14) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жануарлар дүниесін қорғау
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жануарлар дүниесін қорғау Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
15) 19-бапта:
2-тармағындағы «мемлекеттік бюджеттің қаражаты» деген сөздер «бюджет қаражаты» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«І және II қосымшаларына енгізілген жануарлар түрлері» деген сөздер «І қосымшасына түрлері енгізілген жануарлар,» деген сөздермен ауыстырылсын;
«еріксіз жағдайларда» деген сөздер «еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1, 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның II қосымшасына енгізілген, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызылған, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсірілген жануарлар түрлері әкімшілік органында тіркелген жағдайларда ғана саудалау нысанасы бола алады.»;
«5. Қазақстан Республикасында ішкі және сыртқы рынокта сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын бірыңғай таңбалау жүйесі белгіленеді.
Бекіре тұқымдас балықтардың таңбаланбаған уылдырығын өткізуге жол берілмейді.
6. Тірі күйінде бекіре тұқымдас балықтарды, олардың ұрықтандырылған уылдырығын (будандастырылған түрлерін қоспағанда) Қазақстан Республикасынан тысқары шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.»;
16) 20-бапта:
тақырыбындағы «Жабайы жануарларды» деген сөздер «Жануарларды» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «жануарлар түрлерін» деген сөздер «жануарларды» деген сөзбен ауыстырылсын;
17) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
«20-1-бап. Балықтарды жерсіндіру және су айдындарына балықтар жіберу
1. Балықтарды жерсіндіру және су айдындарына балықтар жіберу мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған биологиялық негіздеменің негізінде берілген уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүргізіледі.
2. Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесінің биологиялық сан алуандығын сақтау мақсатында Қазақстан су айдындарының ихтиофаунасы үшін бөтен балықтар түрлерімен жерсіндіру жүргізуге тыйым салынады.»;
18) 21-бапта:
1-тармақтағы «тоғандарында» деген сөз «айдындарында» деген сөзбен, «аңшылық шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдары» деген сөздер «аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «Дүлей» деген сөз «Қырылу қаупі бар су айдындарынан және (немесе) учаскелерінен балық аулауды қоспағанда, дүлей» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Балықтардың сөзсіз қырылуына әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілерін немесе оның бөліктерін ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қауіпті болдырмау мүмкін болмаған жағдайларда уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдауға құқылы.
4. Балықтың жаппай қырылуы анықталған кезде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын құтқару жөніндегі барлық шаралар, оның ішінде балықтарды мелиорациялық аулау да қолданылуға тиіс.»;
19) 22-бапта:
1-тармақта:
5) тармақша «нормативтерді» деген сөзден кейін «және ғылыми ұсынымдар әзірлемелерін» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшадағы «әзірлеу мақсатында жүзеге асырылады.» деген сөздер «әзірлеу» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алу және оның кадастры, балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп бергенге дейін жүргізілетін балық шаруашылығын ұйымдастыру мақсатында жүзеге асырылады.»;
2-тармақтағы «мемлекеттік бюджеттің қаражаты» деген сөздер «бюджет қаражаты» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «су тоғандарындағы (учаскелеріндегі)» деген сөздер «жергілікті маңызы бар су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 24-баптың 2) тармақшасындағы «сүтқоректілерін» деген сөз «сүтқоректілерін алып қоюды» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Жануарлар дүниесін пайдалану мерзімдерi
1. Жануарлар дүниесін жалпы пайдалану үшін пайдалану мерзімдері белгіленбейді.
2. Жануарлар дүниесін арнайы пайдалану үшін:
1) аңшылық шаруашылығын жүргізу кезінде - он жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі;
2) балық шаруашылығын жүргізу кезінде - бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі, ал қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде - бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімдер белгіленеді.
Көрсетілген мерзімдер биологиялық-экономикалық тексерудің, аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беруге арналған конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарының, аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарларының негізінде конкурстық комиссия айқындайтын аңшылық алқаптарды, балық шаруашылығы және қырылу қаупі бар су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру кезеңіне қарай белгіленеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде тізбеленбеген жануарлар дүниесін пайдалану түрлеріне арналған жануарлар дүниесін пайдалану мерзімдері бір жылдан аспайды.»;
22) 26-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Рұқсат беруден:
1) өтінімде көрсетілген мәліметтерді толық көлемде бермеген;
2) өтінімде көрсетілген мәліметтер дұрыс болмаған;
3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы болған не ол болмаған жағдайларда бас тартылуы мүмкін.»;
23) 27-бапта:
1-тармағының 5) тармақшасындағы «жануарлар дүниесі объектілерін» деген сөздер «жануарлар дүниесін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) балық шаруашылығын ұйымдастыруды жүргізуге;»;
10) тармақшадағы «жасамауға міндетті.» деген сөздер «жасамауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) мыналарды жүзеге асыру үшін:
бақылау үшін аулауды - уәкілетті органға;
ғылыми-зерттеу үшін аулауды - жеке және заңды тұлғаларға;
әуесқойлық (спорттық) аулауды - жеке адамдарға сервитут беруге;
12) уәкілетті органмен келісім бойынша биологиялық негіздеменің негізінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде балық шаруашылық мелиорациясын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорының деректерін жыл сайын түзетуді жүргізуге;
13) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің жағалау шекараларын белгілермен және аншлагтармен белгілеуге;
14) әрбір балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде, кемеде (балық аулайтын және көліктік), қабылдау пунктінде, бригадада немесе звенода балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналын (кәсіпшілік журналын) жүргізуге және уәкілетті органның лауазымды адамдарының талабы бойынша оны ұсынуға;
15) жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан барлық шарттарын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органда тіркеуге, оларды бұзу туралы ақпаратты табыс етуге;
16) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде, оған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, уәкілетті орган бекіткен нысандарға сәйкес берілген жолқұжаттар туралы мәліметтер беруге міндетті.»;
24) 29-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жануарларды алып қою квотасы - аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері үшін, сондай-ақ әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында ғылыми-зерттеу үшін аулауды, бақылау үшін, мелиорациялық, эксперименттік аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган белгілі бір мерзімге белгілеген жануарларды алып қою лимитінің бөлігі.
Балықтың жаппай қырылуына қарсы іс-шара ретінде жүзеге асырылатын мелиорациялық аулау жолымен алып қойылған балықтың көлемі балық аулап алудың жалпы лимитіне кірмейді.»;
25) 33-баптың 2-тармағындағы «аң шаруашылығы ұйымымен» деген сөздер «аңшылық шаруашылығы субъектісімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 34, 35 және 37-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«34-бап. Балық аулау түрлері
1. Балық аулау мынадай түрлерге бөлінеді:
1) кәсіпшілік балық аулау;
2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
3) ғылыми-зерттеу үшін аулау;
4) бақылау үшін аулау;
5) мелиорациялық аулау;
6) өсімін молайту мақсатында аулау;
7) эксперименттік аулау.
2. Кәсіпшілік балық аулау - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын бір мезгілде көп мөлшерде аулауға мүмкіндік беретін және (немесе) су айдынының (кәсіпшілік аулау құралдарымен) бір бөлігін қамтитын, бөліп тұратын аулау құралдарымен мекендеу ортасынан балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюды қамтамасыз ететін кешенді процесс.
Кәсіпшілік балық аулау кәсіпкерлік қызмет мақсатында жүзеге асырылады.
Кәсіпшілік балық аулау жағалауда және теңізде аулау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Жағалауда аулау - бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жүзеге асырылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Теңізде аулау - бекітіліп берілген учаскелер шегінен тыс су айдындарының (теңіздердің, көлдердің) ашық бөлігінде жүзеге асырылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Уәкілетті орган белгілеген рекреациялық балық аулау аймақтарында кәсіпшілік балық аулауға жол берілмейді.
3. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау - бір-бірлеп аулауға ғана (кәсіпшілік емес аулау құралдары) мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүзеге асырылатын, спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстарды өткізу мақсатында, сондай-ақ аулап алынған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Әуесқойлық (спорттық) балық аулау ауланған балықты кейіннен тірі күйінде табиғи мекендеу ортасына қайтадан жіберумен жүзеге асырылуы мүмкін.
4. Ғылыми-зерттеу үшін аулау - жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Ғылыми-зерттеу үшін аулау кез-келген уақытта және жануарлар дүниесін пайдалануға уәкілетті орган берген рұқсаттар негізінде бүкіл су айдындарында кез-келген аулау құралдарымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Ғылыми-зерттеу үшін аулау көлемін уәкілетті орган, балық шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу қызметінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес, тиісті ғылыми ұйымның әрбір ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша аулау квотасының шамасын негіздеуі негізінде белгілейді.
Жануарларды аулау лимитінен тыс ғылыми-зерттеу үшін аулауға бұрын жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жүргізілмеген су айдындарында жол беріледі.
5. Бақылау үшін аулау - ихтиофаунаның жай-күйін бақылау, балық ресурстарын және басқа да су жануарларының өсімін молайту тиімділігін, шабақтардың өнімділігін, су айдындарының балық өнімділігін айқындау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
6. Мелиорациялық аулау - жаппай аулауды, арзан бағаланатын балықтар түрлерін аулауды, қырылу қаупі бар су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі аулауды қоса алғанда, су айдындарының балық өнімділігін арттыруға, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтауға және олардың мекендеу әрі көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Жаппай аулау - су айдынындағы балық ресурстарының және басқа да су жануарларының бүкіл кәсіпшілік қорын алып қою немесе балықтардың жеке түрлерінің кәсіпшілік қорын немесе экологиялық тобын алып қою. Жаппай аулау мелиорациялық аулау ретінде және ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін қолданылуы мүмкін.
7. Өсімін молайту мақсатында аулау - балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсімін молайту мақсатында оларды аулау.
8. Эксперименттік аулау - балық аулау құралдары мен тәсілдерінің жаңа түрлерінің тиімділігін зерделеу мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
9. Балық аулауды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен балық аулау ережелерінде айқындалады.
35-бап. Балық аулау құқығы
1. Кәсіпшілік балық аулау құқығы жеке және заңды тұлғаларға:
1) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты;
2) уәкілетті органмен балық аулауға жасасқан шарты болған кезде беріледі.
2. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау, ғылыми-зерттеу үшін аулау, мелиорациялық және эксперименттік аулау, сондай-ақ өсімін молайту мақсатындағы аулау құқығы жеке және заңды тұлғаларға жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты немесе жолдамасы болған кезде беріледі.
3. Бақылау үшін аулауды уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
«37-бап. Аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу құқығын беру
1. Аңшылық шаруашылығын, сондай-ақ су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіп беріле отырып, балық шаруашылығын жүргізу құқығы Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы уәкілетті органмен келісілген шешімінің, уәкілетті орган мен жануарлар дүниесін пайдаланушы арасында жасалатын аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу шартының негізінде беріледі.
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп берусіз балық шаруашылығын жүргізуді Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары және шетелдік заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2. Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері жануарлар дүниесі объектілерін квота шегінде алып қою құқығын жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алған сәттен бастап, ал басқа жеке және заңды тұлғалар - аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінен жолдама алғаннан кейін немесе солармен аң аулау немесе балық аулау шартын жасасқаннан кейін алады.
3. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілеріне бекітіп беру мерзімі өткен кезде олардың осы аумақтар мен акваторияларды қайта бекітіп алуына басымдығы болады.»;
27) 38-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сулы-батпақты алқаптар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген белгілерге сәйкес келген жағдайда аңшылық алқаптар құрамына енгізілуі мүмкін.»;
5-тармақтың 5) тармақшасындағы «аңшылық шаруашылығы ұйымдарымен» деген сөздер «аңшылық шаруашылығы субъектісімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 39-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау, өсіру және көбейту үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін не олардың қорларының өсімін молайту үшін маңызы бар су айдындары не олардың бөліктері (өзендер және оларға теңестірілген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа да ішкі су айдындары, аумақтық сулар), сондай-ақ теңіз сулары.
Сулы-батпақты алқаптар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген белгілерге олар сәйкес келген жағдайда балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің құрамына енгізілуі мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері биологиялық негіздемесі болған кезде акваөсіру мақсаттары үшін пайдаланылуы мүмкін.
Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі балық шаруашылығын жүргізу ережелеріне сәйкес ихтиофаунаның толығымен немесе ішінара ауысуымен балық өсіру мақсатында пайдаланылуы мүмкін.»;
4-тармақта:
3) тармақшада:
«балық аулау кәсіпшілігі» деген сөздер «балық шаруашылығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ұйықтар» деген сөзден кейін «(ұйықтық учаскелер)» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшадағы «ойылған жерден» деген сөздер - «жүзу құралдарынан және балық аулау құралдарынан» деген сөздермен, «балық пен балық аулау құралдарын» деген сөздер «балықты» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) мұз қатқан кезеңде балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне уәкілетті органның келісімінсіз көлік және өзге де механикалық жылжымалы құралдармен баруға;»;
мынадай мазмұндағы 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) жеке және заңды тұлғаларға түрін көрсетпестен немесе «басқа» және «майда» деген атаумен тапсыруды және қабылдауды жүзеге асыруға;
10) екі және одан да көп аумен (құлыптаудағы) сүзуді бір мезгілде жүргізуге, сондай-ақ алдыңғы ауды жағалауға толық лақтырғанға дейін ауды сүзуді бастауға;
11) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған жерлерде уәкілетті органмен келісусіз двигательдері қосылған су көлігінің барлық түрлерінің жүруіне тыйым салынады.»;
5-тармақта:
7) тармақшадағы «жағдайларында балық аулауға тыйым салынады.» деген сөздер «жағдайларында;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) балық аулау ережелерімен, шектеулермен және тыйымдармен жол берілмейтін тәсілдермен;
9) уәкілетті органның рұқсатынсыз балық аулаудың жаңа түрлері мен тәсілдерін қолданумен, сондай-ақ ұясы рұқсаттарда көзделгендерден кем мөлшердегі аулау құралдарымен;
10) аулау құралдары өзеннің немесе өзен тармағы енінің үштен екіден астамын қамтып;
11) құрмалы аулау құралдарын шахматтық тәртіппен, вентерлер мен секреттерді өзендер мен бастаулардың, құятын каналдардың сағасынан бес жүз метр радиуста орнатумен;
12) кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыру кезінде бөгеттерден, шлюздер мен көпірлерден бес жүз метрден жақын қашықтықта;
13) балық ресурстары және басқа да су жануарлары шоғырланған жерлерде және өрістеу жолдарында олардың көбейетін кезінде;
14) жарылғыш және уландыратын заттарды, сондай-ақ атыс қаруын пайдаланумен;
15) уәкілетті органның рұқсатынсыз кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат берілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолданумен балық аулауға тыйым салынады.»;
29) мынадай мазмұндағы 39-1-баппен толықтырылсын:
«39-1-бап. Сулы-батпақты алқаптар
1. Сулы-батпақты алқаптар - табиғи (тереңдігі судың қайтуы кезінде алты метрден аспайтын теңіз суларын қоспағанда) және сирек кездесетіндерін әрі құрып кету қаупі төнгендерін қоса алғанда, су маңындағы жануарлар түрлерінің жаппай мекендейтін, ұя салатын, өсімін молайтатын орны болып табылатын жасанды акваторийлер.
2. Сулы-батпақты алқаптар маңызы бойынша халықаралық және республикалық болып бөлінеді.
3. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізіміне енгізілген алқаптар жатады.
4. Республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізіміне енгізілген барлық қалған алқаптар жатады.
5. Сулы-батпақты алқаптарда, сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін қоса алғанда, жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту жөніндегі шаралар көзделеді.
6. Сулы-батпақты алқаптарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган даму жоспарын бекітеді.»;
30) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«40-бап. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру тәртібi
1. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері конкурс қорытындысы бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен бассейндік принцип ескеріле отырып, бекітіп беріледі.
Конкурсты конкурс өткізу ережелеріне сәйкес құрылған, құрамына уәкілетті органның, облыстың жергілікті атқарушы органының және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері енгізілетін комиссия өткізеді. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда конкурсты Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын комиссия өткізеді.
Конкурсқа шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру мен паспорттандыру, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын биологиялық-экономикалық тексеру негізінде аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізуге перспективті деп танылатын резервтік қордың аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері қойылады.
Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерінде толығымен орналасқан аңшылық алқаптар, сондай-ақ жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері олар белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда олардың өтінімі бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен конкурс өткізілмей-ақ және уәкілетті органның ұсынымынсыз соларға бекітіп беріледі.
Бекітіп беру мерзімі өткен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда олар бұрын бекітіп берілген адамдардың өтінімі бойынша конкурс өткізілмей-ақ және уәкілетті органның ұсынымынсыз қайта бекітіп беріледі.
Жергілікті маңызы бар, қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіп берілген адамдар қабылдаған шаралардың нәтижесінде байланысты қырылу қаупі белгілерін жоғалтса, олар біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда бекітіп берілу мерзімі өткен соң олардың өтінімі бойынша конкурс өткізілмей-ақ және уәкілетті органның ұсынымынсыз бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге қайта бекітіп беріледі.
Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері, ұйықтар (ұйықтық учаскелер) мемлекеттік тапсырыс шеңберінде өсімін молайту мақсаттары үшін уәкілетті органның ұсынымы бойынша конкурстан тыс негізде қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге өсімін молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарына бекітіп берілуі мүмкін.
2. Бекітіп беру:
1) аңшылық алқаптар үшін аңшылық шаруашылығын жүргізу мақсатында - он жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі;
2) балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін балық шаруашылығын жүргізу мақсатында - бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі;
3) жергілікті маңызы бар, қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері үшін балық шаруашылығын жүргізу мақсатында - бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімді құрайды.
3. Бұрын ұйымдастырылған аңшылық және балық шаруашылықтары шекараларындағы аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері қосымша шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыруды және балық шаруашылығын ұйымдастыруды өткізбей-ақ - алдыңғы тексерулер материалдарының негізінде қайта бекітіп беріледі.
4. Жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы мүдделі жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері аумағына немесе акваториясына кіретін учаскелерде аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу және аң аулау мен балық аулауды жүзеге асыру мақсаттарында сервитут беруді қамтамасыз етуге міндетті.»;
31) 45-бапта:
3) тармақшадағы «бұзылуы болуы мүмкін.» деген сөздер «бұзылуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) балықтардың жаппай қырылуына әкеп соғуы мүмкін су айдындарының және (немесе) учаскелерінің гидрохимиялық және өзге де режимдерінің бұзылу қаупінің туындауы болуы мүмкін.»;
32) 47-бапта:
1-тармақта:
«молайту және» деген сөздерден кейін «орнықты» деген сөзбен толықтырылсын;
«мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен» деген сөздер «бюджет қаражаты есебінен» деген сөздермен, «заңдарына» деген сөз «заңнамасына» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«қорғау және өсімін молайту жөніндегі» деген сөздер «қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«аңшылық шаруашылығы мен балық шаруашылығы ұйымдарының» деген сөздер «аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта «қорғау және өсімін молайту жөніндегі» деген сөздер «қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 49-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы «органдары» деген сөз «бөлімшелері» деген сөзбен ауыстырылсын;
34) 50-баптың 5) тармақшасындағы «аңшы куәлігі» деген сөздер «аңшы және (немесе) балықшы куәлігі, аңшылық және (немесе) балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт, аң аулауға және (немесе) балық аулауға арналған шарт» деген сөздермен ауыстырылсын;