Қоршаған ортаға эмиссияларды төмендету үшін:
эмиссияларға өңірлік квоталар енгізіледі;
ең үздік қолжетімді технологияларға кезең-кезеңімен көшуді қамтамасыз ететін жұмыстар жүргізіледі;
«ескірген лас» технологиялар мен жабдықтарды кіргізуге тиым салынады;
экологиялық проблемаларды шешу үшін халықаралық ұйымдар мен донор елдерді тарта отырып ел аумағындағы тарихи ластануларды түгендеу жүргізіледі.
Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғат ресурстарын қайта өндіру және ұтымды пайдалануды сақтау үшін басқарушылық және шаруашылық шешімдерді қабылдауды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында 2008 жылы гидрометеорологиялық қызмет жүйесін реформалап және жаңғырта отырып, қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру жалғастырылатын болады.
Энергия үнемдеуді, гидроэнергетикалық ресурстарды, күн және жел энергетикасы объектілерін және басқа да жаңартылатын ресурстар мен баламалы энергия көздерін ұтымды пайдалануды ынталандыру шаралары әзірленетін болады.
Дамыған және транзитті экономикалы елдердің нарықтық экономика институттарын дамыту саласындағы тәжірибелерді зерделеу жөнінде халықаралық форумдар өткізіледі.
«Қазақстан - орнықты даму» интернет-порталы әзірленеді және Қазақстан Республикасының орнықты дамуы жөніндегі «Ақ», кітабы баспаға дайындалатын болады.
Мыналар бойынша ұсыныстар әзірленетін болады:
өндіріс объектілерінің өмірлік циклінің аяқталуы бойынша табиғи ландшафттарды қалпына келтірудің міндетті талаптарын заңнамалы бекіту;
энергия мен жаңартылатын ресурстарды тиімді пайдалану;
энергия және ресурс үнемдеу және жаңартылатын энергия көздерін қолдануда халықаралық тәжірибені таратуды ұйымдастыру;
орнықты даму индикаторларының ғылыми негізделген жүйесін әзірлеу;
орнықты даму проблемалары жөніндегі орталықты құру.
Шаруашылық қызметті жүзеге асыру процесінде өңірдің экологиялық сыйымдылығын айқындау үшін Каспий теңізінде кешенді мониторинг зерттеулер жүргізіледі.
Күтілетін нәтижелер:
2010 жылға қарай мына көрсеткіштерге қол жеткізу көзделеді:
атмосфераға меншікті жалпы шығарындылар ЖІӨ-нің миллион теңгесіне 0,1 тоннаны құрайды;
қоршаған ортада орналастырылатын уытты қалдықтар көлемі ЖІӨ-нің миллион теңгесіне 25 тоннаны құрайды;
негізгі су объектілері бойынша судың ластануының ең жоғары индексі 1,7 шартты бірлікті құрайды;
тиісті бақылаулар жүргізілетін қалаларда атмосфераның ластануының орташа индексі 7,0 шартты бірлікті құрайды;
ресурстарды тиімді пайдалану орта есеппен барлық салалар мен өңірлер бойынша 0,4 шартты бірлікті құрайды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама Еуропалық Кеңестің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі негізгі нұсқауларының талаптарына сай болады, қоршаған ортаның ластану деңгейі төмендейді және оның сапасын тұрақтандыру үшін жағдай жасалатын болады, бұл қоғамның экологиялық орнықты дамуының негізін құрайтын болады.
Орман және аңшылық шаруашылығы
Мақсаты - ормандарды күзету, қорғау және молықтыру саласындағы жағдайды тұрақтандыру, оларды ұтымды пайдалану және кейіннен орман шаруашылығын жүргізудің тиімділігін арттыру үшін әлеуетті еселей түсу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік табиғи-қорық қорының аумағын ұлғайту, сондай-ақ Қазақстанның жабайы түлікті жануарларының сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді сақтау және қорғау.
Міндеттер:
ормандарды сақтау және республиканың орманды аумақтарын ұлғайту;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көлемін ұлғайту;
Қазақстанның жабайы түлікті жануарларының сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді қорғау және олардың танымалдығын қалпына келтіру;
орман және аңшылық шаруашылығын дамытудың нормативтік құқықтық базасын одан әрі жетілдіру.
2010 жылға дейінгі іс-шаралар:
Тамыр жүйесі жабық көшет материалын өсірудің жаңа технологияларын енгізу.
Жануарлар әлемін сақтау мен тиімді пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру жалғасатын болады.
Аңшылық шаруашылығын толыққанды жүргізу үшін жүйеленген мемлекеттік есеп және жануарлардың жабайы түрлері ресурстарының кадастры жүргізіледі.
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, табиғи-қорық қорының объектілерін пайдалануды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу.
2008 жылға арналған іс-шаралар:
тамыр жүйесі жабық көшет материалын өсірудің жаңа технологияларын енгізу;
орман тұқымбақтарын қалпына келтіру, көшет материалын өсіру көлемін ұлғайту;
ормандарды орман өрттерінен және заңсыз ағаш кесуден қорғау;
ормандарды молықтыру және орман өсіру көлемін ұлғайту;
қазіргі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту және жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру;
жаппай браконьерлікке жол бермейтіндей және олардың таралымдарының санын тұрақтандыратындай және қалпына келтіретіндей дәрежеде Қазақстанның жабайы тұяқты жануарларының сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерін қорғауды ұйымдастыру;
киіктер санын 10 % көбейту;
жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі шараларды күшейту бөлігінде нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;
жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді қорғау, өсімін молайту және ұтымды пайдалану мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
2008 - 2010 жылдарға күтілетін нәтижелер:
Тамыр жүйесі жабық көшет материалын өсірудің жаңа технологиялары енгізіледі.
Ормандарды молықтыру көлемі 2008 жылы - 40 мың га, 2009 жылы - 42,5 мың га және 2010 жылы - 45 мың га дейін жеткізіледі.
Астана қаласының санитарлық-қорғаныштық жасыл аймағы 15 мың га, жыл сайын 5 мың га кеңейтілетін болады.
Республиканың табиғи-қорық қорының аумағы 1258,7 мың га ұлғаяды, мұның өзі мемлекеттің ландшафтық және биологиялық әралуандығын қорғауды, экологиялық туризмді дамытуды, қоршаған ортаның жай-күйін және халықтың денсаулығын жақсартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Орман өрттерін байқау, жедел жою мақсатында және заңсыз ағаш кесумен күресте ормандарға авиациямен қызмет көрсету көлемін 5 129 мың га ұлғайту көзделуде.
Жабайы тұяқты жануарларының сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің саны тұрақтанып, таралымы қалпына келтірілетін болады.
Киіктер саны жыл сайын 10 % көбейіп отырады, оның ішінде: 2008 жылы - 61 мың бас; 2009 жылы - 68 мың бас; 2010 жылы - 75 мың бас болады.
Балық шаруашылығы
Мақсаты - табиғи су айдындарындағы су биоресурстарын сақтау, өсімін молайту және тиімді пайдалану есебінен балық шаруашылығы кешенінің тұрақты жұмыс атқаруы негізінде балық саласының бәсекеге қабілеттігін арттыру, тауарлық балық өсіруді дамытуда жағдайлар жасау.
Міндеттер
балық шаруашылығын басқару жүйесін одан әрі жетілдіру;
балық ресурстарының өсімін молайту, бекіре өсіруді қоса алғандағы, тауарлық балық өсіруді дамыту және ұйымдастыру (аквакультура);
кәсіптік балық аулаудың тұрақты шикізат қорын қалыптастыру және саланың қазіргі өңдеу және қайта өңдеу базасын қалыптастыру;
балық шаруашылығын және балық ресурстарын қорғау, молықтыру, ұтымды әрі тиімді пайдалану саласындағы заңнаманы одан әрі реформалау.
2010 жылға дейінгі іс-шаралар:
1. Ихтиологиялық мониторинг өткізуде және су айдындарында, бас сағалық ғимараттарда балық шаруашылығына бақылау жасаудағы уәкілетті органдардың аумақтық органдарының ихтиологиялық қызметтерінің ролін арттыру және балық шаруашылығының бассейндік және облыстық басқармаларында ихтиологиялық зертханалар құру;
тиісті нормативтік құқықтық реттеу, сондай-ақ саланың мониторингін ұйымдастыру және институционалдық мүмкіндіктерді нығайту арқылы браконьерлікке және балық шаруашылығындағы құқық бұзушылықтардың басқа да нысандарына қарсы күрес жөніндегі шараларды күшейту;
балық шаруашылығын басқарудың біріктірілген ақпараттық жүйесін құру жолымен мониторинг, бақылау және қадағалау жүйесін жетілдіру.
2. Балықты отырғызу материалдарын жасанды өсіруге бағдарланған, уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы және балық питомнигі базасындагы инфрақұрылымдарды дамыта отырып, өсімін молайту кешенін жетілдіру және кейбір кәсіпорындарды бәсекелі ортаға беру;
жыл сайын бекірелердің шабақтарын өсіру көлемін 12-15 миллион данаға жеткізу және оларды сағалық кеңістікке жіберу арқылы Атырау облысының бекіре зауыттарын қайта жаңарту және жетілдіру;
Орал-Каспий бассейнінде қазіргі заманғы үздік технологияларды пайдалана отырып, жаңа бекіре зауытын салу жөніндегі мәселелерді пысықтау;
3. Өңдеуші базаны, Каспий теңізіндегі майшабақтардың, шабақтардың және теңіз итбалығының теңіз кәсіпшілігін, тауарлық балық өсіруді және бекіре өсіруді дамытудың шараларын әзірлеу және мемлекеттік қолдау көрсету тетіктерін жасау;
Арал-Сырдария өңірінде балық шаруашылығын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
балық ресурстарының қазіргі қорын сақтау және ұтымды пайдалану және жасанды жолмен өсімін молайту жөніндегі іс-шараларды күшейту.
4. Қазақ өндірістік-жерсіндіру станциясының базасындағы құрылған балық шаруашылығының селекциялық-генетикалық орталығында сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балық түрлерін сақтау және өсімін молайту биотехнологияларын әзірлеу;
5. Тауарлық балық өсіруді құру және дамыту бойынша нормативтік құқықтық базаны әзірлеу;
көл-тауарлы, тоған, балық ұстайтын және басқа да бейімделген шаруашылықтарды дамыту үшін жағдай жасау.
2008 жылға арналған іс-шаралар:
1. Бағалы балық түрлерін сақтау және дамыту үшін жағдайлар жасау, балық шаруашылығының су айдындарында бағалы балық түрлерінің кәсіпшілік қорын қалыптастыру мен толықтыру:
тиісті нормативтік құқықтық реттеу, сондай-ақ саланың мониторингін ұйымдастыру және институционалдық мүмкіндіктерді нығайту арқылы браконьерлікке және балық шаруашылығындағы құқық бұзушылықтардың басқа да нысандарына қарсы күрес жөніндегі шараларды күшейту;
халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында авиациялық қарауды ұйымдастыру.
2. Балық ресурстарының өсімін молайту;
балықты қайта өңдеу кәсіпорынын құру жөніндегі мәселелерді пысықтау;
Атырау облысының Орал және Қиғаш өзендері атырауында мелиоративтік жұмыстар жүргізу және Алматы облысының Іле және Қаратал өзендері атырауында осы жұмысты жүргізу жөніндегі мәселелерді пысықтау;
Орал-Каспий бассейнінде қазіргі заманғы үздік технологияларды пайдалану арқылы бекіре өсіретін жаңа зауыт салу жөніндегі мәселелерді пысықтау.
3. Каспий маңындағы басқа мемлекеттермен бірігіп бекіре балықтардың және басқа да су биоресурстарының жай-күйін бағалау жөнінде жыл сайын зерттеулер өткізуді қамтамасыз ету.
4. Балық аулау туризмі, әуесқойлық және спорттық балық аулауды, тауарлық балық өсіруді дамыту және балық өнімін өндіру саласындағы қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі қолданыстағы заңнамаға толықтырулар енгізу;
Каспий теңізі және басқа трансшекаралық су тоғандарының биологиялық ресурстарын бірлесіп игеру және қорғау жөніндегі мемлекетаралық келісімді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу.
Болжамдалатын нәтижелер
2010 жылға қарай 100 индустриялық көлдік-тауарлық, тоғандық, бассейндік, судағы торлы және басқа да тауарлық балық өсіру шаруашылықтары құрылады.
Қайта құрылған тауарлық балық өсіру шаруашылықтары тауарлық балық аулауды 300 тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Балық өсіру және қайта өңдеу саласының инвестициялық тартымдылығы бойынша шаралар қабылданады, Атырау облысында бекіре өсіру зауытын жаңғырту жүргізіледі және қуаты ұлғайтылатын болады.
Балық жіберу мен оларды жерсіндіру схемасына сәйкес тауарлық балық шаруашылықтарын отырғызу материалдарымен қамтамасыз ету бойынша жағдай жасалатын болады.
Су шаруашылығы
Мақсаты - халықты қажетті көлемдегі және кепілдендірілген сападағы сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану.
Міндеттері:
1) Сумен қамтамасыз етудің қазіргі жүйелерін қалпына келтіру мен жетілдіру және жаңаларды игеру, сондай-ақ баламалы көздерді және сумен қамтамасыз ету нұсқаларын дамыту.
2) Ауыз суды тиімді пайдалану, тұтынылатын судың сапасын және су объектілерінің экологиялық жай-күйін жақсарту.
3) Су қорын пайдалануды және қорғауды басқару жүйесін жетілдіру.
2010 жылға дейінгі іс-шаралар:
Қазақстан Республикасы экономикасының су секторын дамытудың және су шаруашылығы саясатының 2010 жылға дейінгі тұжырымдамасының шеңберінде 2008-2010 жылдары елдің су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану, әлеуметтік-экономикалық даму қажеттілігінің теңгерімін және судың нормативтік сапасының талаптары деңгейінде су ресурстарын молықтыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады.
Халықты қажетті көлемдегі және кепілдендірілген сападағы сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін «Ауыз су» салалық бағдарлама іске асыру жалғасады.
Суды пайдалануды тұрақты қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау үшін оның ішінде кіріктірілген басқару қағидаттарын енгізу жолымен су ресурстарын сақтау және тиімді пайдалану жөніндегі шаралар кешенін қабылдау жоспарланып отыр.
Су объектілері жай-күйінің есебіне және оларды су пайдаланушылардың пайдалану ерекшеліктеріне негізделген өңірлік су шаруашылығының саясаты жүзеге асырылатын болады.
2008 жылдарға арналған іс-шаралар:
ауылдық елді мекендердегі су алу ғимараттары мен оқшауланған су құбырлары желілерінің, сондай-ақ топтық су құбырлардың жұмыстық жай-күйін қолдау үшін қайта жаңғырту жүргізу;
сумен қамтамасыз етуді баламалы көздерге ауыстыру жолымен мейлінше ұсақ топтық жүйелерді құру мақсатында сегменттеу;
қала және кент тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерін салу;
Астана қаласында Еуразиялық су орталығын құру;
республикаға су жинақтайтын технологияларды, суды пайдаланудың айналмалы және тұйық жүйелерін енгізу, сондай-ақ су шаруашылығы жүйелерін есептеу мен реттеуді қазіргі құралдарымен жарақтандыру жөнінде техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеу;
минералды жер асты суларын жергілікті жерлерге тарата отырып, өңірлерге сумен жабдықтау жүйелеріне су тұщытатын қондырғылар енгізу, сондай-ақ судағы фтор, темір, марганецтың және басқа зиянды компоненттердің белгілі шоғырландыру шегіне дейін шоғырлануын төмендету бойынша, сондай-ақ суды залалсыздандыру бойынша жаңа технологияларды қолдану;
су объектілері - ауыз сумен қамтамасыз ету көздерінде су қорғау аймақтарын орнату жөніндегі жұмыстар жалғасады;
ауыз су қажеттіліктері үшін пайдаланылатын су қоймаларының санитарлық-қорғау су қорғау аймақтарындағы орман екпелерін қайта жаңғырту және жаңа орман екпелерін құру;
су пайдаланушылардың қаражаты есебінен су шаруашылығы объектілерін ұстау және жөндеу жөніндегі шығындарды өзін-өзі өтеушілікке кезең-кезеңімен көшіре отырып, су пайдаланушыларға су беру жөніндегі қызмет көрсетулер үшін баға белгілеуді жетілдіру бойынша жағдайлар жасау, бұл ретте, халыққа ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялаудың жаңа тетігі енгізілетін болады.
Күтілетін нәтижелер:
Сумен жабдықтаудың 650 объектісі салынады және қайта жаңартылады, қазіргі су шаруашылығы объектілерінің жұмыстары қайта ұйымдастырылады, су шаруашылығының ресурсты және нормативті құқықтық қамтамасыз етілуі жүзеге асырылады.
Халыққа ауыз су беру қызметтері нарығын дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру жалғасатын болады, бұл:
сумен жабдықтаудың жаңа жүйесін құруға;
халықтың сапалы ауыз суға қол жетімдігін ұлғайтуға;
ауыз су сапасының санитарлық ережелерінің талаптары мен стандарт нормаларының толық сақталуын қамтамасыз ету жолымен су көздерінің және сумен жабдықтау жүйелерінің сенімділігін арттыруға;
ауыз су сапасындағы жергілікті жер асты суларын барынша пайдалануға;
жергілікті көздердің суларын ауыз су мақсатында орталықтандырылмаған пайдалануды болдырмауға;
сумен қамту көздеріндегі теріс экологиялық әсер ету мүмкіндіктерін жоюға;
жекелеген өңірлер мен өзендердің бассейндері бойынша ауыз су сапасына мониторингтің жедел жүйелерін құруға;
құрылыста, ауыз суды тазалау жүйелерінде, сондай-ақ кейбір жағдайларда сумен жабдықтау көздерін баламаға ауыстыруда жаңа технологияларды пайдалану жолымен жеткізілетін судың бір кубометрінің құнын төмендету.
3.3. 3-басымдық. Инфрақұрылымның дамуы
3.3.1. 1-шара. Көлікті дамыту
Мақсаты - экономика мен халықтың мұқтаждықтарын қамтамасыз ететін ұлттық көлік-коммуникация инфрақұрылымдарын тиімді қалыптастыру және Қазақстанның көлік жүйесін әлемдік көлік жүйесіне ықпалдастыру.
Міндеттері:
Автожолдар саласында:
халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының басымды учаскелерінің және тиісті инженерлік ғимараттардың, сондай-ақ жергілікті маңызы бар жолдар учаскелерінің техникалық жай күйін қозғалыс қарқындылығының перспективалық өсуін ескере отырып, нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келтіру;
жол маңындағы инфрақұрылымдарды дамыту.
Автомобиль көлігі саласында:
автокөлік қызметі нарығын сапалы және сандық қатынастарда жетілдіру, жүк ағынын ұлғайту және отандық, тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Темір жол көлігі саласында:
экономика мен халықтың жүк және жолаушылар тасымалына мұқтаждықтарын тасымалдаудың әлемдік сапасы мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкес қамтамасыз ету.
Азаматтық авиация саласында:
әуе тасымалдары нарығын кеңейту және әуе қозғалысын ұйымдастыру жүйесінің жаңа тұжырымдамасын енгізуге дайындық жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру;
әуе қозғалысын басқару жөніндегі өндірістік қуаттар мен жердегі инфрақұрылым объектілерін жаңғырту, сондай-ақ әуе кемелерінің паркін жаңарту.
Су көлігі саласында:
қазіргі заманғы жоғары технологиялық теңіз көлігін, порттық және сервистік инфрақұрылымдар, теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кемелердің қозғалысы мен теңіздегі құтқару операцияларын басқару жүйелерін құру;
мемлекеттік техникалық өзен флотының кемелерін кезең-кезеңімен алмастыру және жаңғырту, сондай-ақ имараттарды қайта жаңалау мен жаңғыртуға және Бұқтырма және Өскемен суда жүру шлюздарын жарақтандыру.
Транзиттік әлеует саласында:
қолайлы, сенімді және қолжетімді транзиттік көлік магистралдары мен байланыстырушы бағыттарда Шығыс пен Батыс арасындағы өсіп келе жатқан сауда байланыстарын қамтамасыз ету.
көлік инфрақұрылымын дамыту деңгейін, көлік қызметінің сыртқы нарығындағы отандық тасымалдаушының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолымен Қазақстанның көлік жүйесін еуразия көлік жүйесіне ықпалдастыру;
сыртқы және ішкі факторларды тиімді пайдалануды және транзиттің жай-күйін арттыру.
2008-2010 жылдарға жоспарланған шаралар мен іс-шаралар:
Орта мерзімді жоспарда темір жол көлігінде - 7, автожолдар саласындағы - 5, азаматтық авиация - 2, су көлігі саласындағы - 2 жобаны, яғни, 16 көлік жобаларын іске асыруды жалғастыру жоспарланып отыр.
Келешекте Еуропа елдеріне шығатын Ляньюньган шығыс қытай портынан ресейлік Санкт-Петербургқа дейін орналасатын «Батыс-Оңтүстік» жаңа көлік дәлізін ұйымдастыруға басты назар аударылатын болады.
Қазақстан құрлықішілік мемлекет болып табылады және осыған байланысты жүк ағындарын сапалы басқару ерекше маңызға ие. Елдің транзиттік-көлік әлеуетін тиімді пайдалану үшін қазіргі заманғы көлік-логистика орталықтарын құру жоспарланып отыр. Көлік-логистика орталықтарын құру жүк ағындарын қалыптастырудың бірнеше нүктелерінде жоспарланып отыр: Астана, Алматы, Ақтау қалаларында, Достық және Қорғас станцияларында, Бақты және Тасқала - Озинки өтпелерінде.
Халықаралық техникалық және экологиялық стандарттарды кезең-кезеңімен енгізе отырып, ұлттық стандарттарды үйлестіру жоспарланып отыр.
Көліктегі жұмыс пен қызмет нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру жөніндегі бағыттарда қолданыстағы нормативтік құқықтық база халықаралық стандарттармен үйлестірілетін болады, сондай-ақ поездардағы жолаушыларға қызмет көрсетуге талаптар мен жылжымалы құрамның техникалық жай-күйіне әсер ететін темір жол көлігі саласындағы стандарттарды әзірлеу жалғасады. 2007 жылы шамамен 100 стандарт әзірлеу жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарлығымен бекітілген 2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Көлік стратегиясын (бұдан әрі - Көлік стратегиясы) іске асыру Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму мүдделерінде көлік мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруіне ықпал етеді.
Автожолдар және автомобиль көлігі саласында:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 қаулысымен бекітілген автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға дейінгі бағдарламасын іске асыру шеңберінде жалпы ұзақтығы 6366 км автомобиль жолдарының 6 халықаралық транзиттік дәліздерін қайта жаңғыртуды жалғастыру жоспарланып отыр. Олар: Самара - Орал - Ақтөбе - Қызылорда - Шымкент - 1527 км, Астрахань - Атырау - Ақтау - Түркіменстан шекарасы - 1387 км, Омбы - Павлодар - Майқапшағай - 1094 км, Ташкент -Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас - 945 км, Алматы - Қарағанды - Астана -Петропавл - Ресей Федерациясының шекарасы - 548 км, Таскескен - Бақты - ҚХР шекарасы (187 км) және Шонжы - Колжат - Қытай Халық Республикасының шекарасы (110 км).
Ішкі және келушілер туризмін және кластерлік бастамаларды дамыту бағдарламасына енгізілген республикалық және Азия және Еуропа тас жолдарының құрамдас бөлігі болып табылатын халықаралық маңызы бар автожолдарды қайта жаңарту көзделіп отыр. Бұл автожолдар: Алматы -Өскемен, Үшарал - Достық, Жезқазған - Петропавл - Ресей Федерациясының шекарасы, Қызылорда - Павлодар - Ресей Федерациясының шекарасы, Бейнеу - Ақжігіт - Өзбекістан шекарасы.
Бұдан басқа, Алматы - Ыстыққөл (62 км) автожолдарын қайта жаңғыртуды концессиялық негізде іске асыру жоспарланып отыр.
Орта мерзімді перспективада автомобиль көлігі саласында алға қойылған мақсаттарға жету үшін мынадай жұмыстарды жүргізу жоспарланып отыр:
жылжымалы құрам паркін жаңарту мен жаңғыртуды ынталандыру, оның оңтайлы құрылымына қол жеткізу;
автомобильдердің газдарынан шығатын зиянды заттардың қалдықтарына экологиялық талаптарды арттыру;
тұрақты бағыттардағы автобустардың қозғалысын диспетчерлік сүйемелдеудің қазіргі заманғы жүйесін енгізу;
автотасымалдаудың басқарылуын қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінің қазіргі заманғы технологияларын енгізу;
нормативтік-құқықтық базаны халықаралық стандарттармен үйлестіру;
ұлттық тасымалдаушылардың мүдделерін ескере отырып, Орталық азия мен Закавказья елдерімен автотасымалдау бойынша екі жақты үкіметаралық келісімдердің шарттарын қарау.
Темір жол көлігі саласында:
Қазақстан Республикасындағы темір жол көлігі саласын реформалау мен дамыту жөніндегі кешенді шаралар әзірленуде.
бәсекелі ортаны қалыптастыра, көлік қызмет нарығын ырықтандыра және қолайлы инвестициялық және техникалық дамуға жағдай жасай отырып, тарифтік саясат жетілдірілетін болады.
Жолаушылар тасымалына мұқтаждықтарды қамтамасыз ету үшін:
қамсыздандырылуы төмен деңгейлі халық үшін әлеуметтік мәні бар жолаушылар теміржол тасымалының қолжетімділігін сақтау және жолаушылар тасымалын жүк тасымалының есебінен соғыспалы субсидиялауды тоқтату;
жолаушылар тасымалынан түсетін кірісті арттыру және шығыстарды оңтайландыру;
жылжымалы құрамды жаңарту және жаңғырту есебінен жолаушылар тасымалы инфрақұрылымын жаңғырту және дамыту;
жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдау жөніндегі қызмет нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру көзделеді.
Азаматтық авиация саласында:
азаматтық авиация субъектілеріне қойылатын сертификаттық және экономикалық талаптарды жетілдіру;
авиация нарығын реттеудің жүйелі шараларын қолдану;
әуе кемелері, оның ішінде жеңіл авиация паркін жаңарту;
Алматы, Астана, Атырау тораптық әуежайларын және Қазақстанның өнеркәсіптік және дамушы өңірлерінде орналасқан (Ақтөбе, Ақтау, Қостанай, Орал, Шымкент, Петропавл, Павлодар, Өскемен, Қызылорда, Талдықорған) әуежайларды қайта жаңартуды аяқтау;
аэронавигациялық жүйені CNS/АТМ тұжырымдамасын енгізуге дайындау;
нормативтік-техникалық актілерді ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкес келтіру;