3. Жалпы нысандағы актiлер осы баптың 2-тармағында көзделмеген мән-жайларды куәландыру үшiн жасалады.
4. Актiнi жасауға қатысатын тараптардың оған қол қоюдан бас тартуға құқығы жоқ. Актiнiң мазмұнымен келiспеген жағдайда тараптардың онда өз пiкiрлерiн жазуға құқығы бар.
5. Дұрыс емес ақпараты бар коммерциялық актiнi жасаған немесе оған қол қойған адамдар Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жауаптылықта болады.
93-бап. Талап қою мерзiмi
1. Тасымалдаушыға тасымалдаудан туындайтын талап қою ол кiнә қоюды қанағаттандырудан толық не iшiнара бас тартқан жағдайда немесе тасымалдаушыдан қойылған кiнәға жауап алынбаған жағдайда жасалуы мүмкiн.
2. Жүк, почта жөнелтілімдерiн тасымалдау шарты бойынша талап қою мерзiмi - бiр жыл, жолаушыны, багажды, жүк-багажды тасымалдау шарты бойынша - алты ай.
3. Талап қою мерзiмi талап қоюға негiз болған оқиға орын алғаннан кейiнгi келесi күннен басталады.
12-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
94-бап. Ақпарат, қызметтiк iс қағаздарын жүргiзу және байланыс
1. Тасымалдаушы жолаушыларға, жөнелтушiлерге (жүк жөнелтушiлерге), алушыларға (жүк алушыларға) тасымалдау жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер туралы қажеттi және дұрыс ақпарат беруге мiндеттi.
Темір жол станцияларында, вокзалдарда, поездарда және жолаушыларға, жөнелтушiлер (жүк жөнелтушiлер) мен алушыларға (жүк алушыларға) қызмет көрсетiлетiн басқа да орындарда ақпарат мемлекеттік тiлде және орыс тілінде берiледi, сондай-ақ жергiлiктi халықтың мүддесiн ескере отырып, басқа тiлдерде де берiлуi мүмкiн.
2. Жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж тасымалдау құнын өзгерту туралы мәлiметтер оларды енгізуден кем дегенде он күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
3. Темір жол көлiгіндегі қызметтiк iс қағаздарын жүргiзу мен байланыс мемлекеттік тiлде және орыс тілінде жүзеге асырылады.
4. Темір жол көлiгіндегі тасымалдау құжаттары және халықаралық хабарлар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының нормаларымен белгiленген тiлдерде жүзеге асырылады.
95-бап. Темір жол көлiгіндегі есепке алу-есеп беру уақыты
1. Темір жол көлiгiнде уәкiлеттi орган белгiлейтiн бiрыңғай есепке алу-есеп беру уақыты қолданылады.
2. Халықаралық қатынаста есепке алу-есеп беру уақыты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленедi.
96-бап. Осы Заңды қолдану тәртібі
Осы Заң оны қолданысқа енгiзгеннен кейiн туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. Осы Заңды қолданысқа енгiзгенге дейiн туындаған құқықтық қатынастар бойынша Заң өзi қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн туындайтын құқықтар мен мiндеттемелерге қолданылады.
97-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізуге байланысты заңдарды қолдану
Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қабылданған темір жол көлiгi саласындағы қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер осы Заңға қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
Қазақстан Республикасының