ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес 179-бап өзгертілді
179-бап. Қарақшылық
1. Қарақшылық, яғни бөтен мүлiктi ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш көрсетумен немесе тiкелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бiрнеше рет;
в) тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кірумен жасалған;
г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған;
д) денсаулыққа ауыр зиян келтiрумен жасалған қарақшылық -
мүлкi тәркiленiп бес жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Мынадай:
а) ұйымдасқан топ;
б) денсаулыққа ауыр зиян келтiрумен, абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне әкеп соққан;
в) мүлiктi iрi мөлшерде ұрлау мақсатында;
г) ұрлық немесе қорқытып алушылығы үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған қарақшылық -
мүлкi тәркiленiп сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
180-бап. Ерекше құнды заттарды ұрлау
1. Ерекше тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе мәдени жағынан құнды заттар мен құжаттарды ұрлау, ұрлықтың жасалу тәсiлiне қарамастан -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттi:
а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ жасаса;
б) бiрнеше рет жасалса;
в) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған заттардың немесе құжаттардың жойылуына, бұзылуына немесе бүлiнуiне әкеп соқса -
мүлкi тәркiленiп сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
181-бап. Қорқытып алушылық
1. Қорқытып алушылық, яғни бөтен мүлiктi немесе мүлiкке құқықты берудi немесе күш қолданумен не бөтен мүлiктi жоюмен немесе бүлдiрумен қорқыту арқылы мүлiктiк сипаттағы басқа да iс-әрекеттер жасауды талап ету, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның туыстарын масқаралайтын мәлiметтердi таратумен не жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулi зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi жариялау -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға,не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға немесе онсыз төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай жолмен:
а) күш қолдану;
б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
в) бiрнеше рет жасалған қорқытып алу -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Мынадай жолмен:
а) ұйымдасқан топ;
б) жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зардап келтiру;
в) iрi мөлшерде мүлiк алу мақсатында;
г) ұрлық немесе қорқытып алу үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған қорқытып алу -
мүлкi тәркiленiп жетi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II (бұрынғы ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 182-бап өзгертілді
182-бап. Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүлiктiк залал келтiру
1. Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен меншiк иесiне немесе өзге мүлiк иеленушiге ұрлық белгiлерiнсiз мүлiктiк залал келтiру -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттi:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бiрнеше рет;
в) қызмет бабын пайдаланып жасау -
төрт жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның төрт айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:
а) ұйымдасқан топ жасаған;
б) iрi зиян келтiрген әрекеттер -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 183-бап өзгертілді
183-бап. Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi сатып алу немесе сату
1. Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi алдын ала уәделеспей сатып алу немесе сату -
елуден жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет:
а) автомобиль немесе iрi мөлшердегi өзге мүлiк жөнiнде;
б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасаса;
в) ұрлық, қорқытып алу, көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi сатып алғаны немесе сатқаны үшiн бұрын сотталған адам жасаса;
г) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiне, сондай-ақ аулауға толық тыйым салынған жануарларға, не олардан алынатын өнiмдерге қатысты жасалса, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салып немесе мүлкi тәркiленiп немесе онсыз төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген ұйымдасқан топ немесе адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаған әрекеттер -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 184-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) ; 2005.22.11 № 90-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 184 -бап жаңа редакцияда
184-бап. Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу
1. Авторлықты иеленіп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл әрекет авторға немесе өзге құқық иеленушіге елеулі залал келтірсе немесе олардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне айтарлықтай зиян келтірсе, -
жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға не жүз сағаттан жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану, сол сияқты өткізу мақсатында туындылардың және (немесе) фонограммалардың контрафактілік даналарын елеулі мөлшерде жасалған сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау, -
бес жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген:
а) бірнеше рет;
б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;
в) ірі мөлшерде немесе ірі залал келтірген;
г) адамның өз қызмет бабын пайдалануымен жасалған әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2005.22.11 № 90-III ҚР Заңымен 184 -1- баппен толықтырылды
184-1-бап. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік
үлгілерге, селекциялық жетістіктерге немесе
интегралдық микросхемалар топологияларына
құқықтарды бұзу
1. Өнертабыстың, пайдалы модельдің, өнеркәсіптік үлгінің, селекциялық жетістіктің немесе интегралдық микросхема топологиясының мәнін, олар туралы мәліметтер ресми түрде жарияланғанға дейін автордың немесе арыз берушінің келісімінсіз жария ету, сол сияқты авторлықты иеленіп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер осы әрекеттер авторға немесе өзге құқық иеленушіге елеулі залал келтірсе немесе олардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне айтарлықтай зиян келтірсе, -
жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не жүз сағаттан жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні, селекциялық жетістікті немесе интегралдық микросхема топологиясын елеулі мөлшерде жасалған заңсыз пайдалану, -
бес жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген:
а) бірнеше рет;
б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;
в) ірі мөлшерде немесе ірі залал келтірген;
г) адамның өз қызмет бабын пайдалануымен жасалған әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
1. Егер залалдың мөлшері немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдалану құқықтарының құны не туындылардың және (немесе) фонограммалар даналарының немесе өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, селекциялық жетістіктерді немесе интегралдық микросхемалар топологияларын қамтитын тауарлардың құны қылмыс жасалу сәтіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен жүз есе acca, осы Кодекстің 184, 184-1-баптарында көзделген әрекеттер елеулі залал келтірген немесе елеулі мөлшерде жасалған деп танылады.
2. Егер залалдың мөлшері немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдалану құқықтарының құны не туындылардың және (немесе) фонограммалар даналарының немесе өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, селекциялық жетістіктерді немесе интегралдық микросхемалар топологияларын қамтитын тауарлардың құны қылмыс жасалу сәтіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе acca, осы Кодекстің 184, 184-1-баптарында көзделген әрекеттер ірі залал келтірген немесе ірі мөлшерде жасалған деп танылады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдырмен 185-бап өзгертілді
185-бап. Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену
1. Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (айдап кету) -
бес жүз айлық есептік көрсеткіштен екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппүл салуға немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет:
а) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша;
б) бiрнеше рет;
в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолданумен не дәл сондай күш қолданумен қорқыту арқылы жасалса -
бec жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұйымдасқан топ жасаған не iрi зиян келтiрген әрекеттер -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданумен не сондай күш қолданбақшы болып қорқытумен жасалған әрекеттер -
алты жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен 186-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
186-бап. Жерге заттай құқықтарды бұзу
1. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соққан, күш қолдану арқылы не күш қолданамын деп қорқыту арқылы немесе адамдар тобымен немесе заңсыз тiнтумен ұласып жасалған бөтен жер учаскесiне заңсыз кiрiп кету, сол сияқты бөтен бiреудiң жер учаскесiн заңсыз басып алу -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не екi айдан төрт айға дейiн қамауға немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттердi адамның өз қызмет бабын пайдаланып жасауы, -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен 187-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
187-бап. Бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру
1. Бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру, едәуiр зиян келтiрсе -
елуден жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттер:
а) өрт қою, жару арқылы немесе өзге де жалпы қауiптi әдiстермен жасалса;
б) абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса;
в) жәбiрленушiнiң өзiнiң қызметтiк немесе қоғамдық борышын орындауымен байланысты не өзiнiң жақын туыстары жөнiнде нақ сондай себептермен жасалса;
г) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк немесе дiни араздық себептер бойынша жасалса, -
екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:
а) абайсызда адам өлiмiне;
б) тарих, мәдениет ескерткiштерiн, табиғат кешендерiн немесе мемлекет қорғауға алған объектiлердi, сондай-ақ ерекше тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды жоюға немесе бүлдiруге әкеп соққан әрекеттер -
үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Айлық есептiк көрсеткiштен жүз есе асып түсетiн зиян мөлшерi елеулi зиян деп танылады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 188-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
188-бап. Бөтен адамның мүлкiн абайсызда жою немесе бүлдiру
1. Бөтен адамның мүлкiн iрi зиян келтiрiп абайсызда жою немесе бүлдiру -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға немесе жүз сағаттан екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Отпен немесе өзге де аса қауiптi көздермен абайсыз жұмыс iстеу арқылы жасалған не ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
7-тарау. Экономикалық қызмет
саласындағы қылмыстар
189-бап. Заңды кәсiпкерлiк қызметке кедергi жасау
Ұйымдық-құқықтық нысандарына немесе меншiк нысандарына қарай жеке кәсiпкердiң немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерiн шектеу, сол сияқты жеке кәсiпкер мен коммерциялық ұйымның дербестiгiн шектеу не оның қызметiне өзге де заңсыз араласу, егер осы әрекеттердi лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаса, сол сияқты заңды күшiне енген сот актiсiн бұза отырып немесе үлкен залал келтiрiп жасалса, -
үш жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы тараудың баптарында азаматқа айлық есептiк көрсеткiштен жүз есе асатын сомада келтiрiлген зиян, не қылмыс жасалған сәтке Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз есе асатын сомада келтiрiлген зиян iрi зиян деп танылады.
ҚР 16.07.99 ж. № 430-1; 21.12.02 ж. № 363-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 190-бап өзгертілді
190-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк
1. Кәсiпкерлiк қызметтi тiркеуден өтпей не рұқсат (лицензия) алу мiндеттi болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кәсiпкерлiктiң тыйым салынған түрлерiмен шұғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрсе, не iрi мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды өндірумен, сақтаумен не өткізумен байланысты болса -
үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексеннен екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып не онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттi:
а) ұйымдасқан топ жасаса;
б) аса iрi мөлшердегi табыс табумен ұштастырып;
в) заңсыз кәсiпкерлiгi немесе заңсыз банктiк қызметi үшiн бұрын сотталған адам жасаса, -
жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
1. Осы Кодекстiң 190 және 191-баптарында сомасы бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын табыс iрi мөлшердегi табыс деп, ал сомасы екi мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын табыс - аса iрi мөлшердегi табыс деп танылады.
2. Осы Кодекстiң 190-бабында құны жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын тауарлар саны iрi мөлшердегi тауарлар деп танылады.
191-бап. Заңсыз банктiк қызмет
1. Банктiк қызметтi (банктiк операцияларды) тiркеуден өткiзбей немесе рұқсат (лицензия) алу мiндеттi болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, егер осы әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрсе, не iрi мөлшерде табыс табумен ұштасса -
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттi:
а) ұйымдасқан топ жасаса;
б) аса iрi мөлшердегi табыс табумен ұштастырып жасаса;
в) заңсыз банктiк қызмет немесе заңсыз кәсiпкерлiк үшiн бұрын сотталған адам жасаса, -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екi жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2007.21.07. № 308-III ҚР Заңымен 192-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
192-бап. Жалған кәсіпкерлік
1. Жалған кәсіпкерлік, яғни кәсіперлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз кредиттер алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар, азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялық ұйым құру, —
бес жүзден сегіз жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан алты айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не елуден жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салына отырып не онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттерді:
а) бірнеше рет;
б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасаса;
в) мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам, егер оларды өз қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса, —
мүлкі тәркіленіп не онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді:
а) ұйымдасқан топ;
б) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаса, —
мүлкі тәркіленіп алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 16.03.01 № 163-II Заңына сәйкес 193-баптағы ескерту толықтырылды; ҚР 25.09.03 ж. № 484-II 193-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 193-бап өзгертілді
193-бап. Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлiктi заңдастыру
1. Көпе-көрiнеу заңсыз жолмен алынған ақша қаражатымен немесе өзге мүлiкпен қаржылық операциялар немесе басқа да мәмiлелер жасау, сол сияқты аталған қаражатты немесе өзге де мүлiктi кәсiпкерлiк немесе өзге де экономикалық қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдалану -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не жүз айлық есептi көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) әлденеше рет;
в) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасалса, -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi:
а) мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса;
б) ұйымдасқан топ;
в) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) немесе iрi мөлшерде жасаса, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айрылып, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге, ал а) тармағында көзделген жағдайларда - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз жетi жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.