Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 қазандағы № 956 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2002-2010 жылдарға арналған Ауыз су салалық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 4, 22-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тақырып және 1 пункт өзгеріссіз қалдырылсын;
2) 2-тармақтағы, «Қаржы министрлігі» деген сөздер «Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 4-тармақтағы, «Табиғат ресурстарын және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне» деген сөздер «Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген 2002-2010 жылдарға арналған Ауыз су салалық бағдарламасында:
мемлекеттік тілдегі мәтіндегі тақырып өзгеріссіз қалдырылсын;
мынандай мазмұндағы «Бағдарламаның мазмұны» деген бөліммен толықтырылсын:
«Бағдарламаның мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Қазақстандағы ауыз су ресурстарын пайдаланудың қазіргі-жай күйіне талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен негізгі міндеттері
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
5.1. Қолданыстағы сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану ахуалында ұстап тұру үшін оларды қалпына келтіру және жетілдіру
5.2. Сумен нашар қамтылған аймақтарды кепілді сапалы ауыз сумен қажетті көлемде қамтамасыз ету үшін жаңа сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысын салуды жалғастыру
5.3. Ауыз сумен жабдықтау жүйелерін республикалық және коммуналдық меншікке бөлу
5.4. Құрылысы аяқталған ауыз сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану жөнінде ұйымдар құру және оларды материалдық-техникалық жарақтандыру
5.5. Сумен жабдықтаудың жаңа көздерін игеру және балама көздерін дамыту
5.6. Тұтынылатын ауыз су сапасын жақсарту және оны ұтымды пайдалану
5.7. Су объектілерінің экологиялық және санитарлық-гигиеналық жай-күйін жақсарту
5.8. Ауыз суды ұтымды пайдалану проблемаларын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария ету
5.9. Сумен қамтамасыз ету қызметін басқаруды және үйлестіруді жетілдіру және экономиканың су шаруашылығы саласында білікті кадрлар даярлау
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
8. 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары»;
«Бағдарламаның паспорты» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бағдарламаның паспорты
Атауы | 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасы |
Әзірлеу үшін негіздеме | «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезекті шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 наурыздағы № 5 хаттамалық отырысының 2.2-тармағы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 59-тармағы |
Мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
Бағдарламаның мақсаты | Халықты қажетті мөлшерде және кепілдік беретін сапада ауыз сумен орнықты қамтамасыз ету |
Бағдарламаның міндеттері | Халықтың кепілдік беретін сапада және қажетті мөлшерде ауыз суға қол жеткізуін ұлғайту; орталықтандырылған сумен жабдықтау көздерінің суын пайдаланатын халықтың санын ұлғайту; санитарлық ережелердің талаптарын және сапа стандартының нормаларын толық сақтауды қамтамасыз ету жолымен су көздерінің және сумен жабдықтау жүйелерінің сенімділігін арттыру; ауыз суға жарамды сапалы жергілікті жер асты суларын барынша пайдалану; жер үсті көздерінің суын ауыз су мақсатында орталықтандырылмаған пайдалануды болдырмау; халықтың су факторына байланысты сырқаттануын азайту; халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету; сумен жабдықтау көздеріне экологиялық кері әсер ету мүмкіндігін болдырмау; жекелеген өңірлер мен өзен бассейндері бойынша ауыз су сапасын мониторингтеудің жедел жүйесін құру; құрылыста, ауыз суды тазарту және дайындау жүйелерінде жаңа технологиялар мен материалдарды енгізу жолымен берілетін бір текше метр судың құнын төмендету. |
Іске асыру мерзімі | 2002-2010 жылдар, оның ішінде 1-кезең - 2002-2005 жылдар; 2-кезең - 2006-2010 жылдар. |
Қаржыландыру көздері және көлемі | Іс-шараларды іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттердің, жеңілдетілген жағдайда сыртқы заемдар мен гранттардың қаражаты, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер қаражатын тарту көзделген, оның ішінде жалпы көлемде: 2006 жылға республикалық бюджет - 12 211,0 млн. теңге; жергілікті бюджеттер - 2 089, млн. теңге; шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражаты - 1 000 млн. теңге 2007 жылға республикалық бюджет - 18 218,0 млн. теңге; жергілікті бюджеттер - 14 121,8 млн. теңге; шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражаты - 8 724,5 млн. теңге. 2008 жылға республикалық бюджет - 23 640,0 млн. теңге; жергілікті бюджеттер - 15 299,3 млн. теңге; шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражаты - 23 724,5 млн. теңге. 2009 жылға республикалық бюджет - 41 915 млн. теңге*; жергілікті бюджеттер - 16 640,0 млн. теңге*; шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражаты - 5 111,5 млн. теңге*. 2010 жылға республикалық бюджет - 44 450,0 млн. теңге*; жергілікті бюджеттер - 18 360 млн. теңге*; шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражаты - 8 431,5 млн. теңге*. Ескертпе*: 2008 - 2010 жылдарға арналған қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады |
Күтілетін нәтижелер | Республикада сумен жабдықтауға арналған салалық базалар, жабдық, құралдар мен құрауыштарын шығару жөнінде жаңа технологиялық өндірістер құру; ауыз сумен жабдықтауды жақсартуды қажет ететін 7231 ауылдық елді мекенді, 174 кентті және 86 қала мен шағын қалаларды толық қамту үшін жүйелер мен құрылыстар салу және қайта жаңарту; халықтың кепілдік беретін сапада және қажетті мөлшерде ауыз суға қол жеткізуін ұлғайту, ол сумен қамтамасыз етілу деңгейін 80%-ға арттырады; суды орталықтандырылған сумен жабдықтау көздерінен пайдаланатын халықтың санын тұтастай ел бойынша 20-25 %-ға, ал жекелеген өңірлер бойынша 40 %-ға және одан жоғары арттыру; берілудің су факторына байланысты халықтың жіті ішек жұқпалары тобы бойынша, А вирустық гепатиті бойынша сырқаттануын 80-90 %-ға азайту, бұл халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етеді; ауыз суға жарамды суды дайындау жөніндегі озық отандық және шетелдік технологиялардың жаңа жетістіктерін енгізу; сумен неғұрлым аз қамтылған өңірлер халқының ауыз суға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтаудың балама көздерін дамыту; ауыз сумен жабдықтау жүйелерін республикалық және коммуналдық меншікке бөлу; сумен қамтамасыз ету қызметін басқаруды және үйлестіруді жетілдіру және экономиканың су шаруашылығы саласында білікті кадрлар даярлау.»; |
«Кіріспеде»: «Кіріспе» деген сөздің алдынан «2» деген санмен толықтырылсын;
үшінші, төртінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықты тұщы сумен қамтамасыз ету проблемасы әлемнің барлық елдері үшін маңызды болып отыр. Бүкіл адамзаттың үштен бір бөлігі ауыз суға қол жеткізе алмауда, ал екі миллиардтан астам адам санитарлық жағдайлармен қамтамасыз етілмеген.
Осыған байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі - БҰҰ) Бас ассамблеясының шешімімен 2003 жыл Халықаралық тұщы су жылы деп жарияланды, ал 2005 жылғы 22 наурыз - Халықаралық су ресурстары күнінен бастап 2005-2015 жылдар кезеңі «Су өмір үшін» іс-қимылының халықаралық он жылдығы болып жарияланды.
Бағдарлама «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезекті шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығын орындауға және 2015 жылға қарай сумен жабдықтау және санитария секторында Мыңжылдықтың Дамуының Мақсатына қол жеткізуге бағытталған. Осының дәлелі ретінде Қазақстан Республикасының Президенті 2005 жылғы 19 қыркүйекте екінші Азаматтық форумда «екінші онжылдықтың басталуына қарай біз сапалы ауыз суға қол жеткізу проблемасын тұтастай шешуіміз қажет. Ашық немесе нормативтерге сәйкес келмейтін су айдындарынан суды пайдаланатын бірде-бір елді мекен қалмауы тиіс» деген болатын;
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«Бағдарламада Қазақстанда ауыз су ресурстарын пайдаланудың қазіргі жай-күйін талдау, мақсаттары мен негізгі міндеттері, бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері, қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері, бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже қамтылған.»;
«Қазақстанда ауыз су ресурстарын пайдаланудың қазіргі жай-күйін талдау» деген 1-бөлімде тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстанда ауыз су ресурстарын пайдаланудың қазіргі жай-күйін талдау»;
үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«86 қала мен 174 кенттің 81 қаласы мен 139 кенті орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелерімен қамтылған. Су құбыры желісінің жалпы ұзындығы 23,47 мың км және кәріз 11,13 мың км. 1 және 2-кестелерде Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендері мен қалаларының сумен жабдықталуының жай-күйі туралы деректер келтірілген. Орталықтандырылған сумен жабдықтау қызмет көрсетулерімен қамтылу деңгейі 6 771,8 мың адамды құрайды немесе қала халқының 79,4%-ы тәулігіне 24 сағат бойы сапалы ауыз суға, орталықтандырылған кәріз жүйелеріне - 5 373,5 мың адам немесе 63,1% қол жеткізе алады. Сонымен қатар 537,3 мың адам немесе жалпы қала халқының 6,3 %-ы ауыз су ретінде және шаруашылық-тұрмыстық мақсатта аула және қоғамдық құдықтардың, ұңғымалардың және жер үсті көздерінің суларын, сондай-ақ тасып әкелінетін суды пайдаланады.»;
1-кесте
Ауылдық елді мекендерінің сумен жабдықталуының жай-күйі |
№ | 0Облыс | Елді мекен- дер са- ны (се- лолар, ауылда- р) | Халық саны, мың адам | Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланатындар |
елді ме- кендер саны | ауыз суға қол жеткіз- ген адамдар мың адам |
1 | Ақмола | 671 | 416,465 | 303 | 258,933 |
2 | Ақтөбе | 422 | 308,639 | 61 | 133,63 |
3 | Алматы | 774 | 1267,345 | 419 | 960,169 |
4 | Атырау | 187 | 281,731 | 39 | 144,203 |
5 | Шығыс Қазақстан | 823 | 577,163 | 199 | 251,665 |
6 | Жамбыл | 379 | 587,771 | 135 | 337,134 |
7 | Батыс Қазақстан | 477 | 368,146 | 109 | 203,3 |
8 | Қарағанды | 497 | 313,996 | 153 | 205,626 |
9 | Қостанай | 682 | 452,85 | 136 | 176,935 |
10 | Қызылорда | 272 | 419,298 | 151 | 351,89 |
11 | Маңғыстау | 51 | 139,924 | 18 | 64,155 |
12 | Павлодар | 406 | 284,024 | 58 | 97,175 |
13 | Солтүстік Қазақстан | 714 | 411,303 | 194 | 161,745 |
14 | Оңтүстік Қазақстан | 876 | 1440,059 | 408 | 833,025 |
Жиыны: | 7231 | 7268,714 | 2383 | 4179,585 |
кестенің жалғасы
| |
| Жергілікті су көздерінің суын пайдаланатындар | Тасып әкелінетін суды пайдаланатындар |
| жер асты суын | жер үсті суын |
| елді мекендер саны | халық, мың адам | елді мекендер саны | халық, мың адам | елді мекендер саны | халық, мың адам |
1 | 310 | 142,657 | 17 | 5,734 | 41 | 9,141 |
2 | 347 | 168,629 | 2 | 1,289 | 12 | 5,091 |
3 | 296 | 250,608 | 49 | 55,46 | 10 | 1,108 |
4 | 36 | 20,694 | 22 | 14,289 | 90 | 102,545 |
5 | 508 | 221,429 | 110 | 103,006 | 6 | 1,063 |
6 | 209 | 218,457 | 27 | 24,569 | 8 | 7,611 |
7 | 314 | 135,416 | 41 | 22,936 | 13 | 6,494 |
8 | 334 | 106,014 | 1 | 1,07 | 9 | 1,286 |
9 | 415 | 223,148 | 62 | 18,984 | 69 | 33,783 |
10 | 109 | 63,599 | 8 | 3,506 | 4 | 0,303 |
11 | 21 | 45,61 | 0 | 0 | 12 | 44,169 |
12 | 336 | 177,98 | 1 | 0,528 | 11 | 8,341 |
13 | 484 | 240,475 | 15 | 3,721 | 21 | 5,362 |
14 | 313 | 415,298 | 90 | 108,891 | 65 | 82,845 |
| 4032 | 2430,014 | 445 | 363,983 | 371 | 309,142 |
2-кесте
Қала тұрғындарының сумен жабдықтау жүйелеріне қол жеткізу деңгейі |
Р/ с № | Облыстар | Халық саны, адам | Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне 24 сағат қол жетімділігі бар халық саны, адам |
жалпы саны | оның ішінде нормативті сападағы ауыз суға |
1 | Ақмола | 352,204 | 229,247 | 92,542 |
2 | Алматы | 473,978 | 380,124 | 330,907 |
3 | Ақтөбе | 374,775 | 363,032 | 351,423 |
4 | Атырау | 261,702 | 169,717 | 165,911 |
5 | Шығыс Қазақстан | 853,366 | 791 | 734,317 |
6 | Жамбыл | 447,406 | 403,25 | 403,25 |
7 | Батыс Қазақстан | 262,518 | 254,452 | 254,452 |
8 | Қарағанды | 1116,456 | 1054,742 | 997,369 |
9 | Қостанай | 498,63 | 447,376 | 367,868 |
10 | Қызылорда | 364,248 | 259,252 | 82,145 |
11 | Маңғыстау | 274,628 | 179,407 | 179,407 |
12 | Павлодар | 487,817 | 474,536 | 345,663 |
13 | Солтүстік Қазақстан | 227,44 | 204,979 | 190,589 |
14 | Оңтүстік Қазақстан | 880,663 | 633,862 | 552,118 |
15 | Алматы | 1209,485 | 1204,633 | 1204,633 |
16 | Астана | 529,335 | 528,635 | 528,635 |
Жиыны: | 8614,651 | 7578,244/87,9 | 6781,229/78,7 |
кестенің жалғасы
|
| Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне кесте бойынша қол жетімділігі бар халық саны, адам | Сумен жабдықтау жүйесіне қол жетімділік типі, адам |
ұңғыма, құдық | тасып әкелінеді | жалпы су пайдалану, тазартпай |
1 | 65,226 | 49,94 | 7 | 0,79 |
2 | 26,719 | 60,995 | 5,5 | 0,64 |
3 | 11,167 | | | 0,57 |
4 | 61,603 | 4,856 | 25,526 | |
5 | 7,331 | 54,655 | | 0,38 |
6 | 30,26 | 7,612 | 6,284 | |
7 | 3,751 | 4,315 | | |
8 | 26,748 | 32,033 | 1,51 | 1,42 |
9 | 38,052 | 10,391 | 2,811 | |
10 | 59,972 | 33,418 | 11,606 | |
11 | 59,506 | | 35,715 | |
12 | 0,701 | 11,116 | 1,464 | |
13 | 16,05 | 6,411 | | |
14 | 92,401 | 129,968 | 24,432 | |
15 | | 4,852 | | |
16 | | | 0,7 | |
| 499,487/5,79 | 410,562/4,76 | 122,548/1,42 | 3,81/0,04 |
бесінші абзацта «7845» деген сандар «7231» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы қырық төртінші және қырық бесінші абзацтармен толықтырылсын;
«Сонымен қатар 2003 жылмен салыстырғанда санитарлық талаптарға жауап бермейтін су құбырларының саны 350-ден 290-ға дейін, оның ішінде ауылдық жерлерде 321-ден 272-ге дейін қысқарды.
Алайда орта есеппен алғанда санитарлық талаптарға жауап бермейтін су құбырларының республикалық көрсеткіші 12,5% болған кезде, Жамбыл облысында - 33,9%, Шығыс Қазақстан облысында - 20,7%, Алматы облысында - 13,2% жоғарғы қалпында қалып отыр.»;
қырық жетінші абзац мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
«2004 жылы республикада Ақтөбе облысының Темір ауданы Кеңқияқ кентінде жіті ішек жұқпасы орын алғандығы тіркелген, онда 305 адам, оның ішінде 189 бала, Көкшетау қаласында 85 адам зардап шеккен, олардың 70-і балалар. 2004 жылғы тамыздан бастап 2005 жылғы қаңтар аралығында Қарағанды облысының Абай қаласында А вирустық гепатитімен ауырған 666 адам тіркелген, олардың 473-і балалар мен жасөспірімдер.»;
қырық сегізінші абзац алынып тасталсын;
«Бағдарламаның мақсаты мен негізгі міндеттері» деген 2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бағдарламаның мақсаты мен негізгі міндеттері»;
«3. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі» деген бөлім жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
Халықты сумен қамтамасыз ету жөніндегі проблемаларды шешудегі негізгі бағыттар:
1) қазіргі бар сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану жағдайында ұстап тұру үшін оларды одан әрі қалпына келтіру және жетілдіру;
2) сумен неғұрлым аз қамтылған өңірлерде кепілдік беретін сапада және қажетті көлемде ауыз суға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерін салуды жалғастыру;
3) ауыз сумен жабдықтау жүйелерін республикалық және коммуналдық меншікке бөлу;
4) құрылысы аяқталған ауыз сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану жөнінде ұйымдар құру және оларды материалдық-техникалық жарақтандыру;
5) сумен жабдықтаудың жаңа көздерін игеру және балама көздерін дамыту;
6) тұтынылатын ауыз су сапасын жақсарту және оны ұтымды пайдалану;
7) су объектілерінің экологиялық және санитарлық-гигиеналық жай-күйін жақсарту;
8) бұқаралық ақпарат құралдарында ауыз суды ұтымды пайдалану проблемалары туралы кеңінен жария ету және жұртшылыққа Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы хабарлау;
9) сумен қамтамасыз ету қызметін басқаруды және үйлестіруді жетілдіру және экономиканың су шаруашылығы саласында білікті кадрлар даярлау болып табылады.
Бағдарламаны іске асырудың мынадай тетігі көзделуде:
1) республикалық және облысаралық маңызы бар сумен жабдықтау объектілері, ал жекелеген өңірлерде ауданаралық ауылдық топтық су құбырлары тиісті жылдарға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарына сәйкес қаржыландырылады;
2) облыстық, аудандық және жергілікті маңызы бар сумен жабдықтау объектілері жергілікті мемлекеттік басқару органдары бекіткен немесе мемлекеттік емес ұйымдар қабылдаған мақсатты бағдарламалар негізінде жергілікті бюджеттер қаражаты, заемдар, тікелей шетелдік немесе отандық инвестициялар, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер қаражаты және 10% мөлшерінде тікелей салымдар түрінде халықтың қаражатын тарту есебінен қаржыландырылады.
Бағдарлама іс-шараларын іске асыруды Су ресурстары комитетінің, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің аумақтық органдары, өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мемлекеттік емес сектордың су шаруашылығы ұйымдары жүзеге асырады.
Осы Бағдарламаны іске асыру әзірленген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады, бұл атқарушы органдардың, су шаруашылығы ұйымдарының назарын халықты ауыз сумен жабдықтау саласындағы негізгі проблемаларға аударуға, ахуалдың өзгеруіне ден қоюға, шаралардың тиімділігін қамтамасыз етуге және нақты нәтижелер алуға мүмкіндік береді.
5.1. Қазіргі бар сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану жағдайында ұстап тұру үшін оларды одан әрі қалпына келтіру және жетілдіру
Осы бағыт су жинаушы құрылыстарды, су дайындау жөніндегі құрылыстарды, су құбырлары желілері мен топтық сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңартуды және тиісті жай-күйде ұстауды, төтенше жағдайларға арналған резервтік сумен жабдықтау жүйесін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруды көздейді.
Осы бағытты дамыту үшін Бағдарламада аз шығынмен халықты кепілдік беретін сападағы ауыз сумен қамтамасыз етуге, материалдық және энергетикалық қамтамасыз етуге байланысты пайдалану шығыстарын қысқартуға мүмкіндік беретін іс-шаралар белгіленген:
1) коммуналдық меншіктегі қазіргі бар сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңарту, оның ішінде жер үсті су көздерінен су алуды қамтамасыз ететін барлық сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңартуды аяқтау;
2) қалалық сумен жабдықтау жүйелерін кеңейту және қайта жаңарту:
Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Кентау, Петропавл, Риддер, Степногорск, Шардара, Екібастұз және басқа да қалалар мен шағын қалалардың сумен жабдықтау және су бөлу жүйелерін кеңейту және қайта жаңарту;
3) республикалық меншіктегі қазіргі бар сумен жабдықтау жүйелерін қайта-жаңарту:
сумен жабдықтаудың баламалы көздері жоқ жерлерде Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында топтық сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңарту;
Ақмола облысындағы Нұра, Ақтөбе облысындағы Ырғыз, Қызылорда облысындағы Қызылорда және Қызылжарма, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Байырқұм жер асты суларының бас тоғандарын кеңейте отырып қайта жаңарту;
Бағдарламаны іске асырудың 2-кезеңінде (2006-2010 жылдар) Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарын қамтитын Азия Даму Банкінің «Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәріздеу» заемді жобасының екінші траншын және Ислам Даму Банкінің» Алматы облысын ауылдық сумен жабдықтау» жобасын жеңілдікті жағдайда тарту көзделуде. Жапон Үкіметі Жамбыл облысында «Қазақстан Республикасындағы ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау» жобасын жүзеге асыру үшін грант бөліп отыр.
5.2. Сумен неғұрлым аз қамтылған өңірлерде кепілдік беретін сапада және қажетті көлемде ауыз суға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерін салуды жалғастыру
Бұл бағыт халықтың кепілдік беретін сапада және қажетті мөлшерде ауыз суға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерін салу есебінен сумен жабдықтауды жақсарту жөніндегі іс-шаралар кешенін көздейді:
1) коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерін салу, оның ішінде топтық су құбырларына қосылған елді мекендер;
2) республикалық меншіктегі ауыз сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерін салу;
3) сапалы сумен жабдықтау көздері бар (топырақ суы, бұлақтар және т.б.) елді мекендерге арналған жеке шахталық және құбырлық құдықтар, каптаждық камералар салу және оларды қайта жаңарту;
4) тасып әкелінетін суды пайдаланатын елді мекендер үшін суды химиялық зиянды қоспалардан тазарту жөніндегі жаңа технологияларды пайдалана отырып, сумен жабдықтаудың жергілікті жүйелерін салу.
Осы бағытты іске асыру мақсатында:
Қызылорда облысында Арал-Сарыбұлақ, Жиделі және Октябрь топтық су құбырларының, Оңтүстік Қазақстан облысында Кентау-Түркістан топтық су құбырының 4-ші және 5-ші кезектерін салу;
Ақмола облысында Нұра және Селеті топтық су құбырларын, Алматы облысында Түрген, Шығыс Қазақстан облысында Белағаш 2-ші кезегін, Батыс Қазақстан облысында Каменск және Орда су құбырларының 2-ші кезегін, Қостанай облысында Есіл, Солтүстік Қазақстан облысында Есіл, Булаев топтық су құбырларының 2-ші кезектерін, Оңтүстік Қазақстан облысында Тасты-Шу, Дарбаза топтық су құбырларын қайта жаңарту.
Ақмола облысында Көкшетау өнеркәсіптік су құбырының 2-ші кезегін, Қарағанды облысында Есқұла, Атырау облысында Ноғайты - Сағыз - Мүкір, Мүкір - Жантерек - Жамансор, Тасшағыл - Қаракөл, Мұздыбұлақ - Қарабау, Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара өнеркәсіптік су құбырларын салу және Ақмола облысында Яблонев, Алматы облысында Байзақ, Павлодар облысында Май және Беловод, Оңтүстік Қазақстан облысында Жетісай топтық су құбырын қайта жаңарту көзделіп отыр.
Сондай-ақ, 1583 елді мекенде сумен жабдықтау желілері мен құрылыстарын салу көзделіп отыр.
Барлық жиектегі 3-5 г/л-ге дейін жоғары минералдандырылған, сондай-ақ құрамында санитарлық норма талаптарынан асатын фтор, ауыр металдар, хлоридтер, сульфаттар, нитраттар және басқа да зиянды химиялық қоспалар жоғары мөлшерде бар жер асты сулары бар ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау жергілікті су тазарту қондырғыларын қолдану жолымен көзделіп отыр.
5.3. Ауыз сумен жабдықтау жүйелерін республикалық және коммуналдық меншікке бөлу
Су ресурстары шектелген немесе минералдық сулар басым (Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары) аудандарында ауыз сумен қамтамасыз ету ондаған және жүздеген елді мекендерге қызмет көрсететін, ұзындығы 50-ден 2000 км дейін топтық су құбырларын салу арқылы жүзеге асырылды. 1276 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ететін салынған топтық су құбырларының жалпы ұзындығы 17,1 мың км жетті.
Бұрын топтық су құбырларының барлық ірі жүйелері оларды ұстауға бөлінетін мемлекеттік қамтамасыз етілумен пайдаланылатын.
Аталған бағыт су тұтынушыларға ауыз суды беру жөніндегі маңызды топтық су құбыры жүйелеріне қызмет көрсететін кәсіпорындардың қызмет көрсетулерінің (шығындарының) құнын ішінара өтеуге (арзандатуға) арналған іс-шараларды қамтиды:
1) ауыз сумен жабдықтау жүйелерін республикалық және коммуналдық меншікке бөлу.
Жекелеген өңірлерде халыққа берілетін ауыз судың 1 м3 құны әр түрлі себептерге байланысты 60-80 теңгеге жетті және одан жоғары. 2005 жылы Солтүстік Қазақстан облысының топтық су құбырлары бойынша берілетін судың өзіндік құны 200 теңгеге дейін артты және одан жоғары болды, Батыс Қазақстан облысының Орда су құбыры суының өзіндік құны 564 теңгені құрайды.
Елді мекендерді кепілдік беретін сапада және қажетті мөлшерде топтық сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Бағдарламаның бірінші кезеңінде ауыз суды беру қызмет көрсетулерінің құнын арзандату бойынша мемлекеттік қолдау енгізілген.
Қазақстан Республикасының Су және Бюджет кодекстерінде сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз-су беру жөніндегі қызмет көрсетулердің құнын субсидиялау көзделген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 қаулысында Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі айқындалған, оған еліміздің 8 облысының 21 топтық су құбыры енгізілген.
Қазақстан Республикасының Су және Бюджет кодекстеріне өзгерістер енгізілген, оларға сәйкес сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызмет көрсетулердің құнын субсидиялау тек республикалық бюджеттен ғана емес, сондай-ақ облыстық бюджеттен де көзделген.