануарлар мен топтасып ұшатын құстар жаппай мекендейтін аумақтардың үстінен бір километрден төмен биіктікте ұшып өтуіне келісім беруді жүзеге асырады;
47) сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін қоспағанда, жануарларды интродукциялау мен будандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсат береді;
48) балықтарды жерсіндіруге және су айдындарына балық жіберуге рұқсаттар береді;
49) балықтардың сөзсіз қырылуына әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілерін немесе олардың бөліктерін ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қауіпті болдырмау мүмкін болмаған жағдайларда ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;
50) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
51) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
52) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Аумақтық бөлімшелер өз қызметін уәкілетті орган белгілеген құзыреті шегінде жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдарының құзыреті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.»;
7) 10-баптың 2-тармағында:
2) тармақша «жөніндегі» деген сөзден кейін «өздеріне» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) жергілікті маңызы бар учаскелердегі балық шаруашылығы субъектілерінің арасында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бөледі.»;
8) тармақша 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:
«11-1-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия
1. Бекіре тұқымдас балықтарды табиғи мекендеу ортасынан алып қою, оларды сатып алу, олардың уылдырығын және өнімінің басқа да түрлерін өңдеу және экспорттау жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны мемлекеттік кәсіпорын ғана жүзеге асырады.
2. Өнімді мемлекеттік монополия субъектісінен сатып алған жеке және заңды тұлғалар оны одан әрі қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыруға құқылы.
3. Бекіре тұқымдас балықтар кездейсоқ ауланған жағдайда тіршілік етуге қабілетті дара нұсқалары - табиғи мекендеу ортасына жіберілуге, ал тіршілік етуге қабілетсіз (өлі) дара нұсқалары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін бағалармен өтемді негізде мемлекеттік монополия субъектісіне тапсырылуға тиіс.
4. Бекіре тұқымдас балықтарды жасанды түрде өсіру мақсатында өсімді молайту кешені мемлекеттік кәсіпорындарының, сондай-ақ ғылыми-зерттеу үшін аулау кезінде заңды тұлғалардың оларды табиғи мекендеу ортасынан алып қоюы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік монополия субъектісі өткізетін өнімнің бағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
9) 12-баптың 1-тармағында:
«әсер ететін» деген сөздер «әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін болатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«келтірілген зиянды» деген сөздер «келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 13-баптың 7) тармақшасына орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
11) 14-бапта:
3-тармақта:
3) тармақшасы «жануарлардың» деген сөздің алдынан «уәкілетті органның рұқсатынсыз» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшасындағы «моторын» деген сөз «двигательдерін» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақшасы «аппараттарының» деген сөзден кейін «итбалықтар,» деген сөзбен толықтырылсын;
7) тармақшасы «түрлерін» деген сөзден кейін «, олардың жұмыртқаларын» деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақшадағы «алуға тыйым салынады.» деген сөздер «алуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) балық қыстайтын шұңқырлардың, уылдырық шашатын жерлердің, балық шаруашылығы учаскелерінің және балық аулауға тыйым салынған жерлердің шекараларын белгілейтін бағандарды, жүзбелі таным белгілерін және аншлагтарды жоюға немесе бүлдіруге тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Жануарлар дүниесі объектілерін сақтау мақсатында шектеулер мен тыйым салулар жануарлардың мекендеу ортасы ареалдарының (таралу облыстарының) географиялық, климаттық ерекшеліктері ескеріле отырып енгізіледі.»;
12) 15-баптың 3-тармағы «түрлерін» деген сөзден кейін «, оның ішінде олардың жұмыртқалары мен уылдырықтарын» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 17-баптың 2-тармағы «құрылыстарын» деген сөзден кейін «пайдалану,» деген сөзбен толықтырылсын;