Конвенцияның атқарушы хатшысы биоматериалдарды тапсыру тәртібі бойынша «Бонн уағдаласулары» құжатын, «Зияткерлік меншікке, генетикалық ресурстарға қол жеткізу және пайданы бөлісу жөніндегі шарттық - келісімдерге қатысты, баптарына қатысты басшылық принциптер» атты құжатын дайындаған. 3-ші отырысқа (2002 ж.) «Қолданылып жүрген шарттық - келісімдер бойынша Зияткерлік меншікке, генетикалық ресурстарға қол жеткізуге және пайданы бөлісуге қатысты дерекқор құрылымы» (БД) әзірленді. Табиғаттың жойылып бара жатқан объектілерін сақтап қалу үшін зияткерлік меншік жүйесін пайдалану және оның компоненттерін тұрақты пайдалану жөнінде шұғыл шаралар, мысалы, биоматериалды сақтау және оны ғылыми әрі шаруашылық қызметте, соның ішінде коммерциялық пайдалануда ұтымды пайдалану үшін генетикалық ресурстар банкін жасау қажет.
ДЗМҰ осы бағытта алғашқы қадам жасады, SCBD, UNESCO, МСОП-пен және т.б. бірлесіп Зияткерлік меншік, генетикалық ресурстар, дәстүрлі білімдер және фольклор бойынша үкіметаралық комитет құрды және генетикалық ресурстарды құқықтық қорғау үшін зияткерлік меншікті пайдалану саласында басымдықтарды белгіледі. ДЗМҰ Комитеті сессияларының белсенді мүшесі бола отырып, Қазақстан зияткерлік меншік құқықтары мен биологиялық түрліліктің арасында өзара іс-қимыл жасау мәселелерін шешуі қажет.
Азық-түлік, ауыл шаруашылығы, биологиялық түрлілік саласындағы генетикалық ресурстар, дәстүрлі білімдер бойынша жүйелендірілген мәліметтер базасының жоқтығы көрсетілген объектілердің техника деңгейіне кірмеуіне әкеп соғады, ал ол Қазақстан халықтарының дәстүрлі білім иегерлері мен сақтаушыларының құқықтарын да бұзуға әкеп соғуы мүмкін.
Генетикалық ресурстарды, дәстүрлі білімдерді және халық шығармашылығын каталогқа енгізу, тізілімдер мен дерекқорларды құру бірінші кезектегі міндет болып табылады. Дәстүрлі білімдерді құқықтық қорғауға арналған зияткерлік меншік жүйесін пайдалану принциптерін әзірлеу, көрсетілген саладағы құқықтық қатынастардың субъектілік құрамын белгілеу қажет.
3. Патенттік-ақпараттық қамтамасыз ету
Кез келген мемлекеттің патенттік жүйесінің табысты әрекет етуінің міндетті шарты осы жүйемен қамтылатын барлық субъектілерді ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады: мемлекеттік сарапшыларды - сараптамалық жұмыстарды қамтамасыз ету үшін; ғылыми-техникалық жаңалық жасаушыларды - бұрыннан белгілі ғылыми-техникалық шешімдердің қайталануын болдырмау үшін; патент иеленушілер мен олардың оппоненттерін, апелляциялық және сот инстанцияларын - өнеркәсіптік меншіктің қайсы бір объектісіне қатысты әрекеттенуді ұсыну, дауласу және қорғау үшін; кәсіпкерлерді өз өңдемелерінің мақсаттылығы туралы шешім қабылдау үшін немесе бұрыннан жасалған өнертабыстарға лицензия алу үшін, бәсекелестік сайыста қорғау шараларын жүзеге асыру үшін немесе, керісінше - бірлесіп кәсіпкерлікпен айналысуға әріптестерді іздеу үшін және т.б.
Осындай қамтамасыз ету айтарлықтай ұлттық патенттік-ақпараттық ресурстардың болуын болжайды, оларды құруда негізгі рөлді кез келген мемлекетте патенттік ведомство атқарады.
Ақпараттық ресурстардың құрылымы мен құрамы олардың мақсатымен және олардың негізінде шешілетін мынадай мәселелермен белгіленеді:
- өнеркәсіптік меншік объектілеріне сараптама жасау мақсатында әлемдік ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету;
- Қазақстанның барлық аймақтарында патенттік-ақпараттық
ресурстарды көпшілік алдында пайдалану үшін қолайлы жағдай жасау;
- мемлекеттің индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру саласындағы мемлекеттік саясаттың мүддесінде сұраныстарды орындау;
- барлық мүдделі тұлғаларға қызмет көрсету;
Өнеркәсіптік меншік объектілерінің толыққанды сараптамасын жүргізуге мүмкіндік беретін алға қойылған мақсаттың ойдағыдай шешілуі үшін патенттік ведомство үшін патенттік-ақпараттық ресурстардың сараптамалық қорын құру қажет. Патенттік ведомствоның патенттік-ақпараттық сараптамалық қоры жүйелендірілген және ақпараттық-іздеу аппаратымен (бұдан әрі - АІА) жабдықталған өнеркәсіптік меншік объектілеріне жатқызылған (өнертабыстар, пайдалы модельдер, селекциялық жетістіктер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары) және патенттік құжаттамаларды, патенттік-біріктірілетін, патенттік-құқықтық, нормативтік-әдістемелік, ғылыми-техникалық және анықтамалық әдебиетті қамтитын ақпарат көздерінің жиынтығы болып табылады. Әлемде қалыптасқан тәжірибе әлемдегі басым елдердің патенттік қорлары патенттік ведомстволардың құрылымды бөлімшелері болып табылатындығын куәландырады. Мысал ретінде Ресейді, АҚШ-ты, Қырғызстанды, Украинаны, Беларусьты, Канаданы, Францияны, Израильді және т.б. атауға болады.
Патенттік ведомствоның патенттік-ақпараттық сараптамалық қорын құру және оны тиімді пайдалану патенттік-ақпараттық қорды жинақтауға, шетелдік патенттік дерекқорларға қол жеткізуді ұйымдастыруға, патенттік құжаттардың рефераттарының отандық қорын қазақ және ағылшын тілдеріне аудару жұмыстарын жүргізуге, ұлттық патенттік құжаттардың дерекқорын құру үшін патенттік құжаттардың әлемдік жазба стандартын қолдануға, патенттік ақпараттардың көлемін ұлғайтуға бағытталған шаралар кешенін өткізуді болжайды.
Бүгінгі күнде ұлттық патенттік ведомствоның патенттік құжаттар қоры 3 халықаралық ұйымдардың және 4 өнеркәсібі дамыған елдердің 8 миллионға жуық патенттерін құрайды, бұл жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешу үшін қажетті құжаттардың аздаған бөлігі ғана. Атап айтқанда, патентті қор өнертабыстарға сараптама жасау кезінде ақпараттық іздестіру жүргізу үшін негізгі іздестіру құралы болып табылады, бұл қордың құрамы Патенттік кооперация туралы Нұсқаулықпен реттеледі. Осы қор айтарлықтай тереңдігімен кем дегенде әлемнің 11 елдерінің және 3 халықаралық ұйымдардың құжаттарын сақтауы қажет.
Өнеркәсіптік меншік объектілеріне сараптама жасауды ақпараттық қамтамасыз ету сапасы мен деңгейі ғана емес, патенттік ақпарат негізінде болжаудың деңгейі мен сапасы да патенттік - ақпараттық қордың толықтығына және оны пайдаланудың тиімділігіне байланысты. Еуропада жыл сайын компаниялар артық НИОКР-ға жұмсайтыны есептелген, егер жұмыс басталмай тұрып тиісті патенттік іздестіру жүргізілсе, ондай жағдай болмауы мүмкін еді.
Дүниежүзілік тәжірибеден белгілі болғандай, кез-келген ведомствоның қызметі эксперттік жұмыспен шектелмейді. Бұл құрылымдар патенттік ақпаратты барлық мүдделі тұтынушыларға, жеткізуге ықпалын тигізуге міндетті. Сондықтан, патенттік-ақпараттық қордың әрі қарай дамуы жоғарыда аталған басқа да міндеттерді орындауға бағытталуы қажет.
4. Зияткерлік меншік нарығын дамыту
Нарықтық экономика жағдайында зияткерлік меншік объектісі оны құруға және оған қорғау құжатын алуға байланысты туындайтын осы объектіге қатысты айрықша құқықтарды іске асыру мақсатында құрылады. Айрықша құқықтардың маңызды бөлігі әртүрлі шарттардың негізінде жүзеге асырылады. Зияткерлік меншіктің лицензиялық сауда-саттығының әлемдік нарығын дамыту және оның көлемінің өсуі тиісті институционалдық шара қабылдауды талап етеді.
4.1. Өнеркәсіптік меншік объектілерін шетелде патенттеу
Өнеркәсіптік меншік объектілерін шетелде патенттеу тауарлардың экспортын және лицензияларды шетелдерде сатуды құқықтық қамтамасыз етудің негізі болып табылады. Шетелде құқықтық қорғау патент берген елде ұқсас өнімнің рұқсатсыз өндірілуіне кедергі келтіреді, бәсекелестерге техниканың белгілі бір саласында ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізуге қиындық тудырады. Шетелдік патенттеу, әдетте, эксперт өнімдерін қорғау мақсатында жүзеге асырылады. Сонымен бірге, экспорт өнімдерін немесе қызметтерді патенттермен, сондай-ақ осы өнімді немесе қызметтерді белгілейтін тауар таңбалармен де қорғауды қамтамасыз етіп кешенді қорғауды жүзеге асыру қажет. Сондай-ақ өнімнің сатылуын қамтамасыз етуге, патенттелген өнімді шығару құқығын алуға және оны жүзеге асыруға лицензия жасауға бағытталған келісімдерді жасауға ынталандырады.
Мысалы, ресейлік өтінім берушілер өздерінің әзірмелерін әлемнің елу елінде патенттейді және Австралия мен АҚШ неғұрлым белсенді түрде патенттейді. Тұтастай алғанда, алдыңғы қатарлы шетелдерде ұлттық патенттік ведомствоға берілетін барлық өтінімдер саны (сонымен қатар шетелдік өтінім берушілерден де) шетелдерде берілетін өтінімдер санынан не мейлінше жоғары (Түркиядан - 17 есе, Венгриядан - 4,5 есе, Австралиядан - 4 есе, Кореядан - 3 есе) не шетелдерде (Ресейден, Жапониядан, Италиядан, Швециядан) берілетін өтінімдер санымен салыстырымды немесе шетелдік өтінімдер санынан мейлінше аз (АҚШ - 8 есе, Германиядан - 3,6 есе, Ұлыбританиядан - 3 есе, Франциядан - 2 есе).
Жоғарыда көрсетілген деректер тиісті елдерде қолданылатын зияткерлік меншікті экономиканың активтеріне айналдыруға бағытталған патенттік стратегияларды сипаттайды.
Мысалы, бірінші топтағы елдер объектіні рынокқа шығармастан бұрын жаңа өнімге монопольді құқықтарды өз елінде алу арқылы бәсекелестіктен қорғау стратегиясын белсенділікпен қолданады. Үшінші топтағы елдер сол елдердің зерттеушілерін объектіні пайдалануды жалғастыруға немесе пайдалануға құқық иеленушілерден пайдалануға лицензияларды алуға мәжбүрлей отырып, өздерінің патенттерімен басқа елдердің нарығына белсенді енумен шабуыл стратегиясын жүргізеді.
Өтінім берушілердің дамыған елдердің (АҚШ, ЕПВ) ведомстволарына жіберілген өтініштер саны дүниежүзілік нарықтағы инновацияларға қабілеттілік көрсеткіші болып табылады және ғылыми құрастырулар мен ғылымды көп қажет ететін тауарды қорғау қажеттілігімен белгіленеді.
Патенттік жүйе ел экономикасының жағдайын көрсетеді. Өнеркәсіптік меншік саласындағы заңнама экономика талаптарына сәйкес жетілдіріледі. Тиісінше, патенттік жүйе қызметінің белсенділік көрсеткіштері экономика жағдайының индикатор болып табылады. Патенттік жүйенің жағдайы және оның экономикамен, дамыған елдердің зияткерлік меншігінің белгілі концепцияларымен арақатынасы болжау концепцияларында бағдар болуы мүмкін. Патенттік белсенділігі ең жоғарғы және экономикасы дамыған елдер АҚШ, Жапония осының барынша айқын үлгісі болып табылады.
Зияткерлік меншіктің қоғам өміріндегі өспелі рөлі әлемдік үрдіс болып табылады. Индустриялдық дамыған елдердің экономикалық, техникалық прогресі зияткерлік жетістіктерде негізделген. Ең қуатты патенттік әлеуеті бар ел Жапонияда - зияткерлік меншікті саласындағы ғаламдық реформалар басталды. 2002 жылы онда Зияткерлік меншік жөніндегі стратегиялық кеңес құрылды, Жапонияны «зияткерлік меншікке негізделген ұлтқа» айналдыру мақсатында, зияткерлік меншікті қорғау саласындағы саясатын келешек жоспарын құрастырды. Жапонияда динамикалық экономика және қоғамның денсаулығы зияткерлік меншікті стратегиялық тұрғыдан жасау, қорғау және пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі деп саналады. Зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі стратегиялық бағдарламаны жасау жөніндегі шаралар Жапонияда оны «зияткерлік меншікке негізделген ұлтқа» айналдырудағы алғашқы қадам ретінде қарастырылып отыр, бұл өнертабыстар мен шығармашылыққа, «құнды ақпаратты өндіруге» назар аударатын ұлттық басқарудың құрылуын білдіреді. Бұл ұлттық саясаттың мәнін құрайды.
Қазақстан Республикасында шетелдік патенттеудің деңгейі ұлттық патенттік ведомствоға берілетін өтінімдердің жалпы санының кем дегенде 1 %-ын құрайды. Ондай жағдай ғылымды көп қажет ететін отандық өнімдер мен жоғары технологиялардың қалыптасып келе жатқан экспорты үшін айтарлықтай қауіп төндіреді.
Осыған байланысты шетелдік және әлемдік нарықтардағы, сонымен қатар отандық құқық иеленушілердің мемлекеттік бюджет есебінен немесе оның қаражатын пайдалана отырып жасалған зияткерлік меншігін қорғауды ынталандыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қабылдау қажет. Осыған өздері қаржыландыратын, патентке қабілетті өнеркәсіптік меншік объектілерін қамтитын жобалары жеткілікті сенімді және кең қорғауға ие болуына мүдделі даму институттары көмек көрсете алады. Сондықтан, ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларды қаржыландыруды жоспарлау кезінде, шетелдік патенттеу мүмкіндігін де қарастыру қажет.
4.2. Өнеркәсіптік меншік саласындағы лицензиялық қызмет
Өткен ғасырдың 50-жылдары халықаралық технологиялар нарығының мәселесі оның бар екендігі туралы құқықтық және экономикалық әдебиет беттерінде жарияланған пікірталастармен шектелген. Алдыңғы кезеңдегі лицензиялық сауда-саттықтың мардымсыз көлемдері, оның орталықтарының болмауы, төмен сұраныс пен лицензияларға ұсыныс осындай нарықты құруға ықпал еткен жоқ.
XX ғасырдың ортасында әлемдік экономикадағы ғылыми-техникалық революцияның, интеграциялық процесстердің және құрылымдық ілгерілеудің әсерімен халықаралық лицензия алмасудың ұзақ даму кезеңі, өнертабыстардың, ғылыми білімнің және өндірістік жағдайлардың сауда саттық көлемінің артуымен және қарқындылығының күрт өсуімен және айналасына барлық елдерді тартумен сипатталатын революциялық кезеңге айналды.
Дәл осы технологиялық алмасу арқылы жалпы экономиканың қайсы бір саласының технологиялық деңгейін арттыру мәселелерін шешуге болады. Әлемдегі тәжірибе бойынша лицензия алуға салынған әрбір 1 долларға тауар экспорты мен толық өңделген лицензия экспорты есебінен 2 доллардан 15 долларға дейін пайда түседі.
Ғылыми-техникалық жетістіктерді лицензиялардың әлемдік нарығында сатудың негізгі көлемі өнеркәсібі дамыған елдердің үлесіне жатады. 1989 жылы лицензиялар экспорты 25163 млн. долларды құрады, сонымен қатар, 17 алдыңғы қатардағы елдердің (АҚШ, Швейцария, Ұлыбритания, Италия, Франция, ФРГ, Жапония, Нидерландтар, Бельгия, Люксембург, Швеция, Испания, Норвегия, Португалия, Финляндия, Австрия, Австралия) үлесі 98,4 % құрады.
Сонымен бірге, өнеркәсібі дамыған елдер арасында әлемдік лицензиялар нарығында алдыңғы орындарға ие мемлекеттер тобы көзге түседі. Бірінші болып көрсетілген жеті елдердің үлесіне лицензиялық түсілімдердің 90% келеді.
Лицензиялардың әлемдік нарығында лицензияларды импорттайтын елдердің саны бұдан да көп. Елдердің импорт бойынша статистикасының талдауы көрсеткендей, 1989 ж. лицензиялар үшін 91%-дан көп төлемдер көрсетілген 17 өнеркәсібі дамыған елдерге келсе, ал барлық дамып келе жатқан елдердің үлесі 9% құрайды. Лицензиялар импортында өнеркәсібі дамыған елдердің лицензияларды сатып алу көлемі өсуінің нақты үрдісі көрінеді және дамып келе жатқан елдердің лицензияларды сатып алуы төмендеуде, олардың үлесі лицензиялардың әлемдік нарығында 1960 жылдан 1989 жылға дейін 45,8 % дан 9% дейін қысқарды. Бұл нарықтың жалпы көлемінің кеңеюімен түсіндіріледі. Яғни іс жүзінде сатып алынған лицензиялар көлемі көбейді, бірақ пайыздық қатынаста қысқарды.
Көрсетілген мерзімде халықаралық лицензиялық келісімдер бойынша төлемдер мен түсілімдер өзгеру динамикасын зерттеу өндірістік дамыған елдерде лицензиямен сауда жасау басқа елдерден тез дамитынын көрсетеді. Мысалы, 17 өнеркәсібі дамыған елдердің төлемдері 1960-1989 жж. 643-тен 22904 млн. долларға, немесе 35,6 есе көбейді, ал қалған елдердің төлемдері 509-дан 2259 млн. долларға, немесе 4,2 есе өсті. Көрсетілген 17 елдерде лицензиялармен өзара сауда жасаудың жартыжылда өсу қарқыны 13,5%, ал қалғандарында тек 2,0 % құрады. Бұл алдыңғы қатарлы капиталистік елдер арасында лицензиялармен өзара сауда жасау үлес салмағының 54,4 тен 1960 ж. 91,0% 1989 ж. өсуіне әкеп соқты.
Батыстың дамыған елдерінің өзіндік ғылыми-техникалық әзірлемелерін коммерциялық сатуы оларға үлкен пайда келтіреді. Мысалы, егер 1987 ж. лицензиялар сатудың халықаралық көлемі 28,5 млрд АҚШ долларға бағаланса, 1990 жылы ол 60,3 млрд АҚШ долларын құрады және қазіргі уақытқа дейін өсіп келеді.
Қазақстанда есепке алудың дұрыс қойылмауына байланысты материалдық емес активтер мен зияткерлік меншіктің үлесі 1 %-дан аз. Ал өнеркәсіптік меншік объектісінің маңыздылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің басты межесі - оның коммерцияландырылу деңгейінде, яғни объектіні иеленуші өзі, сондай-ақ пайдалануға лицензия ұсыну негізінде қаншалықты тиімді пайдаланылатынында.
Қазіргі кезде өнеркәсіптік меншіктің қорғалатын объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарға және өнеркәсіптік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды кепілге беру шарттарға міндетті түрде сараптама жасау және тіркеу рәсімі жүргізіледі. Технологияларды пайдалану немесе трансфертті жүзеге асыруға негіз болатын шарттардың бүкіл спектрі шарттардың бұл түрлерімен шектелмейді.
Шарттарды дұрыс жасау және патентиеленушілерге көмек ретінде өнеркәсіптік меншік объектілерін, соның ішінде "ноу-хау" беруге келісім-шарттарды жасау жөнінде әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу керек болып жатыр.
Қазақстан Республикасының патенттік жүйесі әрекет ете бастаған 12 жылдан бері өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға 400-ден сәл асатын лицензиялық шаттар тіркелді. Біріншіден, бұл көрсеткіш қорғалатын объектілердің қазақстандық иегерлерінің лицензиялық белсенділігінің төмен екендігін куәландырады, ал екіншіден, нарыққа қатысушылардың өздерінің осындай шарттарды жасау мүмкіндігі мен қажеттілігі туралы хабардар болу деңгейін сипаттайды.
Қазақстан ұлттық ғылым, инновациялық қызмет және индустрияның дамуына қаражат бөліп жатқанын айрықша атап өту керек. Қазіргі кезде республикалық бюджеттен қаржыландырылған көптеген өнеркәсіптік меншік объектілері нарықта өз орнын таба алмады. Осыған байланысты республикалық бюджет тарапынан қаржыландырылған зияткерлік меншік объектілерін тиімді пайдалану қажет. Осылайша, өнертабыстар, инновациялар және ғылыми-техникалық қызметтің басқа да нәтижелерін құратын орталық мемлекеттік органдар, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар республикалық бюджеттің есебінен және/немесе бюджет қаржысын пайдалану арқылы зияткерлік меншік объектілерін тиімді пайдаланумен байланысты қарым-қатынастарды реттеуі қажет.
4.3. Зияткерлік меншікті бағалау институтын дамыту
Зияткерлік меншікті құндық бағалау, сонымен қатар ЗМ кәсіпорындардың мүліктік кешенінің құрамында бағалау, сондай-ақ материалдық емес активтердің (бұдан әрі - НМА) құрамында зияткерлік меншікті есепке алу, кәсіби ортада, сонымен қатар, ведомстволар деңгейінде де үлкен пікірталас тудырады.
Әлі күнге дейін отандық тәжірибеде көптеген басшылар мен мамандар материалдық емес активтер деген ұғымды олардың сезілмеуімен, шынайы құнының абстрактілігімен теңейді. Соңғы уақытқа дейін көптеген қазақстандық кәсіпорындардың бухгалтерлік баланстарының «Материалдық емес» деген бағанында сызықша немесе қандай да бір мардымсыз активтер көрсетіледі. Алайда, бүгінгі таңда зияткерлік меншік, фирманың материалдық емес активтерін құру негізі бола отырып, фирма бағасының қалыптасуы мен оның нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруда үлкен рөл атқаратыны айқын көрінеді.
Талдаушы Пол Страссманның деректері бойынша, 1998 жылдың аяғында 6 513 американ компанияларының жалпы құны 13,7 триллион долларды құрады, ал соның ішіндегі ең сәтті компаниялардың 25%-ның (Microsoft, Symantec, Oracle, ІВМ және т.с.) негізгі капиталының құны олардың нарықтық құнының шамамен 14% құрайды. Ал құнның қалған 86% компанияның жинақтаған білімінің құны ретінде белгіленеді, соның ішінде зияткерлік меншік құны ретінде де.
1 кестеде әлемнің бірнеше алдыңғы қатарлы компаниялары активтерінің нарықтық құнын сипаттайтын сандар көрсетілген.
1-кесте.
Әлемнің алдыңғы қатарлы компанияларының капиталындағы МЕА
және ЗМ үлесі (млн USD).
Қаржы көздері: компаниялардың 2004 жылғы 31 желтоқсанға
дейін қаржылық есеп беруі, NҮSЕ, Іnternet.
Компания | Сала | Капитал дау | Инвестициялық капитал | Айналымдағы капитал | Негіз гі қара жат | Өзге де акти втер | МЕА және ЗМ нарықтық құны | Инвестицияланған капиталдан МЕА және ЗМ % |
Disney | Ойын-сауық | 58 380 | 67 775 | -1690 | 16 482 | 8 270 | 44 713 | 66% |
Неіnz | Азық-түлік | 13 717 | 18 691 | 398 | 2 057 | 0 | 16 236 | 87% |
Johnson& Johnson | Медицина | 188 357 | 191 772 | 14 941 | 9 595 | 3 950 | 163 286 | 85% |
Меrcк | Фармацевтикалық | 71029 | 77 092 | 3 912 | 14 714 | 12 619 | 46 657 | 60% |
Microsoft | БҚ | 290 714 | 290 714 | 29 354 | 2 336 | 14 607 | 244 417 | 84% |
ЗМ | Өнеркәсіп | 63 393 | 66 214 | 4 743 | 5711 | 3 345 | 52 415 | 79% |
Nikе | Киім және аяқ киім | 23 948 | 24 654 | 4 054 | 1 624 | 341 | 18 635 | 76% |
Рrосtеr & Gamble | Тұтыныс. тауарлары | 138 802 | 162 048 | 6 954 | 14 502 | 2 228 | 138 364 | 85% |
Үаhоо! | Интернет | 52 375 | 53 125 | 2 909 | 532 | 1524 | 48 160 | 91% |
Барлығы | 772 882 | 79% |
Қатал бәсекелестік жағдайында, зияткерлік меншіктің тек бірегей сипаттамасы фирмаға ұзақ мерзімде айтарлықтай берік әрі биік, нарықта ұзақ жылдар бойы тұрақты табыс табуға мүмкіндік беретін монополиялық тосқауыл қоюды қамтамасыз ете алады. Маңыздысы, бұл тосқауылдар бүкіл әлемде заңдармен қорғалады. Зияткерлік меншік объектілерін бағалау технологиялары осы ресурстың иесі үшін тек оның құндылығын (құнын) анықтауды ғана емес, нарықтық құндылығын, зияткерлік меншікке нарықтағы сұраныс деңгейін, нәтижесінде меншік иесінің зияткерлік меншікті іске асыру және енгізу жөніндегі қызметінің арғы стратегиясын болжауға мүмкіндік береді.
Одан басқа, зияткерлік меншікке құқықтар құрылымының ерекшелігі оны кәсіпорынның қаржылық-экономикалық қызметінде кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. МЕА-ді, оның ішінде зияткерлік меншікті басқару кәсіпорындарға:
- кәсіпорынның нарықтың құнын көтеруге;
- пайдаға салықты азайтуға;
- амортизациялық аударымдар көлемін реттеуге және жаңа зияткерлік меншік объектілерін сатып алуға арналған қорларды құруға;
- жарғылық капиталға салым енгізу кезінде зияткерлік меншік түріндегі үлестің мөлшерін анықтауға;
- зияткерлік меншік объектілерінің оларды сатып алу-сату кезіндегі құнын анықтауға;
- активтердің арақатынасын оңтайландыруға;
- кәсіпорынға тиесілі зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдаланған үшін келтірілген шығындар мен өтемақы мөлшерін анықтауға;
- кәсіпорын қайта құрылған, таратылған немесе банкрот болған кезде зияткерлік меншік объектілерінің құнын ескеруге;
- банк кредиттерін алған кезде зияткерлік меншік объектілерінің бағасын ескеруге;
- зияткерлік меншік иелеріне еншілес және дербес фирмаларды құруға ақшалай қаражат енгізбестен құрылтайшы (меншік иесі) ретінде қатысу;
- зияткерлік меншік объектілерін пайдалануға құқықтарды берген үшін қосымша табыс табуға мүмкіндік береді.
Зияткерлік меншікті бағалауды стандарттау бағалау қызметін дамытуға және ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді.
Зияткерлік меншікті құндық бағалау айтарлықтай қиындық тудырады, өйткені ол рәсімнің жылжымайтын немесе жылжымалы мүлікті құндық бағалаудан әлде қайда ерекшелелігі бар. Ол зияткерлік меншік объектілерін қорғаудың көптеген халықаралық және қазақстандық нормативтік құқықтық актілерге негізделетін ерекшеліктерімен көзге түседі, сондай-ақ зияткерлік меншікті бағалау кезінде зияткерлік еңбек нәтижелеріне құқық көлемінің құны анықталады, объекті зияткерлік меншік объектілеріне құқық бағалау объектісі болып табылады және бұл құқықтар аумақтық және уақытша сипатқа ие.
Осылайша, зияткерлік меншік объектілерін бағалау стандарттарын, капиталдандыру, дисконттау ставкаларын жасап бекіту қажет.
Аса маңызды мәселе - осы салада белсенді жұмыс істеп жүрген теоретиктер мен тәжірибешілердің аз болуына байланысты осы саладағы білікті бағалаушыларды дайындау болып табылады. Өзге материалдық емес активтердің зияткерлік меншігін бағалаудың теориялық-әдістемелік негіздемесін оқу пәні ретінде құру керек.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында бағалау қызметін жүзеге асыру үшін жылжымайтын және жылжымалы мүлікті бағалаумен қатар зияткерлік меншікті бағалау құқығын қамтитын лицензияның бір түрі беріледі, ол зияткерлік меншік объектілерін бағалау қағидаттарын бұзуға әкеп соғады, өйткені объективті түрде жылжымайтын мүлікті немесе автокөлікті бағалаумен айналысатын бағалаушы көбінесе зияткерлік меншікті бағалау жөніндегі маман болмайды және бағалаудың тым сенімсіз әдістерін пайдаланады.
Бірақ кандидаттардан талап етілетін, оларды зияткерлік меншіктің келешекті бағалаушысы ретінде біліктілік талаптарын қайта қарау қажет. Сонымен қатар зияткерлік меншікті бағалауды бағалау әрекетінің бөлек түрі ретінде бөлу керек, оны лицензиялау лицензиялау мәселелері бойынша мемлекеттік өкілетті органмен жасалады.
4.4. Патенттік сақтандыру
Қазіргі кезде Еуропалық Қоғамдастықта, сондай-ақ Ресейде патенттік сақтандыру туралы мәселелер туындап отыр. Кейбір сақтандыру компаниялары патенттік сақтандыру сияқты қызметті қазірдің өзінде жүзеге асырып жүр.