2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 23 қаңтардағы № 93 қаулысы
(2007.16.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Елдiң халқын қажеттi мөлшерде және кепілдiктi сапасында ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету, азаматтардың денсаулығы жай-күйiн жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған 2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
ҚР Yкіметінің 2007.16.10. № 956 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде Бағдарламаны iске асыру үшiн қаражат көздесiн.
3. Министрлiктер мен ведомстволар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Бағдарламада көзделген iс-шаралардың тиiсiнше және уақытылы орындалуын қамтамасыз етсiн.
ҚР Yкіметінің 2007.16.10. № 956 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етудi бақылау мен үйлестiру Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Тоқаев Қ. |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 23 қаңтардағы
№ 93 қаулысымен
бекітілген
2002-2010 жылдарға арналған
салалық «Ауыз су» бағдарламасы
Астана 2002 ж.
ҚР Yкіметінің 2007.16.10. № 956 Қаулысымен бөліммен толықтырылды
Бағдарламаның мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Қазақстандағы ауыз су ресурстарын пайдаланудың қазіргі-жай күйіне талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен негізгі міндеттері
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
5.1. Қолданыстағы сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану ахуалында ұстап тұру үшін оларды қалпына келтіру және жетілдіру
5.2. Сумен нашар қамтылған аймақтарды кепілді сапалы ауыз сумен қажетті көлемде қамтамасыз ету үшін жаңа сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысын салуды жалғастыру
5.3. Ауыз сумен жабдықтау жүйелерін республикалық және коммуналдық меншікке бөлу
5.4. Құрылысы аяқталған ауыз сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану жөнінде ұйымдар құру және оларды материалдық-техникалық жарақтандыру
5.5. Сумен жабдықтаудың жаңа көздерін игеру және балама көздерін дамыту
5.6. Тұтынылатын ауыз су сапасын жақсарту және оны ұтымды пайдалану
5.7. Су объектілерінің экологиялық және санитарлық-гигиеналық жай-күйін жақсарту
5.8. Ауыз суды ұтымды пайдалану проблемаларын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария ету
5.9. Сумен қамтамасыз ету қызметін басқаруды және үйлестіруді жетілдіру және экономиканың су шаруашылығы саласында білікті кадрлар даярлау
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
8. 2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
ҚР Yкіметінің 2007.16.10. № 956 Қаулысымен паспорт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Бағдарламаның паспорты
Атауы 2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су"
салалық бағдарламасы
Әзірлеу үшін
негіздеме "Қазақстан Республикасы азаматтарының
денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі
бірінші кезекті шаралар туралы" Қазақстан
Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18
мамырдағы № 3956 Жарлығы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005
жылғы 29 наурыздағы № 5 хаттамалық
отырысының 2.2-тармағы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007
жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысымен
бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007
жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы
жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі
бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық
жоспарын және Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған
бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар
жоспарының 59-тармағы
Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Министрлігі
Бағдарламаның мақсаты Халықты қажетті мөлшерде және кепілдік
беретін сапада ауыз сумен орнықты
қамтамасыз ету
Бағдарламаның Халықтың кепілдік беретін сапада және
міндеттері қажетті мөлшерде ауыз суға қол жеткізуін
ұлғайту;
орталықтандырылған сумен жабдықтау
көздерінің суын пайдаланатын халықтың санын
ұлғайту;
санитарлық ережелердің талаптарын және сапа
стандартының нормаларын толық сақтауды
қамтамасыз ету жолымен су көздерінің және
сумен жабдықтау жүйелерінің сенімділігін
арттыру;
ауыз суға жарамды сапалы жергілікті жер
асты суларын барынша пайдалану;
жер үсті көздерінің суын ауыз су мақсатында
орталықтандырылмаған пайдалануды болдырмау;
халықтың су факторына байланысты
сырқаттануын азайту;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттылығын қамтамасыз ету;
сумен жабдықтау көздеріне экологиялық кері
әсер ету мүмкіндігін болдырмау;
жекелеген өңірлер мен өзен бассейндері
бойынша ауыз су сапасын мониторингтеудің
жедел жүйесін құру;
құрылыста, ауыз суды тазарту және дайындау
жүйелерінде жаңа технологиялар мен
материалдарды енгізу жолымен берілетін бір
текше метр судың құнын төмендету.
Іске асыру 2002-2010 жылдар, оның ішінде
мерзімі 1-кезең - 2002-2005 жылдар;
2-кезең - 2006-2010 жылдар.
Қаржыландыру Іс-шараларды іске асыруға республикалық
көздері және және жергілікті бюджеттердің,
көлемі жеңілдетілген жағдайда сыртқы заемдар мен
гранттардың қаражаты, сондай-ақ шаруашылық
жүргізуші субъектілер қаражатын тарту
көзделген, оның ішінде жалпы көлемде:
2006 жылға
республикалық бюджет - 12 211,0 млн. теңге;
жергілікті бюджеттер - 2 089, млн. теңге;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаражаты - 1 000 млн. теңге
2007 жылға
республикалық бюджет - 18 218,0 млн. теңге;
жергілікті бюджеттер - 14 121,8 млн. теңге;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаражаты - 8 724,5 млн. теңге.
2008 жылға
республикалық бюджет - 23 640,0 млн. теңге;
жергілікті бюджеттер - 15 299,3 млн. теңге;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаражаты - 23 724,5 млн. теңге.
2009 жылға
республикалық бюджет - 41 915 млн. теңге*;
жергілікті бюджеттер - 16 640,0 млн. теңге*;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаражаты - 5 111,5 млн. теңге*.
2010 жылға
республикалық бюджет - 44 450,0 млн. теңге*;
жергілікті бюджеттер - 18 360 млн. теңге*;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаражаты - 8 431,5 млн. теңге*.
Ескертпе*: 2008 - 2010 жылдарға арналған
қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына
арналған бюджетті қалыптастыру кезінде
нақтыланатын болады
Күтілетін Республикада сумен жабдықтауға арналған
нәтижелер салалық базалар, жабдық, құралдар
мен құрауыштарын шығару жөнінде жаңа
технологиялық өндірістер құру;
ауыз сумен жабдықтауды жақсартуды қажет
ететін 7231 ауылдық елді мекенді, 174
кентті және 86 қала мен шағын қалаларды
толық қамту үшін жүйелер мен құрылыстар
салу және қайта жаңарту;
халықтың кепілдік беретін сапада және
қажетті мөлшерде ауыз суға қол жеткізуін
ұлғайту, ол сумен қамтамасыз етілу деңгейін
80%-ға арттырады;
суды орталықтандырылған сумен жабдықтау
көздерінен пайдаланатын халықтың санын
тұтастай ел бойынша 20-25 %-ға, ал
жекелеген өңірлер бойынша 40 %-ға және одан
жоғары арттыру;
берілудің су факторына байланысты халықтың
жіті ішек жұқпалары тобы бойынша, А
вирустық гепатиті бойынша сырқаттануын
80-90 %-ға азайту, бұл халықтың
санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын
қамтамасыз етеді;
ауыз суға жарамды суды дайындау жөніндегі
озық отандық және шетелдік технологиялардың
жаңа жетістіктерін енгізу;
сумен неғұрлым аз қамтылған өңірлер
халқының ауыз суға қол жеткізуін қамтамасыз
ету үшін сумен жабдықтаудың балама көздерін
дамыту;
ауыз сумен жабдықтау жүйелерін
республикалық және коммуналдық меншікке
бөлу;
сумен қамтамасыз ету қызметін басқаруды
және үйлестіруді жетілдіру және
экономиканың су шаруашылығы саласында
білікті кадрлар даярлау.
ҚР Yкіметінің 2007.16.10. № 956 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. КIРIСПЕ
Салалық "Ауыз су" бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000-2002 жылдарға арналған Iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 7 наурыздағы № 367 қаулысына сәйкес әзiрлендi.
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету су көздерiнiң ластануына, санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына, сумен жабдықтау жүйелерiнiң қанағаттанғысыз техникалық жай-күйiне байланысты өзектi мiндеттердiң бiрi болып табылады.
Халықты тұщы сумен қамтамасыз ету проблемасы әлемнің барлық елдері үшін маңызды болып отыр. Бүкіл адамзаттың үштен бір бөлігі ауыз суға қол жеткізе алмауда, ал екі миллиардтан астам адам санитарлық жағдайлармен қамтамасыз етілмеген.
Осыған байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі - БҰҰ) Бас ассамблеясының шешімімен 2003 жыл Халықаралық тұщы су жылы деп жарияланды, ал 2005 жылғы 22 наурыз - Халықаралық су ресурстары күнінен бастап 2005-2015 жылдар кезеңі "Су өмір үшін" іс-қимылының халықаралық он жылдығы болып жарияланды.
Бағдарлама "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезекті шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығын орындауға және 2015 жылға қарай сумен жабдықтау және санитария секторында Мыңжылдықтың Дамуының Мақсатына қол жеткізуге бағытталған. Осының дәлелі ретінде Қазақстан Республикасының Президенті 2005 жылғы 19 қыркүйекте екінші Азаматтық форумда "екінші онжылдықтың басталуына қарай біз сапалы ауыз суға қол жеткізу проблемасын тұтастай шешуіміз қажет. Ашық немесе нормативтерге сәйкес келмейтін су айдындарынан суды пайдаланатын бірде-бір елді мекен қалмауы тиіс.
Бағдарламада Қазақстанда ауыз су ресурстарын пайдаланудың қазіргі жай-күйін талдау, мақсаттары мен негізгі міндеттері, бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері, қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері, бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже қамтылған.
Бағдарлама iске асыру мерзiмi бойынша ұзақ мерзiмдiге жатады.
ҚР Yкіметінің 2007.16.10. № 956 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстанда ауыз су ресурстарын пайдаланудың қазіргі жай-күйін талдау
ҚР Yкіметінің 2007.16.10. № 956 Қаулысымен бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
1999 жылғы 1 қаңтардағы халық санағына сәйкес республикамызда 14,96 млн. адам, оның iшiнде 8,38 млн. адам қалалар мен кенттерде, 6,58 млн. адам ауылдық елдi мекендерде тұрады.
Ауыл халқының 300 мыңға жуық адамы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етiлуi тиiстi дәрежеде болмай тұрған, халқының саны 250 адамға дейiнгi кенттерде тұрады.