инвестицияларға жәрдемдесу және шетелдегі инвестициялық сауда өкілеттіктерінің желісімен бірге экспортты ілгерілету жөніндегі мамандандырылған құрылым құру;
отандық бизнестің, әсіресе экспорттаушылардың мүддесін ескере отырып, ірі халықаралық жобаларды синдицирленген қаржыландыруда Қазақстанның қатысуын қамтамасыз ету бөлігінде халықаралық қаржы институттарымен жұмысты жандандыру;
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсаукесері және шетелдік, атап айтқанда трансұлттық компанияларды іздестіру жөнінде жұмыстарды жалғастыруға бағытталады.
Алдағы кезеңде бюджеттік инвестициялардың басымдықтары мыналар:
мемлекеттік басқарудың функцияларын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету;
әлеуметтік секторды дамыту;
базалық инфрақұрылымды дамыту;
аграрлық сектордың дамуына жәрдемдесу;
Астана қаласының дамуы болып қалады.
Сондай-ақ, экономиканың басым секторларында және инновациялық жүйенің дамуында қосылған құнды жоғары жобаларды қаржыландыру үшін даму институттары қосымша капиталдандырылатын болады.
Жалпы алғанда, бюджеттік инвестициялардың көлемін бөлу қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2008-2010 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі шеңберінде жүзеге асырылады.
3.1.2. 2-шара. Тең бәсекелестік жағдайлар қалыптастыру және бизнес-ортаны,
оның ішінде рұқсат беру жүйесін жетілдіру арқылы жақсарту
2008-2010 жылдары бәсекелестік және монополияға қарсы саясат саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаты нарықты тиімді жұмыс істетуге бағытталған қолайлы жағдайлар жасау арқылы еркін бәсекелестікті дамыту болып табылады.
2008-2010 жылдарға арналған міндеттер
экономиканың барлық салаларында бәсекелестік орта құру, субъектілердің монополистік мінез-құлқын және мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерін болдырмау;
монополияға қарсы органның институционалдық қайта құрылуын жүргізу;
қолданыстағы монополияға қарсы заңнаманы бәсекелестік құқықтың халықаралық стандарттарына сәйкес келтіру;
кәсіпкерліктің еркіндігін және тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық жүйесін нығайту, бәсекелестік мәдениетті арттыру;
монополияға қарсы органның кадрлық әлеуетінің тиімділігін дамыту және арттыру;
монополияға қарсы органның жұмысы қағидатының айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз ету.
2008-2010 жылдарға арналған жоспарланған іс-шаралар
тауар нарықтарына нарыққа «кіру» және «шығу» тосқауылдарын және шоғырлану дәрежелерін айқындау мақсатында талдау жүргізу;
мемлекеттік органдармен адал бәсекелестікті қолдау мақсатында тауар, оның ішінде қаржы нарықтарының мониторингі жүйесін ескере отырып, бәсекелестік саясат мәселелері жөнінде өзара іс-әрекет тәртібін әзірлеу;
тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің бірыңғай электрондық базасын құру туралы мәселені пысықтау;
монополияға қарсы органның институционалдық қайта құрылуы туралы ұсыныстар әзірлеу;
тарифтік реттеу функциялары мемлекеттік басқарудың бір немесе бірнеше органдарына енгізілетін монополияға қарсы органның өкілеттіктерін қайта бөлу мақсатында»«Монополияға қарсы орган туралы» заң жобасын әзірлеу;
дамыған елдердің және Қазақстанның бәсекелестігін қорғау жөніндегі заңнамаларға салыстырмалы талдау жүргізу;
Монополияға қарсы заңнамаларды кезең-кезеңімен ДСҰ-ның талаптарына сәйкестендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
жосықсыз бәсекенің алдын алу және олардың жолын кесу, мемлекеттік органдардың монополистік қызметтері мен бәсекеге қарсы іс-әрекеттерін шектеу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;
бәсекелестікті арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында бәсекелестік дамымаған экономиканың бірінші кезектегі салаларын айқындау;
тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің баға белгілеу мониторингін жүзеге асыру;
2008-2010 жылдары кәсіпкерлікті дамыту саласындағы негізгі мақсаттар заңнамалық және институционалдық сипатта қолайлы жағдай жасау, әкімшілік кедергілерді одан әрі қысқарту, шағын және орта бизнесті, оның ішінде мемлекеттік холдингтермен қолдау болады.
Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
бизнесті дамытуды бөгейтін әкімшілік кедергілерді жою;
бизнес ахуалды жақсарту;
шағын және орта бизнесті мемлекеттік холдингтермен ынтымақтастыққа тарту үшін ынталық туғызу.
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін:
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің есептілігін оңайлату;
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, оның ішінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» ұғымын енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
қайталауды жою және рұқсат беру рәсімдері мен тексерулерді қысқарту;
лицензиялау, келісу, сертификаттау, стандарттау, аккредиттеу және аттестаттау рәсімдерін, сондай-ақ кеден рәсімдерін оңайлату;
микрокредит беру жүйесін одан әрі дамыту;
Қазақстанның барлық өңірлерінде инфрақұрылым объектілерінің қызметін жақсарту және кеңейту жолымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне консалтингтік және үйретуші қызметтер көрсету;
«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның кредит беруінің жаңа өнімдерін әзірлеу, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін ұзақ мерзімді кредит беруді енгізу;
мемлекеттік холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың тапсырыстарын Қазақстанның шағын және орта бизнес кәсіпорындары арасында орналастыруды қамтамасыз ету;
аудиторлық қызмет туралы заңнаманы жетілдіру көзделеді.
Күтілетін нәтижелер:
Дүниежүзілік Банктің (Doing Busines) өлшемдеріне сәйкес бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингінің мынадай индикаторлары жақсартылатын болады: лицензиялау (2006 жылға 119 орын), меншікті тіркеу (76), салықтар төлеу (66), халықаралық сауданы жүргізу (172), компанияны жабу (100). Нәтижесінде Қазақстанның жалпы рейтингі 2006 жылы 63-орыннан 2007 жылы 58-ге, 2008 жылы 53-ке және 2009 жылы 48-ге дейін жоғарылайтын болады.
3.1.3. 3-шара. Тариф саясатын жетілдіру
Мақсаты - инвестициялардың жаңғыртуға және олардың активтерін жаңартуға бағытталуын ынталандыратын табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін реттеудің тиімді теңгерімді жүйесін қалыптастыру, инфрақұрылымдық салалардың бәсекеге қабілеттігін арттыруды қамтамасыз ететін және олар көрсететін қызметтердің сапасын арттыру.
Орта мерзімді кезеңде тариф саясатының негізгі міндеттері табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін реттеу және бақылау тетіктерін жетілдіру кезінде табиғи кешенді теңгерімді реттеуге бағытталған шаралар кешенін іске асыру болып табылады.
Табиғи монополиялар субъектілерін шығындарды азайтуға ынталандыратын реттеудің барынша озық үлгілеріне біртіндеп және өз кезегімен көшу қажет. Бұл үшін тиімсіз шығындарды азайтуға уәждемені арттыру, табиғи монополиялар субъектілерінің активтерін жаңғыртуға бағытталған инвестицияларды жүзеге асыру үшін ынталық құру және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында тиімділік факторын қолдану негізінде тариф деңгейін бекіту мүмкіндігін қамтамасыз ететін ынталандыратын реттеу жүргізу мәселесін пысықтау жоспарланып отыр.
Осыған байланысты мыналарға бағытталған іс-шаралар жүргізу жоспарланып отыр:
инвестицияларды табиғи монополиялар субъектілерінің активтерін, әсіресе ескірген активтерін жаңғыртуға және жаңартуға салуды ынталандыру;
тарифтерді қалыптастыру кезінде ескерілетін залалдар деңгейлері бойынша ынталандыратын шектеулерді кезең-кезеңімен белгілеу жолымен табиғи монополиялар субъектілері залалдарының деңгейін төмендету;
табиғи монополиялар субъектілері көрсететін қызметтердің сапасын арттыру;
инфрақұрылымдық салалардың бәсекеге қабілеттігін арттыруды қамтамасыз ететін табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің көрсеткіштері мен менеджментін жақсарту;
табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін реттеуге тарифтердің тұрақтылығы мен айқындылығын арттыру;
тиімсіз шығындарды төмендетуге уәждемелерді арттыру және инвестицияларды ынталандыру мақсатында тиімділік факторын қолдану негізінде тарифті есептеуді қамтамасыз ететін тарифтерді есептеу әдіснамасын қалыптастыру;
мемлекеттің коммуналдық кәсіпорындардың өндірістік активтерін жаңғыртуы мен жаңартуына қатысу мәселелері.
Бұл ретте, есептеу әдіснамасын жетілдіру және табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне оңтайлы тарифтерді белгілеу жөніндегі іс-шаралар экономика секторларының жай-күйін, салалық даму бағдарламаларында белгіленген даму бағыттарын және жүргізіліп жатқан реформалардың іске асырылу қарқынын ескеретін болады.
Жоспарланған іс-шаралар кешенін іске асыру нәтижесінде тариф деңгейлерінің ашықтығын, айқындығын және тұрақтылығын, реттелетін субъектілердің негізгі өндірістік қорларын жаңартуға және жаңғыртуға инвестициялардың көлемін және олардың жұмыс істеу тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін монополистер қызметтерін реттеудің кешенді теңгерімді жуйесі қалыптастырылатын болады.
3.1.4. 4-шара. Әлемдік экономикаға кірігуді күшейту
Мақсаты - Ұлттық экономиканы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі шарттарына бейімдеу жөніндегі жүйелі шараларды іске асыру және Қазақстанды әлемдік сауда жүйесіне кіріктіру.
Міндеттер:
Қазақстан үшін тиімді шарттарда ДСҰ-ға кіру;
Қазақстанның ДСҰ-ға мүше ретінде көп жақты сауда келіссөздеріне қатысу арқылы ұлттық мүдделерін білдіру;
ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету үшін ДСҰ құралдарын тиімді қолдану;
ДСҰ-ға кіру кезінде Қазақстан қабылдаған міндеттемелерді орындауды бақылау;
Қазақстан нарығына импорттық тауарлар мен қызмет көрсетулердің кемсітусіз енуіне салаларды ашуға бейімдеу;
өңірлік бірлестіктер (ЕурАзЭҚ, ШЫҰ және т.б.) шеңберінде экономикалық кірігуді тереңдету.
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін 2008-2010 жылдарға мынадай іс-шаралар көзделді:
Қазақстанның ұлттық мүдделерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасын ДСҰ-ның міндетті келісімдерінің нормаларына сәйкестендіру;
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі жұмыс тобына мүше елдермен тауарлар мен қызмет көрсетулердің ұлттық экономикалық даму басымдықтарына жауап беретін шарттарда қазақстандық нарықтарға шығуы жөніндегі екі жақты келіссөздерді аяқтау;
Қазақстанның тиісті келіссөз ұстанымын айқындау үшін оны мемлекеттік қолдаудың іс жүзіндегі көлемімен салыстырғандағы ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауға деген негізделген қажеттілікті айқындау;
халықаралық кеңістікте - ДСҰ-ға мүше ел Қазақстанның сыртқы сауда саясатының басымдықтарын жылжыту;
көп жақты сауда келіссөздеріне - ДСҰ-ға мүше ел - Қазақстанның қатысуы;
қазақстандық тауарлардың сыртқы нарықтарға енуін шектейтін сыртқы сауда дауларын, сондай-ақ ДСҰ дауларын шешу тетіктерін қолдану жолымен реттеу жөніндегі шараларды қабылдау;
Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі міндеттемелерді іске асыруы;
қазақстандық кәсіпкерлерді ДСҰ-ның тетіктері туралы ақпараттандыру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу;
өңірлік бірлестіктер (ЕурАзЭҚ, ШЫҰ және басқалары) шеңберінде экономикалық ықпалдастықты тереңдету жөніндегі жұмысқа қатысу;
ЕурАзЭҚ-ты дамытудың басым бағыттарын, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі бірлескен іс-шараларды іске асыру;
Сауда және инвестициялар жөніндегі Америка-Орталық Азия кеңесінің шеңберінде (ТИФА) ынтымақтастықты жандандыру;
оның ішінде 2008 жылы:
кірігу бірлестіктерінің (ЕурАзЭҚ, ШЫҰ және т.б.) отырыстарына қатысу;
Қазақстанның ұлттық мүдделерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасын ДСҰ-ның міндетті келісімдерінің нормаларына одан әрі сәйкестендіру;
Қазақстанның ұлттық мүдделерін ескере отырып, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі жұмыс тобына мүше елдермен тауарлар мен қызмет көрсетулердің қазақстандық нарықтарға шығуы жөніндегі екі жақты келіссөздер жүргізу;
Күтілетін нәтижелер:
Қазақстан елдің экспорттық әлеуетін кеңейту және қазақстандық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін қолайлы шарттарда ДСҰ-ға кіреді.
Интеграциялық бастамаларға қатысу шеңберінде Қазақстанның өңірлік деңгейдегі саяси және экономикалық рөлі күшейеді, шекаралас мемлекеттермен шекара маңы ынтымақтастығы саласындағы сауда-экономикалық қатынастар кеңейтіледі.
Оның ішінде 2008 жылы:
Қазақстанның экономикалық тиімді шарттарда ДСҰ-ға кіруі жөніндегі жұмыс тобына мүше елдермен екі жақты деңгейдегі қазақстандық нарықтарға тауарлар мен қызметтердің шығуы жөніндегі келіссөз процесін аяқтау.
3.2. 2-басымдық. Адами капиталды дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру
3.2.1. 1-шара. Демография мен көші-қонды дамыту
Мақсаты - ұзақ мерзімді көші-қон саясатын іске асыру және елдің ұлттық экономиканы жедел жаңғырту жағдайларындағы қосымша мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін адам әлеуетін ұлғайту, еңбек мигранттарының жоғары инновациялық әлеуетін ескере отырып, еңбек көші-қонының дамуын ынталандыру.
Міндеттер:
өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды ескере отырып, көші-қон процестерін реттеу;
еңбек мигранттарының жоғары инновациялық әлеуетін ескере отырып, еңбек көші-қонының дамуын ынталандыру;
ұлттық экономиканы жедел жаңғырту жағдайларында елдің қосымша мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін адам әлеуетін ұлғайту;
шет елдегі этникалық қазақтардың қайтып оралуына тиімді жағдай жасау;
имигранттарды қабылдау, орналастыру және орналасуы үшін жағдайлар жасау.
2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар:
Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын қабылдау;
оралмандарды көшіп келу квотасына қосудың объективті өлшемдерін белгілеу, шешім қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін қоныс аударушыларды көшіп келу квотасына қосу тетіктеріне өзгерістер енгізу;
оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтарын құру;
оралмандарға әлеуметтік жалдау шартымен тұрғын үй беру мүмкіндігін қарастыру, тұрғын үйді жалға алуды қаржыландыру, мемлекеттік көмек шараларын оралмандардың өздерінің жеке тұрғын үйлерді салуын дамытумен ұштастыру жолымен оралмандарды қабылдау және орналастыру жүйелерін жетілдіру.
Тиісті жылға арналған оралмандардың көші-қон квотасына сәйкес оралмандарды қабылдау және орналастыру.
Күтілетін нәтижелер:
жаһандану процесінің күшеюі және елдің ДСҰ-ға кіру жағдайында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосымша серпін мен мүмкіндіктер беретін Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерін басқарудың жаңа тетіктерін қалыптастыру, сондай-ақ оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ұлттық бірегейлік пен қауіпсіздікті сақтау және нығайту.
3.2.2. 2-шара. Әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру
Мақсаты - халықты зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін арттыру және заңнаманы одан әрі жетілдіру.
Көрсетілген мақсатты іске асыру үшін мынадай міндеттерді шешу алда тұр:
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін кезең-кезеңімен арттыру (КМ-нің 40%-деңгейінде);
зейнетақы есептеуге ұсынылатын ең жоғары табысты шектеуді 25 АЕК дейін арттыру және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін инфляция деңгейінен бұрын индекстеу;
1998 жылғы 1 қаңтарға зиянды және ауыр еңбек жағдайларында жұмыс өтілін жинақтаған тұлғаларға берілетін қосымша жәрдемақы енгізу;
халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйелері қызметімен қамтылуын кеңейту;
жүктілігі мен бала тууына байланысты, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жұмыс істейтін әйелдерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу. Осы жағдайлар бойынша әлеуметтік төлемдерді Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына түсетін әлеуметтік аударымдардың есебінен жүзеге асыру;
мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына қарай жыл сайын арттыру;
бала туылуына және бір жасқа дейінгі баланың күтімі бойынша жәрдемақылардың мөлшерін ұлғайту;
жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету;
инфляция деңгейінен оза республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдерін арттыру.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі туралы толық статистикалық ақпараттарды пайдалана отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметіне қосымша талдау жүргізілген соң зейнетақы қызметтерін көрсеткені үшін комиссиялық сыйақы ставкасын реттеу жөнінде шаралар қаралатын болады.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі төлемдерін әкімшілендіру жүйесін оңтайландыру барысында анықталған жүйелердегі қателерді жою. «Бір салымшы - бір қор» қағидатын қамтамасыз ету мақсатында салымшылардың қосарланған екі-үш шоттарын біріктіру тетігі әзірленетін болады.
ҚР Үкіметінің 2008.16.05. № 463 Қаулысымен 3.2.3. бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
3.2.3. 3-шара. Халықтың денсаулық жағдайын жақсарту
Мақсаты - денсаулық сақтаудың қолжетімді және бәсекеге қабілетті жүйесін құру.
Міндеттері:
денсаулық сақтауды басқарудың жаңа моделін енгізу;
медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру;
денсаулық сақтаудың әлеуметтік мәні бар проблемаларын шешу;
денсаулық сақтау саласындағы медициналық, фармацевтикалық білім берудің және ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру халық денсаулығын және денсаулық сақтау жүйесін одан әрі тұрақтандыруға ықпал етеді.
Денсаулық сақтауды басқарудың жаңа моделін құру жөніндегі міндеттерді шешу үшін мынадай іс-шаралар қабылданатын болады:
ерікті медициналық сақтандыру жүйесін және бәсекеге қабілетті жеке меншік секторды одан әрі дамыта отырып, денсаулық сақтаудың бюджеттік моделін қалыптастыру;
денсаулық сақтау органдары мен ұйымдары қызметінің түпкі нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштері әзірленеді және енгізіледі;
барлық деңгейдегі біліктілік басқару кадрлармен саланы қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау менеджерлермен дайындау, сұранысты және осы мамандардың, оның ішінде шет елде даярлау кезеңдерін анықтау жүйесін құру;
денсаулық сақтау ұйымдарына шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын мәртебесін беру және өзге де ұйымдық-құқықтық нысандарға ауыстыру жолымен олардың дербестігін арттыру, сондай-ақ қаржыландырудың жаңа тетіктерін енгізу;
түпкі нәтижеге бағдарланған еңбекақы төлеудің сараланған жүйесін одан әрі жетілдіру;
саланы басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс әзірленетін болады;
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтаудың біртұтас ақпараттық жүйесін құру» жобасын іске асыру, осы жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне, оның ішінде пациенттердің электрондық медициналық картотекасын құру бөлігінде қажетті өзгерістер енгізу;
денсаулық сақтау саласындағы бюджет қаражатын орталықтандыру, оларды өңірлік коэффициенттерді ескере отырып, жан басына шығу қағидаты негізінде бөлу, медициналық көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік денсаулық сақтау объектілерінің жұмыс істеуі үшін жауапкершілікті министрлік пен жергілікті атқарушы органдар арасында бөле отырып, денсаулық сақтауды басқарудың бірыңғай құрылымын құру мәселелерін әзірлеу.
Медициналық көмектің қолжетімділігін және оның сапасын арттыру мақсатында мынадай іс-шаралар көзделеді:
2007 - 2009 жылдардың ішінде, 150 денсаулық сақтау объектісін оларға аса мұқтаж өңірлерде салу;
бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының желісін белгіленген мемлекеттік нормативтерге сәйкес келтіру және пайдалану үшін жарамсыз және ыңғайластырылған үй-жайларда орналасқан объектілердің орнына, оның ішінде ауылда, дәрігерлерге арналған тұрғын үй салу. Бұл ретте, жоғары сапалы медициналық көмекті уақтылы көрсетуге қабілетті жаңа объектілер салу және пайдалануға беру қолданыстағы объектілерді ауыстыру және тиімсіз жұмыс істейтін төсек қорын қысқарту қағидаты бойынша жүзеге асырылатын болады;
медициналық қызмет көрсетулердің сапасын арттырудың орнықты жүйесін қалыптастыру үшін медициналық ұйымдарды кезең-кезеңімен тәуелсіз аккредиттеуді енгізу;
тәуелсіз сараптама жүйесін дамыту жолымен тұтынушылар үшін медициналық ұйымдар қызметінің ашықтығын арттыру;
медициналық қызметтерді қоса алғанда, салада пайдаланылатын рәсімдерді одан әрі стандарттау;
2008 - 2009 жылдары үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, дәрілік препараттардың таңдау құқығын, қолжетімділігін, тиімділігін, қауіпсіздігін және сапасын қамтамасыз етуге және оларды ұтымды пайдалануға бағытталған дәрілік қамтамасыз етудің жаңа моделі әзірленеді және енгізіледі.
Денсаулық сақтаудың әлеуметтік мәні бар проблемаларын шешу үшін мынадай шаралар кешенін іске асыру көзделеді:
ұйымдық құрылымын жетілдіріп, қан айналымы жүйесі ауруларымен ауыратын сырқаттар мен мүгедектердің ауруларының алдын алудың, ерте диагностикалаудың, емдеудің және медициналық оңалтудың тиімді әдістерін енгізіп, ұйымдық құрылымдарды жетілдіріп, кардиохирургиялық бейіндегі мамандарды даярлап және олардың біліктілігін арттыра отырып, кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту;
инфекцияның таралуына тиімді эпидемиологиялық бақылауды қамтамасыз ету, індетке қарсы іс-шараларды күшейту, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін туберкулезге қарсы сатып алынатын препараттардың сапасын жақсарта отырып, жұқпалы шағын түйіршікті нысандарымен ауыратын созылмалы сырқаттарды емдеу жөніндегі оңтайлы схемалар мен ұйымдық тәсілдер әзірленетін болады;
трансфузиялық көмектің қауіпсіздігін, сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, АҚТҚ/ЖҚТБ-мен аурудың өсу қарқынын төмендету үшін Қазақстан Республикасында қан қызметін жетілдіру;
әлемде сынақтан табысты өткен нақты қағидаттар мен іс-шараларды жүйелендіре отырып және медициналық-статистикалық көрсеткіштер деректерінің болжамды өсуіне байланысты әкімшілік шаралар қабылдауға уақытша мораторий жариялай отырып, ана мен бала өлімін азайту бойынша 2008 жылдан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тірі туу және өлі туу өлшемдеріне көшу жүзеге асырылатын болады;
халықтың медициналық және санитарлық сауаттылық деңгейін арттыру, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметті бастапқы медициналық-санитарлық көмегін кіріктіру, ауыз судың сапасын бақылауды күшейту, мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде алдын алу іс-шараларын өткізу, барлық білім беру ұйымдары»да медициналық пункттер желісін кезең-кезеңімен қалпына келтіру.
Медициналық және фармацевтикалық білім беру және ғылыми зерттеулер саласында:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 317 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасын іске асыру;
халықаралық талаптарды ескере отырып әзірленген жоғары және орта медициналық және фармацевтикалық білім берудің жаңа мемлекеттік стандарттарын енгізу;
медициналық қызметшілердің, біліктілік деңгейін арттыру үшін халықаралық тәжірибе негізінде үздіксіз кәсіби білім беру және сертификаттау тетіктерін енгізу;
медициналық жоғары оқу орындарына халықаралық талаптарға сәйкес ұлттық аккредиттеу жүйесін енгізу;
танымал шет елдік агенттіктердің медициналық жоғары оқу орындарына халықаралық аккредиттеу жүргізуі үшін жағдайлар жасау;
қажеттілікті ескере отырып, мамандарды кейіннен ауылдық жерлерде жұмыс істеуі үшін дайындау мақсатында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде квоталар белгілеу;
медициналық қызметшілердің кәсіптік деңгейін жетілдіру үшін дәрігерлердің білімін бағалау жүйесін ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
практикалық денсаулық сақтау сауалдарын негізге ала отырып, медициналық зерттеулердің негізгі бағыттарын қалыптастыруды, ғылыми зерттеулер жүргізудің халықаралық стандарттарын енгізуді көздейтін Медициналық ғылымды реформалау тұжырымдамасын әзірлеу;
Астана қаласында құрылатын медициналық кластердің базасында практикалық денсаулық сақтауда жаңа ғылыми, білім беру және басқарушылық технологияларының трансфертін жүзеге асыру.
3.2.4. 4-шара. Білім беруді дамыту және кадрлар даярлау сапасын арттыру