ірі шетелдік компаниялармен бәсекеге қабілетті белгіленген авиатасымалдаулардың түбегейлі қалыптасуы;
шағын авиацияны дамыту болып табылады.
Су көлігі саласында:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі № 916 қаулысымен бекітілген Саланы дамыту Қазақстан Республикасының теңіз көлігін дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Теңіз көлігін дамыту бағдарламасы) мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қыркүйекте № 917 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының кеме қатынасын дамытудың және ішкі су жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2007-2012 жылдарға арналған бағдарламасына (бұдан әрі - Кеме қатынасын дамыту бағдарламасы) сәйкес жүргізілетін болады.
Теңіз көлігін дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде қазіргі заманғы жоғары технологиялық теңіз көлігін, порттық және сервистік инфрақұрылымдар, теңізде жүзу теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін осы заманғы жоғары технологиялық теңіз көлігін, айлақтық сервистік инфрақұрылымды құру, кемелер қозғалысын және теңізде құтқару операцияларын басқару жүйелерін құру көзделеді.
Кеме шаруашылығын дамыту бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік өзен флоты кемелерін кезең кезеңімен ауыстыру және жаңғырту, сондай-ақ Бұқтарма және Өскемен су кемелері шлюздерін қайта жаңалау және жаңғырту көзделуде. Ішкі су жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатымен су жолдарын кеме жүретін жағдайда ұстау және гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) ұстау бойынша кешенді жұмыстар жоспарланып отыр.
Транзиттік әлеует саласында:
Транзиттік әлеуетті дамыту Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы сәуірдегі Жарлығымен бекітілген Қазақстанның көлік стратегиясын іске асыруға, сондай-ақ Қазақстан арқылы өтетін халықаралық магистральдар желілерін дамыту тұжырымдамасына негізделетін болады. Бұл ретте үш басым бағытқа ерекше назар аударылатын болады:
Ресей, Еуропа және Балтық елдері;
Қытай, Жапония және Оңтүстік Шығыс Азия елдері;
Орталық Азия және Закавказье, Парсы шығанағы елдері және Түркия.
Көрсетілген бағыттың әрқайсысында жер үсті және су магистралдарының кешенін қамтитын қалыптасқан халықаралық көлік дәліздері бар.
Бұдан басқа, халықаралық көлік дәліздерінде орналасқан екі тораптың дамуын одан әрі жалғастыру жоспарланады: шығыста Достық өткелі және еліміздің батысында Ақтау порты.
Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін халықаралық ұйымдар шеңберінде де жұмыстар жалғасатын болады.
Бұнымен қоса, транзиттік әлеуетті дамыту бойынша қойылған мақсаттарды шешу үшін:
олардың техникалық және сервистік деңгейін, жол маңы сервисі объектілерін дамытуды қоса алғанда, әлемдік стандарттар деңгейіне жеткізу жолымен транзиттік көліктік дәліздердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
транзиттік жүктердің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы басымдықпен, кедергісіз және қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету;
халықаралық және транзиттік тасымалдауға барынша сапалы қызмет көрсету үшін Қазақстан өңірлерінің көлік желілерінде өңірлік көліктік-логистикалық орталықтар және терминалдық кешендер құру жоспарланып отыр.
Күтілетін нәтижелер:
Автожол көлігі және теміржол көлігі саласында:
2008-2010 жылдары жоспарланып отырған іс-шараларды жүргізудің нәтижесінде жыл сайын 4917 км автомобиль жолын жақсы, 14871 км жолды қанағаттанарлық жағдайда қамтамасыз ету көзделуде.
2010 жылы халықаралық автокөлік қызметін көрсетуде қазақстандық тасымалдаушылардың үлесі шамамен 60 % құрайды, ал транзиттік жүк ағынының өсімі шамамен 500 мың тоннаны құрайды.
Теміржол тарифін құрамдауыштарға тарифтерді есептеу әдістемесі әзірленетін болады: локомотив тартымына, жүк және коммерциялық жұмыстарға және вагондар мен контейнерлерді пайдалануға беру бойынша, тасымалдау үдерісіне қатысушылардың қызмет көрсету тарифін құрайтын бірыңғай өлшеміне келтіру тәртібі. Сонымен бірге, магистральді теміржол желісі қызметінің өзіндік құнын есептеу әдістемесіне өзгерістер болады.
Экономикалық негізделген бағаларды (тарифтерді) бекіту мақсатымен табиғи монополиялар туралы заңнамаларға сәйкес магистральді темір жол желісі бойынша реттелетін қызметтер бойынша кірістерді, шығыстарды және іске қосылған активтердің жеке есебін жүргізу әдістемесі әзірленетін болады.
Азаматтық авиация саласында:
2008-2010 жылдары Қазақстанның әуежайларында жолаушылар ағынын өсуі кемінде 10%-ды, жүк ағыны кемінде 4% құрайды.
2008-2010 жылдары әлемдік стандарттар талаптарына сәйкес келетін әуе кемелерінің паркі орта есеппен жылына 5 бірлікке өсіп отырады. Еліміздің транзиттік әлеуетін барынша пайдалану мақсатымен 2010 жылға қарай әлемдік стандарттардың талабына сәйкес келетін халықаралық әуежайлардың санын сегіз бірлікке дейін өсіру жоспарланып отыр.
Су көлігі саласында
Жоспарланып отырған іс-шараларды табысты іске асыру 2010 жылы мыналарды қамтамасыз етеді:
Ақтау портының қуатын 20 млн. тонна мұнай құюға және 3 млн. тонна құрғақ жүкке ұлғайту;
25 бірлік санында теңіз операцияларын қолдау флотын құру;
техникалық флоттың 67 кемесін жаңалау және жаңғырту.
Жоспарлы іс-шараларды іске асыру тұтастай алғанда:
көлік жүйесі қызметінің сапалы жаңа деңгейіне көшуді жүзеге асыруға;
қазақстандық тауарлардың түпкілікті құнын төмендетуге және олардың әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыруға;
логистиканы және жаңғыртуды дамыту жолымен жүктерді жеткізу мерзімін қысқартуға;
көлік артерияларының бойында тұратын халықтың деңгейі мен өмір сапасын арттыруға;
Қазақстан аумағы арқылы транзит көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
3.3.2. 2-шара. Құбыр желісі көлігін дамыту
Көлік мүмкіндіктерін көбейту мемлекет үшін стратегиялық тиімділікті қамтамасыз ету бойынша негізгі міндеттердің бірі болып табылады.
Қолданыстағы тасымалдау маршруттарын, сондай-ақ стратегиялық маңызды бағыттарды, әсіресе, жаңа нарықтарды игеру бөлігіндегі және көлік бағыттарын әртараптандыруды білдіретін маршруттарды қолдау мен дамытуға жұмыс жүргізілуде.
Жаңа мұнай құбырларын салу, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған құбыр жүйелерін қайта жаңғырту бойынша бірнеше жобалар іске асырылды.
Каспий құбыр консорциумы мұнай құбыры (бұдан әрі - КҚК)
КҚК жобасының өзекті мәселелерінің бірі мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына жобалық деңгейін 67 миллион тоннаға дейін, соның ішінде қазақстан мұнайын жылына 50 миллион тоннаға дейін кеңейту болып табылады.
«Қазақстан - Қытай» мұнай құбыры
Жобаның мақсаты Қазақстан мен Ресей мұнайын Қытайға жеткізуді ұйымдастыру.
Міндеттері:
Атырау-Алашанькоу мұнай құбырын пайдалану кезіндегі ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы келісімге қол қою;
Атырау-Алашанькоу мұнай құбырының қалған объектілерінің құрылысын аяқтау және объектілердің барлық кешенін өндірістік пайдалануға қабылдау.
Қазақстан-Қытай мұнай құбырының екінші кезеңі құрылысының жобасы бойынша:
Қазақстан-Қытай мұнай құбырының екінші кезеңі құрылысының инвестициялық жобасының негіздемелерін әзірлеуді аяқтау;
Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбыры құрылысының жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге кірісу қажет.
«Атырау-Самара» мұнай құбыры
«Атырау-Самара» мұнай құбыры ТМД елдерінің мұнай құбырлары жүйесі арқылы Қара және Балтық теңіздерінің терминалдарына, сондай-ақ Еуропа елдерінің нарықтарына қазақстан мұнайын жеткізуге арналған негізгі экспорттық мұнай құбырларының бірі болып табылады.
Мұнай құбыры жұмысының сенімділігін қолдау мақсатында құбырларды кезең-кезеңімен ауыстыру жүргізілетін болады.
Кеңқияқ - Атырау мұнай құбыры
Ақтөбе кен орындары мұнайын Атырау-Самара және КҚК экспорттық мұнай құбырларына жеткізуді қамтамасыз ету үшін бастапқы өткізу қабілеті жылына 6 млн. тонна болатын Кеңқияқ-Атырау мұнай құбыры пайдалануға берілді.
«Солтүстік Бозашы» мұнай құбыры - «Қаражанбас» МӨЗ
МҚС «ҚазТрансОйл» АҚ Солтүстік Бозашы кенорнына арналған магистральды мұнай құбырлары жүйесіне тікелей шығуды, сондай-ақ өндірістік қуаттардың жүктемесін көтеруді қамтамасыз ету үшін 2006 жылы «Солтүстік Бозашы - Қаражанбас МҚС» мұнай құбыры пайдалануға берілді.
Бұл мұнай құбырының ұзындығы 25 км, өткізу қабілеті жылына 3,5 млн. тоннаны құрайды.
Таяу болашақта Қазақстан-Қытай мұнай құбыры құрылысының II кезеңін іске асыру жөніндегі жұмыстарды жалғастырумен қатар Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай өндіруді мұнай тасымалдау бағыттарын әртараптандыру бойынша болжамды ұлғайтумен байланысты жаңа жобаларды іске асыру көзделуде.
Кеңқияқ-Құмкөл учаскесінің құрылысын зерделеу, Құмқөл-Қарақойын-Атасу учаскесіндегі жұмыс істеп тұрған қуаттарды жаңғырту, Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырын реверстік бағытта жұмыс істеу үшін қайта жаңғырту, Атырау-Алашанькоу мұнай құбырының қуатын жылына 20 млн. тоннаға дейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Кеңқияқ-Құмкөл жобасын іске асыру Қазақстанның Батыс және Ақтөбе өңірлерінің, сондай-ақ елдің шығыс өңіріне, сондай-ақ Қытай Халық Республикасы тұтынушыларына Каспий теңізінің қазақстандық секторы өндірушілерінің мұнайын тасымалдауға арналған Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбырларының оқшауланған жүйелерін біріктіруге мүмкіндік береді.
«Қазақстандық Каспий тасымалдау жүйесі» мұнай құбыры
Қазақстандық Каспий тасымалдау жүйесі қазақстан мұнайын Ескене-Құрық мұнай құбыры арқылы, сонан соң Баку - Тбилиси - Жейхан жүйесіне ауыстырып Құрық портынан Бакуге дейін Каспий теңізі арқылы танкерлермен тасымалдауды көздейді.
2006 жылғы 16 маусымда Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасында Баку - Тбилиси - Жейхан жүйесі арқылы халықаралық нарықтарға Каспий теңізі мен Әзірбайжан Республикасының аумағы арқылы Қазақстан Республикасынан мұнай тасымалдауды қолдау және жәрдемдесу жөніндегі Шартқа қол қойылды.
Осы жобаны іске асыру шеңберінде Ескене - Құрық мұнай құбырын салу, Құрық портында сұйыққойма паркі бар мұнай тасымалдайтын терминал, сондай-ақ көп тонналық танкерлер жасау көзделуде.
Жаңа көлік жүйесі қазақстан мұнайын бастапқы кезеңде жыл сайын 25 млн. тонна тасымалдауды қамтамасыз ететіні, кейін оны жылына 38/60 млн тоннаға дейін ұлғайту көзделуде.
Қазіргі кезде «Қазақстандық Каспий тасымалдау жүйесі» жобасының бизнес құрылымы мен ынтымақтастықтың негізгі принциптері бойынша «ҚазМұнайГаз» АҚ, Шеврон және Солтүстік Каспий мердігерлері арасында келіссөздер жүргізілуде.
«Қазақстан - Түркіменстан - Иран» мұнай құбыры
Жоба бойынша жұмыс жоспары 2002 жылғы 1 қарашада «ҚазМұнайГаз» АҚ, TOTAL, JNOC, ІМРЕХ «Қазақстан - Түркіменстан - Иран» құбыр жобасы бойынша бірлесіп зерттеу туралы Келісімге сәйкес жүзеге асырылатын болады.
2006 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан-Түркіменстан-Иран мұнай құбырының жобасы бойынша Үйлестіру комитетінің кезекті отырысы болды, онда Иранның мұнай өңдеу зауыттарында мұнайды өңдеу, теңізбен тасымалдау, Қазақстан мен Иран арасындағы SWAP операциялары бойынша зерттеулердің алғашқы нәтижелері қаралды.
Бірлескен зерттеулер аяқталғаннан кейін нәтижелері экспорттық мұнай құбырларының мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның қарауына жіберілетін болады, бұдан кейін егжей-тегжейлі техникалық экономикалық негіздеме жүргізу тұрғысынан алғанда жоба бойынша шешім қабылдау көзделуде.
Қазақстандық жұмыс тобы Қазақстан-Түркіменстан-Иран мұнай құбырын салу жобасын алдын ала зерттеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Жаңа кенорындарды игерумен бірге тауарлық газды шығару мен өндіру көлемі арттырылуда, бұл өз кезегінде, газдың экспорттық әлеуетін арттыруға және ішкі нарықты молықтыруға әкелетін болады.
Қазақстан үшін Шығыс және Солтүстік-Батыс Еуропа, Жерорта теңізі, Қытай көмірсутектерді өткізудің перспективалы нарықтары болып табылады. Барлық осы бағыттарға толық ауқымды серпіліс дамыған және серпінді құбыржол саласынсыз тіпті мүмкін емес. Қазақстан өзінің тәуелсіздік кезеңінде құбыр көлігі мен оның инфрақұрылымын белсенді дамытуда. Онсыз мұнай-газ саласы көмірсутек өндіруді кеңестік кезеңмен салыстырғанда екі еседен астам арттыра алмас еді.
Республиканың газ көлік саласы үшін магистральді газ құбырлары жүйесін, Ресейге, Украинаға, Кавказ мемлекеттері мен Еуропаға қазақстан мен орта азияның газын экспорттық жеткізуге қызмет ететін Орта Азия - Орталық магистральді газ құбырын қайта құру мен жаңғырту жобасы барынша өзекті болып табылады.
2008 жылға қарай магистралді газ көлік жүйелерімен табиғи газды тасымалдау көлемін жылына 130 млрд. текше метрге дейін, газдың халықаралық транзитінің көлемін жылына 116,6 миллиард текше метрге дейін жеткізу, соның ішінде Орта Азия - Орталық магистральді газ құбырының өткізу қабілетін жылына 60 млрд. текше метрге дейін арттыру жоспарланып отыр.
Елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сыртқы жеткізілімдерге және батыс өңірлерден оңтүстік өңірлерге газды кедергісіз беруге байланысты азайту мақсатында жалпы ұзындығы 1650 км және өткізу қабілеті жылына 10 миллиард текше метр «Бейнеу КС- Бозой КС, Шалқар КС -Самсоновка (Ақбұлақ) КС» магистральді газ құбырын салу мәселесі қаралуда. «ҚазТрансГаз» АҚ 2007 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отырған Инвестициялардың негіздемелерін әзірлеп жатыр.
3.3.3. 3-шара. Телекоммуникация саласын және почта байланысын дамыту
2008-2010 жылдары телекоммуникация саласының дамуының негізгі мақсаты телекоммуникацияның бәсекелестік нарығының серпінді дамуына жағдай туғызу және халықты сапалы және қолжетімді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету болып табылады.
Міндеттері:
бәсекелестіктің дамуы және мемлекеттік реттеу тетігін жетілдірумен телекоммуникация саласының бәсекелестік қабілетін көтеру.
телекоммуникациялық инфрақұрылымдарды, оның ішінде ауылдық жерлерде, дамыту.
интернет қызметтерінің дамуына және қолжетімділігіне жағдай жасау.
Жоспарланып отырған іс-шаралар:
Телекоммуникация саласын ырықтандыру және телекоммуникация желілерін дамыту бойынша іс-шаралар жалғастырылатын болады.
ұлттық ақпараттық супермагистраль құрылысын аяқтау жоспарланып отыр, сондай-ақ жергілікті телекоммуникация желісін, ұялы байланыс, деректер беру желісін және Интернет қызметін дамыту және жаңарту жалғастырылатын болады.
Ауылдық байланыс желісін дамытуға және жаңартуға бағытталған ауылдық байланыс залалдарын субсидиялаудың қолданыстағы тәртібіне өзгерістер енгізілетін болады.
«KAZSAT-1» байланыс және хабар тарату спутнигінің сыйымдылығын толтыру бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады, сондай-ақ «KAZSAT-2» спутнигін жасау жөніндегі іс-шаралар жүргізілді.
Байланыс нарығына және қызметтің өзіндік құнына егжей-тегжейлі талдау жүргізілетін болады және телекоммуникация саласын ырықтандыру мен телекоммуникация қызметтеріне тарифтерді қайта теңгерімдеу бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді, тіркелген және ұтқыр байланыс, сондай-ақ Интернет-қызмет қызметі рыноктарын «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының шектен тыс монополиялауы жойылды.
Ұтқыр байланыс нарығында бәсекелестікті дамыту мақсатында 1800 МГц аумағында радиожиілікті пайдалану бойынша іс-шаралар жүргізілетін болады.
Жергілікті тіркелген байланыс және Интернет-қызмет нарығында бәсекелестік, сондай-ақ осы қызмет түрлеріне тарифтердің төмендеуі басым байланыс операторларының, жергілікті баламалы байланыс операторларының және Интернет провайдерлерінің абоненттік желілеріне регламенттелген тең құқылы қолжетімділік арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Күтілетін нәтижелер:
2008 жылы:
тіркелген телефон желісінің тығыздығы елдің 100 тұрғынына шаққанда 23 құрайды;
ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы - елдің 100 тұрғынына шаққанда - 60;
жергілікті телекоммуникация желісін цифрландыру деңгейі - 90%;
Интернет пайдаланушылар тығыздығы - елдің 100 тұрғынына шаққанда 10;
2009 жылы:
тіркелген телефон желісінің тығыздығы елдің 100 тұрғынына шаққанда 24 құрайды;
ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы - елдің 100 тұрғынына шаққанда 95;
жергілікті телекоммуникация желісін цифрландыру деңгейі - 95%;
Интернет пайдаланушылар тығыздығы - елдің 100 тұрғынына шаққанда 13;
2010 жылы:
тіркелген телефон желісінің тығыздығы елдің 100 тұрғынына шаққанда 27 құрайды;
ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы - елдің 100 тұрғынына шаққанда 100;
жергілікті телекоммуникация желісін цифрландыру деңгейі - 98%;
Интернет пайдаланушылар тығыздығы - елдің 100 тұрғынына шаққанда 15;
Осының нәтижесінде ақпараттық қоғамның технологиялық негізі ретіндегі тиімді және дамыған телекоммуникациялық инфрақұрылымның экономикалық дамуына мүмкіндік беретін телекоммуникация қызметі нарығының оңтайлы құрылымы жасалатын болады.
Почта байланысы саласында, почта қызметтері нарығында бар үрдістерді ескере отырып баламалы операторлардың пайда болуына, ең алдымен жергілікті почта желілерінде почта саласының инвестициялық тартымды секторға айналуына мүмкіндік беретін жағдай жасау қажет.
Халықты және экономиканың субъектілерін ұсынылатын почта және жинақтау қызметтерінің барлық түрлерімен толық қамтамасыз ету, бірқатар қызметтерге оның ішінде, баспа басылымдарын таратуға тарифтерді азайту және бәсекелестікті дамыту мақсатында 2008-2010 жылдары әлеуетті бәсекелестік қызмет секторының бөлінуін және жергілікті почта желісі операторларының пайда болуы қарастырылған почта қызметі нарығын қайта құрылымдау жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте халыққа тұрған аумағына қарамастан белгіленген сапада қызмет ұсыну кепілдендірілетін, халыққа әмбебап почта қызметін көрсету мәртебесі реттелетін болады.
Сонымен бірге Ұлттық почта операторының магистралдық почта желісінің және инфрақұрылымының одан әрі дамуы мен жаңаруы жалғастырылады, ол үшін Ұлттық почта операторының мына міндеттерді шешуі қажет:
«Қазпочта» АҚ материалдық-техникалық базасын жетілдіру және осы заманғы технологияларды енгізу;
почта-жинақтау қызметтерін ұсыну сапасын көтеру;
осы заманғы банк өнімін және Интернет-бағытталған қызметтерді енгізу үшін көрсетілетін қызметтер аясын кеңейту және технологиялық базасын құру;
почта-жинақтау қызметтерін дамыту үшін қаржы тетіктерін қалыптастыру;
осы заманғы басқару технологияларын енгізу.
Өңірлік желі және магистралдық маршруттарды оңтайландыруды қарастыратын почта жөнелтілімдерін жеткізу жиілігі мен мерзімдерін ұлғайтуды қоса алғанда почта байланысын пайдалану көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған іс-шаралар басым деп анықталды.
Көзделген мақсаттарды және алға қойылған міндеттерді орындау почта-жинақтау қызметін көрсету сапасын аса жоғары деңгейде көрсетуге мүмкіндік беретін Ұлттық почта операторының материалдық-техникалық базасын жақсартуға мүмкіндік береді, атап айтқанда:
облыстың ішкі бағыттары бойынша почта тасу жиілігін аптасына 5 ретке дейін, ауданның ішкі бағыттары бойынша аптасына 3 ретке дейін ұлғайтуға;
еліміздің барлық аумағы бойынша почта ақша аударымдары бір күн ішінде жүзеге асырылады, тұтастай алғанда магистралдық бағыттар бойынша почта жөнелтілімдерін жеткізу мерзімі «күн+4» құрайды.
3.3.4. 4-шара. «Электрондық үкіметті» дамыту
Ақпараттық қоғамды қалыптастыруға Қазақстанның одан әрі алға басуы үшін «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленетін болады.
2008 жылы мемлекеттік органдардың транзакциялық электрондық қызметтерін көрсету - «электрондық үкімет» дамытудағы үшінші кезеңі басталады.
Осы мақсатпен қызметтің негізгі бағыттары Төлем шлюзін құру мен электрондық төлемді жүргізуді нормативтік құқықтық қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем инфрақұрылымын дамытуға шоғырландырылатын болады.
Тұтастай алғанда электрондық төлемнің инфрақұрылымын құру екінші деңгейдегі банктермен іс-қимылды қамтамасыз етуді ұйымдастыруды, төлем шлюзінің бағдарламалық қамтамасыз етілуін енгізуді және «электрондык үкімет» веб-порталымен және ведомствалар мен әкімдіктердің ақпараттық жүйелерімен оны біріктіруді қамтиды.
«Электрондық үкіметтің» қызмет істеуінің табысты болуы электрондық қызметтерді халықтың қаншалықты қажетсінуіне байланысты болады, бұл Қазақстан үшін ерекше өзекті болып отыр.
Осы міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасатын болады, мыналар оның негізгі нәтижелері болып табылатын:
Қазақстан халқының компьютерлік сауаттылығының деңгейін 20 %-ға жеткізу;
Қазақстанда Интернет және е-пайдаланушылардың деңгейін 20 %-ға жеткізуді;
азаматтардың күнделікті өмірінде ақпараттық ресурстардың маңызын арттыру.
Күтілетін нәтижелер:
Қазақстан 2008 жылы ішінара «транзакцияның болуы» элементтері бар «интерактивтің болуының» 3-кезеңіне қол жеткізген мемлекет ретінде тұғырландырылатын болады.
Интерактивті кезеңді іске асыру Қазақстанды е-үкіметтің барынша тиімді жүйелерін құрған 60 елдің қатарына шығарады.
2008-2010 жылдарға арналған транзакциялық кезеңді іске асыру шеңберінде мынадай нәтижелерге қол жеткізу болжануда:
«электрондық үкімет» инфрақұрылымының құрамдас бөліктерімен біріктірілген және азаматтардың қажеттілігіне бағытталған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін дамытуға;
мемлекеттік органдардың қосарласқан немесе қажетсіз операцияларынан бас тартуға әкелуге тиіс жетілдірілген нормативтік базаға;
Қазақстан Республикасы халқының Интернет желісінде қатысуы кеңейіп, кемінде 20 %-ды құрайды, бұл осы кезең үшін әлемдегі елдердің көрсеткішімен сәйкес келеді;
азаматтардың кез келген нүктеден кез келген мемлекеттік органмен операция жүргізуін қамтамасыз ететін транзакциялық қызметтерді дамытуға.
3.4. 4-басымдық. Экономиканы жаңғырту және әртараптандыру
3.4.1. 1-шара. Отын-энергетикалық ресурстарды және энергетикалық сектордың әлеуетін ұтымды пайдалану
Тау-кен өндіру өнеркәсібі
2008-2010 жылдары мұнай өнеркәсібінің негізгі мақсаты жаңғыртуды жүргізу, өндірістің озық технологияларын пайдалану және енгізу есебінен саланың серпінді дамуы болып табылады.
Мұнай өнеркәсібінде Каспий теңізінің қазақстандық секторының көмірсутек ресурстарын тиімді игеруді және ірі кенорындарында мұнай өндіруді арттыруды қамтамасыз ету үшін мынадай міндеттер шешілетін болады:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1095 Жарлығымен бекітілген Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңін, (2006-2010 жылдар) іске асыру;
мұнай-газ кешені үшін бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтерді ұсыну үшін жоғары дәрежелі қосылған құны бар салаларды дамытуға жағдайлар туғызу;
мұнай мен газды тереңдетіп өңдеуді дамыту және мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайту.
Мұнай өндіру көлемін ұлғайту мақсатымен қабаттардан мұнай өндіруді арттыру үшін, сондай-ақ энергетикалық және еңбек шығындарын азайтатын техникалық құралдарды, жаңа әдістер мен технологияларды енгізу жалғасатын болады.
Газ ресурстарын ұтымды пайдалану және экологиялық жүктемені төмендету мақсатымен жер қойнауын пайдаланушылардың ілеспе газды кәдеге жарату жөніндегі іс-шараларды орындауымен жағатын газдың көлемін төмендетуді қамтамасыз ету жөнінде белсенді жұмыс жүргізілетін болады.
2009 жылға қарай алауларда газ жағу 7 еседен астам қысқарады және 430 млн. куб. метрді құрайды.
Күтілетін нәтижелер:
көмірсутектердің барланған қорларының өсуін қамтамасыз ету және өндіруін тұрақты жоғары деңгейге шығару;
Каспий құбыр консорциумының мұнай құбырларын кеңейтуді көздейтін көмірсутектерін тасымалдаудың мультимодальді экспорттық жүйесін құру жөнінде жұмыстарды жалғастыру, Ақтау - Баку - Тбилиси - Джейхан бағыты бойынша мұнай тасымалдау жүйесін құру, Қазақстан-Қытай құбыр құрылысының жобасы бойынша жұмыстарды жалғастыру (ІІ-кезең).
Теңіз кенорнында шикі мұнайды айдауды және екінші буынды зауыт құрылысының жобасын аяқтау.
Павлодар мұнай-химия зауытында қуаты сағатына 20 мың текше метрді сутегі өндірісінің қондырғысы бойынша құрылыс жұмыстарын жалғастыру, бұл дизель отынын сумен тазалау қондырғысын сутекпен жабдықтау проблемасын шешуге және күкірт қоспаларынан тауарлық өнімдерді тазалау дәрежесін ұлғайтуға және өнім сапасын ЕВРО еуропалық стандарттарға дейін көтеруге мүмкіндік туғызады.